Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Философиясының  даму ерекшелігі

1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері

2. Схоластика, птристика, номинализм реализ мәселелері.

3. Орта ғасырлық Араб мұсылман философиясы даму ерекшелігі

4. Ислам философиясының тәрбиелік мәні

 

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында

Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты "Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:

1.б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық

 ілім пайда болды.

2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.

3. Схолистикалық кезең

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.

Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:

Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, ]философиялық теология ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Аврелий (354 – 430ж) философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік деп аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Августиншілдіктеология-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.

  Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ Абеляр (1079 – 1142ж) болды. Негізгі еңбегі –“Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол – құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер.Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет антикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуынаэнциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 – 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық). Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: І.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 – 1240ж), әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды. Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІХ ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль — Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.

Аль — Кинди (800 — 870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль — Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль — Киндиге күпірлікпен қарады. Аль — Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.

Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль — Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль — Киндиге қарама — қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар.

Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым — энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік — эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл — Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн — Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті.

Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980 — 1037ж) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм жағына шығады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын жетілдірді. Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың әрқилы себептері деп қарады және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге қарсы шықты. Әл — Фараби мен Ибн Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де көрініс тапты. Суфизм – (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8 — 9 ғ.ғ. пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігу», Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін — өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері Әл — Ғазали (1059 — 1111), Суфи Алаяр (1720 жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи.

Әл — Ғазали Ибн Мухаммед (1059 – 1111ж.ж.) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл — парасаты жететін объектілер де («тамаша мінез», «тамаша ғұмыр») асқақтай алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл — Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран — Құдай жаратқан ғажап еңбек.

Ибн Рушд Мухаммед (1126 — 1198 ж.ж.) — Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні — философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты — философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру.

Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл — парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн — Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. Қожа Ахмед Яссауи (шамамен 1093 – 1166 — 67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.Ортағасырлардағы мұсылмандардың философиялық және эстетикалық идеялары европалық ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасына елеулі ықпал етті.

 

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж

2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013

3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, IIтом. Алматы, 2010

4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014

5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық

талдау. Алматы, 2011.

6.Грядовой Д.И. Философия. М.,2012

7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012

8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А., 2006

9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.

10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.

11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.

12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.

13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006

14.Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.

15.Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.

 

Дәріс.

 

Тақырыбы: Қайта өрлеу философиясы (Ренессанс) 1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі. 2. Қайта өрлеу философиясындағы гуманизм. 3. Қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі ғылым   XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп- білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуге барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық, кейінірек механикалық тәсіл ұсынылды. Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, Екіншісі — (Н.Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса, Үшіншісі — (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты. Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» — деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалым, көрнекті философ Леонардо да Винчидің (1452-1519 ж.ж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің философиясы беделдіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін адамзат мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан ортағасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады. Да Винчи Әл-Фраби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі де жоқ, шын ақиқат — тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы — математика тәсілі мен тәжірибе. Жаллпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі т.б.) Леонардо Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті. Адам — еркін, бостандығын жүзеге асыруда қоғамның мемлекеттік рөлін көрсететін ағымдардың ішінде ерекше орын алатын италияндық саяси қайраткер және тарихшы Николай Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) ілімі еді. Негізгі шығармалары: «Билеуші және Тит Ливидің бірінші декадасытуралы пікірлер», «олардың принциптері» (қағидалары)т.б. Макиавелли Тит Ливидің шығармалары негізінде саяси іс-әрекет тәртібін жүйелеп, христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасымен күшін дәріптейді. Мемлекеттің қайсысы болса да, римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болуы үшін, өз іс- әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макиавеллидің бұл ілімі «макиавелизм»деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатыңа қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеп соқты. Сол кездегі қоғамның халықтың әлеуметтік талап-сұраныстарын шеше алмауы негізінде утопистік (қиялы) социалистік идеялар пайда болды. Томас Мор (1478-1535 ж.ж.) «Утопия», Томаза Компанелле (1568-1639 ж.ж.) «Күн дала» атты шығармаларында «беймәлім жерде», «күн қалада» әділетті қоғам орнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі — қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарапайым адамдар да заң алдында тең және олар әр түрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ, діндерде өндірістік процестерге кесел келтіретіндей әртүрлі тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғамның қолында болады, ал оларды дінбасылар басқарады. Т.Мор мен Т.Компанелланың идеалды мемлекет пен қоғам туралы пікірлері әлжуаздығына, қиялилығына қарамастан кейінгі социалистік ілімдердің қалыптасуына әсер етті.Әлемдегі процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н.Коперниктің (1473-1543 ж.ж.) негізгі еңбегі — «Аспан денелерінің айналуы туралы» әлемнің күн орталық жаратылысы қағидасының негізінде Джордано Бруноның (1548- 1600ж.ж.) философиялық көзқарастары қалыптасты. Негізгі еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», т.б.Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәілі. Табиғат өз заңдылығымен өмір сүреді. Әлем мен құдай бір. Әлем — универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста бөлшектерден тұрады.  Оларды Бруно — монада деп атады. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дәстүрді, ортағасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап- тілегінің қажетіне жаратып, жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-ХVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше рінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлықжетістіктерінетікелейықпалетті.Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософияжәнегуманизм.    Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноныңеңбектеріндекөпкездеседі.Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады. Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды. Қайтаөрлеу дәуіріфилософиясыныңнегізгібелгілері:-антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесіналғашқықатарғақою; -шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу). -кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар аудару;-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күндіайналақозғалатындығыжөніндегіжиналықтар)түсіну;-тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы. Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола. Николай Кузанский (1401-1464 ж.ж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық – идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді. Әлем – сезімтал абсолютті аяқтаушы, өзгермелі Құдай. Әлем – құдаймен аяқталады дей отырып, Н.Кузанский астрономиялық зерттеулер жүргізе келе күн – орталық (гелиоцентрлік), космостағы болып жатқан процестердің бәрі-діни ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н. Кузанский ойлауынша әлем ғаламдардан (галактикалардан) құралған, барлық аспан денелері – қозғалыс күшіне ие. Н.Кузанский бұл ойлары гелиоцентрлік жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етті. Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos»–жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымыПтоломейтұжырымдаған.Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйекс өз кіндігінен айналатын жер күн төңірегндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер,Ньютонасаүлкенрольатқарды.Галилео Галлилей (1564-1642). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелірінің траектория бойнаша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей. Табиғат бастамасы ретіндемеханикалық заңдылықтаға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқысебепекендігінмойындайды.XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордыңшығармаларыменбайланысты.Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іскеасырудыармандады.Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды. Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектеріменрахаттанбақ.Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: "Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:"Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: "Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі. Қайта өрлеу іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді. Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай баолық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретіндеқарастырылды. Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметіне табынуәсемдіксұлулықсимволынадегенқұлшыныс. Николай Кузанский өзінің "шындықты алдын ала болжау”, "Білетін білместік туралы” деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан түратынын дәлелдейді. Қайта қрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.   Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, IIтом. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6.Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14.Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15.Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.  
№6. Дәріс.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырыбы: Антикалық философиясы: антика дүниесінің ғылыми бастаулары | Тақырыбы: ХVII- ХVIIIғ Жаңа заман философиясындағы эмпиризм мен рационализм мәселесі.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 691 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

4317 - | 4156 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.018 с.