VI.Парламенттің және оның палаталарының ішкі құрылымы
4.1Парламенттің ішкі органдары
4.2Парламент жанындағы органдар
4.3Парламент апараты
4.4Парламенттердің жанындағы лоббисттер
V.Парламенттің өкілеттіктері
5.1Парламеттерді олардың өкілеттіктері тұрғысынан жіктеу
5.2Парламенттің заң шығарушылық және өзгеде өкілеттіктері
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ..............................................................
Кіріспе
Заң шығару билігі - заңдарды, заңды күші бойынша тек конституциядан ғана төмен болатын міндетті құқықтық актілерді кабылдау қүқығы, мүмкіндігі және тәсілдері. Әдетте заңдарды парламенттер қабылдайды (сонымен қатар парламенттен жоғары және парламенттен төмен органдар және басқа да органдар заңдарды қабылдайды). Финляндияның 1999 жылғы Конституциясында, өзге де кейбір негізгі заңдарда заң шығару билігі парламентке, сонымен қатар вето құқығын иеленіп, заңдарға қол қоятын мемлекет басшысына тиесілі деп бекітілген. Соған қоса заң референдум жолымен де қабылдануы мүмкін, мұндай жагдайларда заң шығару билігі тікелей халыққа тиесілі болады. Заңды тек басқа заңмен жойып, өзгертуге болады немесе конституциялык бақылау органы оны күші жоқ деп тани алады.Заң шығару билігі органдары тек заң шыгарып коймайды,соған қоса үкіметтің қызметіне бақылау жасайды, озге де функцияларды аткарады.
I. Парламснттін түсінігі жэне онын курылымы
Парламенттін тусінігі.
«Парламент» термині француздың «parler — сөйлеу» деген сөзінен пайда болған. Парламенттарихи тұрғыда өз бастамасын Ежелгі Грекияның және ЕжелгіРимнің өкілдік органдарынан, континенталдық Еуропадағы Ортағасырлардың басындағы сословиелік-өкілдік мекемелеріненалғанымен, қазіргі заманғы парламенттің пайда болуынАнглиядағы XIII-XIV ғғ. оқиғалармен байланыстырады.Бұл кезде корольдің билігін ірі феодалдардың,жоғары дінбасыларының, қалалар мен селолык жерлердің (кауымдардың)өкілдерінің жиналысы шектеп отырған. Қазіргі замангы парламент - халықтың егеменді еркінбілдіретін, ең алдымен заң кабылдау аркылы аса маныздықоғамдық катынастарды реттеуге арналған, мемлекеттіңсаясатының негізгі бағыттарын аныктайтын (анықтауғақатысатын), мемлекеттің кейбір жоғары органдарын кұратынжәне аткарушы билік органдарының және жоғары лауазымдытұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын халықтықөкілдіктің жоғары органы. Парламент төменде қарастырылғанөзге де көптеген өкілеттіктерді иеленеді.Конституциялык құқықтың марксистік-лениндіктұжырымдамасы әдетте парламенттің мәнің төмендетеді жәнемемлекетті баскару жүйесі ретіндеті парламентаризмді жоққашығарады, оның орнына кеңестер жүйесін ұсынады. Парламенттікөп жағдайда басқа себептер бойынша да сынга алып жатады.Расында да қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы өмірдіңкүрделенуіне, басқару процестеріне қатысты талаптардыңартуына байланысты, басқару процестері үшін техникалық қуралдарды, есептерді, есептегіш машиналарды тартудыңнәтижесінде парламенттің коғамды баскарудағы рөлі төмендеуімүмкін. Ақыр соңында парламенттің өзінің де кейбір кездеріхалықтың түрлі қабаттарының шынайы өкілі ретіндегі рөлінжоғалтуы байқалады.Бір қатар жағдайларда парламенттік қызметте ұсак мүдделер,жеке мақсаттар, таныстық катынастар басым болуы мүмкін.Соған қарамастан парламентті біржакты бағалау дұрысемес. Парламенттің мәні біресе азаяды, біресе өседі. Белгілібір кезеңдерде парламенттің рөлі өсуі мүмкін және олаткарушы билікке шешуші әсер етеді (мысалы, АҚШ-та 1974жылы президент Р. Никсонның қызметтен кетуіне немесе 1999жылы АҚШ президенті У. Клинтонға катысты импичментпроцедурасына байланысты). Парламенттің шешіміменүкіметті тарату немесе премьер-министрді қызметінен босату,парламенттегі дауыс берудің нәтижесінде президенттерділауазымынан босату (импичмент) жөніндегі көптеген фактілербелгілі (Боливия,Бразилия, Индонезия, Перу жэне т.б.).Парламенттің рөлі төмендегенімен, аса маңызды мәселелерді,соның ішінде адам қүқықтарына қатысты мәселелерді шешуде олелеулі рөл аткарады.
Соған қоса парламенттің мәнін халифат идеясынанегізделетін фундаменталистік мұсылмандық түжырымдамаларда жоққа шығарады, бұл кезде парламенттің орнына мемлекетбасшысының жанынан кеңесу органы (аш-Шура) кұрылады.Алайда мүсылман елдерінің басым бөлігінде парламентсайланады, бірақ оның рөлі кеңес берушілік өкілеттіктерменшектеледі.Парламент қазіргі заманғы коғамда аса маңызды рөлге ие.Ол тек заң шығарушы емес, соған қоса түрлі саяси күштердіңмүдделерін білдіруші, келісімге келу аренасы болып табылады.Дегенмен, кейбір кездері парламенттің кұрамы, оныңкызметі халыктың наразылығын туғызады. Оппозиция басқарғанадамдар тобы Грузияда, Қыргызстанда, Молдовада және басқа даелдерде парламентті басып алған.
