Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

БІРІШНІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫ»пәні  бойынша

Тақырыбы: МАТЕМАТИКА ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУІ

Орындаған: Тұрсынбай Оралхан

Курс білімгері

Факультет «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация»

Мамандық «Математика»

Тексерген оқытушы Тасжурекова Жазира

Бағасы:

« »                        201 ж.

Тараз, 2017

КІРІСПЕ

     Математика (грек - білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

     Бірінші кезең- математика, білім дағдыларың қолдану, жинақтау дәуірі. Ол ерте кезден басталып, б.з.б. 7 - 6 ғасырларына дейін созылады. Бұл дәуірде математика адамзаттың өмір тәжірибесіне тікелей тәуелді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан құралды.

      Екінші кезең математиканың өз алдына дербес теория, ғылым болып туу, қалыптасу кезеңі. Мұнда, көбінесе, сандар, скалярлық шамалар және қарапайым геометриялық фигуралар қарастырылды. Математика зерттейтін шамалар (ұзындық, аудан, көлем т.б.) тұрақты болып келді. Осы уақыттарда арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия және математикалық анализдің кейбір элементтері пайда болып, айрықша теория пән ретінде қалыптасты. Математика сауда саласында,жер өлшеуде, астрономияда, архитектурада қолданыла бастады. Бұл кезең тұрақты шамалар математикасы, элементтер матиматикасы кезеңі деп те аталды. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып, шамамен 17 ғасырда аяқталды.

     Үшінші кезең айнымалы шамалар математикасы немесе жоғарғы математиканың (математика, анализ, геометрия, т.б.) туу, қалыптасу кезеңі 17-18 ғасырдағы жаратылыстану мен техниканың жылдам дами бастауы математикаға қозғалыс пен тұрақсыздық идеяларын айнымалы шамалар және олардың арасындағы функционалдық тәуелділік түрде енгізу қажеттілігін туғызды. Нәтижесінде математиканың аналитикалық геометрия, дифференциалдық және интеграциалдық есептеулер, т.б. салалары пайда болып дифференциалдық теңдеулер теориясы мен дифференциалдық геометрия дами бастады. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты бағдарламалау теориясы пайда болды.

      Төртінші кезең қазіргі математика кезеңі. Есептердің жауаптарын сандық түрде беру үшін 19-20 ғасырда сандық әдістер негізінде математиканың жеке тарауы - есептеу математикасы пайда болды. Көптеген есептердің күрделі сандық шешімдерін ықшамдау және тездетіп шығару үшін электрондық есептеу машиналары, компьютерлер жасалына бастады. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты бағдарламалау теориясы пайда болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

         Математиканың шығу тегі және даму барысы ұзақ мерзімге созылды. Арифметиканың өзі дербес ғылым ретінде біртіндеп қалыптасқанымен, оның негізгі сан ұғымы өте ертеде, тарихқа дейінгі заманда,санау қажеттілігі туған кезде пайда болған. Геометрияның бастапқы қарапайым ұғымдары табиғатты бақылау, тікелей практикалық өлшеу тәжірибелерінен алынған. Математиканың бастапқы мағұлматтары барлық халықтарда болған. Ғылымның дамуына, әіресе Египетте (Мысыр), Вавилонда жинақталған мәдени дәстүрлердің ықпалы үлкен болды. Бұл елдерде 5-4 мыңжылдықтарда өзіндік мәдениет өркендеп, ғылым білім жинақталған. Күнтізбе жасау құрылыс салу, жер суару, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу, жан-жақты байланыс жасау ісі математикалық білім дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы қарапайым ережелері дәлелдеусіз қалыптаса басталды. Египетте санды эроглиф арқылы кескіндеу пайда болды, бүтін бөлшек сандарға арифметикалық 4 амал қолдану ережелері мәлім болды. Бір белгісізі бар теңдеулер, сондай-ақ қарапайым арифметикалық және геометриялық прогрессияларға келтірілетін есептер шығару тәжірибесі кездеседі. Египеттіктер төртбұрыштың, трапецияның, ұшбұрыштың ауданың, параллелипед пен табаның, квадрат пирамиданы дәл есептей білді, дөңгелек ауданын жуықтап тапты (П=з немесе П≈3,14).     

         Вавилондықтар сандарды көбейту, квадраттау, квадрат және куб, түбір табу, бөлу таблицаларын жасады; бірінші, екінші, үшінші дәрежелі теңдеуге келтірілетін есептер шеше білген. Олар астрономиялық өлшеулер жүргізігендіктен тригонометриялық білімдерден де хабардар болған. Пифагор теоремасы да вавилондықтарға белгілі болған. Бұл мағлұматтар мен дәстүрлер математиканың өзінше зерттелу пәні, әдістері бар ғылым болып бөлінуіне жағдай жасайды. Математика ғылымын дамытуға орта ғасырда Орта Азия мен Қазақстан өңірінен шыққан ғалымдар үлкен үлес қосты. Хорезмде  туып - өскен Әбу Абдаллаһ әл- Хорезмше тұнғыш рет математиканың негізгі саласы алгебра ретінде баяндады. Отырарда туып-өскен оның серіктесі Ғаббас әл-Жауһари (ІХ-ғ) шығыста алғашқылардың бірі болып параллель түзулер теориясын зерттей бастады. Отырарда туған      Әбу-Насыр әл-Фараби геометрия, тригонометрия, математиканың методологиясы т.б. салалар бойынша үлкен табыстарға жеткен. Бұлардың математика зерттеулері Әбу Райхан әл- Бируни, Омар хаям, Әбу Жафар ат-Туси, Ұлықбек Жамал Түркістани және т.б. еңбектерінде дамытылды ХҮ ғ. ІІ-жартысынан бастап Орта Азия мен Қазақстанда бірсыпыра себептердің салдарынан мәдениет пен ғылымның дамуы мейлінше төмендеп, ғылыми зерттеулер тоқтап қалды. Рухани мектептері мен медресселерде практикалық арифметика геометрия бойынша ғана қарапайым мағлұматтар берілді. Математика қазақ жерінде тек Қазан төңкерісінен кейін жаңа қарқынмен дами бастады. ХХ ғ. бастап көптеген қазақ ғалымдары математика тарихын зерттеп, дамуына үлкен үлес қоса бастады.Атап айтқанда Әбу Насыр Әл-Фараби, Жұмаділдаев Асқар, Жәутіков Орынбек, Тайманов Асан,Жәутіков Орынбек т.б. қазақ зиялылары ат салысты.

