Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


III.Азаматтың негізгі құқықтары




Дініне қарамастан және жынысына қарамастан, барлық халықтар өз құқықтар (жиналыстар бостандығы, сайлау, оларды ашуда бірігу бостандығы сөз, баспасөз, адамның жеке басына тиіспеу бостандығы) жөнінен теңестіріледі. Сот тәртібімен болмаса, қамауға алу жүргізілмейді. Сот органдары бар жерлерде қамауға алынғандарға айып 24 сағат ішінде тағылады, ал ондай органдар жоқ жерлерде 7 күн ішінде тағылады, олай болмаған ретте уақытша ұсталған адамдар дереу босатылады. Сонымен бірге жеке хат алысуға ешкімнің тиіспеуі белгіленеді.

IV.Дін ұстану туралы мәселе.

Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық дін тең, яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден артықшылығы болмайды.

Қандай діни ілімнің болса да таралу бостандығы, діни наным таңдау бостандығы. Қырғызия үшін татарлардан бөлек жеке муфтиат құру.

Неке, ажырасу, туу мен өлуді тіркеу молдалардың (діни адамдар) қарауында қалады, ал қалыңмалға байланысты істер сот органдарында қаралады.

V.Соттар туралы.

Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей пайдаланады. Сот — тергеу органдары қырғыз халқының тұрмыс- жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта сөйлеу қалықтың көпшілігі сөйлейтін тілде жүргізілсді.

VI.Қорғаныс.

Тұрақты әскер халық милициясымен алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлерде жүргізілуге тиіс. Қырғыздар әскери қызметті атты милиция қатарында атқаруға міндетті.

VII.Салықтар.

Салықтар саласында үдемелі табыс салығы салынады.

VIII. Жұмысшы мәселесі.

«Алаш» партиясы жұмысшы мәселесінде социал демократтардың (меньшевиктердің) бағдарламасын қолдайды.

IX.Халық ағарту.

Ана тілінде жаппай, тегін оқыту. Қырғызияда қырғыз тілінде оқытатын орта және жоғарғы оқу орындарын ашу, ағарту саласы автономиялы болуға тиіс; оқушылар өзі қалаған мамандығы бойынша білім алады. Кітапханалар, оқу үйлері ашылуға тиіс.

X.Жер мәселесі.

Жерге алғашқы кезекте байырғы халық орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс.

Қоныстандырылмай бос жатқан және босап қалған учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер комитеттері белгілейді, ал жерге орналастырылғаннан кейін алған артық жер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (земстволар) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына (өсуіне) қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз атырақтарға жер беріледі.

Түркістанда жер алқаптарымен бірге су бөгендері де ортақ бөлініске түсуге тиіс.

Жерге орналастыру кезінде жерді қауымдасып теңгерме пайдалану енгізілсін (жер ауылдар немесе басқа да шаруашылық бөліністері арасында бөлінсін). Жер алқаптарын сатуға тыйым салынсын.

Кен байлықтары мемлекет игілігі болуға тиіс, бірақ ең жақын қожайыны жергілікті өзін-өзі басқару органдары (земстволар) болып табылады.

Зор маңызы бар үлкен орманды алқаптар мен су айдындары мемлекеттің, ал екінші дәрежелері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолында болуға тиіс.

«Алаш» партиясының бағдарламасының Бүкілресейлік Мұсылман Кеңесінің қырғыз мүшелері әзірлеуге тиіс болған, бірақ Орынбордағы бір топ қырғыздар әзірлеген жобасының жалпы сипаты осындай.

Ол облыстық (губерниялық) комитеттердің қарауы үшін облыстарға жіберілген жоқ және Құрылтай жиналысының таралуына байланысты, көзделгеніндей, оны ешкім бекіткен жоқ. Солай бола тұра, бағдарламаның осы жобасы негізінде «Алаш» партиясының облыстық (Семейде, Омбыда және Орынборда) комитеттері құрылды.

Құрылтай жиналысының мүшелігіне Орал облысында кандидаттар ұсыну едәуір күлкілі сипатта болды.

Кандидаттардың тізімі Қырғызияның барлық облыстары бойынша «Алаш» партиясының атынан іріктелді.

Орал облысында кандидаттар ұсыну едеуір күлкілі сипатта болды.

Қырғыз Атқару Комитетінің төрағасы әкімшілік ретімен жай ғана сауал-сұрақ қағазын толтырып, тіркелген кандидаттар тізімін «Алаш» партиясы атынан округтік комиссияға мәлімдеп отырды.

