Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Н ұ рышева Гүлжиһан Ж ұ мабайқызы, философия  




Гүлжиһан Нұрышева

Философия

(лекциялар курсы)

Алматы 2006

ББК 87

Н87

"Қазақстан-Британ техникалық университеті " АҚ О қ у- ә дістемелік Кеңесінің шешімімен баспа ғ а ұ сынылган

П і к і р жазгандар:

ҚР Ғылым академиясының академигі,

философия ғылымдарының докторы Ғ. Есім

Философия ғылымының кандидаты Елеуқұлова Г.К.

Н 87 Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. - Алматы: «Зият Пресс», 2006.- 204 б.

І5В1М 9965-9776-8-2

Кредиттік технология жүйесіне сай дайындалған оқу құралында философия пәні бойынша лекциялар курсы, сонымен қатар силлабус, практикалық сабақтар мен студенттің өзіндік жұмысының үлгілері беріліп, күрделі философиялық тақырыптар түсінікті тілде баяндалған.

  Оқу құралы студенттер мен оқытушыларға. философия пәніне қызы-ғушылық танытушы көпшілік қауымға арналған.

ББК 87я7

Нұрышева Г.Ж.,2006

І8В1М 9965-9776-8-2 © Зият Пресс, 2006

 

Мазмұны

1. Түсініктеме.

2.Силлабус.

3. Тірек лекциялар.

1-Тақырып. Философияның мәні мен мақсаты.

2-Тақырып. Қазақ дүниетанымның негізгі ұғымдары.

З-Тақырып. Көне Үнді және Қытай философиясы.

4-Тақырып. Көне Греция философиясы.

5-Тақырып. Орта ғасырлық христиан және мұсылман философиясы.

6-Тақырып. Қайта өркендеу дәуірі философиясы.

7-Тақырып. Жаңа дәуір философиясы.

8-Тақырып. Неміс классикалық философиясы.

9-Тақырып. ХІХ-ХХ ғасырдағы Батыс философиясы.

10-Тақырып. Қазақ философиясы.

11-Тақырып. XIX ғасырдың соңы- XX ғасырдың басындағы орыс философиясы.

12-Тақырып. Онтологияның негізгі меселелері.

13-Тақырып. Ғылым философиясы.

14-Тақырып. Техника философиясы.

15-Тақырып. Дін философиясы.

4. Глоссарий.

5. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған нұсқаулар.

6. СӨЖ/СОӨЖ және оқытушымен бірге өзіндік жұмысын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар.

7.Студенттердің өз білімдерін тексеруіне арналған тест тапсырмалары.

8. Үлестірмелі материалдар.

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

Жоғары білім берудің кредиттік жүйесінде пән бойынша дайындалатын оқу-әдістемелік кешен аса маңызды. ОӘК оқытушы еңбегінің көрсеткіші және студенттің пән туралы білім жинауына қажетті материалдар жинақталған басты құжат десек те болады. Назарларыңызға ұсынылып отырған ОӘК кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту процесін жүргізуге республикада алғашқылардың бірі болып кешкен Қазақстан-Британ техникалық университетінде дайындалды. Университетте оқытудың озық технологиялары кеңінен қолданылады. Мысалы, ОӘК электрондық варианты университеттік Интернетте орналастырылған, яғни әрбір студент озіне қажетті материалдарды осы жүйеден алады. Сабақ жүргізілетін аудиториялар техникалық жағынан жақсы жабдықталған, сондықтан оқыту-шылар мен студенттер лекция немесе практикалық сабақтар бойынша дай-ындалған слайдтарды қолдану мүмкіндігіне ие.

Философия пәні бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешеннің негізгі құрамдас элементі - силлабус. Онда пән бойынша кредиттер саны, оқытушы туралы мәлімет, философиядан тірек лекциялар, практикалық сабақтар

және өзіндік жұмыстар саны, олардың тақырыптары, апталарға белінуі, тапсыру мерзімдері, курс көлемінде студент зерттеуге тиіс әдебиеттер, әрбір жұмыс бойынша қойылатын баллдар және тағы басқа мәселелер айқын керсетілген. Сонымен қатар, силлабуспен танысқан студент оқытушымен арақатынастың академиялық этика ережелерінен де толық хабардар бола алады.

  Оқу-әдістемелік кешенде философия пәнінен тірек лекциялар конс-пектісі берілген. Лекциялар тақырыптарын таңдауда оқытушы философия пәні бойынша Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сүйенді және университеттің техникалық бағытталғандығын ескерді. Соның нәтижесінде лекция тақырыптарының мазмұны студенттерге философия, оның тарихи дамуының негізгі кезеңдері, басты салалары, отандық қазақ философиясы, техника саласының болашақ маманына аса қажет ғылым және техника философиясы туралы мүмкіндігінше толық та жан-жақты білім бере алады деп ойлаймыз. Әрқайсысы белгілі бір басты мәселеге бағытталып дайындалған лекция мәтіндерінде әрбір тақырыптың негізгі терминдері мен ұғымдарына анықтама беріліп, тақырып мазмұнының қорытындысы мәтіннің соңында түйінделген және күрделі философиялық мәселелер түсінікті тілде баяндалған. Лекциялардың бәрі слайдтармен қамтамасыз етілген және олар сабақтарда үнемі қолданылады.

3

Глоссарийде курс шеңберінде жиі қолданылатын философиялық категориялардың анықтамасы берілген. Глоссарий студенттің пәнді игеру процесін жеңілдететіні сөзсіз.

Лекцияда талданған тақырыпты меңгеру дәрежесін, студенттің ойлау және өз ойын дұрыс жеткізе білу деңгейін көрсететін практикалық сабақтардың тақырыптары, оларда талқыланатын сұрақтар мен сабақтарға дайындық барысында студент басшылыққа алатын әдістемелік ұсыныстар да оқу-әдістемелік кешенде қамтылған.

Білім беру жүйесіндегі кредиттік технологияның маңызды компоненті - студенттің өзіндік жұ

мысы және студенттің оқытушының көмегімен атқаратын өзіндік жұмысы. Бұл жұмыстар философияның өзекті мәсе-лелерін зерттеуші ойшылдардың еңбектерін зерттеп-игеруге және аудито-рияда қысқаша тестерге жауап беруге бағытталған. Өзіндік жұмысты орын-дау міндетін анықтауда оқытушы белгілі бір реттіліктің болуын ескерді (эссе 3 аптада бір рет, қысқаша тестер 11-ші және 15-апталарда) және студент-терден жауаптылық, шығармашылық принциптерін талап етеді.

ОӘК-де студенттің өз білімін тексеруіне және қорьпынды емтиханға дайындалуына көмекші ретінде ұсынылатын тест тапсырмаларының үлгісі берілген.

Лекция және практика сабақтары барысында қосымша үлестірмелі материалдарға да ерекше назар аударылады. Әр түрлі философиялық жат-тығулар, ойшылдардың туындыларынан үзінділер және тағы басқа мате-риалдар ОӘК-де көрініс тапқан.

Ұсынылып отырған ОӘК философия пәнін еліміздің университеттерінде оқыту процесін жүргізуші ұстаздар мен пәнді игеруші студенттерге арналған көмекші құрал болады.

Н ұ рышева Гүлжиһан Ж ұ мабайқызы, философия  





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 893 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

3011 - | 2779 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.