Ламинарлы (тура сызықты) және турбулентті режим (ағым).
Егер жер асты суы кезекті тау жыныстарынан шағал тас, құм тәрізділердің арасынан сүзілсе (өтсе) ол қозғалыс ламинарлы болады, яғни тура сызық бойынша қозғалатын заңға бағынады (Дарси заңы):
Q=kAi
Мұнда: Q – ағын судың мөлшері
A – ағын су өтетін кесіндінің ауданы
i – ылдилық (қиялылық)
k – фильтрация коэффициенті
Жарығы немесе кеуектігі үлкен тау жыныстарында қозғалыс құбылыстағы немесе каналдағы қозғалысқа ұқсас ағады. Мұндай қозғалысты алай-дүлей (құйын) қозғалыс деп атайды.
Мұндай қозғалыста жер асты суының жылдамдығы төмендегі формуламен анықталады:
V=c/Ri
Мұнда: с – қабырға немесе басқалардың одыр-бұдырына байланысты коэффициент.
R – гидравликалық радиус.
І – қиялық (ылдилық).
2.Характерлі ылғалдылықтар. Илену шекарасындағы аққыштық
Шегарасындағы ылғалдылықтар, оларды анықтау тәсілдері.
Грунттың илену шекарасындағы ылғалдылығын анықтау
Анықтау әдісі
1. Табиғи ылғалдықтағы грунттан шамамен 50 см көлемде үлгі алып оның қатқан бір-бірімен жабысқан бөлшектерін мұқият майдалап, саңлауы 1мм болған електен өткізіледі.
2. Електен өткен грунтты шыны аяққа оған таза су құйып қою қамыр болғанша оны араластырып ылғалдандырамыз (суландырамыз). Араласқан грунт эксикаторда 2 сағат уақытқа қалдырамыз.
3. Суланған грунт қамырынан азырақ бөлігін алып қағаз немесе шыны үстінде диаметрі 3 мм болғанға дейін алақанмен басып дөңгелетеміз.
4. Егер грунт диаметрі 3 мм болған жіп тәріздес болып иленіп майда бөлшектерге ыдырап кетсе, онда оның ылғалдылығы илену шекарасындағы ылғалдылыққа ()тең болады.
5. Ыдыраған грунт бөлшектерінен 10-15 гр бюкске жинап алып жоғарыдағыдай етіп оның ылғалдылығын анықтаймыз. Ылғалдық 1% анықтылықпен анықталады.
6. Әрбір грунт үлгісі үшін кемінде екі рет анықталынады. Грунттың илену шекарасындағы ылғалдылық кемінде осы екі рет анықталғанның орташа мәні алынады. Айырмашылық бір-бірінен 10% аспауы керек. Тәжірибенің нәтижелері журналға жазылады (кесте 2)
Кесте 2
Ылғалдылық шекараларын анықтау журналы
Ылғалды- лықтың аттары | Анықтау әдісі | Бюкс № | Бюкстің массасы | Грунт үлгісімен бюкстің массасы г. | Құрытылған грунт үлгісімен бюкс массасы | Грунтың ылғалды лығы % | ||
Грунттың ағу шекарасы | Стандарт конуспен | 16,75 | 27,13 | 24,14 | 23,97 | 23,92 | ||
Грунттың илену шекарасы | Қол | 13,81 | 17,87 | 16,91 | 16,73 | 16,73 | ||
Пластика лық саны | - | - | - | - | - | - |
Қажетті құрал-саймандар
Стандарт конусы, фарфорлы ыдыс, техникалық таразы әр түрлі тастармен, құрғатушы шкаф, эксикатор, бюкстер, саңлауы 0,5 мм елек.
Грунтты ағу шекарасындағы ылғалдылықты стандарт (теңеу) конусымен анықтау
Ағу шекарасындағы ылғалдылықты салмағы 76 г болған стандарт конус 5 секунд ішінде грунтқа 10 мм шөгетін (бататын) кездегі грунттың ылғалдылығын айтамыз
(сур 1)
1-сурет Стандарт конусы.
Анықтау әдісі
1.Көлемі 50 см массасындағы табиғи грунтты алып оны фарфорлы ыдыста мұқият майдалап електен өткіземіз.
2.Грунтты таза суға араластырып қою паста түрге келтіреміз, бір келкі ылғалдылық болу үшін грунтты эксикаторда 24 сағат ұстаймыз
3.Диаметрі 4 см биіктігі 20 см болған металды ыдысты грунттан жасалған қамырмен ыдыстың бетіне дейін толтырамыз, оны қалқамен тегістейміз.
4.Грунттың бетіне жайлап стандарт конусты түсіріп, оның өзінің ауырлығынан шөгуін 5 секунд уақыт ішінде бақылаймыз.
5.Егер конус 5 секунд уақыт ішінде 10 мм шөгетін болса, онда грунттың ылғалдылығы ағу шекарасындағы ылғалдылыққа тең болады (тура келеді).
6.Егер конус 5 секунд ішінде конустың белгіленген жеріне жетпей не асып кетсе, онда грунттың ылғалдылығы ағу шекарасына жетпей немесе ол шекарасынан асып кеткен болады. Бұл кезде грунтқа ылғалдылығына қарай құрғақ грунт немесе бірнеше тамшы су қосып, оны жақсылап араластырып конусты батыратын экспериментті қайта жасайды (өткізеді).
7.Ылғалдылық ағу шекарасына жеткен кезде грунттан 10-15 г шамасында бөліп алып жоғарыдағы жұмыстағы сияқты оның ылғалдылығын анықтаймыз.
8.Тәжірибелердің нәтижелерін журналға жазамыз (кесте 2)
9.Әрбір үлгі үшін кемінде екі рет аныықталынады. Сонда тәжірибенің нәтижесіне осы екі рет анықталғанның орташа мәні алынады. Олардың бір бірінен айырмашылығы 2 % аспауы керек.