Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сөйлеу бұзылыстарының пайда болу себептері




Құрсақта даму кезеңінде, туылу сәтінде және баланың алғашқы даму кезеңінде миына жағымсыз әсер алуы сөйлеу бұзылыстарына соқтырады. Сөйлеу жетілмеуінің құрылымы мен деңгейі мидың зақымдалуының ауырлығына және жайылтпаушылығына байланысты. Бұл факторлар миға ауытқушылық әсер ету уақытымен байланысты. Мидың ең ауыр зақымдануы ерте эмбриогенез кезеңінде /құрсақтағы эмбрионның 3-4 айға жетуі/ жүйке жасушаларының дифференциациялануы байқалады.

Мидың жетілмеуі негізінде сөйлеудің ауыр бұзылыстарының пайда болуының ең жиі себептері жүктілік кезінде ананың инфекция мен интоксикацияға шалдығуы, туылу сәтінде зақымдалу, ана мен нәрестенің резус-фактор немесе қан тобының сәйкес келмеуі, орталық жүйке жүйесінің аурулары және баланың алғашқы даму жылында миының зақымдалуы болып табылады.

Алкогольдік синдромға шалдыққан балалар аз салмақпен туылады, психикалық және физикалық дамуда артта қалады. Бұл балаларда жалпы сөйлеу жетілмеуі мен қозғалыстың тежелу синдромы бірігеді, олардың ақыл-ой жұмысына қабілеттілігі өте төмен.

Егер бала миының сөйлеу бөлімдеріне жағымсыз әсер оның сөйлеуі қалыптасқан кезде орын тапса, онда ол құлдырауы мүмкін /афазия/.

Сөйлеудің жалпы жетілмеуі аяқталмаған ауытқушылық процестің нәтижесі болып табылады. Оны ағымдық жүйке-психикалық ауырулар әсерінен пайда болатын сөйлеу дамуының бұзылыстарынан ажырата алу қажет /эпилепсия, шизофрения және т.б./. Интеллектуалдық жетілмеуі бар балаларға қарағанда анық көріністері байқалады - минималды ми дисфункциясы. Сөйлеу бұзылыстары этиологиясында ерекше орынды перинаталдық энцефалопатия алады - туылу сәтінде мидың зақымдануы.

Орталық жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық жетіспеушілік деңгейі мен локализациясына байланысты сөйлеу бұзылыстарында байқалуы мүмкін:

1. Локальді сөйлеу кемістігі /бас миының сөйлеу бөлімдерінің жетіспеушілігі/ -танымдық аймақтың екінші деңгейлі бұзылыстары;

2. Бірлескен психосөйлеу кемістігі /сөйлеу бөлімдерінің және бас ми самай-төбе-желке бөлімдерінің қыртыстары/ құрылымына танымдық аймақ пен сөйлеу бұзылыстары кіреді.

Сөйлеу кемістіктері бар балалардың танымдық аймағының дамуы. Сөйлеу бұзылыстары кезіндегі психологиялық анықтау және түзету

Баланың 3 жасқа дейінгі дамуында сөйлеу іс-әрекетін жетілдіру маңызды рольге ие. Алалиясы бар балаларда гулеу жоқ немесе өте төмен деңгейлі. Күрделі сөйлеу бұзылыстары бар балалар алғашқы сөздер мен сөз тіркестерін кеш айта бастайды. Алалиясы бар ерте даму кезеңіндегі балаларда, қалыпты дамудағыларға қарағанда, локомоторлық функцияның дамуы кеш басталатыны байқалады.

Фонематикалық қабылдау бұзылыстары сөйлеу бұзылыстары бар барлық балаларда байқалады. Фонематикалық естудің дамуы сөйлеу дамуының барлық жақтарымен тікелей байланыста, ал бұл жағдай баланың жалпы дамуымен сипатталады.

Сөйлеу жетіспеушілігі бар балалардың зейіндері бір қатар ерекшеліктермен мінезделенеді: тұрақсыздықпен, оның ырықсыз көрсеткіштер деңгейінің төмен болуымен, өз әрекеттерін жоспарлаудағы қиыншылықтармен. Балалар қиындықпен жағдайды талдауда, міндеттерді шешуде түрлі жолдар мен тәсілдерді іздеуде зейіндерін тұрақтандырады. Бұл категориядағы балалардың есту есі және нәтижелі есте сақтау қабілеттері қалыпты деңгейде сөйлей алатын балалармен салыстырғанда төмен екендігі анықталған.

Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі анық көрініс табады. Тұтығатын балалардың оқу жұмысының сапалылығы оның өту жағдайына тәуелді. Бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысуды талап ететін тапсырмалар қиыншылықтар тудырады. Кейбіреулерінде өзіндік және басқалардың жұмысын бақылай алмаушылық байқалады. Оқу процесінде олар өздерінің және басқа балалардың қателерін байқамайды, диалогты рольдермен оқуда өз сөздерін кезегімен оқымайды, кейде басқалардың сөздерін оқиды. Олардың іс-әрекеттері тұрақсыз, ауыспаушылықтары әлсіз, өзіндік бақылау деңгейі төмен.

Әдетте сөйлеу дамуы кешеуілдеуінің себептері болып баланың қошағандармен тілдесу жеткіліксіздігі, жанұядағы екітілдік табылады. Жастық қалыппен салыстырғанда танымдық іс-әрекеттің және оның құрамына кіретін процестердің /материалды есте сақтау және қайталау көлемінің төмендеуі, зейін түрақсыздығы, психикалық процестердің әлсіздігі, жалпылау және түсіну деңгейінің төмендігі, байланысты сөйлеу қиындатылған/ төмен деңгейлігі анықталған. Мұндай балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарына бірқатар іс-шаралар кіреді, олардың мақсаты - әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерін жою, баланың жалпы психикалық қалпын жақсарту, баланың сөйлеу арқылы тілдесуге және қажетті іс-әрекет дағдыларына қызығушылығын қалыптастыру.

Ринолалиясы бар баланың сөйлеу ерекшелігі - мұрын қуысының сөйлеу процесінде орын алуы. Ашық ринолалиясы бар бала операциядан соң кезеңінде логопедтің көмегін қажет етеді.

Тәрбиеші логопедпен бірігіп сөйлеуде дұрыс тыныс алуды дамытуға бағытталған жұмыс жүргізеді. Тәрбиеші бала аузын жауып мұрынымен демалуын қадағалайды. Логопед пен психолог жағымды өзіндік қабылдау және нәтижелі тілдесу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сабақтар жүргізеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2572 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2277 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.