Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Канттың философиядағы таным мәселесі

Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ. Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.

Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.

Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам

Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Нақты таным процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, «таным дегеніміз не?», «таным қалай жүзеге асады?», «танитын кім және танылатын не?», «танымның шегі бар ма?» деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Таным процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді.

 Өйткені, философияны таным нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Философияның гносеологиялық тұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады. Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен» - дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда жүзуді үйрену үшін суға түсу керек, әлденеше рет батып шығу керек. Сол сияқты танымның мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады. Оған дейін оны қалай білесің?

Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да, қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек[6]. Нағыз гуманистік, адами идея! Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді.

Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл сұраққа бір мағынада - шекті не шексіз деп - жауап бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап беруге тура келеді. Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүние шегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін бірі керек етіп тұрады.

Өзінің «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде Кант: «...құдайдың, мәңгі рухтың я бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», - деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендійн «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындару үшін ат салысуы тиіс болды. Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа сай талаптары туралы». Ар-ұят өлшемдері категориялық императивтің (адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы) талаптарыиа сай келіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-әрекеттері жоғары мәртебелі заңдардың үдесінен шығып отыруы тиіс. Әрине, Канттың бұл ойы үстем таптардың құлағына майдай жақты, сондықтан да олар Кантты марапаттап, басына көтерді. Еңбекші халықты уыстан шығармай ұстап отырудың бірден-бір рухани құралы болғандықтан, Канттың ар ілімі (этикасы) әлі күнге дейін үстем таптарды енжар қалдыра алмайды. Дсрексізденген парыз ұғымы - Канттың ар ілімінің ішкі өзегі. Әрекет бостандығы дегеніңіз оған мүлдем қарама-қайшы ұғым. Адамдардың шынайы іс-әрекетінен тыс, жасанды жолмен туындаған мұндай ар ілімі кезінде замандастырының сынына да ұшыраған еді. Соның ішіқде Шиллердің пікірі ерекше көзге түседі. Ол Кант ілімінің қисынсыз, сырдаң екендігін өткір өлендермен әжуа етқен болатын. Кант езілген таптың өз бақытын о дүниеден табатынын ғылыми негізде дәлелдемек болған еді. Ол үшін бұл дүниеде парызынды орындап, ешкімнің бетіне жел боп тимесең болғаны, қандай зорлық-зомбылық көрсең де, іштен тынып, орнаған тәртіпті бұзбауың керек.Канттың :“Таза зердеге сын” еңбегінің трансцендентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімнің формалары туралы ілім. Сезімнің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса – сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бір нысанды уақыт пен кеңістік арқылы зерттеп тани алады. Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу – адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым – логика. Канттың “Таза зердеге сын” еңбегінің негізгі бөлігі “трансцендентальды логика” (латынша трансцендентальды – аттап өту) білім категорияларының пайда болуын қарастырды. Философияда білім, ұғым, сана, идея тәжірибе арқылы пайда болмайды, оны аттап өтеді. Ал тәжірибе білімдердің жиынтығынан пайда болады. Сезімділік формалары жинақталған материалдар мен фактілер белгілі бір ұғымдар арқылы анықталуға тиісті. Осы заттар мен құбылыстар пайымдау категорияларын тудырады. Категориялар, Канттың айтуынша, тәжірибе заттарындағы объективті, жалпы және қажетті байланыстардың пайымдық синтезінің формалары. Кант зерденің кемшілігін таным теориясынан аңғарып қана қоймай, оның практикалық өмірдегі мәнін анықтауға да ұмтылды. Бұл жағынан алғанда оның зерде туралы ілімі екінші бір қырынан көрінеді. “Мен нені білуім мүмкін?” деп сұрақ қойған

