Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ тілі лексикасының міндеті мен мақсаты.

    Жоспары:

1.Ұғымның дамуы.

2. Ұғым туралы лингвистикалық түсінік.

3. Сөз және лексикалық мағына.

4. Ұғым мен мағынаның айырмашылығы.

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –А., 2003. -65-70 бб.

2. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. -А, 1991. -82-88 бб.

3. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І бөлім. –А., 2003. -5-21 бб.

         Лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түрінде қалыптасқан баламалармен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да (гр. Фразис-сөйлемше, логос-ілім) төл обьект түрінде қарастырады.

       Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің мәнімен де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр.семасия-мән) ғылымымен де байланысты. Семасиологияның мәні түсіндірме сөздіктер жасағанда айқын байқалады.

Ұғым. Адамзат баласы қашанда өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнін, сыр-сипатын жете білуге тырысқан. Бірте-бірте олардың даму заңдылықтарын ашып, дүние танымын кеңейткен. Табиғат пен қоғам жайындағы біздің қазіргі ұшан-теңіз білімдеріңіздің шыққан бұлағы – түптеп келгенде еңбек пен ойлау Сөздің лексика-семантикалық табиғаты.

Ойлаудың ұғым, байымдау, ой қорытындысы аталатын үш формасы бар. Осылардың арасында лексикаға қатыстысы ұғым.

       Заттардың, құбылыстардың – сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде – жеке белгілерінің бейнеленуі түйсік деп аталады. Бір сөзбен айтқанда, түйсік- сезімдік танудың негізі.

         Сөздік мағына. Белгілі бір дыбыстық қабықпен – сөзформамен бірге дербес өмір сүретін біртұтас логикалық-грамматикалық мағынаны сөздік мағына деп түсінеміз. Сөздік мағына өз ішінде екіге бөлінеді: 1) лексикалық мағына; 2) лексика-грамматикалық мағына.

 Лексикалық мағына. Сөз мағынасы өте күрделі. Сөз мағынасының құрамдас бір бөлігі-лексикалық мағына. Сөздің өзге сөздермен қарым – қатынасқа, байланысқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін халық таныған логикалық-заттық ұғымы, лексика-семантикалық түсінігі лексикалық мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы адам санасында зат, құбылыс, әрекет жайында ұғым, түсінік пайда болғаннан кейін ғана қалыптасады Түбір арқылы берілетін, арнаула грамматикалық мағынасы болмайтын, лексикалық мағынамен жарыса қолданылатын, жалпыланған, дерексізденген мағынаны лексика-грамматикалық мағына дейміз. Сөздердің бойында лексикалық мағына менлексика-грамматикалық мағына жеке-жеке өмір сүрмейді, бірімен екіншісі біте қайнасып, араласып жатады. Лексика-грамматикалық мағына, өзге де грамматикалық мағыналар сияқтылексикалық мағынаның жетегінде болады, соның негізінде анықталады. Сөз лексикалық әрі грамматикалық мағыналардың жиынтығынан құралып, біртұтас мағынаны білдіріп, сөйлемнің кірпіші бола алады.

 2. Тілдік мағына. Тілдік мағына деп тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына элементтерін түсінеміз. Тілдік мағына өздігінен өмір сүрмейді, сөздердің лексикалық, грамматикалық мағынасымен тығыз байланыста болады, соған сүйенеді. Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мән-мағыналар өз ішінен екіге бөлінеді.: 1) парадигмалық мағына, 2) синтагмалық мағына. Сөз мағыналары сөздік мағына, тілдік мағына, парадигмалық мағына, синтагмалық мағына деп ғылыми-зерттеу, оқып-үйрену мақсатында ғана бөлінеді, күнделікті өмірде олар бұлайша жіктелмейді, ажыратылмайды.

       3. Парадигмалық мағына. Сөздік құрамдағы сөздер сөздердің қалай болса солай жинақтала салынған жиынтығы емес. Ақиқат дүниедегі заттар өзара байланысып, белгілі бір заңдылықтар бойынша байланысып жатса, сөздік құрамдағы сөздер де осылайша сараланады. Әлбетте, заттар арасындағы байланыс пен сөздер арасындағы байланыс тең түспейді. Адам ойында өзара белгілі бір байланысы бар сөздер топ – топ болып сақталады. Сөйлеу яки жазу кезінде кім де болса топтасқан сөздердің ішінен (өз мақсатына қарай) біреуін іріктеп алып пайдаланады. Тең дәрежелі тіл элементтерінің арасындағы байланыс парадигмалық байланыс деп аталады. Мұндай байланыс тілдік  жүйедегі сөздері ойда топтастыру, жинақтау, мағыналарын саралау арқылы жасалады. Парадигмалық байланыстар негізінде анықталатын мағына парадигмалық мағына немесе сабақтастық мағына деп танылады.

