Лекции.Орг


Поиск:




лекция. Тақырыбы: Сөздің қосалқы аталымдары.

Жоспары:

1. Табу және оның түрлері.

2. Эвфемизмдер. Эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың жолдары мен эвфемизмнің түрлері.

3.  Дисфемизмдер.

Ғылымға белгілі: заттың, құбылыстың ең басты, ең мәнді деген белгілері сол затқа, құбылысқа атау ретінде бекітіледі. Сондай-ақ, дерексіз ұғымдар да санада әбден қалыптасқаннан кейін сөз сипатын алады. Алайда бүкіл халықтың діліне сіңген осындай атаулардың бір бөлегі сан алуан себептердің әсерінен тарихтың өн бойынан қайта атау алып, басқа сөзге айналады. Соңғы атаулар алғашқы атауларды қолданыстан мүлдем ығыстырып жіберген кездер де аз емес. Өз заманында айтылуға тыйым салынғандықтан, кейбір сөздер қазір де ауыстырылған атаулармен айтылады. Тыйым салынған сөздердің, оны қосалқы атауларының сипаты төмендегідей.

Табу. Табудың анықтамасы. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның, дінге сенушіліктің салдарыннан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша айтатын болған. Бұл құбылыс, әдетте, табу деп аталады /К.Аханов Тіл білімінің негіздері. –А.,1978.134б./ (табу –полинезей тілінің ta – «белгілеу» және pu – «күллі, түгелімен» деген сөздерінен жасалған термин). Басқаша айтқанда, табу дегеніміз – атын турасынан атауға болмайтын зат, құбылыс, қимыл, іс-әрекет, оларды ым-ишарамен, өзге сөзбен білдірудің тәсілі. Табу – жай ғана тыйым емес, киелі нәрсені аяқ асты етуге болмайды, әтпесе оның киесі атады деген қорқыныштан туындайтын тыйым. Мысалы, түрік шаруаларының арасында қалыптасқан наным бойынша, бос бесікті шайқауға болмайды. Бұл тыйым бұзылса, ондай үйде еш уақытта бала тумайды, туа қалса, шетінеп кетеді-мыс. Қазақ арасында табалдырық басу мен босаға керу күні бүгінге дейін жаман ырым болып саналады. Өйткені, жын-шайтандар есік пен табалдырықтың маңына көп жиналады. Егер адам табалдырыққа отыратын болса, ол не сал ауруына тап болады, немесе есінен ауысады, себебі жынның үстіне отыруы әбден мүмкін /Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. –А., 1995.64б/. Айға ұзақ қарауға болмайды. Себебі, ай бетінде кемпір отырады. Ол кірпік санайды. Егер кірпікті санап үлгірсе адам өледі.

Табу бірыңғай ескі наным-сенімге, мифологиялық көзқарастарға ғана емес, дидактикалық ақыл-кеңестерге, тәлім-тәрбиеге, гигиеналық тазалыққа, т.б. да негізделеді: жағыңды таянба, аузыңды кере ашпа, ішегіңді тартпа, жер таянып отырма, қолыңды төбеңе қойма, қолыңды тарақтама, бейітке қолыңды шошайтпа, дәм мен дастарханды баспа, дастарханнан аттама, астың аузын ашық тастама, түннен қалған тамақты ішпе, нанды бір қолыңмен үзбе, т.б.

Тыйым заттарға да, 87б.

    Табу – жай ғана тыйым емес, киелі нәрсені аяқ асты етуге болмайды, әйтпесе оның киесі атады деген қорқыныштан туындайтын тыйым. Мысалы, түрік шаруаларының арасында қалыптасқан наным бойынша, бос бесікті шайқауға болмайды. Бұл тыйым бұзылса, ондай үйде еш уақытта бала тумайды, туа қалса, шетінеп кетеді-мыс. Қазақ арасында табалдырық басу мен босаға керу бүгінге дейін жаман ырым болып саналады. Өйткені, жын-шайтандар есік пен табалдырықтың маңына көп жиналады. Егер адам табалдырыққа отыратын болса, ол не сал ауруына тап болады, немесе есінен ауысады, себебі жынның үстіне отыруы әбден мүмкін /Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. – А., 1995. 64б/. Айға ұзақ қарауға болмайды. Себебі, ай бетінде кемпір отырады. Ол кірпік санайды. Егер кірпікті санап үлгірсе адам өледі.