Кант оған: “Практикалық зердеге сын” деген шығармасында жауап беруге тырысты. Бұл шығарма негізінен этика мәселелерін, яғни адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін және оларды шешуді қамтиды. Сөйтіп, Кант теориялық зердеден, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан – практикалық зердеге қарай өтті. Кант адамның еркі, бостандығы туралы мәселелерде, негізінен алғанда, француз ағартушылығының, әсіресе, оның көрнекті өкілі Ж.-Ж.Руссоның ықпалында болғандығы байқалады. Сондықтан Кант тірі жандардың ішінде ең саналысы – адам деп санады. Осы мәселелерді өзінің “Практикалық зердеге сын” деген шығармасында жан-жақты талдады. Атап айтқанда, философ еркіндіктегі себептілік идеясы арқылы жаңа заман ойшылдарының біразына сын айтты. Ол, әсіресе, Спинозаның жалпыға тән себептілікті қамтамасыз ету ілімін барынша сынады. Канттың ойынша, адамның адамдығын айқындайтын нәрсе – парасат пен адамгершілік. Ендеше, адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екендігін көрсетеді. Сонымен бірге адамгершілік, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бірақ бақыт деген ұғымның өзі эмпирикалық, оның өзгеруі мен дамуы белгілі бір дәуірдің жағдайымен байланысты. Ендеше, адамгершілік деген не? Біз адамгершілікке ие болған адамды қалай қалыптастырамыз? Шындығында, ондай адамды қалыптастыру үшін материя керек. Ендеше, бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін, ол адамгершілік болуы үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма, Канттың ойынша, парыз деп аталады.

Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін қорыта отырып, априори теориясын ұсынды:

1) Бізді қоршаған дүние – өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді, субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын – біздің ақыл-ойымыз, а’рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді.

2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, «антиномиялар» тудырады. Антиномия — (грекше — заңның өзіне өзі қайшы келуі) – 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз (антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына сәйкес, екіншісі – еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік – табиғат заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.

И.Кант өзінің таным теориясында алғаш рет зерденің қайшылығын ашады (антиномиялар). Оның ойынша, сезімдік таным, тәжірибе бізге “заттың өзіндік сырын” ешқашанда аша алмайды. Екінші жағынан, зерденің өзі де сезімдік тәжірибенің сыртына шыға алмайды, ал шыққысы келсе — сол сәтте антиномияларға тап болады. Оның жасаған 4 антиномияларының біреуін мысал ретінде келтірсек те болғаны: бірінші тұжырым: Бұл Дүниенің алғашқы бастауы бар және ол кеңістікте шектелген; екінші тұжырым: Дүние уақыт пен кеңістікте шектелмеген, ол — шексіз. Осы екі тұжырымды талдай келе, И.Кант екеуіне де жеткілікті дәлелдемелер келтіреді. Сонымен, зерде шешілмейтін қайшылықтарға келіп тіреледі. Ал оның негізгі себебін Кант “заттың өзіндік сырының” танылмайтындығынан көріп, шынына келгенде, Дүниеде де, танымда да қайшылықтар болмауға тиіс деген ойға келеді.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель немістің идеалист философы (1770 – 1831 жж.). 1801 жылы Иен университетінде жоғары лауазымға ие болып, «Фихте мен Шеллингтің философиялық жүйелерінің айырмашылығы» атты еңбегін жазды. 1807 жылы «Рух феноменологиясы» туындысын жариялады. 1812-1816 жылдары «Логика ғылымы» еңбегін жазып шықты. Ал Берлиндегі кафедрада жұмыс жасаған кезінде ол «Құқ философиясының очерктері», 1827-1830 жылдары энциклопедиялар өнімдерін тудырды.

 Гегель жүйесі 3 бөліктен тұрады: 1) Логика (онтология) әлемді жаратуға дейінгі Құдай болмысы; 2) Натурафилософия – материалдық әлемдегі құдайдың жатсынылуының мазмұны; 3) рух философиясы –Құдайдың өзінің жаратуынан адамдық рухта өзіне қайта оралуы, өзге болмыстан рухтың қайтып оралуы тек адамда ғана, субъективті рух өзінің танылған санасын, өзінің жеке рухани субстанциясын сәйкес деп танымайды, объективті рух қоғам құрған құқ, мораль, құлықтылық арқылы өзінің құрылуында осындай эволюцияны бастан өткізеді. Сондықтан объективті рухтың құрылуында абсолютті рухтың үш формасы бар; байыптау, елестету, білім. Тарих еркіндіктің санадағы прогресімен бірге әлемдік рухтың өзін тану процесі.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель, Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық тұрғыда танытуға тырысты, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіздемекші болды, яғни жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырды. Кантпен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол Абсолюттік Идея дамуының интерсубъективті процесі болып табылады. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің “Рух феноменологиясында” (1807 ж.) түсіндіреді. Ол бойынша бұл процесс екі деңгейде көрінеді: индивидтің санасы деңгейінде (сезімталдықтан философиялық білімге дейінгі сананың қозғалысында) және тарих деңгейінде (антикалық дәуірден Наполеон заманына дейін). Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын индивидтің қалыптасуы мен даму процесі ретінде қарастыруға болады және оның барысында индивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, оның болмысының “негіздері шайқалады”.