       

       2-лекция Сөздің сипаттамасы.

    Жоспары:

1.Сөзге тән белгілер.

2. Сөз мағынасының ұғымнан айырмашылығы.

3. Сөздің формасы мен мазмұны.

4. Сөздің қызметі.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –А., 2003. -65-70 бб.

2. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. -А, 1991. -82-88 бб.

3. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І бөлім. –А., 2003. -5-21 бб.

        Сөз - мағынасы мен түр-тұрпаты жағынан дара қасиетке ие тілдің бір бүтін бөлшегі. Адамдардың қарым-қатынас жасауы негізінен сөз арқылы жасалады. Сондықтан да ол тілдің ең басты бірлігі болады. Сөз байлығы ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бірден-бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен асыл мұра. Ол халықтың барлық білген білімі мен білігі, ойы мен идеясы, дүниетанымының көрінісі (М.Оразов. 165-189). Сөз- тілдік элементтердің ішіндегі ең бастысы. Ол тіл білімінің барлық деңгейлерінің зерттеу нысаны бола алады. Сөз-заттар мен құбылыстардың, олардың қасиеттері мен қимыл-қозғалыс, іс-әрекеттердің атауы. 

       Сөз дыбыстардың жүйелі, заңды тіркесінен жасалып, ол дыбыстар мен мағына бірлігінен тұрады. Демек, сөз болмыстағы заттар мен құбылыстардың, олардың белгілер мен қимыл-қозғалыстарының, болмыстағы обьективті шындықтың жалпыланған бейнесі.

       Сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады, дыбыссыз сөз жоқ. Сөз дыбыстық құрылымның жиынтығы, сол арқылы жарыққа шығады. Сөзді жасайтын дыбыстар қалай болса солай емес, тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстардан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі жүйеде келуі арқылы жасалады.

       Сөзге тән белгілер.

       Сөз бір дыбыстан да, дыбыстар тіркесінен де жасалады.Сөз деп танылу үшін дыбысталу мен мағынаның бірлігі тұруы қажет.

       Сөз –тілдің дыбыстық заңдары бойынша жасалған дыбыстық құрылым бірлігі. Кездейсоқ дыбыстар тізбегі сөз бола алмайды.

       Күрделі сөздер, тіркескен сөздер сыртқы тұрпаты жағынан сөз тіркесіне ұқсайды. Сөз тіркесі сыңарларының аралығына басқа бір сөздің енуі ықтимал болса, сөз тұйықтылығымен, өзінің құрамына басқа бір сөзді ендірмеу қасиетімен ерекшеленеді.

       Сөз мағынасының ұғымнан айырмашылығы. Ұғым адам санасында қалыптасатын категория болса, мағына тілде қалыптасатын категория. Осы себепті екеуінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Ең алдымен ұғымда ұлттық белгі болмайды. Ол қай тілде сөйлегенінеқарамастан, бүкіл адамзат қоғамына ортақ. Сөз мағынасында ұлттық белгі болады. Сөздің ұғымдық мағынасының үстіне әр ұлттың ерекшелігіне қарай пайымдық мағына үстелетіндіктен, тілдік айырма пайда болады. Мысалы, қазақтар қыстыгүнгі ызғарлы суықты аяз дейді, башқұрттарда аяз сөзінің мағынасы – шуақ. Осылайша тіл-тілден ұғым мен мағынаның айырмашылығын көрсететін сөздерді топтап көрсетуге болады.

 

       3-лекция Сөз мағынасының дамуы.

    Жоспары:

1.Сөз мағынасының кеңеюі.

2. Сөз мағынасының тарылуы.

3. Сөз мағынасының ауысуы.

4. Көп мағыналылық.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –А., 2003. -86-95 бб.

2. Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. -А, 1986.

3. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І бөлім. –А., 2003. -29-39 бб.