    Табу бірыңғай ескі наным-сенімге, мифологиялық көзқарастарға ғана емес, дидактикалық ақыл-кеңестерге, тәлім-тәрбиеге, гигиеналық тазалыққа, т.б. да негізделеді: жағыңды таянба, аузыңды кере ашпа, ішегіңді тартпа, жер таянып отырма, қолыңды төбеге қойма, қолыңды тарақтама, бейітке қолыңды шошайтпа, дәм мен дастарханды баспа, дастарханнан аттама, астың аузын ашық тастама, түннен қалған тамақты ішпе, нанды бір қолыңмен үзбе, т.б.

    Тыйым заттарға да, өсімдіктерге де, жануарларға да, адамдарға да, іс-әрекеттерге де, сөз бен тілге де салынған. Зиян келтіретін қас күштердің ешқайсысын өз атымен атамай, басқадай сөздермен алмастырып отырған. Мысалы, қошқарды азбан, алтыны бестен бірі артық, сарыны шикіл, тышқанды қап тесер деп атау да зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар деген қате түсініктен пайда болған.

    Әр түрлі наным-сенімдерге, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, т.б. негізінде қалыптасқан этнографиялық ұғымдарды этнографиялық табу деп, тыйым салынған атауларды алмастыратын сөздерді лингвистикалық табу деп атау дәстүрі тіл білімінде бар. Алайда, этнографиялық табудың ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың өрісі тар, ол – этнографиялық табудың бір бөлігі ғана. Кеңестік тіл білімінде бұларға табу мен эвфемизмдер телінеді. Табуды ауыстырудан, тыйым салынған ұғымдардың орнына жүретін, рұқсат етілген сөздер эвфемизмдер деп аталады. /Реформатский А.Введение в языковедение. – М., 1967. С.99/. Қате қолданыстан бұл термин екі түрлі лексикалық мағынаға ие болады: 1) тыйым салынған сөздердің орнына жүретін жасанды сөздер, 2) сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда оны жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер. Көп мағыналылық терминдерге тән қасиет емес. Кейбір терминдер көп мағыналы болып келеді, ол терминдердің кемшілігі. Егер белгілі бір термин көп мағыналы болса, одан қате түсінік те тууы да мүмкін /К.Ахановтың аталған кітабы. 134б/. Екіншіден, табу мен эвфемизмдерді бір-бірінен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шығады. Эвфемизм табу сияқты қорқыныштан, үрейленуден туған сенімге емес, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді /Болғанбаев, Қалиұлы. 126б/. Үшіншіден, ауыстыра алатын қасиеті үшін ғана эвфемизмдерді табуға телудің реті жоқ. Әлеуметтік саладағы құбылыс – жаргондар мен арголарға да бір сөзбен екінші сөзді ауыстыра алады. Төртіншіден, эвфемизмнің семантикалық табиғаты табумен үйлеспеді.

    Осы аталғандарды ескере келе, біз жаңа термин ұсынғалы отырмыз: этнографиялық табуды ділдік табу, лингвистикалық табуды тілдік табу деуге болады. Себебі, ділдік табу да, тілдік табу да ақшаның екі беті сияқты, бір түсініктің аясында қарастырылады, ал тілдік, ділдік дегендер - анықтауыштар. Этнографиялық ұғымдарды – адамдардың ішкі жан дүниесіне, дүние-танымына, ой-өрісіне, сана-сезіміне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына қатысты болғандықтан – ділдік ұғымдар деп атаған жөн. Тыйым салынған ділдік ұғымдардың барлығы – ділдік табу /Б.Сағындықұлы. 88б/. Сөйтіп, табу іштей екіге бөлінеді: 1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар. Тікелей айтуға, хабарлауға тыйым салынған (затқа, құбылысқа, қимылға, іс-әрекетке, сөз бен тілге байланысты) этнографиялық ұғымдар ділдік табуға жатады. Ділдік табулардың орнына жүретін, не оларды алмастыратын қосалқы, жанама сөздер тілдік табулар деп аталады.

