* Гепатопротекторлар
* Холекинетиктер
* Пробиотиктер
* Холеретиктер
! 47 жастағы ер адамды майлы және қуырылған тамақтан кейін оң жақ қабырға астында ауру сезімі, жүрек айну, аузында ащы дәм, тұрақсыз нәжіс, бас ауруы мазалаған. Ауру сезімі оң иық пен жауырынға беріледі. Қарап тексергенде: дене қызуы 37ºС. Тілі ақ өңезбен жабылған, ішін пальпациялағанда оң жақ қабырға астында ауру сезімі анықталды. Мюсси-Георгиевский, Ортнер, френикус-симптомдары оң. Қан анализінде: лейк.-11 мың, нейтрофилдер-86%, ЭТЖ-25 мм/с.
Төменде келтірілген қай препараттарты тағайындау барынша ТИІМДІ?
* Креон
* Карсил
* Аллохол
* Эссенциале
Ампициллин
! 39 жастағы семіздікпен зардап шегетін пойыз жолсерігі оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі мен ауырлық сезіміне, аузындағы ащы дәмге, жүрек айнуға, метеоризмге шағымданады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімі анықталды, бауыры ұлғаймаған. УДЗ: өт қабы өлшемдері 8,0 х 5,0 см, қабырғасының қалыңдығы 0,3 см; сынамалық «таңғы астан» 20 мин кейін 25%, 2 сағаттан кейін 30% жиырылды. Гемограммада: лейк- 8 мың, ЭТЖ-14 мм/сағ.
Төменде келтірілген қай препараттар тобын тағайындау барынша ТИІМДІ?
*Кең спектрлі антибиотиктер
* Ферменттік препараттар
* Миоспазмолитиктер
Холекинетиктер
* Холеретиктер
! 20 жастағы жігіт оң қабырға астындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, кекіруге, аузындағы ащы дәмге, тұрақсыз нәжіске, кезеңді дене қызуының жоғарлауы мен сарғаюға, терінің қышуына шағымданады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. УДЗ: бауыр құрылымы біртекті, өт жолдары мен холедох өзгермеген, өт қабы 5,0 х 3,5 см, қабырғасының қалыңдығы 0,6 см; өт айдаушы таңғы ас қабылдағаннан 15 мин өткен соң 75%, 2 сағаттан кейін 90% жиырылды.
Төменде келтірілген қай препаратты тағайындау барынша ТИІМДІ?
Платифиллин
* Домперидон
* Холензим
* Аллохол
* Креон
! Бауыр циррозымен зардап шегетін 52 жасар ер адам терісінің қышынуы мен әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғайған,тырнақ іздері бар. Қан анализінде- билирубин 60 мкмоль/л, тура фракциясы – 52 мкмоль/л, АСТ- 30 Бірл, АЛТ-25 Бірл, сілтілі фосфатаза-200 МЕ/л, холестерин-8 ммоль/л.
Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?
* Холестаздық
* Астеновегетативті
* Бауырлық энцефалопатия
* Бауырдың мезенхимальды қабынуы
* Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
! 44 жасар әйел адам әрдайым жүрек айнуына, ауызына ащы дәм келуіне, жиі мұрнының қанауына,арықтауға және етеккірінің болмауына шағымданады.Қарап тексергенде:тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғайған,мойын аймағында телеангиоэктазиялар;пальмарлы эритема, гепатоспленомегалия. Білегі мен балтырында петехиялар.Бауыр УДЗ кезінде фиброз белгілері анықталады. Қан анализінде: жалпы белок- 50 г/л., билирубин- 86 мкмоль/л, фибриноген - 2 г/л,
протромбин - 1,1 мкмоль/л, протромбиндік уақыт -50%.
Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?
* Диспепсиялық
* Холестаздық
* Бауырлық энцефалопатия
* Бауырдың мезенхимальды қабынуы
Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
! 48- жасар әйел адам ауыр жағдайда жалпы әлсіздікке,қан ұйындыларымен құсуға,бас айналуға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: арық, тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғыш,мойын және кеуде аймағында тамырлық жұлдызшалар,алақанында пальмарлы эритема,тіл емізікшелері тегістелген.Іш көлемі ұлғайған, алдыңғы құрсақ қабырғасының тамырлары ұлғайған,бауыр қабырға доғасынан 5см шығып тұр,беті кедір-бұдыр;көкбауырдың төменгі қыры пальпацияланады.
Науқаста төменде көрсетілген қай синдромдардың асқынуы басым дамыған?
* Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
* Мезенхимальды қабыну
Портальды гипертензия
* Холестаздық
* Энцефалопатия
! 62 жасар ер адам оң қабырға доғасында ауырлық сезімге,іш кебуге, терсінің сарғаюы мен қышуына,ішінің ұлғаюына,енжарлық пен ашушаңдыққа шағымданады.Жағдайы бірнеше айдын ішінде нашарлаған. Қан анализінде тура билирубин есебінен гипербилирубинемия,трансаминаза, γ-глютамилтранспептидаза, сілтілі фосфатазаның маңызды өсуі байқалады.
Келтірілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін?
* Ұйқы безі басының рагы
* Өт – тас ауруы
* Фатеров емізікшесінң рагы
* Созылмалы гепатит
Бауыр циррозы
! 20- жсар әйел адам оң жақ қабырға доғасында тұрақты ауру сезіміне, жүрек айну,кекіру,аузында ащы дәмге,мезгіл-мезгіл терісінің қышуына,сарғаюының күшеюіне шағымданады Қарап тексергенде:оң қабырға доғасының томпаюынан іші ассиметриялық,беткей көктамырлар кеңейген, бауыр проекциясында күмбез тәрізді тығыз консистенциялы құрылым пальпацияланады. Қан анализінде: эозинофил-9%, билирубин – 90 мкмоль/л, АЛТ-72 ед/л, АСТ – 74 ед/л,сілтілі фосфатаза - 290 ед/л. УДЗ:бауыр қақпасы аймағында анық шекарасы және ішінде сұйықтығы бар дөңгелек құрылым анықталады.
Науқаста қандай патология дамуы ықтимал?
* Бауыр-жасушалық аденокарцинома
* Ірі түйінді бауыр циррозы