Парламенттің кұрылымы.
Құрылымына қарай парламент ретінде әдетте бір палаталы өкілдік мекеме немесе екі палаталы парламенттің төменгі палатасы түсіндіріледі, дегенмен заң саласы тұрғысынан бұл түсінік әлдеқайда күрделі болып табылады. Ағылшын-саксон қүқығында парламент – мемлекет басшысынан (Ұлыбританияда монарх, Үндістанда президент), жоғарғы және төменгі палатадан тұратын үш жақты мекеме. Осы ұш кұрамдас бөліктердің келісімі болған жағдайда ғана заң кабылданады. Ағылшын-саксон құқығының әсері басымдылыққа ие,мемлекет басшысы болып президент табылатын және бір палаталы парламенттері бар мемлекеттерде (мысалы, 1977 жылғы Конституцияға сәйкес Танзанияда) парламент мемлекет басшысынан және Халыктық жиналыстан тұратын екі жақты мекеме ретінде қарастырылады. Континенталдық құқықта (Германия,Франция) парламент ретінде оның екі палатасы түсіндіріледі, мемлекет басшысы парламенттің кұрамдас бөлігі болып табылмайды. Ал кейбір кездері тек бір палаталы заң шығару органы ғана парламент ретінде саналады (Украина). Қазіргі кезде әлемде бір палаталы парламенттер жиі кездеседі (Дания, Грекия, Египет, Қытай, Португалия, Танзания, Финляндия, Швеция жэне т.б.), шамамен алғанда елдердің тең жартысында екі палаталы парламенттер әрекет етеді, ал 1980 жылдардың соңы - 1990 жылдардың басында Оңтүстік Африка Республикасындағы Парламент үш палатадан тұрды (1994 жылгы Уакытша конституцияны кабылдағанға дейін), дегенмен ақ нәсілді халықтың палатасы мемлекеттік биліктің іс жүзіндегі органы болды. Югославияньң парламентінде 1970-жылдары алты палата болды. Африка мен Океанияның кейбір елдерінде парламенттің бір немесе екі палатасымен катар көсемдердің ерекше палаталары әрекет етеді, олар тек белгілі бір мәселелер (салт-дәстүр, мәдениет және т.б.) бойынша кеңес берушілік өкілеттіктерді иеленеді. Норвегияда Парламент екі палатадан емес, екі бөліктен тұрады деп саналады. Парламенттің палаталары түрлі атауларға ие (бірқатар жағдайларда - депутаттар палатасы және сенат), көп жағдайда оларды төменгі және жоғарғы палата деп атау колданысқа ие. Соңғы екі атау тарихы сипатқа ие: казіргі кезде көптеген елдерде жоғарғы палата, төменгі палатаға қарагандааз өкілеттіктерді иеленеді. Жоғарғы палата заңды турғыдан не әлсіз, не күшті болады. Төменгі палатаның шешімін кейінге калдыруға құқылы болғанымен, оган карсы тұра алмайтын жоғарғы палата әлсіз деп саналады, себебі бұл кезде төменгі палата вето құқығын пайдалану аркылы оған төтеп бере алады (Ұлыбритания, Польша жэне т.б.). Ал жоғарғы палатаның келісімінсіз заңды қабылдау мүмкін болмаса, ол күшті деп саналады (Италия, АҚШ, 1999 жылғы Конституциясына сәйкес Швейцария және т.б). Мұндай жағдайларда палаталар заң қабылдау кезінде тең құқылы болады. Сонымен қатар бірқатар елдерде (Италия) үкіметке сенімсіздік вотумын төменгі палата да, жоғарға палата да білдіре алады. Парламенттің палаталары өз мүшелерінің саны бойынша бірдей болмайды. Конституция (заң) палаталар мүшелерінің накты санын белгілеуі мүмкін (Польшаныц томенгі палатасында 460 депутат, Италияда - 630, Жапонияда - 500 жэне т.б.), мүндай санның шегін белгілеуі мүмкін (мысалы, Египетте кемінде 350 сайланбалы депутат болады, Қытайдың бір палаталы парламент мүшелерініц саны 3 мыңнан аспауы тиіс) немесе бір депутаттың түрғындардың не сайлаушылардың қандай санынан сайланатынын көрсете отырып, өзгермелі санды белгілеуі мүмкін. Халык санының өзгеруіне қарай депутаттардың саны да өзгереді. Әдетте төменгі палата мүшелерінің саны жоғарғы палатаға қарагандаекі есе (Италия), торт есе (Канада), алты есе (Польша) артық болады. Тек Ұлыбританияда ғана 1999 жылға дейін өзгеше арақатынас болған: жоғарғы палатада (Лордтар палатасында) 1200 астам пәрлер және Кауымдар палатасында - 659 мүше (қазіргі кезде жоғарғы палата мүшелерінің саны төменгі палатага қарағандабіршама аз). Соңғы оң жылдықтарда орын алған үрдіс - палаталар мүшелерініц санын накты белгілеу. Соңғы жылдары жоғарғы палаталардың рөлдері артуда, олардың өкілеттіктері кеңеюде, себебі кейбір елдерде олар төменгі палатамен бірге бірлескен отырыстарда көптеген маңызды мәселелерді (мысалы, президенттің ветосын жену, премьер-министрді тағайындауға келісім беру, үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру) шешеді. Сонымен қатар көп жагдайда жоғарғы палата мейлінше ірі аумақтық үжымдардың өкілдік органы ретінде, ал кейбір кездері халыктың түрлі кәсіби топтарының коперативтік өкілдік органы (Ирландия, Словения) ретінде карастырылады.