Құрметті қонақтар,Сіздермен баспалдақ арқылы “Бесік” залына көтерілеміз, баспалдақтың екі жақтауы «Қысқы бақпен» қоршалған. Баспалдақпен көтерілген кезде алуан түрлі – тірі және жасанды өсімдіктер түрлерін көре аласыздар, бізге ерекше энергетикалық және гармониялық әсер тудырып, залды тамаша безендірген. Пирамида концепциясы бойынша дөңгелек «Бесік» залы бекітілген залдың колонналары адамзат қолын айқындайды, ол өз алдына бейбітшілік пен үйлесімге, бар әлемнің жарығы мен тыныштығы бірлігінің құлшынысын білдіреді. Бұл – Пирамиданың құрылуының басты идеясы – адамдардың, халықтардың және мемлекеттердің арасында, әрқайсысының жүрегінде бейбітшілік пен бірліктің сақталуы. Дөңгелек үстелдің ашық алаңы күн сәулесінің Атриумға дейін жетуіне мүмкіндік тудырады. Үстелдің жоғарғы жағында Нимб ілулі тұр, ол адамдарды тұмар есебінде қорғайды және үстелде отыратын адамдардың маңыздылығы мен әулиелігін айқындайды, сонымен қатар ғимаратты қосымша иллюминациямен (жарықпен) қамтамасыз етеді.Пирамида шынының үлкен әйнек күмбезі бізді аспан құшағына қауыштырғандай кейіп танытады, онда 130 – дан астам қалықтаған көгершіндер Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдерін білдіреді. Олар жанды кейіпте біздерге: «Біздің ортақ үйімізде бірлік пен ынтымақты сақтаңдар!» деген сияқты көрінеді.Және де, олар бізді қоршаған айналамызға қарайлай отырып, бұл терезелерден астанамызға, біздің байтақ жерімізіге, шексіз дүниеге көз жүгіртуін қалайды. Желдей еркін, ашық жазық даладай…Атап айтқандай, Бесік залының терезелерінің көрінісінен Астана көрінісі ұсынылған. Қала панорамасы гүлденген, қайратты, халық қуатына айналған, Қазақстан намысы жаңа құрылыстарының жаппай салынуы, сенімді шешімдердің қабылдануы,әсемділігі мен ұлылығы айқындалған, айқын архитектурасымен таңқалдырады. Алғашқы күннен бастап астананың қалыптасуымен қатар, қаланы көгалдандыруға да басты назар аударылуда.
Бүгінгі таңда 8 саябақ, 66 гүл бағы орын алған, қала айналасында «жасыл дөңгелек» құрылған, ол бас қалаға ерекше микроклимат құра отырып, таза, ылғалды ауа береді. Бейбітшілік және келісім сарайы аумағы жағынан өте үлкен және көгалданған ландшафты бар Президенттік саябақтың айналасында орналасқан. Саябақтан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы – Ақ Орданы көре аласыздар. Өзінің айқын Ақорда атауы қазақ тарихын бүгінгі күнмен байланыстырады. Оны Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің керемет шеберлері тұрғызды.
2004 жылың 24 желтоқсанында ҚР Президенті Резиденциясының ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Ғимараттың биіктігі 84 метрді құрайды. Резиденция 6 метрлік жасанды төбеде тұр. Сарыарқаның көгілдір аспанымен шағылысып, Ақорданың көлемді және биік күмбезі тұр. Күмбез шынында жер шары, одан жоғарыда қанатын кең жайған бүркіт, ол тәуелсіз ел екендігін білдіреді.Резиденцияда Қазақстан Президенті жоғары шетел қонақтарын, елшілерін, БАҚ (СМИ) өкілдерін қабылдайды, мемлекеттік сыйлықтармен марапаттайды, отырыстар мен әртүрлі мерекелік кездесулер өткізеді, елдің ішкі және сыртқы саясатының жоспары мен стратегиясын жобалайды.
Ақорданың сол жағында орталық концерт залы – «Қазақстан» орналасқан, итальяндық архитектор Манфреди Николетти жобасын іске асырды, ол оған «дала гүлі» деген атау берді.Әмбебап концерттік залы 3500 орынға есептелген, ол өте жеңіл түрленеді, оның әмбебаптығы акустикалық мүмкіндіктеріне байланысты. Есіл өзенінің сол жағына қарай Тәуелсіз Қазақстанның өмірлік күшін білдеретін, аспанға бойлаған алып жанардай «Назарбаев орталығы» ғимараты орналасқан. Авторы британдық сәулетші, Хайтек жанрының патшасы - Норман Роберт Фостер. Диаметрі 81 метрге дейін жетеді.«Назарбаев орталығы» Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Қорының жаңа мекені болды. Ғимаратта Мемлекет Басшысының жеке кітапханасы, жеке мұрағаты, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке коллекциясынан экспонаттар: басқа мемлекет басшыларының және олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, құжаттар мен материалдар, өнер туындылары, тарихи сирек деректер орналасқан. Орталықта әлемдік экономика және саясат институты жұмыс істейді.
Арыс көпірінен астананың басты су артериясы - Есіл өзенін көре аласыздар.Ақ Орда Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, оның негізгі көзі Қарағанды облысының Нияз тауының биігінен келеді. Облыс бойынша өте ірі өзендердің бірі, оның ағыны Солтүстік – мұзды мұхитына дейін жетеді.
Оң жақта «Хайвил» – ақылды үй деп аталатын тұрғын үй кешенін тамашалай аласыздар. Бұл Астанадағы алғашқы таңдаулы жөндетілген, жиһазбен кірістірілген, тұрмыстық техникамен жабдықталған, сулары ерекше тазартылған, элиталық форматты тұрғын үй пәтерлері. Жобаның басты архитекторы Кұспанғалиев Болат, кәріс және қазақстандық құрылысшылары корея компаниясы «Донель Хайвилл» басшылығымен құрылыс салуда, олар өздерін халықаралық нарықта 2004 жылы мәлімдеген.