Шын мәнінде «Алаш» бағдарламасы қырғыз халқының буржуазиялық -демократиялық топтары ниетінің көрінісі болды: одан біз эсэршілдіктің (басқару түрі, жер мәселесі және басқалар), меньшевизмнің (жұмысшы мәселесі жөніндегі бағдарлама) радикализмнің және басқаларының жұрнақтарын көре аламыз.

Қырғызия сияқты (самодержавиенің бұрынғы отары) елдерде революция буржуазиялық -ұлттық қозғалыс түрінде пайда болды, біз мұны бірқатар зиялылардың «Алаш» партиясын құруға жасаған әрекетінен көреміз.

«Алаш» партиясы қырғыз халқының буржуазиялық-демократиялық топтарының тілектерін орындау мағынасында алғанда буржуазиялық революцияда белгілі бір рөл атқара алатын еді деп санауға болады. (М.Қозыбаев).

Менің өз басым «Алаш» бағдарламасының жобасын бағдарлама ретінде емес, қайта Құрылтай Жиналысының болашақтағы қырғыз мүшелеріне аманат ретінде қарастыруға бейіммін.

«Алаш» партиясының туу идеясы Құрылтай Жиналысының атымен тығыз байланысты болғандықтан, Құрылтай Жиналысынан кейін де шығыс Қырғызияда «Алаш» партиясының қазіргі кейбір саяси қайраткерлер басшылық еткен облыстық комитеттері едеуір ұзақ уақыт өмір сүрді, алайда оның Құрылтай Жиналысымен бірге құритыны күмәнсіз еді.

Қазақ демократиялық интеллигенциясының уақытша үкіметтің жер саясатына көзқарасы, ақпан және қазан революциялық өзгерістер арасында бір күйде болған жоқ.

Олар шілде оқиғалары және шілдедегі бірінші жалпықазақ съезіне дейін жер мәселесін жаңа билік шеңберінде, Құрылтай Жиналысы арқылы шешуге сенімді болса, жағдай мүлдем шиеленісіп кеткен 17-жылдың екінші жартысында бұл мәселенің біржола шешілуін ұлттық мемлекеттік дербестікпен байланыстыра қарады.

Шілде айынан бастап Ә.Бөкейхановтың жер және басқа қоғамдық мәселелерге байланысты көзқарасы принциптік өзгерістерге ұшырайды. Оған себепші болған, біріншіден, Уақытша үкіметтің жалпы империя көлеміндегі саяси процестерді игеру қабілетінің күн өткен сайын төмендеуі болса, екіншіден, өзі құрамына енген кадеттер партиясы мен мақсат-мүддесі айқындала түскен ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі принциптік мәселелерде өзара жігінің алшақтай түсуі еді. Егер империя көлемінде мемлекеттік тәртіптің анархиялық көріністерге орын бере бастауы ұлттық мемлекеттік дербестік туралы мәселені неғұрлым батылырақ қоюға итермелесе, ұлттық бостандық үшін күрес қарқынының өсуі көптеген мәселелерді, соның ішінде ең алдымен, жер туралы мәселені ашық-анық, ұлттық мүдде тұрғысынан дербес көтеруді талап етті.

Ә.Бөкейхановтың бұл кезеңдегі жер мөселесіне байланысты көзқарасы, белгілі дәрежеде, шілдедегі бірінші жалпықазақ съезінің шешімдерінде, сондай-ақ одан кейінгі уақыттағы жазған материалдарында, әсіресе «Жалпы Сібір съезі» атты мақаласында айқын көрінеді. Шілдедегі жалпықазақ съезінде ол кадет партиясы құрамынан шығуының басты себебі есебінде жер мәселесін келтіріп «Кадет’ партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мүжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді» деп түсіндіріп, қазақтарда мүліктенген жердің болмауын, жердің ауылға, болысқа берілуін жақтады.

8-15 қазан аралығында Том қаласында өткен сібір автономистерінің съезіне қатынасқан Ә.Бөкейханов бастаған қазақ дслегациясы өздерінің жерге байланысты бағдарламасын мейлінше дәл жөне толығырақ мәлімдейді. Ал ол бағдарламалық негізгі тұжырымдары «Алаш» партиясының бағдарламасына енеді. Ә.Бөкейханов жалпы Сібір съезі туралы «Қазақ» газетіне жазған мақаласында осы жер мәселесіне тағы да тоқталады. Бұл арада оның мынандай негізгі жақтарын бөліп айтуға болар еді.

