Лекции.Орг
 

Категории:


Расположение электрооборудования электропоезда ЭД4М


ОБНОВЛЕНИЕ ЗЕМЛИ: Прошло более трех лет с тех пор, как Совет Министров СССР и Центральный Комитет ВКП...


Транспортировка раненого в укрытие: Тактика действий в секторе обстрела, когда раненый не подает признаков жизни...

Тақырып: Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни-әкстремистік ұйымдар және олардың саяси мақсаты.



1. Әкстремизм және терроризм ұғымдары. Әкстремизмнің түрлері.

2. Қазақстандағы әкстремистік және террористік әрекеттер, олармен күрес.

3. Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни-әкстремистік ұйымдар және олардың сипаттамалары.

4. «Таблиғи жамағат» (дағуатшылдар) ұйымы және оның қоғамдық қауіптілігі.

 

Терроризм – латын тілінен terror (террор) Қорқыту, өлім жазасына берумен үркіту, өлтіру және барлық сұмдық қаталдықтар

Терроризм – жарылыс істеу, өртеу не басқа әрекеттер, адамдардың апатына қауіп-қатер жасайтын, мүлікке зиян келтіру жасау немесе басқа қоғамдық қатерлердің болу ақыры, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға мақсатталған болса, халықты қорқыту не басқарушы органдар шешіміне әсері, және де нұсқалған әрекеттерді сол мақсаттарда қауіп-қатер істеу.

Терроризм теориясы жалпы мәселе болып табылады, себебі ол ешбір террорист дұшпансыз әр бір адамды өзінің құрбаны ете алады.

Терроризімнің құралы ретінде қарсы жауға арналған психологиялық артықшылық болып табылады, ол: не, қайда, қашан, не үшін кезекті соққы болатының білмейді. Терроризм – ол оның ұзақ мезімді болашағына есептелген және оның іске асыруына глобальді қарқындалған жүйке соғысы. Терроризм, «өркениеттендірілген» соғыс ретінде, шайқас алаңында жеңбейді,ол адамның ішкі психика дүниесінде жеңеді. Адамның немесе үлкен адамдар тобының мінез-құлқын өзгерті үшін оларды өлтіріп, жарақаттау міндетті емес, тек олардың саналарының құрылымы мен күйін өзгерту керек.

Терроризм себептерін басынан үш аспектіден қарастыруға болады.

Транснациональді қылмыстардың себептері – әкономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да тәртіптер (билікке таласу, меншікке, нарық өтімінде, әсер ету ортасының шегі, әлеуметтік теңсіздік, информациялық қайта өңдіру, бақылауға алынбаған ресурс өзгерістері);

Терроризм себептері – (әкстремизм, негізгі саяси, идеологиялық, діни және басқа көзқарастар т.б.);

Терроризмнің өршуі не бөлек террористік топтық актілердің (террористік ұйымдардың қалыптасуы, олардың жоғарғы әскери және басқа потенциалдары) себептері.

Қазіргі жағдайда терроризм қоғамда бар және соңғы өмірдің негізгі сферасына қатысты әр түрлі қайшылықтарға негізделген, көлемді және кең таралған әлеуметтік – саяси құбылысқа өзгерді; ол ең алдымен оның әр түрлі деңгейінде(мемлекетаралық, ұлтаралық, кластық, топтық)саяси қатынас аймағын қозғай отырып, күрделі құрамға және айыр форма жүйесіне ие,

Саясаткерлер негізсіз, қазіргі кезде адамға трансұлттық қылмыс пен халықаралық терроризм сияқты еш нәрсе қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Саяси зерттеулерде, ХХІғ. Дәстүрлі шиеленіс (әскери, әтникалық), зорлаудан(физикалық, қылмыстық) жаңа құрамды жаңа сапаға көшті, деп танылған.

Сид Ахмет Шанас (Египет) атты саясаткер негізді түрде, қару-жарақтың, әскери технологиялардың айтарлықтай өсуін ескеретін технологиялық дамуды абсурдты деп таниды. Бірінші орынға саяси қылмыстық және әскери терроризм шықты.

