Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кәсіпорынныңқұрылымы

Ндірістік практика бойынша есебі

 

Мамандық 5В070300 – Ақпараттық жүйелер

 

Орындаған:                                           Балабек М., күндізгі оқу         нысанының 4 курс студентті

Тексерген:                                             Күзенбаев Б.А., АЖ кафедрасының  

                                                                 аға оқытушысы

 

 

                    Есептің қорғауы

                                               болған күні ___ _______20__ ж.

                                       Бағасы_________________

 

Қостанай, 2018

Мазмұны

 

Кіріспе............................................................................................................... 3
1Кәсіпорынныңқұрылымы............................................................................ 4
2Кәсіпорынныңтехникалыққамтылуы........................................................ 7
3Тәжірибелікжұмыс....................................................................................... 10
Қорытынды  
Қосымша  
   

 

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе – оқу процесінің бір түрі, ал тәжірибе дегеніміз – теориялық негізінде жинаған білімді іске асыру және қолдану.Тәжірибеде студенттеруниверситет қабырғасында алған теориялық білімдерін тереңдетеді, кеңейтеді, және нығайтады. Ал өндірістік тәжірибе арқылы осы білімді болашақ мемлекеттікқызметкер ретінде пайдаланып, жүзеге асыра алады.

4-курстағы өтілетін Өндірістік тәжірибе 28.05.2018-22.07.2018ж.ж аралығында Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін артыру Институты мекемесіндеөтті.Алғашқы күндері орындалуы тиіс міндет – мекеменің қызметімен, ақпараттық жүйесімен, техникалық құрылғыларымен, программалық қамтылуымен танысу болды. Тәжірибені жүргізуге арнайы жетекші тағайындалды. Жетекші ішкі тәртіпті және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін, арнайы заңдастырылған талаптарын түсіндірді.

Бағдарламашы ретінде тәжірибедегі ең басты мақсат – мекемедегі барлық компьютерлердің жұмыс қызметін тексеру, жүзеге асырылу тәртібін, конфигурациясын тексеру, функция түрлерімен танысу, электр жабдықтармен,компьютерлердің негізгі қондырғыларымен танысып тәжірибе жинаужаңа компьютерлерге жаңа бағдарламалық өнім орнату, антивирустар орнату және ең негізгі практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толықтай орындауболды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». Өндірістік тәжірибе өткізілген мекеме Педагогикалық жоғарғы білім беру саласы болды. Педагогикалық мекеменің мақсаты жалпы ғылыми, культурологиялық, психолого-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімін шындап тереңдету, сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық біліктілігін ұйымдастыру. Педагогикалық практика: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру, интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық үрдісіндегі мұғалімнің тұлғалық, белсенді шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орныдағы оқу тәрбие іс - әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға, оқу тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды. Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер және инновациялық мектеп типтері (мектеп–гимназиялар, мектеп–лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар). Педагогикалық практика бағдарламасы барлық педагогика мамандықтары үшін бірдей болып табылады.

 

Кәсіпорынныңқұрылымы

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін артыру Институты мекемесінің міндеті – Қызылорда облысы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіне отандық және дүниежүзілік озық тәжірибелерді ендіру және педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамытуды қалыптастыру. Институт бірнеше бөлімге бөлініп қызмет атқарады.

Институт құрылымы

 

 


Академиялық бөлім

 

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі

 

Мониторинг және сараптау бөлімі

 

Ақпараттық технологиялар бөлімі

 

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі

 

Техникалық қызметкерлер бөлімі

 

 

Академиялық бөлімнің негізгі міндеті – Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының басшылығымен институттың бөлімшелерімен біріге отырып, педагог кадрлар біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын ұйымдастырады және жүзеге асыру.Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің міндеті – Үздіксіз білім беру жүйесіндегі әдістемелік ұйымдар мен «БАҰО «Өрлеу» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өзара әрекетін ұйымдастыру, келесі мониторинг бөлімінде – «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның 2012-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес педагогтардың біліктілік арттыру курстарындағы және филиалдың басқа да білімдік қызметтерінің сапасын зерттеу, ақпараттық технологиялар бөліміндегі қызметкерлер – Филиалдың ғаламтор желісінің, сайтының және желілік қауымдастығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді жәнеТелекоммуникациялық байланыс, желілік технология, SMART-класс заманауи құралдарының пайдаланушы-сервер бағдарламалық қамтамасыз етуімен жұмысын қамтамасыз етеді. Бесінші бөлім қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінде – Институт қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық мекемелермен тұрақты және тиімді байланысты іске асыру және соңғы Техникалық қызметкерлер бөлімі – Институт ғимаратындағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жасалған жұмыстың сапасын тексеріп отыру.

Мекемеде 1С-Бухгалтерия,Corel Drоw, Adobe Denwer, Электрондық құжат айналым, тыңдаушылардың бірыңғай базасы, Excel, Word бағдарламалары жұмыс жасайды.

Өндірістік тәжірибе ақпараттық технологиялар бөлімінде өтті. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. Филиал қызметін басқаруда және оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық технологияларды дамыту және жетілдіру.

2. Филиалдың ғаламтор желісінің, сайтының және желілік қауымдастығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

3. Телекоммуникациялық байланыс, желілік технология, SMART-класс заманауи құралдарының пайдаланушы-сервер бағдарламалық қамтамасыз етуімен жұмысын қамтамасыз ету.

4. Қашықтықтан біліктілік арттырудың ақпараттық-техникалық қамтамасыз етілуін дамыту.

5. Филиал оқытушылары мен қызметкерлерінің мамандандырылған АКТ-қосымшаларын қолдана білуге дайындығын жүзеге асыру.

6. Филиалдың барлық қызмет түрлерін ақпараттық қамтамасыз ету сапасын арттыруда инновациялық технологияларды ендіру.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Примерная структура программы воспитания и социализации обучающихся | Кәсіпорынның техникалық қамтылуы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

4236 - | 4004 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.