       Өзгеру, даму – тіл атаулының табиғатына тән өзіндік қасиеті.Олай болса, тіл-тілде сөз мағынасының да өркен жайып дамуы заңды. Мағыналық өзгерістерге сан алуан факторлар себепші болады. Солардың ішіндегі ең елеулісі – ішкі фактор мен сыртқы фактор. Егер сөз мағынасындағы өзгерістер тілдің ішкі өз жүесінен, өз заңдылықтарынан пайда болып жатса, ішкі себеп болады да, қоғамның тарихи-әлеуметтік дамуынан, мәдениет, өркениет жаңалықтарынан, қатынас жасау формасының ауысуынан, халықтардың қоныс аударуынан т.б. тыс жағдайлардан болып жатса, сыртқы себеп болады. Тіл дамуының ішкі себептерінің сыртқы себептерден негізгі өзгешелігі мынада: егер сыртқы себеп немесе оның әсері белгілі бір тарихи дәуірге тәуелді болса, ішкі себептер ешқандай мезгілмен шектелмейді. Ол барлық дәуірде, барлық жағдайда да тілдік өзгеріске үздіксіө түткі болып отырады [Қордабаев.Т. Жалпы тіл білімі. А.,1975].

Сөз мағынасының кеңеюі.  Сананың дамуына байланысты ұғым өрісі де ұлғаяды. Бұл процесс сөз мағынасының дамуына әсер етеді. Мағынаның нақтылықтан дерексіздікке, жалқылықтан жалпылыққа ауысуы сөз мағынасының кеңеюі деп аталады. Яғни сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ, бұрынғы мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз.

  Сөз мағынасының тарылуы. Бұл сөз мағынасының кеңеюіне қарама-қарсы құбылыс. Ұғымның дәлденіп жіктелуіне байланысты мағынаның дерексіздіктен нақтылыққа, жалпылықтан жалқылыққа ауысуы сөз мағынасының тарылуы деп аталады. Яғни, тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. 

Сөз мағынасының ауысуы. Көп мағыналылық. Белгілі бір сөз әдетте өзінің тура мағынасында қолданылады. Дәл сол сөз екінші, үшінші бір тіркестерде, сөйлем ішінде өзінің тура мағынасынан басқа мағынада, тіпті бір емес, бірнеше мағынада қолданылуы мүмкін. Сөздің қандай мағынада қолданылып тұрғанын контекст (сөз тіркесі, сөйлем) анықтайды. Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын көп мағыналылық деп атайды.

  Метафора. Заттар мен құбылыстар бір-біріне түрі мен түсі, қимылы жағынан, көлемі, аумағы, әйтеуір бір формасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Белгілі бір ұқсастығына қарай екі я одан да көп заттың немесе құбылыстың бір атаумен аталуы, соның негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора д.а. (грекеше-ауысу).  

       Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың екінші бір затқа немесе құбылысқа кеңістік, уақыт жағынан іргелес, шектестігі де сөз мағынасының ауысуына себепкер бола алады. Мұндай жағдайда сөздің бұрынғы ұғымы тұтасынан өзгеріске ұшырайды. Бір заттың не құбылыстың атауының екінші бір затқа не құбылысқа іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуынан пайда болатын туынды мағынаны метонимия деп атайды.

       Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны, кішінің орнына үлкенді қолданудың негізінде сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы синекдоха деп аталады.

 

       4-лекция Сөздің лексикалық мағыналарының негізгі түрлері..

Жоспары:

1.Тура немесе номинативті мағына

2. Фразеологиялық байлаулы мағына.

3. Синтаксистік шартты мағына.

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –А., 2003. -119-123 бб.

2. Фомина М.И.. Современный русский язык. Лексикология. –М., 1990. -36-44 бб.

3. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І бөлім. –А., 2003. -73-86 бб.

Сөздің бойындағы әр түрлі мағыналардың табиғаты бірдей емес. Олар шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіру жағынан өзара ұқсай бермейді. Осы себепті тіл білімінде сөз мағыналары әр тұрғыдан қарастырылып, түрліше топтастырылып жүр. Кеңестік тіл білімінде академик В.В.Виноградовтың сөздің лексикалық мағыналарына жасаған топтамасы кеңінен пайдаланылады. Ол сөздің лексикалық мағыналарының үш түрлі типін көрсетеді. 1) тура немесе номинативті мағына, 2) фразеологиялық байлаулы мағына, 3) синтаксистік шартты мағына.

Тура немесе номинативті мағына. Тура мағынасы бар сөздердің өзге сөздермен байланысы заттық-логикалық тұрғыдан айқындалады. Ондай сөздер заттар мен құбылыстардың бейнесімен тікелей қатынаста болады. Заттар мен құбылыстардың сөз тұлғасында тікелей бейнеленетін лексикалық мағынасы тура мағына деп аталады.

Тура мағыналы сөздердің тіркесіп жұмсалу қаблеті үлкен болады. Олар алуан түрлі сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, емін-еркін тіркесе алады. Тілде бірқатар сөздер бірнеше тура мағынаны білдіре береді. Академик В.В.Виноградов бұлардың біреуін ғана негізгі номинативті мағына деп таниды да, қалғандарын туынды номинативті мағына деп атайды.

