Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Коаксиальді кабельдің сипаттамасы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.Ақсу аудандық почта байланыс торабы АҚ «Қазпочта»

2.Коаксиальді кабельдің сипаттамасы

3.Генератор, генераторлар түрлері

 

 

Азактан поштасынын тарихы

Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды.

Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 почта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда почта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде почта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы почтаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне почта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатын

Почта байланысының арзан болуы үшін почта идарасы (атты)-почта бекеттері және болыстық басқарма жанында қосымша пункттер ашты. Ондай пункттерде почта жұмыстарын жүргізу болыстық старшиндар мен писарларға жүктелді. Атты-почта даңғыл жолдарының жалпы ұзындығы 20 мың шақырым шамасында болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының почта шаруашылығына үлкен зиян тигізсе, азамат соғысы және басқыншылық жылдары ол барынша әлсіреді. Елдегі хат-хабарлар тасымалдау жүйесі бүлінді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жойылуы даңғыл жолдар бойымен почта тасу санын азайтты, почта бекеттері іс-жүзінде барлық аттарынан айрылды.

Азамат соғысынан кейін Кеңес үкіметі почта байланысын аса зор күйзелістен шығаруға, оны тұрғындар мен халық шаруашылығының қажеттілігі үшін пайдалануға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мысалы, салмағы 15 гр-ға дейнгі хаттар тегін жіберілетін, мерзімді басылымдарға жазылу почта бөлімшелері арқылы жүргізілетін болды, сондай-ақ, почта бөлімшелері жанында басылымдарды тасымалдау және бөлшек сауда арқылы сату ұйымдастырылды, почта тасымалдау көліктері әскери мақсатпен алынбайтын болды,

Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбор қаласындағы Қырғыз әскери комиссариаты жанындағы почта-телеграф басқармасы Қырғыз почта-телеграф округы болып қайта құрылды, ал 1925 жылдың аяғында ол ҚСРО Почта және телеграф Халық комиссариаты жанындағы Қазақ облыстық байланыс басқармасы деп аталатын болды. Сол жылы почтаның даму тарихында тұңғыш рет ауылдық хат тасушы лауазымы құрылды, Алыстағы ауылдарға почта қызметін көрсету үшін тұйықталған атты почта жүйесі енгізілді. Қалаларда атты почта автомобильдермен ауыстырылды, идаралық кемелер мен теміржол көліктері пайдаланыла бастады. 1929 жылы біздің республикадағы бірінші почталық әуе желісі Алматыны Тәшкенттпен байланыстырды. 1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал почталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жетті.

1932 жылы Почта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды.

Ұлы Отан соғысы почта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты соғыстың бастапқы жылдары почта үшін аса ауыр болды.

1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 почта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды

1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Почта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай «Байланыс» саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңде почта саласы тиімділікпен жұмыс істеді, бірақ, барлық табыс электр байланысын дамытуға жұмсалды. Зейнетақы жеткізуден және телеграф-телефон қызметін көрсетуден алынатын табыстар Жалпы кірістің негізгі бөлігін құрады. Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. Қазақстандағы почта саласы (халық шаруашылығының барлық саласы сияқты), ел экономикасының түбегейлі өзгеру кезеңіндегі баға еркіндігіне және бұрынғы Кеңестер Одағының қалыптасқан почта байланысы жүйесінің бұзылуына байланысты орын алған белгілі қиындықтар мен проблемаларға кезікті. Мұның өзі почта жөнелтімдері санының және бүкіл республика бойынша байланыс бөлімшелер санының азаюына әкеліп соқты.

 

 «Қазпошта» АҚ – Қазақстан Республикасындағы пошта байланысының ұлттық операторы. Ол Дүниежүзілік пошта одағында (ДПО) Қазақстанның Пошта әкімшілігінің мүддесін білдіреді және 2016 жылы ДПО-ның Әкімшілік кеңесінің құрамына сайланды. «Қазпошта» – жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

«Қазпошта» АҚ 1999 жылы құрылып, 2006 жылдан бері оның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып отыр.

