Аналитикалық философия (analytic philosophy, немесе analytical philosophy)- екі мағынада айтылады.Бірі, XX ғ-дың бастапқы мезгілінде Ағылшын тілді мемлекеттерде (бастысы Ұлыбритания және АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия қатарлылар) пайда болған арнайы мақсат және әдістеме бойынша қалыптасқан философиялық ағым.Енді бірі, бүгінге дейінгі филосоия зерттеуінің бір "үлгісі", "ерекше әдісі" ретінде кез келген бағыттағы философиялық ағым қолдануы мүмкін әдіснама. Екінші мағынадағы Аналитикалық философияда арнайы мақсат жоқ, ол қарастыратын мәселе алуан түрлі, кең ауқымды болып келеді.
Аналитикалық философия ағымы Аналитикалық философия ағымы бойынша заманауи Формальды_логиканы басшылыққа алып, "мәселеге жінтікті талдау жасау"(анализ) — философиялық зерттеуді іске асыратын өзекті міндет саналды. Бұл ағым ХХ ғ-дың басында шарықтау шегіне жетті. Бұл кезде Аналитикалық философия өкілдері тілдегі күңгірт ұғымдар тізбегіне талдау жасап, астыртын логикалық құрылымдарды аршуды дәріптеді.[1][2] Өйткені, логикалық құрылымға мән бермеу тілдің беткі қабатына шектелуден туатын түрлі адасушылдықтарды туғызады. Бұл түрдегі логикалық анализ әдіснамасы арқылы аналитикалық философтар философияның негізгі мәселесін шештік, егер шешілмеген мәселе болса, оның бәрін тілдің беткі қабатындағы алдамшылықтар туғызған деп есептеді. Олардың ойынша, мәселе не теріс қойылған "жалған мәселе" болуы, не белгілі бір тілдік формаларды қолдануға байланысты болуы, не философияға қатысы жоқ болуы мүмкін, немесе жеке ғылыми жолмен шешілуі мүмкін.[3] Олардың бұл пікірінің сенімдірек болуына көбінесе Рассел және Фреге қатарлы философтардың математиканы логикаға айналдыру жұмысының табысты болуы, әсіресе Расселдің Шектеулі сипаттама теориясы көмектесті.[4] Бұл мезгілдегі белсенді тұлғалар Карнап, Э. Мур, алғашқы кездегі Витгенштейн қатарлылар болды.[5]
Аналитикалық философия әдіснамасы Кезекте, "аналитикалық философия" сөзі арнаулы көзғарас пен жүйелі бағытты емес, бір түрлі зерттеу үлгісін, әдісін көрсетеді. Аналитикалық философтар өз дәлел-дәйектерін айқын және дәл етуге тырысады, логикалық амалдардан толық пайдаланады, эмоциялық бөліктерді жақшаға ала тұрып, нақты талдау жасауға көбірек мән береді. Кәсіп және білім саласында, олар өздерін әдебиетшілерге қарағанда ғалымдарға, әсіресе математикатерге жақынырақ санайды. Мұндағы аналитикалық философия көбінесе Еуропа құрлықтық философиясына(Continental philosophy) салыстырмалы айтылады. Кейінгісі, яғни, құрлықтық философия дегеніміз үлгі-өнегесі жағынан әдебилігі басым, формал логиканы тым ескере бермейтін, қоғамдық саяси, мәдени, адамзаттық, адам болмысындық мәселелерге көбірек назар аударатын филосоифия айтылады.[6][7]
Негізгі өкілдері
- Фреге(Friedrich Frege)
- Рассел(Bertrand Russell)
- Э. Мур(GE Moore)
- Витгенштейн(Ludwig Wittgenstein)
- Карнап(Rudolph Carnap)
- Куайна (Willard Van Orman Quine)
- ДональдДэвидсон(Donald Davidson)
- СолКрипке(Saul Aaron Kripke)
- Джон Ролз(John Rawls
- Майкл Даммит(Michael Dummett)
- Питер Стросон(Peter Strawson)
30.
Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.
Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем дегенді білдіреді. Ол көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым есептеледі. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сурет, музыка, философия салаларында да қолданыла бастады және әсіресе философияда ықпалды "Постмодернизм" ағымы қалыптасты.
Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы себепті өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулыдан арылған жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды.