Әскери іс-әрекеттер өз мәні бойынша, өз параметрлері бойынша терроризмді еске түсіретін акция формаларын сақтайды. Бір жағынан зорлау қылмысының дәстүрлі формаларында терроризм әлементтері бар. Ендеше, терроризм интенсивті түрде және кері айналмай біздің өмірімізге кіреді.

11қыркүйектегі жағдайдан кейін, терроризм қоғамдық қауіпті, негативті болып табылатының ескеру керек. Бірақ терроризмнің саясатқа қандай қатысы бар?

 

Терроризм қауіп-қатерінеқарсы бағытталған негізгі қадамдар

Дегенмен, аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда террористік және әкстремистік іс-әркеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 1999 жылғы шілдеде республикада терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң қабылданды.

 

2003 жылғы желтоқсанда Президенттің жарлығымен терроризмнің және діни әкстремизмнің көріністерімен күресте барлық қауіпсіздік қорғау құрылымдарының неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы күрес орталығы құрылды және оған барлық арнайы құрылымдардың, құқық қорғау органдарының және өзге де ведомстволардың қызметін үйлестіру жүктелді.

2006 жылғы қазанда ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен келесі халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, олардың Қазақстан территориясындағы қызметіне тыйым салынды.

Кейін Астана қаласы сотының шешімімен сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами», «Аум Синрике» және Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы ұйымдарының қызметіне тыйым салынды.

Көріп отырғанымыздай, аталмыш «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдар халықаралық террористік құрылымдар болып табылады, олардың қызметі көбінесе Қазақстанның айналасына, көрші елдерге қарсы бағытталған болатын. Бұл жағдай олардың бізден гөрі сыртқы елдерге төніп тұрған қауіп-қатер екенін растағандай болды.

Осы тұрғыда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып, терроризм мен әкстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты және дамытып келеді.

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат

Қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында тыйым салынған террористік және әкстремистік құрылымдармен бірге, төмендегі діни ұйымдар да әрекетіне тыйым салынған болып табылады:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1) «Аль-Каида»,

2)«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»,

3) «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»,

4) «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»). 2. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

1) «Асбат аль-Ансар»,

2) «Братья-мусульмане»,

3) «Талибан» қозғалысы,

4) «Боз гурд»,

5) «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар»,

6) «Лашкар-е-Тойба»,

7) «Әлеуметтік реформалар Қоғамы».

3. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

1) «АУМ Синрикё»,

2) «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы».

4. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

«Түркістан ислам партиясы»

5. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

«Хизб-ут-Тахрир»

6. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен:

Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата), ол «Алла-Аят» деген атауға ие;

7. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен:

«Ата жолы» және «Ақ жол» ұйымдары;

 

1. «Аль-Каида» - әртүрлі елдердің соғысқұмар адамдары қаржыландыратын және қызметіне бағыт беретін халықаралық ұйым

Құрылған күні мен орны: 1988 жылы, Ауғанстан

Негізін қалаушы: Осама бен Ладен

«Аль-Каеданың» басты мақсаты: мұсылман елдеріндегі «шіріген» және «еретикалық» басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату болып табылады. «Аль-Каеда» антибатыстық радикалды бағытты ұстанады және Американы исламның басты жауы деп санайды.

2. «Алля - Аят» - аккультті сипаттағы қауіпті ілім. «Күн шапағымен» емделу (күнге қарап ем алу)

Басқа атауы: "Аят" Фархата ата, «Фархата Ата тобы».

Құрылған жылы: 1990, 1995жж.

Негізін қалаушылар: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғындары, Алматы облысының колхоз шопыры Абдуллаев Фархат Мухамедұлы және оның әйелі.

3. «Асбат аль-ансар» - маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым

Басқа атауы: “Партизан лигасы”

Құрылған күні мен орны: 1989 жылы, Әйн аль-Хильведе

Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди

Басты мақсаты: Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды батыстық ықпалдан қорғау. Ол Аль-Каедамен тікелей байланыста және оған кадрлар жеткізіп тұруға міндеттенеді. 2000 жылы «Асбат-аль-Ансар» Бейрутта Ресей елшілігін гранатеметпен атып тастады. МакДональдс рестораны мен БАҚ редакциясына шабуыл жасады.