1. Бас Переселен мекемесінің есебі бойынша, қазақ жері 240 миллион десятина. Егер бұл рас болса әрбір қазаққа 44 десятинадан келмек. Бір үйде орта есеппен 5 адам болса, үй басына 220 десятинадан тимек. «Ақтөбе, Көкшетау, Өскеменде, Алматыда үй басы 200 десятина түгіл, мұның оннан бірі жоқ қазақ аз емес».

2.»Жаңа билік орнап, бостандық, теңдік, туысқандық келгені рас болса қазақ мұндай зорлыққа көне алмайды. Енді мұнан былай өзіміз жер еншімізді алып орныққанша жерімізге қоныс аударушылар көшіп келуін тоқтатсын.

3.Құрылтай жиналысы жер мәселесіне байланысты заң қабылдаған соң, қазақ өз жерінде алдымен енші алатын болсын, Адам баласына, жеке үй басына тиетін жер сыбаға
шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болсын. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайтын болсын.

4.Қазаққа жер сыбағасы өзінің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға деп бөлінсін. Жерді бірігіп алған ру, ауыл, болыс өз ішінде тәртіп орнатып, әділдікпен пайдалансын.

5. Қазақтарға жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен берілсін. Ертіс бойындағы он шақырымдағы қазақ сол жерден үлес алсын. «Атты қазақ бермеймін дер, біз ертістен кетпейміз, жер алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, законмен аламыз. Қазақ сыбаға жерін алған соң, қалған жер мемлекет қазынасына аталып», земство билігіне өтсін(52). («Қазақ» газеті 1917 № 251).

Уақытша үкімет комиссары Ә.Бөкейхановтың 1917 жылдың соңына қарай жер туралы жасаған негізгі тұжырымдары осылар болатын. Сондай-ақ бұл жасалған бағдарламалық қорытындыларды жалғыз Бөкейхановқа таңу қате. Өйткені олар қазан революциясына дейін патшалық билікпен күресіп келген қазақ демократиялық интеллигенциясының азаптары ізденістен азаптары ізденістен кейін жасаған ортақ тоқтамы болатын. Сондықтан да бұл тұжырымдар түгелдей «Алаш» партиясының бағдарламасына енді.

Алаш партиясының негізін салушылар шын демократтар болды және демократиялық жолмен дәйекті әрекет етті. Бұрмалаушылардың зұлымдық ойы тегінде, партия бағдарламасын бірде феодалдық тәртіптерді, бірде ұлттық буржуазияны қорғайды деп саналатын ұлтшылдар тобы дайындап, қабылдаған, ал халықтың бұл бағдарламаға еш қатысы жоқ деп көрсету болса керек. Басқаша айтқанда, бұрмалаушылар бағдарламаны ат төбеліндей арандатушылар жасаған деп көрсеткісі келді. Бұл жағдайға тарихи әдебиетке профессор К.Нұрпейісов бірінші болып назар аударды(53).

Өкiнiшке қарай, «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының
бүкіл тегі дерлік бұрмаланған болып шықты. Мұның өзі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін

қалаушылардың экономикалық, саяси, құқықтық сипатын, прогресшілдік мәнін барынша кең де терең түсінуге мүмкіндік бермеді.

Бағдарлама жобасында он бөлім бар, олардың әр қайсысына
тақырыпша қойылған. Алайда аудармаларда атаулары берілмеген, бұл да жобаның құндылығы мен маңызын кемітеді.

Бірінші бөлім «Мемлекет қалпы» деп аталады. Бөлімнің мазмұнын негізге ала отырып, атауын «форма государства» деп аударуға болады. Бұл бөлімде басқару нысаны туралы мәселе қарастырылады.

«Алаш» бағдарламасының жобасы жарияланған кезде Кеңес өкіметі Ресейдің мемлекеттік құрылысын анықтайтын ресми құжатты әлі қабылдамаған еді. Тек 1918 жылғы 16 қаңтарда ғана Кеңестердің Бүкілресейлік III-съезі «Еңбекші және қаналған халықтар құқықтарының декларациясын» қабылдады.

