Арағанды мемлекеттік медицина академиясы
Физиология кафедрасы
Д Ә Р І С
Тақырып: «Еттер жиырылуы»
«Физиология - 1» пәні
051301 «Жалпы медицина» мамандығы
2 курс
Уақыты 1 сағат
Қарағанды 2008 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама _____________ 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева
· Дәрістің тақырыбы: «Еттер жиырылуы»
· Дәрістің мақсаты: бұлшықет талшығы бойымен қозудың өту механизмін, бұлшықеттердің жиырылу мен босаңсу механизмдерін, бұлшықеттердің күшін мен жұмысы (қажуын) талқылау.
· Дәрістің жоспары:
1. Бұлшықеттердің жиырылу мен босаңсуы механизмінің қазіргі заманғы теориясы.
2. Бұлшықеттердің күші мен олардың жұмысы.
3. Бұлшықет пен тұтас организмнің қажуы.
Еттердің жиырылу тәртібі және турлері.
Етке қозғалтқыш жүйке арқылы келетін серпіністердің нэтижесінде онда эрекет потенциалы пайда болады, ол ет талшығы бойымен таралып, оның жиырылғыш аппаратын белсендіреді. Бұл еттің жиырылуын туғызады. Жиырылу туатын жағдайларға байланысты ет жиырылуының үш түрлі тэртібі бар: изометриялық, изотониялық, ауксотониялық. Егер еттің ұзындығы қысқарып, бірақ оның тонусы өзгермесе - ол изотониялық жиырылу деп аталады. Мүндай жиырылу болады егерде еттің бір үшы қозғалмастай бекітіліп, ал екінші үшы қозғалатын рычагқа бекітілсе.
Изометриялық жиырылу - бүл кезде ет талшығының үзындыгы өзгермейді, ал тонусы өзгереді. Мүндай жиырылуды алуға болады, егерде еттің 2 ұшын да қозғалмайтын етіп бекітіп қойса. Тұтас ағзада бүл 2 түрлі жиырылу да жеке түрінде кездеспейді, олар аралас түрінде, яғни ауксотониялық жиырылу түрінде кездеседі. Өйткені қозғалыс кезінде еттер эрі қысқарады, эрі тонусын өзгертеді. Берілетін тітіркендіргіштердің жиілігіне байланысты жеке дара және тетаникалық жиырылу болады.
Жеке дара жиырылу. Жеке дара жиырылу етке немесе оның қозғалтқыш жүйкесіне бір рет эсер еткенде болады. Тұтас ағзаца жеке дара жиырылу болмайды, дегенмен оны оқып біл>дщ тетанустық жиырылудың механизмін түсіну үшін маңыз^І зор, өйткені тетанустың негізі жеке жиырылудың жинақталуында.
Бақа сирақ етінің жеке дара жиырылуының қисығын тіркегснде келесі кезендер байқалады: жасырын(0,01 сек), жиырылу кезеңі(0,048 сек) және босаңсу кезеңі(0,052 сек). Сонымен, бақа етінің жеке дара жиырылуының үзақтығы 0,11 сек қүрайды. Жскс жиырылудың мөлшері тітіркендіру күшіне байланысіы.
Табалдырық күшімен тітіркендіргенде жиырылу шамалы. Күш өскен сайын жиырылу амплитудасы жоғарлайды, максимальді шегіне жеткенше, өйткені, белгілі тітіркендіргіш күш үлкен болса, солғұрлым етті қүрайтын көп талшық жиырылады. Сонымен, қаңқа бүлшық етінің жеке ет талшығы «бэрі немесе ештеңе емес» заңына бағынады, ал түтас ет бұл заңдылыққа бағынбайды.
Жиырылудың жинақталуы жэне тетанус тітіркендіргіш күшінің жэне жиілігінің оптимумы жэне пессимумы.
Фазалық жиырылу үзақтығы, статикалықтыкі тіптен, жеке жиырылу үзақтығынан элде-қайда басым. Динамикалық жэне статикалық жүмыс күрделі қозғалыс жэне тонус жағдайында іске асады, жеке жиырылудың жинақталуы салдарынан. Тэжірибе жүзінде жасанды түрде тітіркендіргіш қаңқа бүлшық етінің кез-келген талшығында жинақталу құбылысын алуға болады, мысалы, егер етке бірінен кейін бірін қатар екі тітіркендіргіш әсер еткенде жэне олардың арасы 0,1 сек аз болса, онда 2 жеке жиырылудың жинақталуы байқалады. Жинақталудың екі түрі болады. Біріншісінде - екінші тітіркендіру босаңсудың басында (интервалы 0,05сек көп, мысалы тітіркендіру жиілігі 10-н - 20-ға дейін секундына), жинақталудың мұндай түрі тісті тетанус деп аталады. Егер жиі тітіркендірсе (20-дан - 30-ға дейін, Ісек), онда екінші тітіркендіргіш етке жиырылу кезеңінің соныңда эсер етеді, мұның нэтижесінде жиырылудың жайпақ тетанус деп аталатын түрі пайда болады. Мүнда жиырылу амплитудасы максимальды жеке жиырылғанға қарағанда үлкен болады. Сонымен, тетанус дегеніміз еттің ұзақ жэне күшті жиырылуы, серпіністердің етке жиі берілуі салдарынан жеке жиырылулардың жинақталуынан.