4. «Аум-Синрике» («Алеф») – антиәлеуметтік бағытты ұстанған қауіпті тоталитарлық әкстремистік дін,

Басқа атауы: "Движение истины Аум", «Алеф».

Құрылған күні мен орны: 1984жыл, Жапония.

Көшбасшысы: - Секо Асахара (қазіргі таңда - Тидзуо Мацумото)

Басты мақсаты: биліккке ұмтылу. Әскерилендірілген ұйым. Дін өте құпия, әзотериялық сипатта құрылған.

Қылмыстық әрекеттері:

- 1995 жылы 20 наурыздағы «Аум Синрике» Асахараның тікелей бұйрығымен Токиоға газбен шабуылы, (12 адам өліп, 5000 адам зардап шекті).

- 1995 жылы 22 наурызда «Аум» ғимаратында 50 адам қоршалып, ессіз күйінде табылды.

- 1995 жылы 16 мамырда жапон полицейлері Секо Асахараны тұтқындады. 2004 жылы сот Асахараны кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.

- 2006 жылы 15 қыркүйекте Жапоняның Жоғарғы соты соңғы аппелациядан бас тартты. Қазіргі таңда үкім орындалған жоқ. Әлі күнге дейін 17 бап бойынша тексеру жұмыстары жалғастырылуда.

5. «Боз Гурд» - түрік әскерилендірілген ұйымы.

Басқа атауы: (азерб. Boz Qurd, тур. Boz Kurd), “Серые волки”.

Құрылған күні мен орны:1965-70 жж

Негізін қалаушы: полковник Альпарслан Түркеш

Басты мақаты: туранизм – түркі халықтарының біріккен мемлекетін құру. Бүгінгі таңда Европа, араб елдері, ТМД-да – 30 000 мың мүшесі мен 80 филиалы бар.

6. «Братья Мусульмане» - халықаралық діни-саяси террорлық ассоциация.

Басқа атауы: (араб. الإخوان المسلمون‎‎, Аль-Ихван аль-Муслимун)

Құрылған күні мен орны:1928жыл наурыз, Исмаилия (Египет)

Негізін қалаушы: оқытушы Хасан аль-Банна

Негізгі мақсаты: исламдық емес үкіметті жою және әлемдік масштабта «Ұлы Ислам халифаты» деп аталатын билікті құру.

7. «Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар» - халықаралық терроистік ұйым.

Басқа атауы: «Исламдық джихад тобы»

Негізін қалаушылар: «Өзбекстанның исламдық қозғалысы» жауынгерлері

Басты мақсаты: Өзбекстан территориясында террористік акциялар ұйымдастыру және елдің конституциялық құрылысын қирату.

8. «Шығыс Түркістанның исламдық партиясы» - халықаралық террористік ұйым.

Басқа атауы: "Исламское движение Восточного Туркестана", "Партия Аллаха", "Революционный фронт народов Восточного Туркестана"

Құрылған жылы: 1998

Негізін қалаушылар: Айсан Махсум и Абудукадир Япуцюань

Басты мақсаты: Қытайды террористік әдіспен қирату, Шынжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады.

9. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» - бірден-бір қауіпті халықаралық террористік ұйым.

Басқа атауы: «Исламское движение освобождения Узбекистана», «Партия исламского возрождения»

Құрылған жылы: 1996

Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев

Басты мақсаты: Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Олар "Аль-Каеда", "Талибан", "Хизб ат-Тахрир", "Братья-мусульмане" және т.б. ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ұйым көшбасшылары елдің конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді.

10. «Күрд Халық Конгресі»

Басқа атауы: «Конгра Гел», «Рабочая партия Курдистана»

Құрылған күні мен орны: 27 қараша 1978

Қозғалыс көшбасшысы: Абдулла Оджалан

Негізгі мақсаты: Қарулы күрес арқылы Түркияның оңтүстік-шығысында күрд мемлекетін құру. 1998-1999 жылдары Алматыда күрд диаспорасының көшбасшылары мен белсенділері антитүріктік бағытқа әкстремистік акция ұйымдастырды.

11. «Лашкар-и-Тайба» - Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан) әскерилендірілген әкстремистік суннитік топ.

Басқа атауы: «Армия Бога», «Вонство добра», «Армия Справедливого».

