Мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
I. ‹‹ БАЗИС-А ›› Ренессанс инвестициялық құрылыс компаниясында тәжірибиеде өту барысы.
II. Өндірістік тәжірибие кезіндегі құрылыс жұмыстарының түрлері
2.1 Құрылыста қолданылатын арматуралар және олардың түрлерімен танысу;
2.2 Арматура торлары мен қаңқаларыды дайындау;
2.3 Тұтас құймалы аражабындар және жабын торлары;
2.4 Тұтас құймалы темірбетоннан ғимарат баспалдағын тұрғызу технологиясы
III. Құрылыс жұмыстарында қолданылатын негізгі құралдар.
Орытынды.
Олданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Мен Нурниязов Сунхар Нуртаиович өндірістік тәжірибеніБАЗИС-А- Ренессанс инвестициялық құрылыс компаниясында өттім. Тәжірибиенің өту арылығы 28.05.2018— 22.06.2018. Өндірістік тәжірибиеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін компанияның құрылысымен, бөлімдерімен, негізгі атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен және жұмысқа қатысты заңдық құқықтық жүйелермен танысу. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары барысындағы негізгі бөлімдер(құрылыс жобаларын әзірлеу, қазаншұңқыр қазу, бетон құю, жертөле тұрғызу,қабырға аражабындарды көтеру, ғимарат төбесін жабу, есік-терезелерді орнату, ішкі-сыртқы сылақтарды жүргізу)сияқты жұмыстарды орныдау барысында тәжірибие жинақтау, әрі жеке жұмыс атқару.
Ғимараттар мен үймараттарды тұрғызу барысындағы жер қыртысына геодезиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Өндірістік тәжірибе өтілген жер: Алматы қ ‹‹ БАЗИС-А ›› Ренессанс инвестициялық құрылыс компаниясы.
Мақсаты: Студенттер теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша ақпараттар жинау және жаңа құрылыс технологияларды игеріп, сонымен қатар оларды жұмыс барысында қолдану.
Студент еңбек заңдарына және еңбек ережелеріне бағынукерек.
БАЗИС-А››Ренессанс инвестициялық құрылыс компаниясында тәжірибиеде өту барысы.
Тәжірибиелік жұмыс барысында менің атқарған және тәжірибе жинақтаған ең негізгі құрылыс жұмысының түрі- арматурущик және бетон құю. Бетоннан және темір-бетоннан жасалған түзілістер жұмыс өндіру тәсілі бойынша: ширатылған және ширатылмаған арматурасы бар құрастырмалы, тұтас құймалыжәне құрастырмалы-тұтас құймалы болады.
Кей жағдайларда құрастырмалы темір-бетонмен салыстырғанда тұтас құймалы бетон мен темір-бетон қолдану тым ұтымды, әсіресе сейсмикалық аймақтарда, энергетикалық және су шаруашылыққұрылысында, биік үймереттер мен ғимараттар тұрғызғанда қолданылады.
ндірістік тәжірибие кезіндегі құрылыс жұмыстарының түрлері.
Құрылыста қолданылатын арматуралар және олардың түрлерімен танысу.
Арматуралық жұмыстар — темірбетон құрылымдарының арматураларын пішінге келтіру немесе оларды тиісті жеріне орнату жұмыстарының жиынтығы. Арматура өзекшелер диам. 10 мм-ге дейінгі болаттан нүктелеп балқытып біріктіретін машиналармен түйістіріліп, арнайы қайшылармен кесіледі. Бұл процесс құрамында негізгі технологиялық цикл агрегаттарынан басқа тасымалдауға, ұзындық өлшеуге, бекітуге т.б. арналған жабдықтары бар автоматтандырылған ағынды желілермен де орындалады. Арматура торлары мен қаңқалары болат шыбықтарды электрмен нүктелеп және доғалап балқыта біріктіру арқылы жасалады. Қазіргі кезде арматуралық торлар мен жалпақ каркастар автоматтандырылған көп нүктелі желілерде дайындалады. Алдын ала кернеуленген темір-бетон құралымдарына арналған арматураларды дайындау арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Оларда арматураны керу гидравликалық домкраттар көмегімен атқарылады. Үй құрылысына арналған темір-бетон бұйымдарға салынатын арматура электртермиялық әдіспен алдын-ала керіледі. Ол үшін арматура токпен 300-4500С-ға дейін қыздырылып, созылған күйінде қалыпқа бекітіледі. Суығаннан кейін арматура тартылып бастапқы көлеміне келеді.
Тұтас темірбетон ғимарат тұрғызғанда, іргетас құйғанда т.б. жұмыстарда арматура жалпақ немесе көлемді каркастар мен жеке өзекшелерді балқытып біріктіру арқылы құрастырылады.Арматуралар крандар, кондукторлар т.б. қосалқы құралдар көмегімен тасылады және орнатылады. Негізінен жақсы механикаландырылған, автоматтандырылған арнайы цехтар мен зауыттарда жүргізіледі.