А)Тері серпімділігін
В)Жұмсақ тіндердің тургорын
С)Теріастылық эмфиземаның болуын
D)Теріасты май қабатының даму дәрежесін
Е)Iсінудің болуын
Жақсы еметін, аз ғана дене салмағын жоғалтуы бар, тері жамылғысы қызғылт, жетіліп туылған нәрестенің өмірінің 3- ші күнінде терісінде сарғаю пайда болады.
Сарғаюдың себебін көрсетіңіз.
А)Жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруы
В) Физиологиялық сарғаю
С)Туа пайда болған гепатит
D)Каротинді пигментация
Е)Өт жолдарының атрезиясы
Аймақтық дәрігер үй жағдайында 14 күндік ұл баланы қарады. Кеуде терісінде үлкен, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктер пайда болғанын көрді. Нәресте күлдірегі (пузырчатка) диагнозы қойылды.
Бұл жастағы бала терісінің қандай гистологиялық ерекшеліктері осы ауруға алып келеді?
А)Жұқа мүйізді қабат
В) Базальды мембрананың жетілмеуі
С) Негізгі қабаттың жақсы дамуы
D) Капиллярлы тордың айқындылығы
Е)Тері бездерінің жоғары қызметі
Ыз бала анасымен дәрігердің қабылдауында болды. Кеуде терісінде үлкен, бос, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктердің пайда болғанын байқады. Оның пайда болуына эпидермис пен дерманың мықты байланысының болмауы алып келеді.
Осы баланың жасын көрсетіңіз?
А)1 ай
В)3 ай
С)5 ай
D)1 жас
Е)3 жас
Аурухананың қабылдау бөліміне 5 жасар ұл бала ішінің жедел ауырсынуымен түсті. Қабылдау бөліміндегі дәрігер баланы қарап, аппендицитке күдіктенді және оны хирургиялық бөлімге жіберді. Хирург баланы әдістік тексеруде алақанның және тізенің алдыңғы бетінен симметриялы майда папулезді геморрагиялық бөртпелерді көрді. Бұл жағдайда бөртпенің шығуына не себеп болды?
А)Аллергия
В)Менингококцемия
С)Жәншау
D)Геморрагиялық васкулит
Е)Желшешек
Аймақтық дәрігер 7-сынып оқушысын қабылдады. Оқушы дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына, қол, жамбастың жазылатын бетінде ұсақ папулезді бөртпелердің пайда болуына шағымданды. Дәрігер қарағанда жұтқыншағы аздап қызарған. Желкедегі лимфа түйіндері жұмсақ, көлемі 1x1 см, сәл ауырсынады.
Осы лимфа түйіндеріндегі реакция қай ауруда болады?
А) Жәншау
В) Қызамық
С) Жұқпалы мононуклеоз
D) Туберкулез
Е) Аденовирусты инфекция
Педиатр 6 жасар ұл баланы тамағының ауырсынуына және дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына байланысты үй жағдайында қарады. Ангина диагнозы қойылды. Ауырғанына 3 күн болған. Анасы мойнының артқы бүйірлік аймағындағы ісікке көңіл аударды. Дәрігер қайта қарауда жұқпалы мононуклеозға күдіктенеді.
Диагнозды негіздеуге не себеп болды?
A.Баспа
В)Бөртпе
С)Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
D)Гипертермия
Е)Спленомегалия
Стационарда сепсис диагнозы қойылған 6 айлық ұл балаға остеомиелитті жоққа шығаруы үшін тізе және сан сүйектерінің рентгенограммасын жасатты.
Осы жастағы нәресте сүйегінің қандай ерекшеліктері бар және рентгенограмманы талдау кезінде есепке алынуы керек?
А)Эпифиздің шеміршектік сипаты
В)Сүйектердің әлсіз минерализациясы
С)Эпифиздегі сүйектену ядросының қалыптасуы
D)Сүйек қабының айқындығы
Е)Сүйек қабының қалыңдауы
Аймақтық дәрігер 1 жасар қыз баланы тексеру кезінде оның теріасты шел май қабатының дамуын жеткілікті деп бағалады. Бұл жағдайда іштегі теріасты шел май қабатының қалыңдығы қандай болуы керек?
А) 0,5 см
В)0,7 см
С) 2 см
D) 3 см
Е)4 см
Дәрігер жаңа туған нәрестені қараған кезде кеуде клеткасының сәл ғана білінетін экскурсиясына, аускультатция кезінде сәл ғана білінетін шуға көңіл аударды.
Жаңа туған нәрестеде тыныс алудың бұл ерекшелігі немен байланысты?
А) Қабырғалардың көлденең орналасуы
В)Көкеттің әлсіз жиырылуы
С) Тыныс бұлшықеттерінің әлсіздігі
D) Мукоцилиарлы аппараттың жетілмеуі
Е)Тыныс алу жолдарының тар болуы
Балабақшаның бір топ балаларын диспансерлік тексеру кезінде үнемі жөтелетін бірнеше балалар анықталды. Олардың мұрынмен тыныс алулары қиын, ауызбен дем алады, мұрындарынан шырышты-іріңді бөлінділер ағады. Көмейдің артқы қабырғасынан дәл сондай секрет бөлінеді. Жұтқыншақ қалыпты жағдайда.
Бұл балаларды тексерген кезде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін?
А) Бронхит
В) Аденоидит
С) Жедел ринит
D) Гайморит
Е) Пневмония
Күндік жаңа туған нәресте аймақтық педиатр үй жағдайында қарады. Бала активті. Қандай көрсеткіш жасына сәйкес келеді?
А) Тыныс жиілігі минутына 30 рет
В)Аритмиялық тыныс алу
С) «Қорапша» тәрізді перкуторлы дыбыс
D) Әлсіз тыныс шуы
Е)Құрғақ және ылғалды сырылдар
Пневмонияның ауыр түрімен ауыратын 14 күндік ұл баланы аймақтық педиатр үй жағдайында келіп қарады. Ентігу, тыныс алуы минутына 80 рет, ара-кідік 20 секундқа созылатын апноэ ұстамалары цианозбен бірге пайда болады.