Құрылған күні мен орны: 1980, Кунар провинциясы (Афганистан)

Негізін қалаушы: профессор Хафиз Мухаммад Саид.

Басты мақсаты: әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтарға әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу.

13. «Шығыс Түркістанды азат ету қоғамы» - Шығыс Түркістанда едәуір белең танытқан террористік ұйым.

Басқа атауы: "Шығыс Түркістанның халықтық партиясы", «ШАТ»

Құрылған күні: 1994

Қозғалыс көшбасшысы: Майматин Айзлат

Басты мақсаты: ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында жеке мемлекет құру, қытай билігімен қарулы қақтығыс жүргізу.

14. «Талибан» қозғалысы – қашқын-пуштундарға арналған діни училищелерді (медресе) бітірген түлектерден құрылған ультраконсервативтік исламдық қозғалыс

Құрылған күні мен орны: 1989 жыл, Пәкістан.

Негізін қалаушы: молда Мухаммед Омар.

Қозғалыс орталығы: Кандағар қаласы (Ауғанстанның оңтүстік-шығысы)

Басты мақсаты: «Шынайы исламдық» мемлекет құру және ауған моджахедтарының барлық әскери-саяси топтарын Б.Раббани үкіметіне қарсы бағыттау.

15. «Хизб-ат-Тахрир-Аль-Ислам» - сунниттік діни-саяси әкстремистік ұйым.

Құрылған күні мен орны: 1953 жыл, Иерусалим, египеттік филиалы ретінде құрылды.

Негізін қалаушы: жергілікті шариғаттық апелляциялық соттың судьясы Такиуддин ан-Набхани Филасин.

Көшбасшысы: Ата Абу Рашта, Абдул Кадим Заллума ізбасары

Басты мақсаты: бірінші – Палестинадағы сионистік әкспансияға қарсы тұру, өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап – исламдық өмір бейнесін және исламдық мемлекетті қалпына келтіру.

 

Таблиғи жамағат (араб.: جماعة التبليغ‎, урдуша: تبلیغی جماعت‎, «(дін) тарату жамағаты»)— Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған.

 

№ 19 тақырып: Қазақстанда таралған дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діни ағымдар.

1. Қазақстан жеріндегі христиан дінінің тарихы.

2. Қазіргі Қазақстандағы православие шіркеуі.

3. Қазіргі Қазақстандағы католик шіркеуі мен протестантизм.

4. Қазіргі Қазақстандағы жаңа дәстүрлі емес діни ағымдар.

Христиандықтың Қазақ жерінде пайда болу тарихы. Христиандықтың Орта Азияда Мерві қаласында пайда болуы туралы мәліметтер ортағасырлық тарихшы Бируни еңбектерінде б.з. ІІІ ғ. деп беріледі. Тарихи деректерде III–IV ғғ. Христиандық культ жоралғыларын өткізу үшін ғимараттар салынғандығын айтады. IV ғ. басында Соғды, Самарқанд қалаларында христиандықтың несториандық бағытының (ерте христиандық бағыттарының бірі) митрополиясы құрыла бастағандығы туралы деректер бар. Византия мен Сирияда қуғын көрген несториандықтар Орта Азия территорияларына көше бастады. Патриарх Тимофей тұсында (VIII-IX ғғ.) түркілердің христиандықты қабылдады деген деректер бар.

Несториандықтармен қатар, Орта Азия жеріне, Иса Мәсіх тек құдайылық табиғатқа ие (христиандықтың басым бағыттары құдайылық пен адами болмыстар бөлінбейтін, Иса Мәсіхтің құдай-адам табиғатын) деген пікірдегі яковиттер – сириялық монофизиттер ене бастады. Сонымен қатар, осы аймақтарда Антиохтық патриархқа бағынатын көне сириялық православиелікті ұстанатын – мелькиттердің де болғандығы белгілі.

Алайда, түркілердің исламды қабылдауымен христиандық ықпалы әлсіреп қалды, XII-XIII ғғ. таман Орталық Азияда христиан қауымдастығы қалмады десе де болады.

Қазақстандағы православие тарихы. Православие Қазақстандағы дін ұстанушылар саны бойынша исламнан соң екінші орында тұрады.

