Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәрігер қандай диагноз қойды?




А) Жедел гастрит

В) Мальабсорбция синдромы

С) Созылмалы гастрит

D) ішектің тітіркену синдромы

Е) Гастродуоденит

Аймақтық дәрігерге 12 жасар қыз бала келді. Ол бел аймағының ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне, жиі дәретке баратындығына шағымданды. ЖЗА: аздап протеинурия, нейтрофильді лейкоцитурия, микрогематурия анақталды. ЖҚА: лейкоцитоз, лейкоформула солға ығысқан, ЭТЖ жоғары. Қағу симптомы оң мәнді. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Цистит

В)Созылмылы гломерулонефрит

С) Жедел пиелонефрит

D)Жедел бүйрек жетіспеушілігі

Е)Созылмалы пиелонефрит

Калалық емхананың педиатр қабылдауына 10 жасар қыз бала анасымен келді. Оның шағымдары: дене қызуы көтерілген, кіші дәретке жиі барады, зәр шығаруы ауырсынумен сипатталады, ауырсыну - шат, тізеге таралады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа, қуық пальпациясында аурсыну білінеді. ЖЗА: лейкоцитурия, бактериурия, эритроцитурия және зәр бұлыңғырланған, микрогематурия.

Дәрігердің клиникалық диагнозы?

А) Жедел бүйрек жетіспеушілігі

В) Созылмалы пиелонефрит

С) Созылмалы гломерулонефрит

D) Жедел цистит

Е) Нефротикалық синдром

Аймақтық дәрігерге 12 жасар қыз бала анасымен келді. Шағымдары: тез шаршайды, әлсіз, басы ауырады, айналады, тырнағы мен шашы көп түседі, тәбеті мен иісі бұрмаланған,топырақ жеуге құмар. Қарағанда: терісі бозарған, құрғақ, қабыршақтанған. ЖҚА: гемоглобин мөлшері 90*1012 л, эритроциттер 3,9*1012 г/л, лейкоцит 5,3*1012 л.

Дәрігер қандай диагноз койды?

А) Жедел васкулит

В) Темір тапшылықты анемия

С) Гепатит

D) Тағамдық аллергия;

Е) Мальабсорбция синдромы.

 

Балалар ауруханасына 12 жасар ұл бала келіп түсті. Баланың айтуы бойынша: құсады, лоқсиды, аузына қышқыл дәм келеді, әсіресе тамақтан соң және жатқан кезде айқын байқалады, бала тамақтанудан бас тартқан. Төстің төменгі тұсында тамақтан соң бірден күйдіру сезімі пайда болады. Дәрігердің болжам диагнозы?

А) Сигмоидит

B)Гастроэзофагальды рефлюкс

С)Ойық жаралы колит

D) Гастродуоденит

Е)Кіндік жарығы

Айлық қыз бала анасымен емханаға аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Шағымдары:дене қызуы көтерілген, құрғақ жөтел мазалаған, мұрны бітеліп, тыныс алуы қиындаған. Бала мазасыз, тәбеті төмен, ауырғанына 3-4 күн болған. Нәресте осы уақытқа дейін 2 рет ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: терісі бозғылт,өкпесінде үлкен және орташа калибрлі сырыл естіледі. ТАЖ-50 рет/мин. Педиатрдың нәрестеге қойған болжам диагнозы?

А) Жедел бронхит

В)Туберкулез

С)Бронхообструкция

D) Созылмалы бронхит

Е) Пневмония.

 

Емханаға аймақтық дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл баланы анасы алып келді. ТКС 3000 г. Шағымы:тәбеті төмен,мазасыз,көп жылайды, ұйқысы нашар, іші жиі кебеді. Қарағанда:тері асты майлары тек бетінде ғана сақталған,басын тік ұстай алмайды, тургоры нашар, бұлшықет тонусы төмен. Қазіргі салмағы 6800 г. Чулицкий индексі 3. ЖҚА эритроциттер-2,9*1012 г/л, гемоглабин-70 г/л, лейкоциттер-6,0*109 л, түсті көрсеткіш-0,7. Дәрігердің нәрестеге қойған болжам диагнозы?

А) Паратрофия

Б) Гипостатура

С) Гипотрофия І сатысы

D) Гипотрофия ІІ сатысы

Е) гипотрофия ІІІ сатысы.

 

Ыз бала жүктіліктің 42 апталық мерзімінде кесар тілігімен туылды. Қарағанда: бас сүйектері қатты, жіктері жіңішке, еңбектері кішкентай, терісі құрғақ, тері асты майлары шытынап, жартылай түлеген, алақаны,табаны жем болып сорылған, қол-аяғы «моншалы», су аз, ұрық маңы суы ашық түсті. Салмағы 4000 г, бойы 56 см. Неонатолог нәрестені қалай бағалады?

А) Жетілген нәресте

B) ІІ ші дәрежелі тым жетілген нәресте

С) ІІ ші дәрежелішала туылған нәресте

D) І ші дәрежелі тым жетілген нәресте

Е) І ші дәрежелі шала туылған нәресте.

 

Емханаға аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 айлық қыз баланы анасы алып келді. Бала ана сүтімен қоректенеді, қосымша тағамдар қабылдамайды. Қарағанда: тері асты майлары кеудесінде және ішінде жоғалған, тәбеті төмен, тургоры және бұлшықет тонусы төмен, салмағы 6300г. ЖҚА-эритроциттер-4,0*1012 л, гемоглобин-110 г/л, түс көрсеткіші-0,9. Дәрігер қандай диагноз қойды?

А) ІІІ ші дәрежелі гипотрофия

B) ІІ ші дәрежелі гипотрофия

С) Гипостатура

D) Паратрофия

Е) І ші дәрежелі гипотрофия

Алалық ауруханаға аймақтық дәрігердің жолдамасымен 8 айлық ұл бала келіп түсті. Шағымдары: тәбеті төмен, мазасыз, ұйқысы бұзылған, қалтырап,шошып оянады, қайта ұйықтауы қиын, терлегіш. Қарағанда: Терісі бозғылт, теріасты шелмай қабаты азайған, бұлшықет тонусы төмен, бас сүйегінің самай және шүйде бөлігі ішке қарай қисайған, қабырға сүйектерінде «тәспихтік белгі» анық көрінеді. Төсі ішке қарай кірген. Дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Гипотрофия, ІІ ші дәрежесі

B) Рахит ауруы,ІІ-ші дәрежесі

С) Рахиттің І ші дәрежесі

D) Гипотрофия,ІІІ ші дәрежесі

Е) Рахиттің ІІІ ші дәрежесі.

 

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 6 айлық қыз бала анасымен келді. Шағымдары: мазасыз, жиі, қатқыл үрлеп жөтеледі, ентігеді, терлегіш, тәбеті төмен, ауырғанына 4 күн болған. Қарағанда: жөтелгенде ауыз-мұрын аймағы көгереді, дауысы қырылдап естіледі, терісі бозғылт, тыныс алуы қиын, салмағы 7000 г, дене қызуы жоғары.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-26; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2192 - | 2114 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.