    Дәстүрлі наным-сенімдерге байланысты қалыптасқан табулар. Табулардың үлкен бөлігі діни ұғымдардың, наным-сенімдердің негізінде қалыптасқан қорқыныштан, үрейден туындайды. Олардың қай-қайсысының да астарында әрбір өлім, сәтсіздік, бақытсыздық, кемтарлық, ауру-індет немесе кез келген пәле-жаладан адамдардың тарапынан белгілі бір тыйымдарды бұзудан болады деген наным тұрады. Мысалы, ертеде адамды да, малды да санамайды, егер бұл тыйым бұзылса оба жайлайды деген түсінік болған. Осы тыйымнан қорыққан қазақтар әрбір жүзінші түйесінің көзін ағызып отырған. Түйе санын сұрағандарға бір соқыр, екі соқыр, т.б. деп қана жауап қайтаратын болған.

    Дәстүрлі наным-сенімдерге байланысты қазақ арасында қалыптасқан ырымдар мен тыйымдардың бірқатары мыналар:

 - жұма күні көшуге болмайды, егер көше қалса, не қатыны өледі, не қазаны сынады;

 - сенбі, жексенбі, сейсенбі күндері шаш алуға болмайды, бұл күндері шаш алдырса басынан бәле кетпейді;

 - үй ішінде қазан асса, есікке қисайтып аспайды, есікке қисайтып асса, несібе төгіліп қалады;

 - қолды артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл қолы артқа байланған тұтқынды еске алады;

 - еркекке жүрелеп отыруға болмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда ол қырық адамның жолын оңғарады, қырық адамға бақыт пен игілік әкеледі;

 - жол жүргенде «түс», «байла» деп айтуға болмайды. Сондықтан қауіп-қатерге ұшырамас үшін ол сөздерді «қон», «бекіт» деп алмастырады.

    Мұндай наным-сенімдердің кейбіреулері халық санасынан мүлдем жойылып кетпей, анда-санда бой көрсетіп қалады.

    Мифологияға байланысты қалыптасқан табулар. Дүние жүзі халықтарының мифологиясы магиялық, шамандық ескі нанымдармен қатар, осы заманғы көп тараған буддизм, христиан, ислам, иудизм діндері негізінде пайда болған. Тарихтың өн бойында әр түрлі себептерге байланысты тыйым салулардың салдарынан мифологиялық басты кейіпкерлері – құдайлар, дию, пайғамбарлар, жын-перілер т.б. табуға айналып отырған. Мысалы, иудизм дініне табынатындардың құдайы – Яхве. Еврейлерге бұл есімді атауға біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдан бастап өте қатаң тыйым салынған. Оның орнына Адонай (тақсыр, ием) деген тілдік табуды қолданады. Бұл тыйым бұзылса, құдайдың кәріне шалынып, бәле-жалаға тап болуы әбден ықтимал деп қорыққан. Сондай-ақ, индуизмге сенетін үнділердің құдайы Брахманның Жаратушы, Үлес бөлуші, Бүкіл әлемнің ақылшысы сияқты бірнеше қосалқы есімдері болған. Қазақтар да құдайға жалбарынғанда: «О, Жасаған ием! О, Жаратқан ием!» дейді.

    Қорқынышты да зиянкесті мифологиялық кейіпкерлердің бірі – Албасты. Ол көптеген халықтарға ортақ. Соған орай оған таңылған атаулар да сан алуан. Мысалы, Зеравшан алқабының өзбектері сары қыз, батыс сібір татарлары атсыз, сары шаш, ноғайлар кір көйлек, монғолдар алмас деп атаған. Қазақтар да теріс табан, тши мұрын, марту, арапшы сияқты есімдерді пайдаланған. Жалпы алғанда түркі халықтары кез келген тау мен тастың, сай мен асудың, өзен мен көлдің, орман мен тоғайдың, шың мен құздың, жан-жануарлардың, өсіп тұрған кез келген ағаштың иесі бар деп есептеген. Олардың барлығына жанама атаулар ойлап тапқан /Ә.Ахметов. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. – А., 1995. 64-82бб./.

    Ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар. Тез тарайтын әрі адамдар мен малдарды жаппай қырғынға ұшырататын қатерлі дерттердің атын атау сол ауруларды шақырады немесе олардың иесін шамдандырады деген нанымдар көптеген халықтарда кездеседі. Мұндай ауруларға оба, шешек, қызылша, безгек, топалаң т.б. жатады. Осы себептен ауру-індеттердің тура атаулары табуға айналып, көбіне тілдік айналымнан шығып қалып жатады. Ертеректе қазақтар шешек ауруын да тура атамаған. Бұл қатерлі дерттен адамдар жаппай қырғынға ұшырап, тірі қалғаны кемтар болып қалатын. Осы себепті үйде шешекпен ауырып жатқан адам болса, мейман, қонақ, қорасан, әулие, күл, бүбі сияқты сөздермен тұспалдап білдіретін болған. Тіпті онымен қоймай ондай үйден от бергізбеген, сырттан адам кіргізбеген. Тіпті ауру шыққан үйді жұртқа жалғыз тастап, аулаққа көшіп кететін болған. Сондай-ақ, ірі қара малды лезде жусатып салатын мәлік індетін қыз, кемпір, ақбайпақ, қойға келетін топалаңды алаң, секіртпе, ұшпа деп баламалап, тура атауды жасырған.                     

Тотемдік нанымдар негізінде қалыптасқан табулар. Әлемге кең тараған ескі нанымдардың бірі – тотемизм. Солтүстік Америка үндістері тілінде тотем «оның тегі» деген ұғымды білдірген. Америка, Австралия, Африка, Азия құрлықтарын мекендейтін халықтар өздерінің арғы тегін жануарлар, құстар, балықтар т.б. деп таныған. Әр тайпа өз тегінің, яғни тотемінің атын (аю, қасқыр, тасбақа, бұғы, қоян, арыстан т.б.) тайпа атауы ретінде пайдаланған. Белгілі бір тайпаның тотемі сол тайпаның ата-тегі болып саналумен қатар тайпа мүшелерін қорғап-қоршап жүретін киелі күш иесі болып есептелген. Осы себепті тайпа мүшелеріне өз тотемін өлтіруге, етін тамаққа пайдалануға тыйым салынған, әрі бір тотемге жататын адамдарға қыз алысып, қыз берісуге өте қатаң шек қойылған. Бұл тыйымдарды бұзған адамдар табан астында тотемнің кәріне ұшырап, өз-өзінен мерт болады деп сенген. Кейде тыйымды бұзған адамды өздері өлтіріп тастайтын болған, әйтпесе бұдан бүкіл тайпа зардап шегеді деп қорыққан. Қазақтардың үкі мен аққуға тимейтіндігі осы тотемдік нанымның негізінде қалыптасқан тыйым.

Тарихи деректерге қарағанда, оғыздар алты топқа бөлініп, оларға қаршыға, бүркіт, сары бүркіт, сұңқар, ителгі, лашын секілді тотемдердің бірінің атымен аталған. Қарақалпақтарда қаратай, сарытай, бозтай, қоңырат, қазақтарда шұбар, айғыр, ителгі сияқты ру тайпалар бар. О баста тотемдік наным тым басым болғанымен, келе-келе, кейбір сарқыншақтары болмаса мүлде жойылып кеткен. Кейбір тайпалар өздерін белгілі бір жануардан немесе құстан т.б. тараймыз деп сенгендіктен, сол тотемнің атын атауға қатаң тыйым салған. Осы себепті, кезінде алтайлықтар, шорлар аюды нағашы деп атайтын болған. Сонымен қатар оның ата, қайнаға, жер құлақты, жартастардың патшасы сияқты толып жатқан бүркеншік аттары бар. Моңғоли қазақтары киелі құс деп қастерлейтіндіктен бүркітті – қанаттылар ханы, көк тәңірісі, аспан перісі, құс төресі, құс патшасы деп атайды. Сол сияқты жолбарыстың да шері, қара құлақ сияқты тілдік табулары ұшырасады.