Орыс православие шіркеуі Қазақстан территориясында ХІХ-ғасырдың ортасында пайда болды.

Дала өңірін әкімшілік және шаруашылық-әкономикалық меңгеруіне қарай христиандық біртіндеп тарады. Дала өңірінде әскери форпостпен қатар біртіндеп казак станицалары мен крестьяндық қоныстар пайда бола бастады. Бастапқыда Батыс Сібір мен Орынбор өңірінде пайда болды.

Орта Азиядағы алғашқы стационарлы православиелік шіркеу 1847 жылы Сырдария облысының Раим бекінісінде тұрғызылды. Үш жылдан кейін, 1850 жылы алғашқы ғибадатхана салынды.

1871 жылы Қасиетті Синод жарлығымен, Ресей императорының бекітуімен, Түркістандық епархия құрылды. Түркістандағы православиенің орталығы Верный қаласы болды.

ХІХ-ғасырдың 70-80-ші жылдары Түркістан өлкесінде белсенді түрде жаңа приходтар ашылып, стационарлық шіркеулер салына бастады. Жетісуда шіркеулер салу, жаңа приходтарды ашу қарқынмен басталды. Архитектор Андрей Павлович Зенковтың жобасы бойынша Верный қаласында 1907 жылы Вознесенский Кафедральды соборының құрылуы Қазақстандағы шіркеу сәулетшілігінің шыңы болып табылды. Бұл собор бүгінде Алматы қаласын безендіріп тұр, және ол Астаналық, Алматылық епархиялардың кафедральды шіркеуі болып табылады.

1917 жылы қазан айында мемлекет тарихында ғана емес, Православие шіркеуінің тарихында да жаңа дәуір басталды. Қазақстанда шіркеуді қудалау кеңестік биліктің орнауынан кейін бірден басталды. Және алғашқы жазалау (репрессия) жергілікті дінбасыларына тиді.

Оның артынан жалғасқан 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардың басындағы репрессияның жаңа толқыны Қазақстанда Орыс Православие Шіркеуінің діни қызметкерлерін жаппай жер аударудан басталды. Бұл кезең «коллективтендіру» үрдісінің басталуымен тура келді, яғни қазақтардың көшпелі тұрмысын жойып, республика территориясындағы қазақ ауылдары мен жер ауып келген орыстардың крестьяндық шаруалықтарын қиратумен тура келді. Бұл ұлы халықтық жұтауға, апатқа апарып соқты.

Ұлы Отан соғысы дінге деген көзқарасты өзгертті. Орыс Православие Шіркеуі Кеңес Одағы халықтарының ұлтжандық, патриоттық қозғалысында маңызды орынға ие болды. Православие Шіркеуінің тарихында жаңа кезең басталды, Қазақстанда қайтадан шіркеулер ашыла бастады.

Бұл кезеңде Қазақстан территориясындағы шіркеулік өмір ережесі туралы мәселе шешіліп жатты. 1945 жылы Қасиетті Синодтың қаулысымен Алматыда митрополит Николайдың (Могилевский) жетекшілігімен дербес Алматылық және Қазақстандық епархия құрылды.

КСРО-дағы діншілдер тәртібінде жаңа бетбұрысты кезең 1987-1988 жылдар аралығында болды, бұл жылдары ұлы мерейтой – Русь христиан дінінің 1000 жылдығы тойланды.

Русь христиан дінінің 1000 жылдығын Алматы қаласында мерекелеу 1988 жылдың тамыз айында өтті. Мерейтой салтанатына ресейлік иерархтар, Қазақстан дінбасылары, билік өкілдері және көптеген қазақстандық діншілдер қатысты.

Орыс Православие Шіркеуінің тәуелсіздік алған кезінен бастап көптеген православиелік жәдігерлер, оның ішінде бұрын тартып алынған шіркеулер де қайтарылды. Бұдан басқа, діни бірлестіктерге жаңа шіркеулер құрылысына арналған жер телімдері өтеусіз түрде берілді.

