| Р/с № | БАӨЖ тақырыбы (БАӨЖ- білім алушының өзіндік жұмысы) | Тапсыру мерзімі | Жұмыстың көлемі және орындау талаптары |
| 1 | СӨЖ № 1 1. Философияның пәні және қарастыратын мәселелері. 2. Дүниетаным және оның тарихи түрлері. 3.Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы. 4. Адам және қоғам өміріндегі философияның алатын орны мен атқаратын қызметтері. 5. Ежелгі Үнді философиясының негізгі мектептері. 6. Ежелгі Қытай философиясының негізгі ілімдері. 7. Ежелгі гректердің натурфилософиясы. 8. Ежелгі грек философиясының классикалық кезеңі. 9. Эллиндік және римдік кезеңнің философиясы. 10.Ортағасырлық патристика және оның көрнекті өкілдері. 11. Ортағасырлық схоластика және оның негізгі бағыттары мен өкілдері. 12. Орта ғасырлық шығыс перипатетизмі және онын көрнекті өкілдері: әл-Кинди, әл-Бируни, Ибн-Сина, Ибн-Рушд. 13. Орта ғасырлық суфизм ілімі және оның көрнекті өкілдері: әл-Араби, әл-Ғазали, Омар Хайям. 14. Әбунасыр әл-Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық көзқарастары. 15. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. 16. Жаңа дәуір философиясындағы таным мәселесі. 17.Жаңа дәуір философтарының әлеуметтік-саяси ілімдері. 18.XVIII ғасырдағы француздың ағартушылық философиясы. 19. И. Канттың таным теориясы мен этикасы. 20. Гегельдің философиясы: оның жүйесі мен әдісі. 21. Маркстік философияның негізгі идеялары. 22. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясы. 23. ХІХ ғасырдағы батыс иррационализмі: Артур Шопенгауэр, Серьен Кьеркегор, Фридрих Ницше. 24. Бейсаналық және психоанализ теориясы. 25. Алғашқы позитивизм және эмпириокритицизм, оның көрнекті өкілдері. 26. Экзистенциализм және оның көрнекті өкілдері: Мартин Хайдеггер, Жан Поль Сартр, Альбер Камю. 27. Қазақтың алғы философиясы және оның өкілдері. 28. Орта ғасырлардағы қазақтың түркітілдес философиясы. 29. Қазақ хандығы дәуіріндегі билер мен ақын-жыраулардың әлеуметтік-саяси ой толғаулары. 30. ХІХ ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының жыр-толғауларындағы әлеуметтік-философиялық ойлар. 31. ХІХ ғасырдағы қазақтың ағартушылық философиясы. 32. XX ғасырдың басындағы қазақтың Ренессанс философиясы. | 3-6 апта | – оқытушымен ақылдаса отырып жұмыстың тақырыбын таңдап алыңыз; – жұмыстың жоспарын жасаңыз; – тақырыптың негізгі, өзекті мәселелерін схема түрінде орындап көрсетіңіз; – орындалған жұмыстың көлемі 8-10 бет болу керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.); – пайданылған әдебиеттер мен сілтемелерді міндетті түрде көрсетіңіз; – студенттің өзі ізденіп жазбаған, тек интернеттен дайын күйінде көшіріп ала салған жұмысы қабылданбайды; – егер қабілетіңіз жетіп жатса, жұмысты слайдтармен толықтыруға немесе флипчарт түрінде орындауға болады. |
| 2 | СӨЖ № 2 1. Философиядағы болмыс ұғымы және оның түрлері. 2.Философия тарихындағы және қазіргі заманғы ғылымдағы материя жайлы түсінік. 3. Қозғалыс – материя өмір сүруінің тәсілі және оның түрлері. 4. Кеңістік пен уақыт – материя өмір сүруінің формалары 5. Диалектиканың тарихи формалары. 6. Диалектиканың негізгі категориялары. 7. Диалектиканың негізгі заңдары. 8. Бейнелеу формаларының дамуы. 9. Адам санасының пайда болуы және оның алғышарттары. 10. Сана – жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның қасиеті. 11. Таным процесі және танымның объектісі мен субъектісі. 12. Сезімдік және рационалдық таным, олардың түрлері. 13. Философиядағы ақиқат мәселесі. 14. Ғылыми таным және оның деңгейлері мен әдістері. 15. Географиялық орта – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу саласы. 16. Биосфера және ноосфера ұғымдары. 17. Халық санының өсуі және қазіргі заманғы демографиялық жағдай. 18. Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің пайда болуы мен сипаты. 19. Қазіргі заманғы терроризм және экстремизм, олардың күрес тәсілдері мен саяси мақсаттары. 20. «Қазақстан – 2050» стратегиясы. Н.Назарбаев қазіргі заманның он жаһандық сын-қатері туралы. 21. Антропогенез және адамның пайда болуы туралы діни, ғылыми және философиялық теориялар. 22. Адам бойындағы табиғи-биологиялық, психологиялық және әлеуметтік негіздердің бірлігі. 23. Философиядағы адамның өмірі мен өлімі туралы мәселе. 24. Қоғам өмірі философиялық талдау пәні ретінде. 25. Қоғамның құрылымы: базис және қондырма. 26. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалар. 27. Қоғамдық сана, оның мәні және құрылымы. 28. Қоғамдық сананың формалары. 29. Тарихи процестің субъектісі мен қозғаушы күштері. 30. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы басты бағыттар мен негізгі міндеттер. 31. Мәдениет ұғымы және оның түрлері. 32. Өркениет ұғымы. Философиядағы өркениет туралы теориялар. | 10 -13 апта | – оқытушымен ақылдаса отырып жұмыстың тақырыбын таңдап алыңыз; – жұмыстың жоспарын жасаңыз; – тақырыптың негізгі, өзекті мәселелерін схема түрінде орындап көрсетіңіз; – орындалған жұмыстың көлемі 8-10 бет болу керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.); – пайданылған әдебиеттер мен сілтемелерді міндетті түрде көрсетіңіз; – студенттің өзі ізденіп жазбаған, тек интернеттен дайын күйінде көшіріп ала салған жұмысы қабылданбайды; – егер қабілетіңіз жетіп жатса, жұмысты слайдтармен толықтыруға немесе флипчарт түрінде орындауға болады. |
| 3 | Глоссарий № 1 Курсты оқып игеру барысында 1-14 тақырыптарда кездесетін терминдік сөздер мен түсініксіз немесе қиын ұғымдарға қысқаша түсініктеме беру. | 5-7 апта | Глоссарий көлемі 100 сөзден кем болмау керек |
| 4 | Глоссарий № 2 Курсты оқып игеру барысында 15-30 тақырыптарда кездесетін терминдік сөздер мен түсініксіз немесе қиын ұғымдарға қысқаша түсініктеме беру. | 12-14 апта | Глоссарий көлемі 100 сөзден кем болмау керек |
5.2. АУДИТОРИЯДАН ТЫС САБАҚ (БАӨЖ), (адемиялық сағат санын көрсету)
| № | СӨЖ аталуы және қысқаша мазмұны | Тапсырманы орындау уақытын жоспарлау |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Тақырып материалдарын қолдана отырып сабаққа дайындалу | 30 |
| 2 | Жеке тапсырмалар мен тәжірибелік сабақ материалдарын іздестіру және дайындалу | 30 |
| 3 | СӨЖ тапсырмаларын орындау | 30 |
| 4 | Тақырыпқа сәйкес қосымша материалдарды оқу | 30 |
| 5 | Аралық және қорытынды бақылауға дайындалу | 30 |
| 6 | СОӨЖ | 10 |
| Барлығы | 160 |






