Апоптоз сатыларының мәні, сызбасын сызу және медициналық маңызын түсіндіру.
Апоптоз – жасушаның табиғи, генетикалық бағдарламаланған тіршілігін жою үрдісі.
Апоптоз бағдарламасын іске қосатын жағдайларға байланысты апоптоздың екі типін ажыратуға болады: а) “ішкі” апоптоз; б) “бұйрық” бойынша апоптоз
а)“Ішкі” апоптозды іске қосатын себептер:
Хромосоманың репарацияланбайтын зақымдалулары; Жасушаішілік органоидтардың және мембраналардың (әсіресе митохондрия) зақымдалуы.
Бұл зақымдалуларды тудыратын факторлар:
Ішкі (күшті тотықтырғыштар,азот оксиді, супероксидті радикалдар)
Сыртқы (иондаушы сәулелер, t өзгеруі, химиялық қосылыстар)
Апоптоздың бұл жағдайда негізгі қызметі – құрылысы не қызметі зақымдалған жасушаны жою.
б) “Бұйрық” бойынша апоптозды іске қосатын факторлар:
1. Негативті сигнал, мысалы контактылы тежелуде, кадгериндерден келетін сигнал. Бұл жағдайда бөлінуші жасушалар өте тығыз орналасуы, тек олардың бөлінуін тоқтатып ғана қоймай, апоптозға ұшырауы мүмкін.
2. Оң сигналдардың әсерінің тоқтауы:
-митогендер әсерінің болмауы (цитокин не өсу факторлары)
-бекіну беткейінен ажырау (интегрин сигналы)
Бұл жасушада апоптоздық белок р53 мөлшерінің шектік деңгейден артуына алып келеді.
Апоптоз үрдісіндегі негізгі ферменттер – цитоплазмалық протеазалар – каспазалар болып табылады.Каспазалар барлық жасушалардың цитоплазмасында активсіз күйінде – прокаспазалар түрінде болады.
Митохондрия каналдарын ашатын және жабатын белоктарды кодтайтын гендер р53 белогымен реттеледі.
Апоптоз үрдісі тірі ағза тіршілігінде өте маңызды роль атқарады:
онтогенез барысында (саусақ аралық жарғақтың жойылуы, ішек, тамыр қуыстарының қалыптасуы); жасушалардың жаңаруы (қан жасушалары, тері, ішкі мүше эпителийлері);
Иммундық жүйенің қызметінде (антиген әсерінен кейін лимфоциттердің ұзақ уақыт антиген болмаған жағдайда жойылуы және т.б.);
Сонымен бірге апоптоз үрдісінің бұзылуы: ісіктік жасушалардың өсуін шектеудің бұзылуына, ісіктік өсуге; аутоиммунды аурулар;дегенеративті ауруларға алып келеді.
А-РНҚ процессингінің механизімін сызу түсіндіру
Гетерогендік ядролық РНҚ бірқатар құрылымдық өзгерістерге ұшырап, функциональды активті жетілген а-РНК-ға айналып цитоплазмаға белок синтезделетін жерге жеткізілуі тиіс. Бұл-“ ПРоцессинг ” деп аталады.
Процессинг механизмі:
1)Қалпақ немесе кэп жалғануы. Кэп жалғану процессі-пре-а-РНК-ның 5-ұшына метилденген гуанозиннің жалғануы
2) Полиаденилдік Құйрықтың жалғануы.
3) РНК –сплайсингі.
Гендік мутациялар ДНҚ молекуласының құрылысындағы өзгерістермен сипатталады. Олар 2-ге бөлінеді:
1)репликация қателіктері- нуклеотид жұптарының алмасуы;
а)егер пуриндік негіздер пуриндік негіздерге, пиримидиндік негіздер пиримидиндік негіздерге ауысса транзиция.
б) егер пурин пиримидинге немесе керісіеше ауысса трансверция.
2) оқылу ретінің жылжуы- нуклеотидтердің түсіп қалуы немесе қосылуы;