Қазақстандағы католик шіркеуі. Қазақстандағы алғашқы католик миссионерлері францискандық монахтар болды.-.Римдік жоғарғы дінбасының тапсырмасы 1245 ж. Ұлы хандарға Джованни дель Плано Карпинидің миссиясы аттандырылды. 1253-1255 жж. Тағы бір францискандық Гильом Рубрук Константинополден Қарақорымға сапар шекті, ол жүріп өткен жолдардың біразы қазіргі Қазақстан территориясына жатады. Рубрук жазбаларынан Орталық Азияның ортағасырдағы келбеті жайлы қызықты мәліметтер кездестіруге болады. Түркі хандарымен католик шіркеулерінің басшылары Николай IV және Иоанн XXII хат алысыпы тұрғандығы белгілі.

Қазақстандағы католицизм тарихы XVIIIғ. XIX ғ. екінші жартысында да жалғасты, осы кезеңдерде қазақ жеріне поляктар, әскерилер жер аударылды бастады. XIX ғ. соңында Қостанай қаласында Ом приходының бөлімшесі болып табылатын католик храмы жұмыс істеді. XX ғ. басында Қостанай приходының священниктері поляк-неміс католиктері орналасқан Ақмола Семей өңірлерінде діни рәсімдер өткізіп тұрды. 1917 ж. Қостанай приходына қарасты 6 мың католик және 8 ғибадат үйлері болды. Петропавл қаласында Пресвятого Сердца Иисуса (бұл қазақ жерінде революцияға дейінгі уақыттан бері сақталып қалған жалғыз католик шіркеуі) шіркеуі қызмет етті.

Қазақстандағы протестантизм. Еліміздегі протестантизмнің тарихы ұзақ мерзімдерді қамтиды. Ресейге қосылғаннан соң қазақ жерінде алғашқы әскери қоныстанушылар пайда бола бастады, олардың арасында неміс лютерандар да аз болған жоқ. Кейіннен осы дінге сенуші шенеуніктер, қолөнершілер мен шаруалары қоныстандырыла бастады. XIX ғ. 80-ж. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныстандыру күшейе түсті. Сол кезде лютеран, баптист, меннониттердің аздаған қауымдастықтары пайд болды. ХХ ғ. столыпиндік реформа қоныстандырудың жаңа толқынын тудырды, бұл өз кезегінде тұрғындардың конфессионалдық құрамын түрлендірді.

Протестантизм өкілдерінің қазақ жеріне жапай қоныстануы ХХғ. 30-40 жж. Сталиндік репрессия және күштеп жер аударулармен байланысты болды. Мысалға, осындай жер аударылғандардың құрамында Поволжьяның 360 мың немістер болды.

 

Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың тарихы. Қазақстандағы соңғы он жыл ішінде діни өмір көптеген жаңа діни ағымдардың көптеп пайда бола бастауынан байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа діндер шет елдік миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше көрсеткен кезі ХХ ғ. 90 ж., алайда жаңа діни ағымдардың келе бастауы кеңестік кезеңде басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің арқасында ориенталисттік бағыттағы (кришнаиттер, бахаи қауымы, «Трансцендентальная медитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың харизматтық тармақтары, «Иегова Куәгерлері», «Саентология» және басқаларының әсерлері байқала бастады.

Дәстүрлі емес діндерге салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай әтносқа қатысы жоқ ағымдарды жатқызылады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамда басым діндерге қарсы қояды. Көп тараған пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық догматтарға қайшы блып келеді. Олардың көптеп таралу құралы белсенді миссионерлік қызмет болап табылады.

 

Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуын ғалымдар шартты түрде екі кезеңге бөледі.

Бірінші кезең ХХ ғ. 30-50 жылдары. Осы кездері Қазақстан территориясына дін ұстанушылар қоныстадырылды, олардың ішінде «Иегова Куәгерлері», «Жетінші күн адвентисттері», елуіншілердің түрлі бағыттары және өзге конфессиялар өкілдері болды. Осы кезден Кеңес үкіметінің ыдырауына дейін атеисттік идеология жетекшілерінің түрлі қуғындарына қарамастан, олар өз дін сенімдерін жоғалтпады.

Екінші кезең 1980 жыдардың соңынан қазіргі кезге дейін жалғасуда. Кеңестік идеологияның орнына түрлі ағымдар келіп, олардың кейбіреулерін ұстану (мәселен, оккультизм) сәнге де айналған кездер болды. Осы тұста діни ағымдардың ең көп шоғырланған жерлері Алматы, Астана, Қарағанды секілді үлкен қалалар болды.