Сонымен, «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының бүкіл дүние жүзіне тараған орысша аудармасында жоба авторлары заң жағына мүлде сауатсыз етіп көрсетілген. Негізінде жоба авторлары мемлекеттің жоғарғы органдарын құрудың ресми, теориялық жағынан әбден сауатты тұжырымдамасын ұсынған еді(54). Біріншіден, жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы: Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума ұсынылды. Екіншіден, парламентарлық республика ұсынылды,өйткені президентті екі палата сайлауға тиіс болды. Үшіншіден, палаталар алдында президент емес, қайта министрлер жауап беруге тиіс еді. Егер парламент алдында президент те жауапты болса, онда жоғары өкілді органның абсолютті билігі орнар еді. Ол кезде мұндай теория да, мұндай практикада болған жоқ. Жоба авторлары Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу қағидасын ұсынды.

Бірінші бөлімнің қорытынды бөлігінде былай деп жазылған: «законды жалғыз ғана государственная дума шығаруы һәм госдума үкімет үстінен қарап, іс тексеруі, запрос жасау хақы да Госдумада болуы. Кеңес мемлекетінде заң шығарушы орган бірден-ақ формальды құрылымға айналып, бүкіл өкімет билігі толығымен атқарушы органдардың қолына шоғырландырылды.

«Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының екінші бөлімі «Жергілікті бостандық» деп аталады. Бірінші бөлігін дәйексөзге келтірсе ол да дұрыс аударылмаған. «Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болуы. Реті келсе қазақ автономиясы сыбайлас жүрттармен өзірге бірге болуы реті келмесе, бірден-ақ алдына жеке болуы». Сонымен, түпнұсқа мен орысша аудармасының арасындағы елеулі айырма неде? Біріншіден, түпнұсқада автономия қазақтар мекендейтін облыстардан құрылады деп тура атап корсетілген. Ал аудармада «қазақтар мекендейтін» деген сөз жоқ, сондықтан бүкіл текст мағынасын жоғалтады. Өйткені, «Алаш» бағдарламасының жобасында автономияның ұлттық қағида негізінде құрылатыны айқын да, анық айтылған. Екіншіден, «Алаш» партиясының негізін қалаушылар жоғары білікті заңгер ретінде, қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия құру туралы мәселесі бірінші орынға қойған еді.

Бұл бөлімде адам жөне адамдардың мүдделері үшін жұмыс істей алатын мемлекеттік қызметкерлерді іріктеп алу қағидасы ұсынылады. Осыны негізге ала отырып, земство басқармаларында, милицияда жұмыс істеуге лайықты адамдарды халықтың өзі атауға тиіс. Бұл — өзінің құндылығы мен көкейтестілігін ешқашан жоғалтпайтын идея.

Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі «негізгі құқық» деп аталады. Жоба бөлімінің бірінші сөйлемінде былай делінген: «Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Кеңес конституциясынды жалпы демократиялық құқықтар мен бостандықтардың орнына таптық қағида баянды етілді, ол бойынша еңбекшілерге есептелмеген адамдар барлық құқықтары мен бостандықтарынан айрылды. Тарихи тұрғыдан алғанда өз уақытынан идеялық жағынан озып кеткен «Алаш» партиясы қайраткерлерінің айтқаны дұрыс болып шықты(55). 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында былай делінген:

«1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өз жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Үшінші бөлімнің «негізгі құқықтар» деп аталуы тегін емес. Оған талдау жасаудың көрсетіп отырғандай, онда адамның қазір демократиялық елдердің конституцияларында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарының негізгі идеялары келтірілген. «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының осы бөлімінің теңдесі жоқ маңызы да мәні осында.

Төртінші бөлім «Дін ісі» деп аталады. Орыс тілінде келтірілген тексте аса маңызды мынадай бір қағида аударылмаған: «Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болуы. Дін біткенге тең құқық. Аударма авторына алашордашылардың басқа діндерді қабылдамайтынын, тек исламды насихаттайтынын дәлелдеу керек болған.

IV бөлімінің қорытынды бөлігінде былай делінген: «Муфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болуы, жесір дауы сотта қаралуы».

«Алаш» партиясының дінге көзқарасын жинақты құрастырушы «өлтіре» сынға алған. Аудармаға түсіндірмеде дінді мемлекеттен бөлу мәселесінде Алашорда бағдарламасы тіпті буржузиялық реформаның талаптарына да жете алмады деп көрсетілген. Бағдарламада шіркеуді мемлекеттен бөлу танылады және сонымен бірге неке қиюды, тууды, өлуді, ажырасуды тіркеу сияқты мемлекеттік міндеттер атқару молдаларда қалдырылған дейді(56).

