Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Қалпақ, бахила, бетперде кию.

2. Сабындалған щеткамен саусақтарын,алақанын, қол басының сыртқы бетін, білекті өңдеу (1 мин бойы), сабынды шаю (өол басынан білекке қарайғы бағытта сабын көбігін кетіру), қолды сүрту (реттілікпен, қол басынан білеккке қарай бағытта)

3.  Қолды шынтағына дейін первомур ерітіндісіне 1 мин салып қою.

4. Қолды стерилді салфеткамен құрғатып сүрту, хирургиялық киімді кию, санитарға халаттың артын байлату, стерилді қолғап кию.

5.  Операциялық алаңды 5-10 %йодтың спиртті ерітіндісімен бір минут бойы (екі рет) өңдеу,йод ерітіндісі қалдықтарын 90% спир ерітіндісімен кетіру, операциялық алаңды жабдықтау, қысқыштармен бекіту, операциялық алаңды 5-10% йодтың спиртті ерітіндісімен өңдеу.

6. Жараға инфильтрационды анестезия жүргізу, сутектің асқын тотығымен, хлоргексидинмен жараны өңдеу, жара шеттерін кесіп алу.

7. Құралдарды жинау. Жіпті инеге кіргізу. Құралды жұмыс қалпына келтіру.

8. Қысқышпен жара шеттерін ұстау, жара шеттерінен хирургиялық кескіш инені жараға қатаң түрде перпендикулярлы қалыпта, бір сызықтың бойында кіргізіп шығару (жара шетінен 0,5-1 см)

9. Тігісті салған соң, түйінді ұолмен байлау, тігіс материалдарының шеттерін қолға алу (3-4-5 саусақтармен жіпті жұдырықтап ұстау, 2 саусақпен жіпті тартып тұру), түйін түзудің бір тәсілін қолдану.

10. Түйінді дұрыстап байлау. Жара шеттерін қысқышпен келтіру.

11. Жіп шеттерін кесу, 5 мм жіп қалдыру.

12. Тігісті спиртпен немесе йод тұнбасымен өңдеу, асептикалық байлам салу.

 

 

Крамер шендеуішімен қолдың иммобилизациясы.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Зардап шегушіге міндетті түрде ауырсынуды басатын дәрі беру

2. Сынық орнын анықтау.

3. Киімде қан іздері болатын болса, шендеуішті салғаннан бұрын киімді сол жерден кесіп, жараны қарады, керек болса қан кетуді тоқтатып, асептикалық байламды салу.

4. Шендеуішті салғаннан бұрын қолға ыіғайлы функционалды (физиологиялық) қалып берді

5. Шендеуішті оқиға орнында зардапшегушініің киімі мен аяқ киімінің үстінен салады.

6. Қолтық астынан иықты әкету мақсатымен сақта-дәкелі білікше салады.

7. Шендеуішке сынған жерден екі немесе үш көршіліес буынды қосып бекітті.

8. Шендеуішті мықтап бекітті, бірақ дәке мен иммобилизация заттары теріге батып кетпеуін қадағалау керек.

9. Білекті орамалға асып қою керек.

10. Білезік буынында пульсацияны анықтау.

 

Аяқты Д итерикс шендеуішімен иммобилизациялау.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Зардап шеккен адамға алдымен міндетті түрде ауырсынуды басатын дәріні береді.

2. Шендеуішті оқиға болған жерде, зардап шегушінің киімі мен аяқ киімін шешпей, үстіне салады.

3. Егер зардап шеккен адамның киімінен қан іздері білінсе, онда шендеуішті салудан бұрын киімін сол жерден кесіп, жарақатты қарап, қан кетуді тоқтатып, асептикалық байламды салу керек.

4. Зақымданған жерді анықтау.

5. Шендеуішті салмастан бұрын аяққа функционалды тиімді қалып беру керек.

6. Шендеуіш сынған жердің үш көршілес сүегін қоса қамту керек.

7. Санды иммобилизациялау үшін 3 шендеуіш қажет. Екеуі қолтық астынан бастап табанға дейінгі аралықта ұзынынан байланыстырады, бұл жерде табан бөлігінде ішке қарай бүгіледі. Үшіншісі бөксе қатпарынан бастап бақай ұшына дейін, егер 4 шендеуіш болса, онда оны шат аймағынан бастап табанның ішкі бөлігіне дейін салып байланыстырады.

8. Табан пластинасын зардап шегушінің табанына сегіздік байламын сала отырып бекіту.

9. Енсіз жұқа тақтайшаны санның сыртқы жағынан қолтық астынан бастап, ал ішкі тақтайшаны ішкі жағынан салу керек; табанға «табанды» өзіндегі жіппен бекіту керек. Тақтайшаның ұзындығын науқастың бойына қарай өлшеп алады. Табандағы жіпті ішкі таяқшаның қосымша тілшегіндегі саңлаудан өткізіп, таяқшаның көмегімен бұрау керек.

10. Шендеуішті денеге мықтап байлау керек; байлаған кезде дәке мен иммобилизациялау жабдықтары теріге батпағандығын қадағалау керек.

11. Бақайларының сезімталдығын тексеру керек.

12. Табандағы тамырсоғысын анықтау керек.

Балалардағы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу техникасы.

Ртүрлі жастағы балалардағы ЖӨЖ маскалық әдіспен жүргізу.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі | Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.