Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік,конвекция ж/е сәуле шығару.

Ішкі энергияның дененің қызған бөлігінен салқын бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады. Заттардың агрегаттық күйлеріне қарай (қатты,сұйық,газ тәрізді) жылуөткізгіштігі де түрліше болады,яғни ол зат молекулаларының өзара орналасуына тәуелді.Жылуөткізгіштік заттардағы энергияның алмасу сипатына тәуелді және дене бөлшектерінің орын ауыстыруына тәуелсіз болады.2.Конвекция дегеніміз сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.Қатты денелерде және вакуумде конвекция болмайды.3.Сәуле шығару (сәулелік жылу алмасу) деп электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз.Сәуле шығару энергиясының дененің ішкі энергиясына түрленуі жұтылу деп атайды.

Дене температурасы артқан сайын сәуле шығару қарқындылығы жоғары болады деген қорытынды шығады.Дененің беті қара түсті болса, ол – жақсы сәуле шығарғыш және жақсы жұтқыш.Энергияны жақсы жұтқыштар – сәулені жақсы шығарғыштар,ал сәулені нашар жұтқыштар – энергияны нашар бөлетіндер.

4.Жылу мөлшері: Ішкі эенргияны механикалық жұмыс істеу жолымен өзгертудің өлшемі жұмыс деп аталады.Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін жылу мөлшері деп атайды.

Қыздыру барысында судың  t1 ж/е t2 температураларының айырымы неғұрлым жоғары болу үшін оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет. Жылу мөлшері – физикалық шама және ол температураның t1 - ден t2 –ге дейінгі өзгерісіне пропорционал: Судың массасы неғұрлым көп болса,оны белгілі бір температуралар айырымына дейін қыздыру үшін соғұрлым көп жылу мөлшері қажет.Суды салқындату барысында да осылай. Демек, денені қыздыруға қажетті немесе оның сйығанда бөлетін жылу мөлшері сол дененің массасына пропорционал.Денеге қажетті жылу мөлшері оның қандай заттан жасалғанына да байланысты.Денені қыздыруға қажетті немесе ол суыңанда бөлінетін жылу мөлшері заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгеруіне тәуелді. Q (t2 – t1);   Q m;    Q  тегіне.

суды  10С –та қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін калория д еп атайды. 1 кал = 4,19 Дж

1 ккал = 4200Дж = 4.2 кДж

5. Массасы 1 кг заттың температурасын 10С –қа өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті жылусыйымдылығы деп атайды. Меншікті жылусыйымдылығы 1 кг затты 10 С-қа қыздырғанда немесе салқындатқанда оның ішкі энергиясының қандай шамаға өзгеретінін көрсетеді.Заттың меншікті жылусыйымдылығы оның әр түрлі агрегаттық (қатты, сұйық,газ тәрізді) күйлерінде әр түрлі болып келеді.

Ережесі: Денені қыздыру кезінде берілген немесе салқындағанда одан бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін заттың меншікті жылусыйымдылығын дененің массасына және жоғарғы температурасы мен төменгі температураларының айырымына көбейту керек.

          Q= cm (t2 – t1); c= Q/m t2 – t1 (Дж/кг* 0С) с – меншікті жылусыйымдылық.

6.Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды. Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін   q м еншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек. Q= qm     q (Дж/кг)

7.Механикалық құбылыстарда дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергияға және керісінше ауысуы мүмкін.Сыртқы күштер әрекет етпейтін және үйкеліс күші жоқ денелер жүйесі тұйықталған немесе оқшауланған деп аталады. Жұмыс дегеніміз – потенциалдық энергиядан кинетикалық энергияға және керісінше ауысып отыратын механикалық энергияның өлшемі.Үйкеліс күші әрекет етпейтін оқшаланған денелер жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады.Механикалық энергияның ішкі эенргияға және кері айналуының өлшемі – жұмыс. Жылу алмасудағы энергия берудің өлшемі жылу мөлшері болып табылады.Қоршаған ортамен жылу алмасу болмаса, жылу мөлшері бір денеден екінші денеге өткенде сақталады. Механикалық энергия мен ішкі энергияның қосындысын денелер жүйесінің толық энергиясы деп атайды. Е = W + U= Eк + Eп + U

Тұйықталған және жылулық оқшаланған денелер жүйесінің толық энергиясы осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.(бұл энергияның сақталу және айналу зағы.)

Зат үш күйде болады:қатты,сұйық және газ тәрізді.Бұл күйлерді агрегаттық күйлері деп атайды.Заттың молекулалары қатты,сұйық және газ тәрізді күйлерде бірдей болады.Заттың әр түрлі күйлері молекулалардың орналасуымен,қозғалыс сипатымен және өзара әрекеттесуімен ғана анықталады. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі балқу деп аталады. Заттың балқу кезіндегі температурасын заттың балқу температурасы деп атайды.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жылу құбылыстары. | Термодинамика негіздері. Жылу машиналары.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1350 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2487 - | 2299 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.