«Кришна санасы қоғамы», «Виссарион шіркеуі», «Трансценденталді медитация», «Бірігу шіркеуі» секілді ұйымдар өздері туралы белсенді түрде жариялай бастады. Баспа беттеріндегі жарияланымдар арқасында сатаналықтар мен неотілдік ағымдар кеңінен танымал бола бастады.

1990 ж. басында Батыста кең таралған бірақ қазақ жерінде бұрын болмаған протестанттық шіркеулердің саны күрт көбейді. Олардың белсенді миссионерлік қызметтері өз дін и сенімдерінің (ең алдымен харизматтық, пресвитериандық, методисттік, евангельдік) арттарынан ерушілер санын көбейтті. Олардың арасында танымалдары: «Грейс» («Благодать», «Ракым» және т.б.), «Жаңа өмір», «Агапе», «Живая лоза» және басқалары болды.

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың классификациясы. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың діни ілімдері қатаң бір жүйеге келтірілмегендіктен, әклектикалық негізде болғандықтан, табынушылық ғұрыптары жетілдірілмегендіктен белгілі бір топқа бөліп жіктеу қиын. Олардың арасында шекара жойылып кеткен. Дегенмен де, діни іліміне, догмалық ерекшелегіне, культ ерекшелігіне, мақсат міндеттері мен қолданатын әдістеріне қарай дәстүрлі емес діни ұйымдардың негізгі деген бағыттары зерттеу әдебиеттерінде былай көрсетілген:

1. Христиандық бағыттағы қозғалыстар «бірлестік Шіркеуі» немесе «Құдайдың балалары», «Христос Шіркеуі» т.б. Бұл бірлестіктер дәстүрлі христиандық сенімге сүйенеді. Солай бола тұра олар Библияны өздерінше түсіндіріп, дін туралы басқа да деректерге өзгерістер енгізеді. Олар негізгі басымдықты әсхатология (ақыр заман туралы ілім) мен мессиандыққа бере отырып, басшылары Құдайдың жіберген елшісінің деңгейіндегі пайғамбарларға саналады.

2. Ориенталистік бағыттағы ағымдар (қозғалыстар) «Кришна санасының қоғамы», «Құдайлық Сәуленің миссиясы», «Трансцендентальдық медитация», «Вайшнав-тар» т.б. Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Олардың ілімдерінің мазмұны – медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.

3. Сатанистік, оккультты-мистикалық ағымдар (қозғалыстар) христиандық ілімге қарсылық ретінде пайда болды. Бұл ағымның өкілдері саналы түрде зұлымдық пен жауыздықты ұлықтап, Сатана, шайтан сияқты зұлымдықтың көздерімен мистикалық байланысқа түсуге шақырады. Бұл ағымның белді өкіліне «Сатана Шіркеуі» жатады.

4. Сцентистік бағыттығы ұйымға «Саентология Шіркеуі» жатады. Аталған бағыттың өкілдері әртүрлі белгісіз мистикалық құбылыстарға назар аудара отырып, ол адамның физикалық, психикалық табиғатына әсер етеді деп түсіндіреді. Ұйымдарына жаңадан кіргізгісі келген адамның психикасына агрессивті түрде шабуыл жасайды. «Жаңа ғасыр» ағымы мектептер мен үйірмелер, қауымдастықтарға атын беріп көне өркениеттерге баса назар аударады (Атлантида, Гипербория). Олар бұл өркениеттерге балама тарих ретінде өздерінше сипат беріп әртүрлі теорияларды, құпия ұйымдар туралы ілімді ойлап тауып бір кездері осы өркениеттерді басқарамыз деген ойларын білдіреді. Жалғанпсихологиялық және парамедициналық ұйымдар психотерапевтикалық, дәстүрлі емес халықтық емдеу әдісі арқылы емшілікпен айналысады. Олардың ішінде көп тарағаны «Әлла-Аят» (фархатшылар), «Ата жолы», т.б.





Дата добавления: 2017-03-12; просмотров: 1346 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.019 с.