1 — тері қабыллауышы; 2 — сезгіш талшык; 3 — жұлын туіііні; козгалтңыш нейрон; 5 — қозғалтқыш талшық; 6 — бұлшыкет.
аралық жәнв
шецбердіи догадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлі-мі эфференттік ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсер-леніс (реакция) туралы хабар жеткізетін байланыс, мәселен, реф-лекстік әсерленіс еттің жиырылуы болса, оның жиырылу күші {кысқару дәрежесі) туралы хабар, яғни керісінше байланыс (аф-ферснтация) арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше байланыс рефлекс доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдырады. Әрбір реф-.-;&кстің рецептивтік өрісі болады.
1 Белгілі бір рефлекс рецепторлары орналасқан аймақты рецеп-тивтік өріс деп атайды.»
Рефлекс түрлері. Морфологнялық және физиологнялық ерекше-ліктеріие қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:
1. Рецепторлардың орналасуына (орнына) карай экстероцептив-тік (ехіегиз — сыртқы), интероцептивтік (іпіегіог — ішкі), про-приоцептивтік (ргоргіиз — өзіндік)' рефлекстер болып ажыратыла-ды. Кесерііо — лат.— алу, қабылдау. Демек рецептор — кабыл-дауыш деген сөз. Экстероцептивтік рефлекс рецепторлары дене сыр-тында: теріде, ауыз, көздің кілегейлі кабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.
Интероцептивтік рефлекс рецепторлары ішкі ағзаларда, ткань-дерде, қан тамырларында, ал прорпиорецептивтік рефлекс рецеп-торлары сіңірде, буын қабында орналасқан.
2. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер сомалық, веге-тативтік болып екіге бөлінеді.
3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңры ми (мезенцефальдық), аралық ми (диенцефаль-дық), алдыңғы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді.
4. Қимыл-әрекетіне қарай жүту, кірпік қағу, жөтелу, қимыл-дау рефлекстері болып ажыратылады.
5. Орталықта туатын процестер түріне карай қоздырушы теже-лупіі рефлекстер болады.
6. И. П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен) шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
7. Рефлекстік доғаныц орталық бөлімінде қатысатын нейрон-дап санына қарай екі, үіп жәпе көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді<? ^
Жүйке орталыры туралы ұғым. Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтадь^ Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталыгы болады. Мәселен, тізе рефлексінің орталы-гы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), зәр шырару орталыры жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталыры сопақша міідың орта шенінде орналаскан. Бірақ бірыңрай кызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары рана емес, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің әр денгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар то-бьі да катысуы мүмкін. Сондықтан бірыңрай функциялы орталық-тар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен орталық жүй-ке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлері-нен тұрады.
· Иллюстрациялық материал:
Графопроекторға арналған транспаранттар:
1. Рефлекторлық доға.
2. Нейрон мен оның құрамдас бөліктері.
Слайд-карталар:
1. Нейрон мен оның құрамдас бөліктері.
2. Нейрон (А.Миколадзе бойынша, 1970)
3. Нейрондардың фондық және шақырылған импульстық белсенділігі (Л.Шельцын бойынша, 1980)
Кестелер:
1. Жұлынның рефлексі.
2. Синапс.
· Әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – А.: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – А.: Қазақ университеті, 2006. – 140 б.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - А.: «Білім», 200. – 400 б.
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – А.: «Эверо», 2007. – 904 б.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – А.: Қазақстан, 1992. – 280 б.
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 б.
· Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1. Дендриттердің қызметі.
2. Аксондардың қызметі.
3. Сомалардың қызметі.
4. Қозу пайда болғандағы аксонды төбешіктің ролі.
5. Нейрондардың түрлері.
6. Нейрондардың қозу механизмі.
7. Нейроглияның қызметтері.