Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


А. Камю және адамның абсурдтық тіршілік ету қабілеті.

Экзистенциалистердің философиялық ізденістері

Экзистенциализм (тіршілік философиясы) – бурж. Интеллигенцияның көзқарасына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде 20 ғ-да пайда болып,40 – 60ж-дары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы иррационалистік бағыт. Э-нің идеялық қайнар көздері - өмір философиясы, Гуссерльдің феноменологиясы, Кьеркегордың діни – мистикалық ілімі. Э. діни (Марсель, Ясперс, Бердяев, Л.Шестов, М.Бубер) және атеистік (Сартр, Камю, С.Бовуар) болып екіге бөлінеді. Хайдеггердің түбірлі онтологиясы бұдан оқшау тұр, оны діни Э-ге де, атеистік Э-ге де, үзілді-кесілді жатқыза салуға болмайды. Э. пессимистік дүниетаным ретінде пайда болып, өзінің мынадай мәселе қойды: либералдық – прогресивтік үміт елестен айырылған адам тарихи апаттар алдында қалай өмір сүрмек? Э.- Ағарту дәуірінің және нем. классификациялық философиясының рационализміне және 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде көп тараған кантшылдық ой философияға қайтарылған жауап болды. Экзистенциалистердің пікірінше, рационалды ойлау жүйесінің негізгі ерекшелігі – субъекті мен обьектінің бір- біріне қарама- қайшылығы принципінен туады. Осының нәтижесінде бүкіл өмірді, оның ішінде адамды да рационалистік ғылыми зерттеу және іс жүзінде пайдалану обьектісі деп ғана біледі, соның салдарынан мұндай көзқарас «мағынасыз» сипат алады. Э., керісінше, жеке адамнан тыс, «обьективті» ғыл. ойдын қара-қарсылығы ретінде көрінуге тиіс. Сөйтіп, Э. философия мен ғылымды бір біріне қарсы қояды. Мәс., Хайдеггер ғылым «шындықты» қарастырса, философия «болмысты» зерттеуге тиіс дейді. «Шындық» деп эмпирикалық дүниеге жататын нәрсенің бәрін айтады, одан болмыстың өзін ажырата білу қажет. Соңғысы жанама түрде емес (дұрыс ойлану арқылы), адамға оның болмысы, жеке басының тіршілігі арқылы, яғни экзистенция арқылы ашылып, тікелей ұғынылады. Суъект пен обьектінің бөлшектелмеген біртұтастығы осы экзистенцияда тұжырымдалған, оны парасатты-ғылыми ойлау жүйесі де, алыпсатарлық ойлау жүйесі де түсіндіре алмайды. Күнделікті өмірде адам өзін экзистенция ретінде сезіне бермейді, бұл үшін ол шекаралық жағдайға, яғни өлім алдындағы жағдайға душар болуы керек. Өзін экзистенция ретінде біле отырып, тұңғыш рет бостандыққа да ие болады. Э-ге сәйкес бостандық дегеніміз – адам табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктің әсерімен қалыптасатын зат болмауы, өзін - өзі «таңдап алуы», өзін әрбір әрекетімен және іс-қимылымен қалыптастыруы керек. Сөйтіп, азат адам өзін «себеп-сылтаулармен» ақтамайды, өзі атқарған істің бәрі үшін жауап береді. Өзінің айналасында болып жатқан нәрсенің бәріне айыпты болу сезімі – азат адамның сезімі (Бердяев). Бостандықтың экзистенциялық концепциясында конформизмге және өзін оқиғалар барысында әлденені өзгерте алмайтын орасан зор бюрократтық машинаның тетігі ретінде сезінетін бурж, тоғышарға тән бейімдеушілікке қарсы наразылық көрініс тапты. Тарихта болып жатқан оқиғалардың бәріне адам жауапкершілігі Э-нің ұдайы көрсетіліп отыруы осыдан келіп туады. Алайда бостандықтың экзистенциялық ұғымы субъективті түрде қала береді: ол әлеум, тұрғыдан емес, жалаң этикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Дұрыс танып-білуді философия қарастыратын мәселеге сай келмейтін түсінік ретінде қабылдамай, Э. негізінен Гуссерльге (Хайдеггер, Марсель, Сартр), Дильтейге(Хайдеггер, Яссперс), ішінара Бергсонның интуитивизміне сүйене отырып, ақиқатты тікелей, интуитивті тұрғыда түсіну әдісін ұсынады. Көптеген экзистенциалистер (Хайдеггер, Марсель, Камю және басқалар) философия өзінің танымдық әдісі бойынша ғылымнан гөрі өнерге әлдеқайда жақынырақ тұр деп есептейді. Э-нің 40-60 ж-дары Батыс өнері мен әдебиетіне, ал олар арқылы бурж. интеллигенцияның едәуір бөлігінің көңіл-күйіне соншалық зор ықпал етуі кездейсоқ емес. Э-нің әртүрлі өкілдерінің әлеум. саяси позициясы әрқилы келеді.

А. Камю және адамның абсурдтық тіршілік ету қабілеті.

Альбер Камю (1913-1960) философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд (негіссіз). Оның екі дәлелі бар:

-    өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады;

-    дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Ж. П. Сартрдың философиясындағы тандау мәселесі.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1362 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2816 - | 2385 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.