Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәрістің тақырыбы: Қозу

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

 

Физиология кафедрасы

 

 

Д Ә Р І С

 

 

Тақырып: «Қозу»

 

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

 

 

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

Қарағанды 2008 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

 

 

Дәрістің тақырыбы: Қозу

Дәрістің мақсаты: жалпы физиологияның негізгі тіршілік процестердің табиғатын,жалпы тіршілік қызметтерінің көрсеткіштерін және бір-біріне қатысын зерттейтіндігін көрсету. Қозатын ұлпалардың негізгі қасиеттерін талқылап көрсету және түсіндіру. Барлық ұлпалардың қызметінің жалпы тітіркендіру зандарға бағынуын талқылау. Тұрақты тоқтың әсерінің негізгі зандылықтарын түсіндіру.

 

 

Дәрістің жоспары:

1.Жалпы физиологияның зерттейтіні.

2.Қозушы ұлпалар туралы түсінік.

3.Тітіркендіргіштер туралы түсінік, олардың жіктелуі.

4.Қозушы ұлпалардың негізгі қасиеттері.

5.Қозушы ұлпалардың тіткендіру заңдары.

6.Тұрақты тоқтың әсерлігінің заңдылықтары.

 

 

 

Жалпы физиология- негізгі өмірлік құбылыстардың табиғатын, жалпы тіршілік қызметінің көрсеткіштерін және олардың бір-біріне қатынасын зерттейді.

Барлық тірі клеткалар мен ұлпалардың белгілі бір әсерлерді қабылдап, оған жауап ретінде өздеріндегі зат алмасу процесінің денгейін өзгерте алады, осыдан олардың тиісті қызметтік күйі өзгереді, оны тітіркену деп атайды. Тітіркену тітіркендіргіштің қасиеттінің нәтижесі немесе көрінісі. Ф.Энгельс айтқандай, тітіркендіргіштің барлық тірі материяға тән болатын жалпы қасиеті.

Жануарлар әлемінің дамуы негізінде қоршаған ортамен организмнің бірлік заңы жатады. Осы заңға негізделіп өмір сүруі мүмкін. Тірі организмнің физиологиялық қызметі әр түрлі тітіркендіргішке әсерленіп өмір сүруден пайда болуында.

Барлық тірі клеткалардың жалпы биологиялық реакциялары тітіркендіргіштің сипатында, яғни тітіркендіргіштің әсерінен физиологиялық тыныштық күйден активті күйге өтеді.

Тірі құрылымдар, ұлпалар мен оларға әсер етуші факторлар арасындағы өзара әрекеттесудің жалпы заңдылықтарын қозу физиологиясы зерттейді. Осыған орай ол ұлпаларды қозғыш деп атайды. Тірі организмнің негізгі қозғыш ұлпаларына-бұлшық ет, жүйке, безді ұлпалар жатады.

Бұларға әсер етуші сыртқы және ішкі факторларын-тітіркендіргіштер деп атайды, ал әсердің өзін тітіркендіру дейді. Бұл қоздырғыш ұлпалардың бірінші қасиеті.

2. Тітіркендіргіш әр түрлі себебіне қарай жіктеледі:

а)табиғаты жағынан:

1.Физикалық /Т, ауа, қысым, ылғал, дыбыс, сәуле, электр тоғы/.

2.Химиялық /тұздар, қышқылдар, сілтілер, түрлі улы заттар/.

3.Биологиялық /микроорганизмдер, басқа тірі объектілер/.

б)сәйкестігіне байланысты:

1.Адекватты /сай, сәйкес/, үйренкішті.

2.Адекватты емес /сай емес, төтенше, сәйкес емес/.

 

Адекватты тітіркендіргіштер- белгілі бір рецепторлар тандап сезетін яғни солардың табиғи қызметіне сай келетін тітіркендіргіштерді атайды /көру анализаторлар-жарық сәулелері, есту-дыбыс/.