Бүгінде «Қазпошта» – елдің барлық тұрғындарына пошталық және қаржылық қызметтер көрсететін және республика бойынша 22 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі.

«Қазпошта» АҚ-ның иелігінде Қазақстанның бүкіл аумағын, әсіресе, аудандық және ауылдық мекендерді (3 400-ден астам пошта бөлімшелерін) қамтитын елдегі ең ауқымды бөлімшелік желі бар. Пошта желісі бизнес пен халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті, агенттік, қаржылық қызметтерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.

2014 жылы «Қазпошта» АҚ алғашқылардың бірі болып пошта қызметін трансформациялау үдерісіне қатысты. Трансформациялау бағдарламасының аясында компанияда жаңғырту және сапалы қызмет көрсету үдерісі белсенді жүруде. Атап айтқанда, іс барысын автоматттандыруға жаңа технологиялар енгізіліп, бизнес-процестер оңтайландырылды, клиенттерге қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді және қызметтің жаңа түрлері жасалуда.

 

 

Ақсу аудандық почта байланыс торабы «Казпочта» АҚ Алматы облыстық филиалының құрылымы және Алматы облыстық филиалының жүйесіне кіреді.

Ақсу аудандық почта байланыс торабы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан республикасының «Байланыс туралы» және «Почта туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтик – құқықтық актілерін, «Қазпочта» АҚ ішкі құжаттарын, оның ішінде «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін және Ақсу аудандық почта байланыс торабының Ережесін басшылыққа алады.

АПБТ мекен жайы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров поселкесі, Желтоқсан к. 55.

Ақсу аудандық почта байланыс торабының аумағында 1 аудандық почта байланыс торабы, 12 почталық байланыс бөлімшелері және 2 почталық байланыс пункті халыққа қызмет көрсетеді.

Ақсу аудандық почта байланыс торабы келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Почта байланыс қызметі:

· Жалпы қолжетерлік почта байланыс қызметі;

· Тіркелетін почта жөнелтімдерін жіберу жөнінде қызмет;

· Жеделдетілген және курьерлік почта қызметі;

· Почталық ақша аударымдары, халықаралық аударым «Western union»;

· Жазылым бойынша баспа басылымдарын тарату;

· ЕМS жөнелтімдерін, арнайы байланыс;

· Филателия өнімдерін сату;

· Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес басқа да почта қызметтері.

2) Қаржылық қызметтері және қаржы қызметтері:

· Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органмен белгіленген тәртіпке брокерлік, дилерлік және трансфер агенттік қызмет, «Альянс банк» АҚ, «Хоум несие Қазақстан» несиелерін беру.

· Мемлекеттік бюджеттен және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік жәрдемақыларды жеткізу жөніндегі қызмет;

· Депозиттер қабылдау, жеке және заңды тұлғаларға банк шоттарын ашу және жүргізу;

· Касса операциялары;

· Аударым операциялары;

· Банкнот, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу;

· Лоторей жүргізу;

· «Казақтелеком» АҚ хабарламасын жеткізу

· Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да қызмет түрлері.

 

5B071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы

Ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиоберу мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.

Осы мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет объектісіне:

- байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері;

- көпарналы телекоммуникацилық жүйелер;

- радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері;

- дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;

- электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелерін;

- телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салалары болып табылады.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласы мамандары қазіргі кәсіпорындардың осы қызмет түрлернің бәрін өткереді. Біздің өңірде олардың біліміне «Казахтелеком» ҰҚ, «Қазақстандық электролизді зауоды» АҚ, «Казэнергокабел» АҚ, «Павлодар мұнай өңдеу зауоды» ЖАҚ тәрізді кәсіпорындарға, радиобайланыс, радиохабар және теледидар кәсіпорындарында қажет.

Қазір елде табыстары тұрақты жылжымалы байланыстың төрт операторы мен жүзден аса телекоммуникация компаниялары жұмыс істейді. Жоғарыда аталған кәсіпорындарда студенттер ұйымдастыру мен пайдалану қызметі дағдыларын меңгеру мақсатында әр түрлі тәжірибелерден өтеді.

