2.2.1 Санақ жүйелері
Сандарды бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне ауыстыру үшін арнайы алгоритмдер құрылған. В.1 кестесінде оң бүтін сандарды аудару қарастырылған. Бұл алгоритмдер программалаушыларға екілік сандарды сегіздік, оналтылық жүйелерде оңай жазуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұлар қазір көп қолданыста (мысалы түсті белгілеу үшін, ұяшық адресін көсету үшін және т.б.).
Әртүрлі жүйелердегі сандар бір принцип бойынша қалыптасады: егер соңғы рұқсат етілген символ қолданылса, онда үлкен разрядқа 1 жазылады, ал кіші разрядқа 0 жазылады (В.4 кесте).
2.2.2 MS Excel-дің стандартты функциялары және формулалары
Қарапайым формула құру үшін келесі әреткеттерді орындау қажет:
- формула енгізілетін ұшыққа басып “=” теңдік белгісін енгізу;
- формуланы енгізіп Enter басу.
Формулалар мәндерді белгілі-бір ретпен есептейді. Әрбір операторды орындалу реті бойынша солдан оңға қарайорындайды. Қолданатын операторларға қатысты келесі ретпен орындалады:
- сілтеу операторлары (адрестік) «:», «,», «;»;
- таңбалық минус «-»;
- процентті есептеу %;
- арифметикалық ^, *, /, +, -;
- мәтіндік оператор &;
- салыстыру операторлары =, <, >, <=, >=,<>.
Егер формулада орындалу реті бірдей операторлар қолданылса, мысалы, бөлу және көбейту операторы, онда олар солдан оңға қарай орындалады. Орындалу ретін өзгерту үшін керекті орындарын жақшамен қоршаған жөн.
Функция құрылуы = белгісінен басталады, санан кейін функция аты, ашатын жақша, үтірмен бөлінген аргументтер тізімі, жабатын жақша. Аргумент – бұл есетпеулер жүргізуге қажетті мәндер. Аргументтердің типтері әртүрлі болады: сан, мәтін, логикалық мән (АҚИҚАТ және ЖАЛҒАН), массивтер, қателік мәні (мысалы #Н/Д) немесе ұяшыққа сілтеме. Функция аргументінің типі қолданылатын функцияға байланысты. Функциялар тізімін шығару үшін ұяшыққа басып Shift+F3 басса болады. Көмекші ақпарат функцияны таңдағанда ғана шығады.
Мастер функций диалогтық терезесі (Вставка менюі Функция командасы) формула құрғанда функция қолданылса функция енгізуді жеңілдетеді. Формулаға функция енгізгенде терезеде функция аты, олардың аргументтері, функция сипаттамасы, функцияның нәтижесі және формуласы көрінеді.
Формуланы функциядан бастау үшін формула жазатын ұяшықты басып:
- формулалар панеліндегі Вставка функция батырмасын басу керек;
- функцияны таңдау (Поиск функции өрісіне орындайтын операцияны енгізіп қажетті функцияны табуға да болады, мысалы «сложение чисел» сөзіне СУММ функциясы көрсетіледі, іздеуді немесе категория бойынша да орындауғы болады);
- аргументтерді енгізу керек;
- формуланы енгізіп болғаннан кейін Enter басыңыз.
Кейбір жағдайларда функцияны басқа функцияның аргіменті ретінде қолдануға болады. Бір функция ішіне бір функцияны жеті рет салуға болады. Ол үшін формула енгізетін ұяшыққа басып:
- формулалар панеліндегі Поместить функцию батырмасын басыңыз;
- қолданатын функцияны таңдаңыз;
- аргументтер терезесіне аргумент ретінде басқа функцияны енгізіңіз.
Сілтеме құру үшін ұяшықты, ұяшықтар диапазонын, басқа беттегі орынды немесе басқа кітаптағы орынды ерекшелеу керек. Аты берілген диапазонға сілтеме жасау үшін F3 клавишасын басып Вставка имени өрісінен атын таңдап Ок басылады. Сол кітаптағы басқа бетке сілтеме жасау үшін ұяшықтар диапазонының алдына беттің атын және! қою керек.
Бір формуланы бірнеше ұяшыққа енгізу үшін ұяшықтарды ерекшелейсіздер де формуланы енгізіп Ctrl+Enter клавишаларын басасыздар.
а=(-2,-3,1) және b=(0,1,4) векторларының скаляр көбейтіндісін есептеу мысалын қарастырайық, олардың ортогональдылығын тексерейік.
Шешімі (2.1 сурет). а=(x1,y1,z1) және b=(x2,y2,z2) векторларының скаляр көбейтіндісі а*b=х1*х2+у1*у2+z1*z2 формуласы бойынша есептеледі. Егер а*b=0 болса, онда векторлар - ортогональ.