     Әбу Насыр Әл-Фараби - Отырарда туған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтады. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлегн. Енді әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Арифметика, яғни сан туралы ғылым. Математиканың бұл тарауы жөнінде Фараби былай дейді: «Арифметика екі ғылымды біріктіреді: біріншісі – практикалық арифметика; екіншісі – теориялық арифметика». Фараби, сөйтіп, арифметиканы практикалық және теориялық арифметика деп екіге бөлінеді. Ол, әсіресе, теориялық арифметикаға ерекше мән береді. Арифметиканың негізгі ұғымы сан. Фарабидің түсіндірілуі бойынша, сан объективті ақиқат нәрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептелуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік. Фарабидің айтуынша теориялық арифметика үш тарауды қамтиды: 1) сандардың бір-біріне қатыссыз жеке-дара қасиеттерін қарастыратын тарау (жұп және тақ сандар, кемел, жазық, т.б. сандар теориясы); 2) сандардың бір-біріне қатысты қасиеттерін қарастыратын тарау (теңдігі, теңсіздігі, қатынасы, пропорция, өзара жай сандар, еселі сандар, т.б.); 3) сандарға амалдар қолдану. Геометрия ғылымның мазмұны мен пәнін ғылым төмендегіше тұжырымдайды: «Геометрия екі ғылымды біріктіреді: біріншісі – практикалық геометрия, екіншісі – теориялық геометрия». Практикалық геометрия сызықтар мен беттерді ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер бетінде қарастырады. Теориялық геометрия сызықтары мен жазықтықтарды абсалют мағынада барлық денелерге ортақ мағынада қарастырылады.
        Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (1956 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туылған) – ғалым, физика- математика ғылым докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА- ның корреспондент мүшесі (1995). 1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, [[Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

        Алгебра біреу. Ол ұлтқа, дінге, мәдениетке, елге, жерге бөлінбейді. «Төрткен төртқараның» айырмашылығы неде? Тек қазақша атауында ғана. Асқар Жұмаділдаев Рух пен материя арасында математика бар деп есептеген.

        Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика- математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.

         Оразбаев Базарбай Мәметұлы 1912 жылы қарашаның 11 - ші жұлдыз Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Қараүңгір ауылында дуниеге келген. Физика-математика ғылымдарының докторы (1962), профессор (1965), Қазақстан Fылым Академиясының корреспондент мүшесі (1967). 1935 жылы Санкт - Пе­тербург (бұрынғы Ленинград) мемлекеттік университетін бітірген. 1937 - 1981 жылдарда ҚазПИ - де (қазіргі ҚазҰПУ), КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесінің математика және механика секторында ғылыми, педагогикалық басшылық кызметтерін атқарған. Heгiзгi ғылыми еңбектері алгебра және сандар теориясы мәселелеріне арналған. Оразбаев Алгебра ғылымы үшін маңызы бар Абельдік өрістегі сандардың орналасу заңдылығын зерттеген. Зерттеулері әлемдік деңгейге көтерілген. 100 ден астам ғылыми еңбектері, жоғары оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі бірнеше оқулықтардың авторы. 2 рет «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1981 жылы Алматыда кайтыс болған.

 

 

ОРЫТЫНДЫ

       Қортындылай келгенде ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перезенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалармен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор,таланттары ерекше биік тұрады. Олардың ғылыми идеялары болашаққа өзінің нұрын шашады. Математика адамдарға ой салу арқылы толғандырады,адамдардың ойын жетілдіреді. Басқа ғылымдар да адамның ойын жетілдіреді, алайда кеңдік, тереңдік,жүйелілік тұрғысынан алғанда оларды математикамен теңестіруге келмейді. Математика адамдардың ойшыл,салмақты болуға,ақыл парасаттылыққа жетелейді.Адамдардың екінің-бірінде «Математика ойдың гимнастикасы»деп айтатындары да осыдан болса керек.Бұның өзі математиканың адамдардың ойлау қабілетін жетілдіруде және дамытуда айрықша рөлі бар екенін түсіндіреді. Ендеше математика ойды зерттейтін, адамның ойын жетілдіретін және дамытатын ғылым екендігі анық. Ұлы математиктер математиканы дамытуда адамзатты ғажайып жаңалықтармен әлі талай қуантады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

2 "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" (2005),



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Рекомендации родителям для помощи при выполнении домашних заданий с детьми. | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 729 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2359 - | 2084 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.