Бесінші бөлім «Билік һәм сот» деп аталады «Алаштың» негізін салушылар билердің терең халықтық тамырларын, билер сотының жалпы игі ықпалы мен маңызын біліп, оларды жаңа жағдайларда пайдаланғысы келді. Кеңес өкіметі бастапқыда билер соттарын таныды, ол халық соттары деп аталды.

Қазіргі Қазақстанда билер соты идеясы қайтадан өз жақтастарын тауып отыр. Кейбір жерлерде ол қазірдің өзінде, әрине, жаңа тарихи жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылуда.

Белімде сот жүйесінің негізгі қағидалары берілген:

1. Сот ісін жүргізу жергілікті халық тілінде жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан билер мен судьялар бұл тілді білуге тиіс. Халқы аралас тұратын сот таргеуі мен сот шешімі сол жерде көпшілік болып табылатын тілде жүргізілуге тиіс.

2. Судъялар мен билерге ешкімнің тиісуіне болмайды.

  1. Сот әділдігі мен сот алдындағы барлық адамдар тең.

Билер мен судьялар құдайдан кейінгі ең құдіретті адамдар болғандықтан, жұрттың бәрі олардың шешімін орындауға тиіс. Алашордашылар қабылдаған осынау ежелгі қағиданың мағынасы қандай терең десеңізші. Сот шешімі дереу орындамауга тиіс!

Алашорданың негізін қалаушылар мынадай демократиялық идея ұсынады: күрделі емес істерді билер, судьялар жеке-дара қарауға тиіс, ал күрделі істерді, дұрысырақ айтқанда, қатаң жаза қолдану қаупі төнетін қылмысты присяжныйлар соты қарауға тиіс.Нақ осы идея Қазақстанда қазір, 80 жылдан соң іске асырылып отыр(57).

VIбөлім «Ел қорғау» деп аталады. Әскер уақытша үкімет тұсындағыға қарағанда басқа негіздерде ұйымдастырылуға тиіс. Әскери міндеттілерді жергілікті жерлерде оқыту және қызмет еткізуді енгізу ұсынылды. Әскери бөлімдер әскер түрлері бойынша бөлінуге тиіс. Қазақтар қызметті атты милиция түрінде атқаруға тиіс болды. Мұнда әкімшілік- аумақтық құрылыс негізіне алынған әскери қызмет өтеу реті де ескеріледі.

Алаш партиясы бағдарламасының жобасында VII»салық»
бөлімінде: «Салық-малауқат, табысқа қарай: байға-байша, кедейге -кедейше ғаділ жолмен тартылу»,- делінген.

Бағдарлама жобасының осы тармағына жинақты құрастырушы
Н.Мартыненко жазған түсініктеме қызықты. Ол былай деп жазған: «Это была попытка заигрывания с беднотой аула, это была удочка, на которую хотели поймать трудящихся. Последние же убедились, кого Алаш -Орда действительно считет мироедами и кого -товарищами. Для нее товарищами были колчаковцы, дутовские офицеры, свои собственные муллы и баи». Бүкіл «өлтіре» сынаудың бәрі міне осы: бет
алды, еш дәлелсіз айыптау және бір құбылысты екіншісімен
алмастыру. Шынына келгенде, бағдарлама жобасының аталған
қағидасы өте ізгілікті және демократиялық жоба болатын. Бұл
қағиданың бастау көзін Ж.Ақбаевтан табамыз, ал ол кезде
болашақтағы белгілі заңгер әлі С-Петербург университеті заң
факультетінің студенті болатын. Бағдарлама жобасының VIII
бөлімі жұмысшылар мәселесіне арналған. Таптық принципті
ұстанатын большевиктер жұмысшыларды жетекші тап ретінде
қоғамдағы өзге күштерден жоғары қойса, Алаш қайраткерлері
оларға «жұмысшылар закон панасында болады» деп тек
құқықтық қисын тұрғысынан баға береді және бұл мәселе бойынша меньшевиктер позициясын жақтайтынын мәлімдейді(59).

Бағдарламаның IX бөлімі «Ғылым-білім үйрету» деп аталады. Онда: білім барша жұрттың игілігі болуға тиіс, деген эте маңызды қағида бар. Бұл демократиялық әрі ізгілікті сағида еді. Кеңес өкіметі қанаушы элементтердің білім алу құқығын шектеді. Бірінші РКФСР Конституциясында (1918 ж) былай деп жазылған: «Еңбекшілердің білімге шын мәнінде қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысшылар толық, жан-жақты және тегін білім беруді өзіне мақсат етіп қояды(60).

