23)Электролиттік диссоциация.
электролиттер және бейэлектролиттер, С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары, электролиттік диссоциациялану механизмі;күшті және әлсіз электролиттер, диссоциациялану дәрежесі, қышқыл, сілті және тұздардың судағы ерітінділерінде электролиттік диссоциациялануы, көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы, ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары;электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің химиялық қасиеттері;катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар; тұздар гидролизі;
№1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»;
№1 зертханалық тәжірибе «Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН -ын анықтау»;
№1 практикалық жұмыс «Ион алмасу реакциялары»;
№2 зертханалық тәжірибе «Тұздар гидролизі»;
сандық есептер:
реакцияласушы заттардың біреуі артық болған жағдайда химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, массасын, өнімнің көлемін есептеу; диссоциациялану дәрежесін есептеу;
24) Бейорганикалық заттарға сапалық талдау.
катиондарға сапалық реакциялар; Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау; аниондардың сапалық реакциялары; бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау;
№3 зертханалық тәжірибе «Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау»;
№4 зертханалық тәжірибе «Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар»;
№5 зертханалық тәжірибе «Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32аниондарын анықтау»;
№2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау»;
сандық есептер:
әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер;
25) Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
химиялық реакциялардың жылдамдығы; химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар; бөлшектердің кинетикалық тұрғысынан реакция жылдамдығы; катализаторлар; ингибиторлар; катализаторлар мен ингибиторлардың реакция жылдамдығына әсері;
№ 2 көрсетілім «Түрліхимиялық реакциялардың жылдамдығы»;
№ 6зертханалық тәжірибе «Температура, концентрация мен бөлшектер көлемінің реакция жылдамдығына әсері»;
№ 3 практикалық жұмыс «Реакция жылдамдығына катализатордың әсері»;
26) Қайтымды реакциялар.
химиялық тепе-теңдік;тепе-теңдік динамикалық үдеріс ретінде;химиялық тепе-теңдіктің ығысуы; Ле-Шателье-Браун принципі;химиялық тепе – теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлардың өзгерісінің әсері; бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан химиялық тепе-теңдік;
№ 3 көрсетілім «Қайтымды химиялық реакциялар»;
№7зертханалық тәжірибе «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы»;
27) Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, қосылыстардың формулалары бойынша химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш туралы түсінік, тотығу-тотықсыздану реакциялары;электрондық баланс әдісі;
28) Металдар мен құймалар.
металдардың жалпы сипаттамасы; металдық байланыс пен металдық кристалдық тор;темір мен мыстың физикалық және химиялық қасиеттері; металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсетуі; темір құймалары және олардың қолданылуы; металлургия туралы түсінік, шойын мен болат өндірісі; Қазақстанда металлургияның дамуы, металдар мен олардың құймаларын алу, металдар және оның қосылыстарының маңызды кен орындары; металдарды өндіру үдерістері, қоршаған ортаға әсері;металдарды алу;
№4көрсетілім «Металдардың кристалдық тор модельдері»;
№5көрсетілім «Металдар және құймалар»;
сандық есептер:
реакция теңдеуі бойынша қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесі белгілі болған жағдайда заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын анықтау;
өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкіндікпен саластырғандағы өнімнің шығымын есептеу;
29) 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
(6 сағат).
1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары; атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттері; сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері және олардың қолданылуы;
2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары;1 (І)-ші және 2 (ІІ)-топ металдарының жалпы қасиеттері;кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттеріжәне олардың қолданылуы;
13 (ІІІ)-топ металдары; алюминий және оның қосылыстары; алюминийдің қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағы; алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттері;
№6көрсетілім «Натрийдің сумен әрекеттесуі»;
№8 зертханалық тәжірибе «Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі»;
№7көрсетілім «Алюминий мен оның құймалары»;
№9зертханалық тәжірибе «Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі»;
№4 практикалық жұмыс «Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару;
сандық есептеулер:
заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын реакция теңдеуі бойынша басқа заттың массасы белгілі болғанда, құрамында белгілі қоспаның үлесі белгілі болғанда есептеу;
өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкіндікпен саластырғандағы өнімнің шығымын есептеу;
30) 17 (VII), 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) - топ бейметалдары және олардың қосылыстары.
