Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Семестрлік жұмыстарды жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар

ЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Барлық бөлімдердің мамандықтарының студенттері үшін

семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: К.М. Касиенова., Р.К. Танирбергенова. Құқық негіздері.Барлық бөлімдердің мамандықтарының студенттері үшін семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБИ, 2009. – 27 б.

Ұсынылып отырған әдістемелік жұмыста «Құқық негіздері» курсы бойынша семестрлік жұмысты дайындау және рәсімдеу әдістемесі берілген. Осы пән бойынша оқытушылар тақырып сұрақтары мен әрбір мәселе бойынша әдебиеттер тізімімен қоса семестрлік жұмыстардың жоспарлары дайындалды.

 

Кіріспе

"Құқық негіздері" курсы таңдау бойынша пән болып табылады, сондай – ақ жоғары кәсіби мамандар дайындауда және тәрбиелеуде ерекше мәні бар болып есептеледі.

Бұл пән бойынша студенттер құқық және мемлекет негіздерін, олардың қоғам өміріндегі алатын орнын, Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің даму перспективаларын оқиды, өздерінің субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды үйренеді. "Құқық негіздері" пәнін оқу барысында Қазақстан Республикасының территориясында күшіне енген құқықтық нормаларды дұрыс түсіндіруді және қолдануды, құқықтық мән – жайларды дұрыс бағалауды үйренеді.

Семестрлік жұмысты дайындау және жазу әдістемесі

Оқу жоспарына сәйкес "Құқық негіздері" пәні бойынша студент семестрлік жұмысын жазу керек.

Семестрлік жұмысты жазуға қойылатын талаптар:

1) Семестрлік жұмыс студенттің өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Ол өз қолымен жазылуы немесе компьютерде теріліп және өз сөзімен болуы керек. Кітаптан немесе басқа жұмыстан, сондай – ақ интернеттен көшіруге жол берілмейді. Мұндай жағдайда жұмыс қабылданбайды және қайта жасауға қайтарылады.

2) Бұл семестрлік жұмыста студент оқулықтарды, оқу құралдарын, қосымша заң әдебиеттерін, сонымен қатар арнайы ғылыми әдебиеттерді пайдалануы мүмкін.

3) Семестрлік жұмыстың көлемі, қолжазба тексті күйінде 12-14 бет немесе компьютерлік текстпен 15-17 бет (А4 форматында) болуы керек. 14 мәтінмен 1,5 интервал арқылы.

Семестрлік жұмыс келесі негізгі жағдайларды қамтуы керек: 1) тақырып таңдау және материалдар дайындау. 2) триместрлік жұмысты жазу немесе компьютерде теру және рәсімдеу.

Сонымен, семестрлік жұмыс тақырыбын таңдау А қосымшаның көмегімен, яғни студент транскриптісінің шифрының соңғы екі саны арқылы жүзеге асады. Мысалы, егер де шифрдың соңғы сандары 10 болса, онда студент 11 – тақырыпты таңдайды, егер де соңғы сандары 22 болса, онда студент 23 – тақырыпты таңдайды және т.с.с. Әдістемелік нұсқаудың соңында семестрлік жұмыстың тақырыбын таңдау сұлбасы берілген. Тақырыпты таңдап алғаннан кейін тиісті әдебиеттерді қарастырып алу керек, осы әдістемелік нұсқауда семестрлік жұмыстар тақырыптарынан кейін қаралатын мәселе бойынша қажетті әдебиеттер берілген. Семестрлік жұмысты дайындау және жазу барысында таңдап алынған тақырыпты толығымен ашуға тырысу керек.

Семестрлік жұмыстарды жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Курсты оқыту барысында құқық пәнінің зерттеу объектісі жайлы білім қалыптасуы қажет. Семестрлік жұмыстарды дайындау барысында қажетті оқулықтардың жинағын және журналдарда басылған мақалалар жинағын қолдану керек.

Ғылыми теориялық деңгей. Жұмыс бір жағынан студенттің таңдаған мәселесінің теориясының жақсы білгенін, екінші жағынан оны терең сараптай алатынын көрсетуі қажет. Жұмыстың қорытындысында талданған мәселенің мәні, мазмұны жолдары көрсетілген.

Дербестік деңгей. Студент жұмысында өзінің авторлық пікірі мен көзқарасын сездіргені қажет. Құқық сабағында ауқымды тақырыптарды талдаймыз.

Мемлекет және құқық негізі, конституция, азаматтық, қылмыстық, еңбек, қаржы, әкімшілік, отбасы, экология құқығы тақырыптарының бәрі күнделікті өмірге байланысты, сондықтан өмірмен байланыстырып, өмір қандайда болса терең теориядан бай болады. Сондықтан мәтінде тек қана әдебиетте кездесетін деректер емес, нақты өмірде, автордың жеке тәжірибесінен алынған деректер де талданғаны жөн.

Жазу логикасы. Жұмыстың кіріспесі болуы керек, онда тақырыптың теориялық және әлеуметтік маңызы көрсетілсін. Содан соң негізгі мәтінде мәселенің талдауы болсын. Тұжырымдамада мәселені талдап, қандай қорытындыға келгеніңізді көрсетіңіз.

Жұмыстың тіліне көңіл бөліңіз. Жазған пікірлеріңізді оқушыға дұрыс, түсінікті түрде жеткізіңіз.

Әр таңдалған тапсырмада теориялық мағынысынан көрсете отырып, сол мәселенің практика жүзінде шешу жолдарын анықтап, құқықтық зерттеудің мәліметтеріне көңіл бөлу қажет, бұл құқық пәнінің ерекше қызметі.

Безендіру мәселесі. Жұмыстың көлемі кіріспе, қорытынды, әдебиет тізімі, сыртқы бет және жоспарын есептемегенде 12-14 беттен артпасын. Жұмысыңның ішіндегі сапасы жоспарға сәйкес көрсетілсін, пайдаланған әдебиетке сілтеме жасауды ұмытпаңыз.

Тақырып талдау. Бір топта екі студент бір тақырыпты қайталамауы тиіс. Жұмысты әдістемеде көрсетілмеген тақырыпқа жазғыңыз келсе, мұғаліммен алдын ала келісіңіз.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Статья 801. Договор транспортной экспедиции | Семестрлік жұмыстар тақырыптары
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 461 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2493 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.18 с.