Сөздің сиқырлы қуатына сенуден пайда болған табулар. Адам мен оның есімі арасында материалдық байланыс бар деген түсінік сөз магиясына деген сенімнің бір айғағы болып табылады. Бұл наным бойынша, кез келген адам басқа адамның есімін біліп алса, сол есімді жадылау арқылы оның иесін қинауға, дертке шалдыруға, кемтар етуге немесе мерт қылуға болады деп есептелген. Осы себепті адамдардың шын есімі құпия ұсталған. Керісінше, адам мен оның лақап есімінің арасында тікелей байланыс болмайды, одан ешбір зиян келмейді деп сенген. Қосалқы есімдер осылайша пайда болған.

Қазақтар жас балаларды тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтау үшін нағыз есімдеріне тыйым салып, оның орнына жаман бала, жынды бала, ұры бала, ұзын шаш, қой көз сияқты лақап есімдерді пайдаланған. Түркі халықтарының біразына тән ат тергеу салтының қалыптасуына да әуелде сөздің сиқырлы қуатына сенушілік себепкер болған. Қазақ әйелдерінің Сүттібайды – Уыз, Сарыбасты – Шикіл шеке, Ақбайды – Қылаң ата, Қозыбақты – Кепе, Еламанды – Халық есен, Асаубайды – Тарпаң деп өзгертуі түптеп келгенде, ескі нанымның нәтижесі.

Сөз бен тілдің қуатына шексіз сенудің салдырынан ертеректе түркі халықтарында сөз арқылы бәлені айдау, сөз арқылы жақсылық шақыру әдеттері туған. Қазақ ауыз әдебиетінде кездесетін бәдік, бұлт шақыру, күн жайлату өлеңдері, бүйі, жылан, қара құрт шаққанда айтылатын арбау, байлау өлеңдері сөз құдыретіне сенудің ең мықты айғақтары. Демек, тілдің синонимдік қатарының өсуіне, сөздік құрамның ұлғаюына сөз магиясынан туындайтын тілдік табулардың үлесі үлкен.

Эвфемизмдер.

1. Эвфемизмдердің анықтамасы. Белгілі ғалым Ә.Болғанбаев эвфемизмдер туралы былай деп жазады: «Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау тек табумен ғана байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер келіп басады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталынады» /31-49бб/.

Екінші бір тіл маманы Әмеди Хасеновтің пікірі мынадай: «Эвфемизм – гректің жақсылап, сыпайылап айтамын сөзінен алынған термин. Сырттай қарағанда, эвфемизм тілдегі табудың бір көрінісі, синонимі. Шынтуайтқа келгенде, дәл олай емес,бірақ табуға жақын құбылыс. Эвфемизм – бір затты не құбылысты я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы; адамның көңіліне келмейтіндей, жұқалап, жайдарылап, майдалап, іштей ренжіп тұрса да, рақатта баяндағандай айта білу тәсілі. Шынында эвфемизм – мағына ауыстырудың сөз тапқырлыққа байланысты өнімді түрі. Табу – түптің түбінде, күндердің күнінде жойылатын құбылыс, ал эвфемизм тілдің көркемдегіш, бейнелеуіш құралдары ішіндегі болашағы мол түрінің бірі» /Ә.Хасенов. Тіл білімі. – А., 1996. 154-155./. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмді арнайы зерттеген ғалым Ә.Ахметов эвфемизмге мынадай анықтама береді: «Эвфемизм дегеніміз өңін айналдырған табу немесе тура атауына тыйым салынған ұғымның бет пердесі, бүркеніші немесе табудың жасанды синонимі» /7б/.

Егер соңғы анықтаманы қабылдасақ, табу мен эвфемизмнің ұғымы қабысып кетеді. Өз алдына термин болудан қалады. Осындай түсініспестікке жол бермеу үшін жоғарыда эвфемизмнің орнына тілдік табу жаңа атау ұсындық.. «Эвфемизмдер, табу сияқты, қате түсінік, діни ұғымның негізінде шыққан» /Ә.Ахметов. 7, 135бб/. Бұл европа тіл біліміне еліктеушіліктен қашықтатады. Ә.Болғанбаевтың анықтауынша, қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар:

    

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Синонимдердің анықтамасы. | Особенности этиологической структуры инфекционной заболеваемости в военное время и при стихийных бедствиях
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 427 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

1012 - | 845 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.