 

Адекватты емес- рецепторларды таңдап сезбейтін, қалған басқа тітіркендіргіштерді атайды. Мысалы: электр тоғымен немесе адам маңдайын бір нәрсеге қатты соқса көзі жарқ ете қалады. Оны адекватты емес тітіркендіргіш дейді, олардың күші адекваттылардан артық болуы қажет. Ал адекватты тітіркендіргішке рецепторлар сезгіштігі өте жоғары болады /көзге 3-10 квант жарықтың энергиясы болу керек/.

в)орналасқан жеріне қарай:

1. Сыртқы.

2. Ішкі.

г)тітіркендіргіштің күшіне қарай:

1.Табалдырыкты-минимальды қозу тудыра алатын тітіркенудің ең аз күші.

2.Табалдырықтан жоғары күш.

3.Табалдырықтан төмен күш.

 

Қозғыш ұлпалардың негізгі қасиеттері:

1. Тітіркену-бұл клетканың физиологиялық тыныштық күйден қызмет ету күйіне ауысуы.

Қозу- бұл тітіркенудің бір күшіне ұлпалардың спецификалық активті реакциясы. Қозу- қозғыштық қасиеттің арқасында іске асады. Қозғыштығын жоғалтқан клеткада, ұлпада қозу тумайды.

2. Қозғыштық-бұл тірі құрылымдардың тіршілігін көрсететін негізгі қасиеті. Қысқаша айтқанда қозғыштық - бұл тітіркендірудің әсеріне жауап беру қасиеті. Оны сыртқы көріністері арқылы көруге болады. Мысалы: бұлшық еттердің қозғыштығы жиырылуымен байқалады, безді ұлпалар- секрет бөледі, нерв жүйесі-электрлік күйінен өзгерістері болады /импульс/.

3. Өткізгіштік- тітіркендіргіштің әсерінен пайда болған қозуды өткізу, таралу қасиеті. Бұл қасиеті қозғыштық ұлпалардың арасында тек қана бұлшық ет және жүйке ұлпаларында болады. Бұл ұлпалардың бір жерінде пайда болатын қозу жасушаның мембрана арқылы әрекет потенциал түрінде 2-ші жаққа қарай таралады. Өткізгіштік қасиеті ең жоғары бұл жүйке ұлпаларда.

4. Лабильдік /функциональды жылжығыштық /-қызметтілік-белгілі бір уақытта пайда болатын қозу толқындарының максимальді жиілігімен анықталатын ұлпалардың қасиеті. Ең жоғары лабильділік нерв талшықтарында. Бұл қасиеті қозбаушылық деген қасиетімен байланысты.

5. Қозбаушылық - / рефрактерлік/- бұл қозатын ұлпалардың тітіркенудің әсеріне жауап бермеу қасиеті, ол 2 түрлі болады:

а) абсолютті/ толық қозбайтын/.

б) салыстырмалы.

Абсолютті кезінде – қозатын ұлпалар ешқандай тітіркендіргіштің әсеріне және күші ең жоғары болсада жауап бермеуі.

Салыстырмалы кезінде – тітіркендіргіштің қарама-қарсы байланысы бар. Қозбаушылық кезеңі үлкен болса, лабильдігі төмендейді, қозбаушылық кезеңі төмендесе, лабильдігі жоғарлайды. Ең жоғары лабильдік жүйке ұлпаларында, бірақ олардың қозбаушылық кезеңі өте төмен болады.

 

Иллюстрациялық материал:

 

1. Кестелер

2. Кодокарталар

3. Слайдтар

 

 

Әдебиеттер:

 

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Миндубаева Ф.А.,Абаева А.Т. Тыныс алу физиологиясы /оқу құралы.- Қарағанды, 2005. – 65 бет.

6. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

7. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

 

Бақылау сұрақтар:

 

1. Жалпы физиология қандай құбылыстарды зерттейді?

2. Қозу деген не?

3. Қозғыш ұлпаларға қандай тіндер жатады?

4. Қозғыш ұлпалардың қандай касиеттері бар?

5. Тітіркендіргіштердің қандай түрлерін ажыратады?

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Виды структур систем | Области электроники
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1634 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2159 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.