1) Химия пәні. Таза заттар және қоспалар.
химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химияның дамуы мен маңызы; химия кабинетіндегі және зертханасындағы қауіпсіздік техникасының ережелері; таза заттар және олардың физикалық қасиеттері, біртекті және әртекті қоспалар, заттардытазарту және бөлу әдістері; жай және күрделі заттар; элемент және химиялық қосылыстар;
№1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелері және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу»;
№1 зертханалық тәжірибе «Заттарды және олардың қосылыстарын салыстыру»;
№2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»;
2) Заттар күйінің өзгеруі.
физикалық және химиялық құбылыстар; химиялық реакция; заттың агрегаттық күйлері; қатты, сұйық, бөлшектердің кинетикалық теориясына сәйкес газтәріздес заттардың құрылымы;;заттардың салқындау, қыздыру және булану үдерістері;
№ 3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілерін зерттеу»;
№ 4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу»;
№ 5 зертханалық тәжірибе «Судың қайнау үдерісін зерттеу»;
№1 бақылау жұмысы.
3) Атомдар. Молекулалар. Заттар.
атомдар мен молекулалар; атомдар мен молекулалардың айырмашылығы; химиялық элементтер; химиялық элементтердің символдары; элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу; жай және күрделі заттар; атомның құрамы мен құрылысы; ядро, протон, нейтрон, электрон; изотоптар; элементті атауы және фундаменталды бөлшектерінің саны бойынша сипатталуы;
4) Ауа. Жану реакциясы.
ауа және оның құрамы; атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызы; жану үдерісі; заттың жану шарттары; тез тұтанатын, жанатын және жанбайтын заттар; отын, оттек, тұтану көзі; тұтану температурасы; металдар мен бейметалдардың жануы; жану реакциясының өнімдері; № 6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»;
№2 практикалық жұмыс/Көрсетілім «Күкірттің, фосфордың және темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»;
№2 бақылау жұмысы.
5) Химиялық реакциялар.
табиғи қышқылдар мен сілтілер; «қышқылдық» және «сабынды» қасиеттері; индикаторлар, әмбебап индикатор, рН шкаламетилоранж, лакмус, фенолфталеин; индикаторлардың түрлі орталардағы түстерінің өзгеруі; қышқылдар мен негіздер; антацидті заттар; бейтараптану реакциясы; сұйылтылған қышқылдар; қышқылдардың қолданылу аймақтары; қышқылдармен жұмыс жүргізу ережелері; сұйылтылған қышқылдардың түрлі металдармен әрекеттесуі; сутекке сапалық реакция; карбонаттар; сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі; көмірқышқыл газына сапалық реакция;
№ 7зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау»;
№8зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»;
№ 9зертханалық тәжірибе«Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы»;
№ 10 зертханалық жұмыс«Сутекке сапалық реакция»;
№ 3 практикалық жұмыс «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»;
6) Химиялық элементтердің периодтық кестесі.
химиялық элементтердің периодтық кестелерінқұру тарихы; И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,Д.И. Менделеевтің элементтерді жіктеуі; периодтық заң; периодтық кестенің құрылымы; периодтық кестенің құрылу принципі; атом нөмірі; ядро заряды;
7) Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула.
изотоптар қоспасы, табиғи изотоптар; салыстырмалы атомдық масса; салыстырмалы молекулалық/формулалық масса; химиялық формула; химиялық элементтердің валенттілігі, бинарлы қосылыстардың формулаларын құрастыру; қосылыстардағы атомдардың қатынастары;
сандық есептер:
салыстырмалы молекулалық массаныесептеу;
№ 3 бақылау жұмысы.
8) Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
қоректік заттар; адам ағзасына кіретін элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K); химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы; адам ағзасындағы микро-, макроэлементтердің биологиялық рөлі; тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі;
№ 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»;
№11зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу»;
9) Геологиялық химиялық қосылыстар.
пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар; кен орны; кен; кеннің құрамы; минералдар; табиғи ресурстарды өндіру; металдарды алу; Қазақстанның пайдалы қазбалары; минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері;
№4 бақылау жұмысы.