Введенскийдің тетанус теориясы бойынша, тетанустық жиырылудың амплитудасы тітіркендірудің әрбір серпінісі қозудың қай кезеңіне сәйкес келгенімен байланысты болады. Егер тітіркендіру қозғыштықтың жоғарылаған кезеңіне сэйкес келсе, онда амплитудасы үлкен болады(оптимум жиілік). Егср қозғыштықтың төмендеген кезеңіне сэйкес келсе(рефрактерлік кезең), онда амплитудасы төмен болады(пессимум жиілік). Бұл жағдай тітіркендіру күшіне де дұрыс келеді.
Қозуды өткізу жөніндегі қазіргі кездегі көзқарас мынадай: көлденең салалы еттердің талшығында өткізгіш жүйе бар. Бүл жүйе көлденең түтікшелерге жалгасатын беттік плазматикалық мембранадан түрады, немесе Т-жүйесі жэне саркоплазмалық,
Протофибрилдердің құрылысы қандай және қандай күш арқылы олар біріне-бірі тартылады?
ҚазіН кезде мынау белгілі: эрбір жуан протофибрил шамамен 500 молекула миозиннен тұрады. Миозин молекуласының пішіні жіпше тәрізденген, бір үшы жуандалып келген. Ол екі бөлікке бөлінеді - жеңіл меромиозин(ЖММ) жіпше тэрізді бөлігін құрайды, жэне ауыр меромиозин(АММ) - жуанданған жерін құрайды немесе миозин молекуласының басы. АММ-ның белгілі бір тұзды ортада ферментативтік қасиеттері болады, ол АТФ-ты АДФ-қа жэне органикалық емес фосфатқа ыдыратады, осы кезде АТФ-тағы макроэргиялық фосфаттық байланыстың энергиясы бөлініп шығады.
Әрбір жіңішке протофибрилл актин жэне протомиозин молекуларынан түрады. Жиырылу үшін энергия беретін алғашқы химиялық реакция - бұл АТФ молекуласынан бір фосфат тобының бөлінуі, энергияға бай байланыстын қарапайымға айналуы жэне потенцалды энергияның бөлінуі.
АТФ-ты ыдыратушы фермент - миозин оның белсенділігі Са++ жандандырылады. Қозу кезінде оң зарядтары Са++ иондары саркоплазмалық ретикулумнан миофибриларалық кеңестікке ауысады да, миозинде түзілген АТФ-пен байланысады жэне актинде түзілген АДФ-пен байланыс қүрады. Жіңішке протофибрилдердің жуан протофибрилдердің арасынан тартылуы актин жэне миозин молекулалары арасындағы өзара химиялық эрекеттесуі салдарынан болады. Бұл көлденен мостиктер аймағында болады(олар миозин жіпшелерінің сыртқы бетінде орналасқан).
Еттің босаңсу механизмі
АТФ - жиырылудың донаторы болып табылады, ал босаңсыға.ч кезде - пластификатор болады. Еттің босаңсуы жэне актин, миозин жіпшелері арасындағы байланстың элсіздену механизмі ^а мөлшері азайғанда, немесе оның мүлдем болмай қалған кезінде байқалады. Жоғарыда айтылғандай тонустық талшықтарда Са^+ иондарының инактивациясы өте баяу жүреді, іс жүзінде егтің жиырылуын тоқтатпайды жэне ол өте баяу жүреді.
· Иллюстрациялық материал:
Слайд-карталар:
1. Оптимум мен пессимум (Н.Веденский бойынша).
2. Бұлшықет талшығы мен миофибриллалардың құрылысы..
3. Жиырылу процесінде актин мен миозин жіпшелерінің жылжуының сызбасы (Дж.Бендолл бойынша, 1970)
4. Миофибриллалар мен саркоплазмалық тор (Дж.Бендолл бойынша, 1970)
Кестелер:
1. Бұлшықеттің қажуы.
2. Жұмыс пен қажу (И.Сеченов бойынша «белсенді демалыс»).
· Әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – А.: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – А.: Қазақ университеті, 2006. – 140 б.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - А.: «Білім», 200. – 400 б.
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – А.: «Эверо», 2007. – 904 б.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – А.: Қазақстан, 1992. – 280 б.
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 б.
· Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1. Бұлшықет жиырылуы механизмінің қазіргі заманғы теориясы.
2. Пртофибриллалардың құрылысы.
3. Актин мен миозиннің ролі.
4. Кальций иондарының ролі.
5. Бұлшықеттің қажу теориясы.
6. Тұтас организмнің қажу теориясы.