Сананың өзгерісі процесінде Гегель гносеологиялық теориялардың мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырады. Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы өткелдерді сипаттай отырып танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу процесін анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық процесс деген тоқтамға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес және абсолюттік біліммен мәңгіге берілмейді, оған таным процесінде жетуге болады және ол әрекетпен байланысты.

Гегель бойынша адам әлемі өлі, дайын, өзгермейтін және абсолюттік заттардың жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адамды қоршаған нәрсенің бәрі—өзгертілген әлем, адамның әрекетінің барысында қалыптасқан әлем.

Гегельдің пікірінше, тарих—бұл адамның адам болу, әлеуметтену процесі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Сонымен, тарих адамға қатысты алғанда сыртқы, онан тыс нәрсе емес, нақты тірі адамдар онда өмір сүретін, болатын, ойлайтын, сезінетін нәрсе. Адам тарихи өзіндік дамудың нәтижесі болғандықтан, осы алғышарттың негізінде тарихты зерттеумен айналысады. Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия процесі сияқты, оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.

Ақиқатты толығымен меңгеруге жете отырып адам жоғары рационалды танымға ие болады, базистік негіздердің мәнін игереді.

Егер Гегельге дейінгі ойшылдар тарихты қателіктер мен адасушылықтардың тарихы деп есептесе, Гегель салыстырмалы шындық ұғымын енгізе отырып, ақиқатты салыстырмалы шындықтарды анықтау және олардың даму процесі деп есептеп, ақиқаттың осы түсінігінсіз ғылымның мүмкін болмайтындығын айтады.

Гегельдің ойынша жоғары ақиқатты философия ашады, өйткені ол өзінің жеке даму жолына рефлексия жасай отырып болмыстың шынайы мәніне қол жеткізеді. Ал өнерге, дінге және ғылымға келер болсақ, олар бізді ақиқатқа тек қана жақындатады. Тек философия, Гегельдің түйіндеуінше, болмыстың шынайы картинасын беріп, әлемнің негізін игереді. Ал әлемнің негізі болмыс пен ойлаудың бірегейлігі болып табылады. Ол "Логика ғылымында” (1812-1814 ж.ж.) болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашады. Гегель бойынша дамушы ойлау мәнділіктің нақты негізі. Ақыл-ой танымының құралы - ұғым. Ұғымның қозғалысы қайшылықтар арқылы жүзеге асады. Қоғам қозғалысы процесінің өзі қарапайымнан күрделіге қарай жүріп, абстрактылыдан нақтылыға, бүтіндікке немесе категориялар жүйесіне шығуымен сипатталады. Білімнің жүйесін қалыптастыруға септігін тигізетін логиканың формасы (мұнда таным теориясы мен диалектика қосылады) диалектикалық логика болып табылады. Диалектикалық логика, деп түйіндейді Гегель, әлемді қарапайым тұрғыда бақылаудан оның мәнін ғылыми түсінуге дейін көтерілуге мүмкіндік береді. Сонымен, Гегель өзгерістер философиясын ойлап тауып, алғаш рет тарихты диалектикалық секіруші процесс ретінде танытты және ол туралы білім үнемі өзгерістегі нәрселер біткеннен кейінгі ой толғаулар нәтижесінде жинақталады. “Даналықтың күні бататын мезгіл” жетті.

 

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж

2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013

3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, IIтом. Алматы, 2010

4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014

5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық

талдау. Алматы, 2011.

6.Грядовой Д.И. Философия. М.,2012

7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012

8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А., 2006

9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.

10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.

11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.

12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.

13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006

14.Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.

15.Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.

 

 

Дәріс.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырыбы: ХVII- ХVIIIғ Жаңа заман философиясындағы эмпиризм мен рационализм мәселесі. | Тақырыбы: Қоғамды, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1490 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2361 - | 2084 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.