17 (VII) топ элементтері, галогендер; байланыс типі мен кристалдық тор түрі; топтағы галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; хлор;хлордың химиялық қасиеттері: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі; хлорсутек қышқылының құрамы қасиеттері мен қолданылуы;
16(VI)-топ элементтері,күкірт, күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерінің физикалық қасиеттері, күкірттің негізгі қосылыстары және олардың физикалық және химиялық қасиеттері; қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсері; Күкірт қышқылы және оның тұздары, қасиеттері мен қолданылуы;
азот, азоттың қасиеттері және табиғаттағы азот айналымы;аммиак, аммиактың алынуы қасиеттері мен қолданылуы; аммиак өндірісі;азот қышқылы; азот қышқылының қасиеттері;азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері;
фосфор және оның қосылыстары;фосфордың аллотропиялық түрөзгерістері;фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары;фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттері;минералды тыңайтқыштар, олардың Қазақстанда өндірілуі және оларды тиімді қолдану;азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсері;
14 (IV) - топ элементтері; кремний және оның қосылыстары; кремнийдің қолданылу аймағы және оның жартылай өткізгіш ретінде маңызы;сұйық кристалдар, кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типі; кремний мен оның қосылыстарының химиялық қасиеттері; Қазақстандағы силикат өнеркәсібі;
№10 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу»;
№8 көрсетілім «Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері»;
№5 практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»;
№11зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделін дайындау»;
№12зертханалық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделін дайындау»;
№6 практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу»;
№13 зертханалық тәжірибе «Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»;
№9көрсетілім «Минералды тыңайтқыштар»;
№10 көрсетілім «Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торларының модельдері»;
сан есептер:
химиялық реакция теңдеуі бойынша әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілгендегі өнімнің массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу;
химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің практикалық шығымы бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу;
құрамындағы қоспаның массалық үлесі берілген реагенттің массасы бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу;
31) Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
адам ағзасының химиялық құрамы; макроэлементтер және микроэлементтер, олардың маңызы; адам ағзасының құрамына кіретін элементтер және олардың маңызы(О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe); Қазақстан тұрғындарының теңгерімді тамақтану рационы; ағзадағы кейбір элементтерді анықтау; ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы көздері, ауыр металдардыңағзаларға әсері;
№14 зертханалық тәжірибе «Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау»;
№15 зертханалық тәжірибе «Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау»;
№ 3 бақылау жұмысы.
32) Органикалық химияға кіріспе.
органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы, А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары;органикалық заттардың ерекшеліктері;органикалық қосылыстардың жіктелуі; функционалдық топ түсінігі; органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары;органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары; органикалық қосылыстардың номенклатурасы; органикалық қосылыстардың изомериясы;
№11көрсетілім «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері»;
№12көрсетілім «Алкандардың алғашқы бес өкілдерінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері»;
№13көрсетілім «Пентан изомерлерінің модельдері»;
сандық есептер:
элементтердің массалық үлесі және салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттардың молекулалық формулаларын табу;
33) Көмірсутектер. Отын.
көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы, қаныққан көмірсутектер, алкан,метан,қанықпаған көмірсутектер,алкендер, этилен, алкиндер,ацетилен; арендер, бензол;
көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыс, көмірсутектердің табиғи көздері, көмірсутекті отындар; табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу;
көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер, көмірсутектерді экономиканың түрлі салаларында және тұрмыста пайдалану; альтернативті отын түрлері; мұнай, мұнай фракциялары және шикі мұнай өнімдерінің қолдану аймағы;
№14көрсетілім «Этиленнің жануы,бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі»;
№15көрсетілім «Отын түрлері»;
№16көрсетілім «Мұнай және мұнай өнімдері»;
сандық есептер:
реакция өнімінің массасы немесе көлемі және белгілі заттың салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттың формуласын анықтау;
34)Оттекті және азотты органикалық қосылыстар.
оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы, метанол, этанол, спирттердің улылығы және этил спиртінің адам организміне зиянды әсері, оттекті органикалық қосылыстардың өкілдері;этандиол, пропантриол, этан қышқылы, глюкоза, сахароза, крахмал, целлюлозаның қолданылуы;
карбон қышқылдары, күрделі эфирлер мен майлар, сабын, синтетикалық жуғыш заттар, синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсері;
көмірсулар, нәруыздар, аминқышқылдары; биологиялық маңызды органикалық қосылыстар, Қазақстанның тамақ өнеркәсібі;
№16 зертханалық тәжірибе «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу»
№17зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың денатурациясы»
сандық есептер:
реакция теңдеуі бойынша органикалық заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын басқа заттың массасы, құрамындағы қоспаның массалық үлесі белгілі болған жағдайда есептеу;
өндірістік және экологиялық мазмұнды есептердегі теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы органикалық заттың практикалық шығымын есептеу;
метан, бутан, этанолдың жану реакция теңдеуі бойынша оттектің, ауаның көлемдерін есептеу;
№4 бақылау жұмысы.
9.Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:
1) Заттардың бөлшектері;
2) Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3)Химиядағы энергетика;
4) Химия және қоршаған орта;
Химия және өмір.
Оқу пәнінің мазмұны оқытудың бөлімдері бойынша қарастырылған. Бөлімдер білім, түсінік, білік және дағдыларды қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
8. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдар, иондар және молекулар;
2) атом құрамы мен құрылысы
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы. Атомдардан иондардың құрылуы;
4) химиялық байланыстардың түрлері.
9. «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі;
2) химиялық реакциялардың жіктелуі;
3) зат массасының сақталу заңы;
4) металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
10. «Химиядағы энергетика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) химиялық реакциялардың жылдамдығы;
3) химиялық тепе-теңдік;
4) қышқылдар мен негіздер теориясы.
11. «Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) заттардың жіктелуі;
2) жер химиясы;
3) көміртек химиясы мен оның қосылыстары.
12. «Химия және өмір» бөлімі «Биохимия»бөлімшеден тұрады.