Радиотехника, электроника және телекоммуни-кациялар бакалаврының түлектерінің болашағы жарқын. Бұл мамандардың алдында Қазақстан теле-коммуникациясының ұлттық желісін жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты – оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС–ті іске қосудың маңызды міндеттері тұр. 2020 жылға қарай Қазақстан Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік байланысты дамытуға кең мүмкіншілік береді. Елдің электроэнергетикалық саласын ауқымды жаңарту ішінара заманауи телекоммуникацияларды енгізу және ғаламдық корпоративтік ақпарат желісін құру негізінде жүргізіледі.

Осының бәрін жүзеге асыратын сіздерсіңдер, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА түлектері, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалаврлары.

Энергетика факультетінің «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасы 5B071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы студенттерін оқытатын кафедра болып табылады. Білім беру үрдісіне ғылыми, педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибе жинаған жоғары білікті оқытушылар қатысады. Олардың арасында әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар мен ассистенттер бар. Студенттерді оқытуға республика мен ТМД елдерінің басқа жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, саланың озат кәсіпорындарының жоғары білікті мамандары тартылады.

"Телекоммуникациялар» мамандандыруы"

Бұл мамандық бойынша оқыту мақсаты – белгі беру және қабылдау теориясы, радиобайланыс, автоматтандырылған жүйені, компьютерлік жүйе мен электронды құжат айналымын жобалау, басқару мен сенімділігі, бұқаралық қызмет көрсету жүйелерін модельдендіру, телекоммуникациялық саланы, ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру, менеджмент мен маркетинг саласындағы білімнің негізінде телекоммуникациялық жүйелерді зерттеуге, жасап, пайдалануға қабілетті бакалаврларды дайындау.

Оқу үрдісін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған оқу дәрісханалары мен оқу-зерттеу зертханалары кіретін қазіргі заманғы материалдық базасы бар.

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА студенттері ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысады. Университетте көп жылдан бері жыл сайын студенттердің ғылыми жұмыстарын қаржыландыру негізінде «Прометей» бағдарламасы өткерілуде.

 

 

Коаксиальді кабельдің сипаттамасы

Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Мысалы, Атлант мұхиты арқылы Еуропа мен Солтүстік Америкаарасындағы алғашқы кабельді байланыс – күшейткіштері бар монтаждалған герметикалық коаксилді кабель жәрдемімен жүзеге асырылды (ұызндығы 4000 км). Күш кабелі талсымдарының көлденең қимасы тасымалданатын электр қуатының шамасына сәйкес 10 – 150 мм2 болады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады. Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен (1-суретте) қапталады. кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады. Пластмасса оқшауламасы бар кабельдердің қаптамасы әр түрлі поливинилхлоридтерден, ал резина оқшауламасы бар кабельде – резинадан жасалады. Қаптаманы мех. зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен (бронмен) орайды. Бронды қабат ретінде қалыңд. 0,3 – 0,8 мм болат лента пайдаланылады. Кабель керу күшінің әсеріне шыдау үшін сыртына диам. 1,4 – 6 мм мырышталған болат сым оралады. Жоғары кернеулі күш кабелі тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (2-сурет). Жоғары қысымды Кабельдің оқшауланған тармақтары 15 – 20 ат. қысымдағы маймен толтырылған болат құбырға орналастырылады. Қазақстанда кабель өнімдерін жасаумен “Қазэнергокабель” акционерлік қоғамы шұғылданады (1999). Оның өндірістік қуаты жылына АВВГ, ВВГ күштік кабельін өндіру – 850 км; АКВВГ, КВВГ балқымалық кабельін өндіру – 600 км; АПВ, АППВ қондырғылау кабельін өндіру – 2800 км; А, АС жалаңаш сым өндіру – 500 тн; МФ, МТ-2 троллей сымын өндіру – 200 тн

1)Коаксиалды кабель (коаксиальный кабель; coaxial cable) — 1) орталық өткізгіштен және металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран өстерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбит/с шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас, сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар кабель. Олар жоғары жылдамдықты терминалдарда және басқа да компьютер құрылғыларында пайдаланылады

Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:

а) коаксиал кабель

б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)

в) оптикалық талшықты кабель

Коаксиал кабель

Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді. Кабельдерді орнату барысында оның ерекшеліктерін ескерген жөн. Ол ережелер ескерілмеген жағдайда түрлі ыңғайсыздықтар туады. Кабель мен кабель сегменті ұғымдарының айырмашылығын алдын-ала түсініп алған жөн.