2. Фразеологиялық байлаулы мағына. Қазақ тілінде ата қоныс, қасқа жол, қысыр сөз, тас төбе, су жаңа, шырт ұйқы, тал түс, оймақ ауыз, қас батыр, ата жау, су жорға, ну орман сияқты екі сөзден тұратын бір алуан тұрақты тіркестер бар. Бұл мысалдардағы ата, қасқа, қысыр, тас, су, шырт, оймақ, қас сөздері әрі тура, әрі ауыспалы мағынада қолданылады. Тура мағынасында әлденеше сөздермен тіркессе, ауыспалы мағынасында санаулы сөздермен тіркеседі. Мысалы, ата сөзінің тура мағынасы –«арғы әке», ол мекен, қоныс сөздерімен тіркесіп, «ежелгі» деген ауыспалы мағынада жұмсала алады. Сөйтіп, бұрынғы мағынасының үстіне бейнелі, көркем мағына үстейді.

3. Синтаксистік шартты мағына. Сөз әдетте, жеке-дара сирек жұмсалады. Көбіне сөйлем ішінде басқа сөздермен тіркесе қолданылады. Сөз сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқару барысында мағыналық жағынан құбылып, дағдыдан тыс, жалпыхалықтық тілдегі үйреншікті мағынасынан басқаша реңк алып, өзгеріп тұрады. Мұндай жағдай көркем шығармалардың тілінде жиі ұшырасады. Сөздің сөйлемде өзіне дағыдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына дап аталады.

 

       5-лекция Сөздің лексика-семантикалық топтары.

Жоспары:

1.Омонимдер.

2. Омонимдердің жасалу жолдары.

3. Омонимдердің түрлері.

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –А., 2003. -96-103 бб.

2. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. –А., 1974.

3. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І бөлім. –А., 2003. -46-58 бб.

 

 Тілімізде сыртқы формасы бірдей, бірақ білдіретін ұғымы басқа-басқа сөздер де, керісінше, сыртқы формасы басқа-басқа болғанмен, білдіретін ұғымы бірдей сөздер де бар. Мағынасы қарама-қарсы сөздер өз алдына бір төбе. Тіл білімінде бұларды лексика-семантикалық белгілеріне, өзара қарым-қатынасына қарап топтастыру дәстүрі қалыптасқан. Әр топтың өзіне тән ерекшеліктері бар.

1. Омонимдер. Қазақ тілінде дыбысталуы бірдей, бірақ ұғымы басқа-басқа бір алуан сөздер ұшырасады. Мысалы, І. Ас. Пісіру, даярлау. ІІ. Ас. Арту; ІІІ. Ас. Тамақ. Осы сияқты дыбысталуы бірдей, ұғымы басқа-басқа сөздерді омонимдер деп атайды.

Омонимдердің жасалу жолдары. Қазақ тіліндегі омонимдердің пайда болуы, жасалу жолдары түрлі-түрлі:

       Семантикалық даму нәтижесінде пайда болған омонимдер. Қоғамның дамуы барысында бір кездерде бір ғана мағына білдірген сөз бірнеше ауыспалы мағыналы сөзге айналады. Бара-бара мағыналарының арасындағы семантикалық байланыс мүлде жойылады. Мұндай құбылысты көп мағыналы сөздердің омонимдерге айналуы деп атайды. І. Қайшы. Бір-біріне қарама-қарсы, кереғар, үйлеспейті. ІІ. Қайшы. Әр түрлі нәрселерді кесу, қию үшін жүздерін қарама-қарсы бекіткен металл құрал. Соңғы мағына алғашқы мағынаның негізінде кейін пайда болған..

Сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған омонимдер. Дыбыстық құрамы өзгерген көне сөздер көне түркі жазба ескерткіштерінде, туыстас түркі тілдерінде, сондай-ақ қазақ тілінің диалектілерінде сақталып қалған. Жаңа формалар мен көне формаларды өзара салыстырғанда омонимдердің қандай дыбыстық өзгерістердің негізінде жасалғандығын айқындауға болады. Дыбыстардың түсіріліп айтылуы немесе өзге дыбыстарға ауысуы нәтижесінде пайда болған омонимдер тілімізде елеулі орын алады.

        



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
СӨЖ орындауға арналған студенттің уақыт бюджеті | Лекция Сөздердің қосалқы аталымдары.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 426 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

4516 - | 4286 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.