Қадам 1. Дайындалған кестенің B2:С4 ұяшықтарына берілген мәндерді енгіземіз.
Қадам 2. D2 ұяшығына =B2*C2 формуласын енгізіп Enter басамыз.
Қадам 3. D2 ұяшығындағы толтыру маркерін D4 ұяшығына дейін тартамыз.
Қадам 4. D2:D4 ұяшықтарын ерекшелеп, аспаптар панеліндегі Автосумма белгісіне басамыз, D5 ұяшығында векторларының скаляр көбейтіндісін есептейміз.
Қадам 5. Скаляр көбейтінді мәні 0-ге тең болмағандықтан, векторлар ортогональ деген қорытындыға келеміз.
A | B | C | D | |
a | b | a*b | ||
x | -2 | |||
y | -3 | -3 | ||
z | ||||
Скалярное произведение векторов a и b |
Сурет 2.1 – Векторларының скаляр көбейтіндісін есептеу мысалы
2.2.3 MS Excel-дің қосымша мүмкіндіктері: надстройка Пакет анализа
MS Excel-де программа-надстройканың үш типі бар: MS Excel-дің өзінің надстройкалары, компоненттік объекттер (СОМ) үшін қосымша надстройкалар және автоматтандырылған надстройкалар. Бұл надстройкаларды іске қосқанда оған қатысты MS Excel-дің мүмкіншіліктері ашылады да сәйке менюлерге оған қатысты командалар қосылады. Автоматтандырылған надстройкаларды Сервис менюі арқылы ашуға болады.
Пакет анализа надстройкасы мәліметтерді талдау, статистикалық және инженерлік талдау құралдарын береді. Мәліметтерді талдауды жүргізу үшін кіріс мәдерді көрсетіп параметрлерін таңдау керек; талдау сәйкес инженерлік немесе статистикалық функция көмегімен орындалады. Кейбір функциялар қондырылған болады немесе осы талдау пакетін орнатқаннан кейін ғана іске қосылады.
Мысалы, Инженерные категориясының ПРЕОБР функциясы тек Пакет анализа қосқаннан кейін жұмыс істейді. Егер бұл функция рұқсат етілмесе немесе #ИМЯ қатесін көрінсе Пакет анализа надстройкасын орнатып іске қосу керек. Ол үшін:
- Сервис менюінен Надстройки командасын таңдау;
- Надстройкалар тізімінен Пакет анализа сөзінің флагын белгілеп ОК басу қажет.
Жадыны үнемдеу үшін сирек қолданылатын надстройкаларды өшіру керек. Ол үшін жаңағыдай жоғарыда көрсетілген жолмен жүріп белгіленген надстройканың белгісін алып тастау керек (Сервис менюі, Надстройки командасы). Оны өшірген жағдайда сәйкес командалар MS Excel-ден өшіріледі.
2.2.4 Берілген шарттар бойынша ұяшықтарды форматтау
Формуланы және басқа мәндерді бақылау үшін шарттартты форматтау өте қажет. Ол үшін бүкіл қажетті диапазонды белгілеп Формат менюінен Условное форматирование командасын таңдау жеткілікті.
Ерекшеленген ұяшықтар мәнін тұрақты санмен немесе формула нәтижелерімен мен салыстыруға болады. Форматтау шартын да логикалық формулаларды қолдануға болады.
Значение параметріндегі таңдалған ұяшық мәнін формула нәтижесімен салыстыру үшін формула теңдік белгісінен басталу керек. Ал егер Формула параметрі таңдалса, онда көрсетілген формула АҚИҚАТ(1) немесе ЖАЛҒАН(0) мәндерін қабылдап, теңдік белгісінен басталуы керек.
2.2.5 Диаграмма тұрғызу
Диаграмма тұрғызу үшін диаграммаға қатысты мәндер диапазонын ерекшелеу керек. Содан кейін Вставка менюінен Д иаграмма командасын немесе стандартты аспаптар панелінен Мастер диаграмм батырмасын басыңыздар. Диалогты терезе көмегімен диаграмма мастері өзіне қажетті барлық информацияны жинап алады. Егер диаграмма мастерін қолданғыңыз келмесе, онда мәліметтер берілген диапазонды ерекшелеп, F11 клавишасын басыңыз. MS Excel орнатылған көрсеткіштер бойынша өзі-ақ диаграмманы бөлек бетке орнатады.
Егер диаграммаға қатысты мәліметтер әр жерде орналасса, онда ең бірінші ұяшықтарды ерекшелеп содан кейін Ctrl басып тұрып қалған ұяшықтарды белгілеуге болады.
Диаграмманы жұмыс істеп тұрған бетте немесе жаңа бетке құруға болады.