Сіздердің алдарыңызда қарама – қарсы тұрған қаланың «Қазақ Елі» алаңы, ол еліміздің ең үлкен алаңы, мұнда астанамыздың және еліміздің – Наурыз, Жеңіс күні, әскери шерулері, Астана күні, Қазақстан халқының бірлігі күні және т.б аталмыш мерекелер аталып өтіледі.
2012 жылы 6 – шілдеде Қазақ елі алаңы астанамыздың інжу - маржаны Әзрет Сұлтан мешітімен толықтырылды. Оның авторы - Сағындық Жанболатов. Мешіттің сыйымдылығы 12000 адамға есептелген. Мешіт жобасы классикалық ислам стилінде ұлттық қазақ ою-өрнектерін қолданумен жасалған.«Әзрет Сұлтан» атауы «Әулие Сұлтан» деген мағына білдіреді және сопылық шейх – Қожа Ахмет Яссауи құрметіне аталған (12 ғасыр). Ол ақын, философ болған. Мешіт толық іске жарамды және барлық заманауи қажеттіліктерге сай.
Мешітпен көршілес тұрған ғимарат Қазақ ұлттық өнер университеті «Шабыт», туристтердің назарын қазақтың үрмелі музыкалық инструменті «Тай тұяқ» пішінімен аударады, сонымен қатар, өзінің ішкі құрылымымен тамсандырады. Университет еліміздің шығармашылығы мен өнерін дамытатын кадрлар дайындайды. Мыңжылдық осімен қатарлас тұрған ұлы монумент – «Қазақ елі». Монумент биіктігі - 91 метр, 1991 жылы - Қазақстан тәуелсіздік алған жылының символын білдіреді. Монумент шыңында әулие құсы «Самұрық» орналасқан. Самұрық – бақыт, мейірімділік және бейбітшілік құсы. Архитектуралық мүсіндік кешен скиф – сақ дәуірінен қазіргі уақытқа дейінгі қазақ халқының және еліміздің тарихи бетін бейнелейді. Ақ мәрмәрдан жасалған кешен қазақ халқының өткен шағы мен болашағын өзіне сіңіре отырып, зор композициялық мазмұндылыққа толы. Монумент тек Тәуелсіздік символы ғана емес, бұл халық рухының мәңгілігі, татулығы және бірлігінің белгісі. Монумент тұғыры халық тарихын баяндайтын төрт жақтан барельфтермен безендірілген. Олардың тақырыптары – «Халық және Президент»,«Қаhармандық»,«Жасампаздық»,«Болашақ».
Қазақ елі монументінің артқы жағында тұрғын үй кешені “Милленниум парк” қаланың экологиялық таза ауданында орналасқан. Толық 19 – қабатты екі және 24 –қабатты үш тұрғын үй салынған, өткен мыңжылдықтың ұлы адамдары құрметімен аталған, олар: Омар Хаям үйі, до Винчи үйі, Шекспир үйі, Моцарт үйі, Абай үйі. Тұрғын үй кешені шығыс архитектурасының ережелерімен сәйкес.
2008 жылы 15 желтоқсанда алаңда Тәуелсіздік сарайы ашылып, онда 2009 жылы жоғары халықаралық деңгейде – медиа форум, Саммит ЕҚЫҰ, Экономикалық форум, олимпиадалар, конференциялар, съездер өтті. Сарайдың үшінші қабатында туристтер мен қонақтар болашақ астананың макетін тамашалай алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай ғимаратын Елбасы 2014 жылы 3- шілдеде ашты. Оның жобасын астанамыздың және еліміздің атақты архитекторы - Владимир Лаптев жобалаған. «Мәдениет мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында мұражай құрылған. Тоғыз қабатта 11 экспозициалық залдар кіріктірілген, онда еліміздің хронологиялық тәртіппен тарихи, мәдени, археологиялық, этнографиялық, өнерінің дамуы көрсетілген.Мұражайға келушілердің ішінде ерекше танымалдылық танытатын залдар – қазақ киіз үйі тәріздес жасалған «Этнографикалық» залы, елдің барлық аймақтарынан археолог ғалымдардың тапқан табыстары ұсынылған «Алтын» залы, «Астана» макеті.
Ұлттық мұражайға қатарлас салынған «Гранд Астана» тұрғын үй кешені, мұнда мемлекеттік бағдарлама бойынша қаланың кәсіпорындарының қызметшілері, астананың теміржолшылары, ұстаздар, дәрігерлер, шығармашылық интеллигенция өкілдері пәтер алды. «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінің тұрғындары «Базис А» құрылыс корпорациясының басшылығымен салынып жатқан «Қалалық романс» кешенінің салыну құрылысына куәгер болды. Болашақта Азиядан Европаға визасыз, төлқұжатсыз саяхат жасау мүмкіндігі болады.Кешен 7 кварталдан тұрады, олар: жапондық, қытайлық, ағылшын, француз, европалық, арабиялық, итальяндық.Әр квартал анықталған аймақ бойынша архитектурасын, стилін, дизайын көрсетеді, квартал ішінде ұлттық тағамдар дайындайтын мейрамханалар, кәде сый дүкендері жұмыс атқарады.
Ал қазір біз сіздермен «Бесік» залынан шығып, лифтімен 1 қабатқа түсеміз. Бейбітшілік және келісім сарайы бойынша экскурсиямыз аяқталды. Астанада жақсылап демалуларыңызды тілеймін, келесі кездескенше. Назарларыңызға рахмет!