Кабель – желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі. Кабель сегменті дегеніміз – желінің бір ұшын келесісімен қосатын (терминаторлар арасын қосатын) кабельдердің тобы. Бұған дейін коаксиальді кабель ең кең тараған кабельдердің бірі болып келді. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ және қолдануға ыңғайлы. Екіншіден, коаксиал кабельдің кең таралуы оның сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына әкелді.

Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан, оқшаулауыштан, экраннан және сыртқы қабықшадан тұрады (2.1- сурет).

Коаксиал кабельдің құны жағынан салыстырмалы түрде төмен, жеңіл, иілгіш және қолдануға ыңғайлы. Ол полимерлік оқшауландырғыш қабатпен жабылған орталық өткізгіштен (тұтас немесе көптамырлы) тұрады, оның сыртында басқа өткізгіш (экран) орналасқан. Экран оқшауландырғыштың сыртынан мыс сыммен қапталған орауды құрайды немесе оқшауландырғыштың сыртынан қапталған фольгадан тұрады. Жоғары сапалы кабельдерде оплетка мен фолга қатар қолданылады. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз етеді, бірақ оның құны жоғары. Коаксиал кабельдердің түрлері көп. Желіні жүргізген кезде кабельдердің түрлері талаптарға сай нақты таңдалуы керек. Сигналдың кабель бойымен жылжу барысында мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі.

Коаксиал кабельдердің түрлері. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай коаксиал кабельдердің түрі таңдалады (3-кесте).

Жіңішке коаксиал кабель: Диаметрі – 0,5 см. Қолдануға ыңғайлы және кез-келген желі үшін пайдаланылады. Желілік адаптердің тақшасына тікелей қосылады. Сигналды 180 м қашықтыққа дейін өзгеріссіз жеткізе алады. RG-58 тұқымдастарына жатады (кедергісі 50Ом). Негізгі айырмашылығы – мыс тамыр.

Жуан коаксиал кабель: Диаметрі – 1см. Қиылысуындағы тамыр жуанырақ. Сигналды 500 м қашықтыққа дейін тасымалдай алады. Негізгі магистральді кабель ретінде қолданылады. Арнайы құрылғы трансивер арқылы қосылады. Трансивер коннектормен (вампирдің тісі) немесе DIX-коннектормен жабдықталған. Орнату күрделі. Жіңішке коаксиал кабельге қарағанда құны жоғары.

Коаксиал кабельдердің жіктелуі

Поливинилхлорид (PVC) – көптеген коаксиал кабельдер үшін оқшаулауыш немесе сыртқы қоршау ретінде қолданылатын пластик. PVC кабелі жұмсақ болып келеді, оны бөлменің ашық жерлерінде жүргізуге болады, бірақ жанған кезде улы газдар бөледі.

Пленум – бұл төбе мен шатыр арқалығы арасындағы кішігірім кеңістік, оны көбінесе ауа тазартқыш ретінде қолданады. Пленумдық кабельдің оқшаулауыш қабаты мен сыртқы қоршауы отқа төзгіш материалдардан жасалған, олар жанған кезде түтінді аз бөледі, бірақ құны жоғары және қатты.

Коаксиал кабельдер келесі жағдайларда қолданылады:

· сөздерді, видео және екілік деректерді тасымалдаушы орта ретінде

· деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен кабельдермен салыстырғанда)

· деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін таныс технология

 

 

 

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Административно-правовые нормы: понятие, структура, виды, действие, реализация норм. | Генератор, генераторлар түрлері
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1022 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4454 - | 4100 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.