Постмодернизм ағымына бірлікке келген біртұтас анықтама беру қиын. Тек бұл ағымнан кез келген қалыптасып қатып қалған түрлі өмір пішіндеріне қарсы тұрудай ортақ ерекшелік байқалады. Бұл ағымның жалғасу уақыты жөнінде де біркелкі пікір жоқ. Негізінен, 1970-1990 жылдар аралығы олардың дәурендеген мезгілі есептеледі. Кезекте, архитектура, әдеби сын, психоанализ, заңгерлік, педагогика, әлеуметтану, антропология, саясаттану қатарлы салалар өздерінің постмодернизмдік күйі туралы біршама жүйелі тұжырымдар жасады. Безендіру мен құрылымға қарата сыни көзғараспен қарау және қатып-семушілік пен табынушылыққа мазақтау мәмілесін ұстанатын олар арнаулы әдіспен белгілі бір идея мен жүйеге тастай бекінуге түбегейлі қарсылық көрсетеді. Бұл мағынада оны "Измсіздік" деп те атауға болады.Постмодернистік философияның мағыналық және ұғымдық шұбарлығы жалпыға бірдей концептуалдыметодологиялық матрица жасаудан бас тартуынан. Керісінше, ол мейлінше көп нұсқалы болғанды жақсы көреді. Мысалы, егер неміс классикалық философиясы Гегель ойшылдығында барлық әлем Абсолютты рухтың манифестациясы деп, әрбір нәрсені рухтың белгілі деңгейінен шығарғысы келсе, Делез бірнеше нұсқаны алып, мысалы, бұдыр кеңістік пен тегіс кеңістікті бірбірімен араластырып, олардың өзара байланысынан осы екі құбылыстың да ерекшелігін ашқысы келеді. Сондықтан постмодернистік философия ең алдымен классикалық философияға қарсылықта қалыптасады. Мұндай философияның алғашқы негізін қалаған экзистенциализм. Өйткені, Сартр айтқандай, «существование предшествует сущности», яғни, тірлік ету дегеніміз мәнді болу емес, бар болу. Егер Декарт: «Мен ойлай аламын, демек, тірлік етемін» десе, экзистенциалистер ойлау үшін мен алдымен бар болуым керек дейді. Сөйтіп, олар ой мен болмысты бөліп, екеуінің екі басқа екенін, адамның мәңгі мән емес, өлу үшін туылатынын ашып береді. Мұның бәрін Хайдеггер: «Человеческое бытие — это бытие к смерти» — деп, ғажап тұжырымдайды. Қазақша айтқанда, адам болмысы — өлімге адымдау. Ой мен тірлік бөлінгесін, олардың әрбіреуі өз құбылыстарын туғызады. Тірлік тірлік ету құралдарын туғызса, ой кітап, өнер, түрлі мәтіндерді туғызады. Міне, постмодернизм дегеніміз — осы таза мәтіндіктаңбалық өнер туындыларымен айналысатын ой машығы. Осылайша өсе келе ол енді экзистенциализмнің өзіне де қарсы шығады. Осы уақытқа дейінгі ойымызды бір түйіп тастасақ, постмодернизм — классикаға да, классика емес нәрсеге де өзін қарсы қоятын «қазіргіден кейінгі» құбылыс. Осы арада оның модернизмге қатынасы қалай деген ой туындайды. Ол орынды да, өйткені модерн дегеніміз қазіргілік және постмодернизм өзін «қазіргіден кейінгі» деп атаса, ол өзөзін модернге оппозицияға қойғаны емес пе? Бірақ, постмодернизм оппозицияда болуды сүймейді. Ол, тіпті, оппозиция табиғатының өзін құбылыс ретінде ұнатпайды. Өйткені оппозиция дегеніміз — екі шепке бөліну деген сөз («бинарлық оппозиция»). Ал бұл бөліну сырт көзге қанша трагикалық көрінгенмен, бөлінгендердің ішкі құрылысын өзгертпейді. Сөйтіп, олар бір бөлініп алады да, осы бөліне беру ситуациясын қайталай береді. Бұл жағдай туралы бір ғасыр бұрын Ницше айтып кеткен. Мұндай құбылыстан сақтандыру мақсатында ол «Кектен бас тарту» («Отказ от мести») концепциясын жасаған. Міне, қазіргі постмодернистер де оппозицияда болудан гөрі, жаңа территориялар іздегенді қостайды. Өйткені олар диалектиканы мойындамайды. Оны адам санасында жасалатын схематикалық құбылыс деп санайды