Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Платон философиясының негізгі ұғымдарын талдаңыз

Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі – Аристокл. 407 ж. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ қайтыс болғаннан кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарға кетті. 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылым, философия, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі – Платон академиясының негізін қалайды. 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей», «Заңдар», т.б.

Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антикалық философиялық ойдың айшықтық көрінісін беретін екі философиялық жүйе — Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді. Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі — бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) — үлгіге сәйкес көшірменің авторы.
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «ди-алектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырды. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі — Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.
Платонның пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағыныштықатынастарда болады.
Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1) себептілік; 2) заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; 3) заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым – «хораны» (материя) кіргізді. Хора-материя – көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті.
Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір түрі. Матери көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз – от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар – заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материялық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады.
Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама – әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі – өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі – өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі – сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін – демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, танып-біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады.
Платон таным процесі – жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың денесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім – ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім – шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, иделар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім.
Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығармашылыққа жетелейтін құдіретті күш.
Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эростыбасшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухни махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі. Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған – философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Көне Грек философиясының дамуытуралы баяндаңыз
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1857 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2318 - | 2046 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.