Лекции.Орг
 

Категории:


Перевал Алакель Северный 1А 3700: Огибая скальный прижим у озера, тропа поднимается сначала по травянистому склону, затем...


Универсальный восьмиосный полувагона: Передний упор отлит в одно целое с ударной розеткой. Концевая балка 2 сварная, коробчатого сечения. Она состоит из...


Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки): Структурная и функциональная единица нервной ткани и он состоит из тела...

Тақырып: Психикалық қасиеттер (темперамент, мінез, қабілет)



Жоспар:

1. Темперамент туралы ілімнің дамуы.

2. Темперамент типтерінің сипаты және өзгеруі, адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісі, оларды тәрбиелеу.

3. Мінездің психологиялық құрылымы.

4. Қабілет туралы түсінік.

Негізгі ұғымдар: темперамент, рефлекс, динамикалық стереотип, иррадиация, концентрация, индукция, типология, фенотип, генотип, нышан, талант, данышпандық.

Темперамент – нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамның эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек, т.б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д.460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы – сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтықтың араласуын грекше «красие» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Ал темпераментке байланысты қасиеттер мынадай үш түрлі дәрежеден құралады.

Біріншіден, адамның қиыншылыққа төзімді, не төзімсіз келуі,осыған орай, адамдар күшті делінетін төзімді типтерге және әлсіз деп аталатын төзімсіз типтерге бөлінеді.

Екіншіден, қызбалығы мен тежелгіштігі тең, не теңсіз болу дәрежесіне байланысты. Егер адам төзімсіз, тез болдырғыш келсе, онда мұндай типті меланхолик деп атаймыз. Ал қалған төзімділерді тең не теңсіз дәрежесімен ажыратады. Егер теңсіз типтердің қозуы тежелуінен неғұрлым басым болса, онда бұл типті холерик темпераментіне яғни қызбалы, ақкөңіл типіне жатқызады. Ал теңсіз дәрежедегілердің қозуынан тежелуі басым келсе, онда бұл-тежелгіш, яғни бүкпелі типке жатады.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда адамдар мінез ерешеліктеріне қарай ажыратылады. « Мінез» деген сөз гректің « характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып , адамның сол жағдайларға қатысын білдіреді.

Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері.Адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі мінез ерекшелігіне жатпайды.

19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік , дара адамның ақыл – ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе , ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.

И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен , мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас – тартыс туғызып келді.

Психология ғылымында мінез топтастырылып , оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:

- мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық , еңбекке жауапкешілікпен қарау , жалқаулық , немқұрайдылық т.б.

- ұжымға , адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық , сергектік , талап қоюшылық , асқақтық , менсінбеушілік.

- өзіне - өзінің қатынасы : өркөкректік , даңғойлық , тәкәппарлық , мақтаншақтық , өзімшілдік , қарапайымдылық , кішіпейілділік;

- заттарға қатынасы : ұқыптылық , салдыр – салақтық , заттарды ұстап – тұтуы мен ұқыпсыздығы.

Мінез құрылымының қасиеттеріне жататын ерекшеліктер :

- мінез тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке ұжымға , еңбекке деген қатынасын білдіреді.

- адамның жеке басының ерекшелігі , белсенділігі. Бұл қасиет- мінездің күші. Осыған орай адам жақсы , мықты , тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.

- мінездің тұрақтылығының , ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық , төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп , мінезінің күшін аңғартады.Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып,дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал , дау-дамай жиі болып тұрса , балалардың мінез – құлықтарының қалыптасуына кері әсері тиеді.

Қабілет депәрадамның белгілі бір іс -әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған , тәлім - тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Психологияда қабілетті адамның тиісті істі меңгеруге тағайындалған мүмкіншілігі деп сипаттайды. Мүмкіншілік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір іске даярлығы.

Нышан –адам бойындағы биологиялық (физиологиялық) фактор болып саналса, ал қабілет сол нышанның дамып жетілуі нәтижесі. Олай болса, нышан-дақылдың дәні, ал қабілет сол дәннің өніп шығуы. Дәннің өсуі үшін қолайлы жағдай керек.

Нышан- деп әрбір адамның іштей туа берілетін анатомиялық және физиологиялық қасиеттерін айтады.

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады , яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы , екіншісінікі сапасыз.

Қызығушылық адамда обьектіні жан – жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал , бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну.

Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып , данышпандық қасиетін тудырады. Бұл адамның ақыл – ойы мен іс - әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Қабілет – адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын , кісілік сипатын , іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Бір сөзбен айтқанда , адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде өрістеуінің негізгі факторы - еңбек.





Дата добавления: 2015-10-20; просмотров: 6402 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.