Алаш партиясының бағдарламасы бойынша жалпы білім беру барша жұртқа: қазақтарға да, орыстарға да, жұмысшылар мен шаруаларға да, кәсіпкерлерге және т.б. да таратылатын. Мектеп автономиясы, оқу үрдісіне үкіметтің араласпауы ұсынылды. Бұл идеялар қазіргі уақытта да құнын жойған жоқ.

Қорытынды X бөлім «Жер мәселесі» деп аталған. Бұл бөлімнің орыс тіліне аудармасы әдейі бұрмаланып жасалған. «Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін». Бұл сөйлем былай деп аударылған: При выработке земельного закона в учредительном собрании в основу должно ложиться наделение землею в первую очередь «туземцев». «Жергілікті жұрт» деген «туземцы» емес, қайта «местный население» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама жобасының қазақ тексінен де көрінеді. Мәселен, бесінші бөлімінде сөйлем: «аралас жерде соттың тергеу-тексеру һәм хүкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылады» деп жазылған. Бұл ретте әңгіме құрамы әр түрлі ұлттар тұратын жерлерде сот тергеу қайсысы көпшілік болса, сол тілде жүргізілетін жайында болып отыр. Біздің көз жеткізе дәлелдегеніміз сияқты, «Алаш» партиясының негізін салушылар интернационалистер еді. Алайда болыпевиктер оларды ұлтшылдар деп көрсеткісі келді.(61)

Бағдарламадан үзінді келтірсек: «Бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы». Осы маңызды қағидаға аудармашы мынадай мағына берген: «Всераннее отобранные у киргиз псреселенцами земли должны быть возвращены обратно». Бұл жерде де аудармашыны қазақ тілін білмейді деп ақтауға болмайды. Түп нұсқада қатысушылар үшін алынған, бірақ шаруалар қоныстанбаған жерлерді қазақтарға қайтару жайында сөз болады. Былайша айтқанда, олардың арасында ортақ еш нәрсе жоқ. Егер орыс шаруалары қоныстанып үлгерген жер қайтарып алынар болса, ұлтаралық жанжал болмай қоймайды. Демек, аудармашы «Алаш» партиясын кертеартпа ұйым ретінде көрсетуді мақсат еткен.

Бағдарламаның жобасында жерді сатуға үзілді кесілді тыйым салынған. Жердің бүкіл байлығы: үлкен ормандар, өзендер мемлекетке тиесілі болуға тиіс.

Алаш партиясының жер мәселесі жөніндегі бағдарламасының негізгі жайларын Кеңес өкіметінің іске асырғанын атап өткен орынды. Б9л орайда бағдарлама тексі Кеңес органдарының қалыпты құжаттарымен сәйкес келетіні қайран қалдырады. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің «Семей, Ақмола, Торғай және Орал губернияларында бос жатқан участкелерді еңбекші қырғыз халқына қайтарып беру туралы» 1921 жылғы екінші ақпандағы декретінің 1-бабында былай делінген:

«1) жоғарыда аталған губернияларда бұрынғы қоныстандыру басқармасы еңбекші қырғыз халқының пайдалануынан:

а) Ресейден келген қоныстанушыларды орналастыру үшін бөліп алған, бірақ 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін олар қоныстанбаған жөне ә) дворяндарға, капиталистерге, монастырларға және сол сияқты мақсаттарға ұзақ мерзімді жалға беру үшін алған учаскелер бос жатқан деп саналады».

Алаш партиясы бағдарламасы жобасының бірқатар қағидалары Қазақ АКСР-нің кеңестік маңызды заң құжаттарында «большевиктік идея» ретінде пайдаланылды.(62) Алайда, оның қайнар көзі ретінде Алаш бағдарламасы айтылмай, керісінше ол «кертартпа құжат» ретінде «өлтіре» сыналды. Соның негізінде ғылыми, саяси әдебиетте Алаш автономиясы, Алашорда үкіметі, Алаш партиясы туралы большевиктік баға ғана үстемдік ете бастады. Сондықтан БК(б)Г Қазақ өлкелік комитетінің шешімімен кітап жойылып жіберілді. Мартыненко кітабының да тағдыры осындай болды, өйткені онда да Алашорда туралы материалдар бар еді. Сөйтіп құжаттарға жаза қолданылды. Алашорда тақырыбын зерттеуге тыйым салынды.

.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 803 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.