Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Емтихан сұрақтары. 2. Экономикалық теория пәні




1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.

2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.

3. Позитивті және нормативті экономика.

4. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

5. Меншік объектілері және субъектілері.

6. Меншік формалары.

7. ҚР-да мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, түрлері, әдістері, проблемалары.

8. Натуралды шаруашылық экономиканы ұйымдастырудың алғашқы тарихи формасы ретінде. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері және дамып өзгеруі.

9. Аырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы.

10. Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері. Тауар және оның қасиеттері.

11. Ақша жалпылама эквивалент ретінде. Ақшаның қызметтері. Нарық инфрақұрылымы.

12. Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау.

13. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері.

14. ҚР экономиксын қайта құру: мақсаттары мен кезеңдері.

15. Нарықтың мәні, қызметтері.

16. Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері.

17. Нарық механизмінің элементтері.

18. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.

19. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.

20. Нарық тепе-теңдігі.

21. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.

22. Тұтышушылық мінез-құлқы.

23. Өндіріс және ұдайы өндіріс.

24. Негізгі және айналмалы капитал.

25. Негізгі капиталдың тозуы. Амотизация.

26. Қор жинау мәні және жағдайлары.

27. Инвестициялар және оның түрлері.

28. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. 2. Тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындар.

29. Фирманың табысы: жалпы, орташа және шекті. 4. Өндіріс факторлары және факторлық табыстар. Еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік.

30. Жер рентасы және оның түрлері.

31. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Жалпы экономикалық саясаттың мақсаттары.

32. Қоғамдық өндірістің нәтижелері және олардың ЖҰӨ көрсеткішіндегі көрініс.

33. ЖҰӨ-ді есептеу әдістері. Баға индекстері.

34. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Жалпы экономикалық тепе-теңдік.

35. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы. Жұмыссыздық және жұмыс пен толық қамту ұғымы. Жұмыссыздықты өлшеу. Жұмыссыздық түрлері.

36. ҚР-да жұмыссыздықтың себептері және түрлері.

37. Инфляцияның себептері және түрлері.

38. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары. Қазақстандағы инфляция.

39. Нарықты экономиканың ауытқулы дамуы.

40. Экономикалық ауытқу және оның құрамы. Қысқа мерзімдік, ортамерзімдік және ұзақ мерзімдік ауытқұлар.

41. Экономикалық өсу және оның өлшемі

42. Экономикалық өсудің түрлері және жағдайлары. Экономикалық өсудің үлгілері.

43. ҚР-да экономикалық өсудің жағдайлары және факторлары.

44. Мемлекеттің экономикалық қызметтері.

45. Ақша жүйесі және оның элементтері.

46. Несие және оның қызметтері.

47. Ақша-несие саясаты және оның құралдары. ҚР-ның монетарлық саясаты.

48. Қаржы және қаржы жүйесі.

49. Фисқалдық саясат. ҚР-ның бюджет салық саясаты.

50. Халықаралық еңбек бөлінісі. Салыстырмалық артықшылық теориясы.

51. Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.

52. ҚР сыртқы сауда саясаты.

53. Сыртқы экономикалық реттеудің құралдары мен механизмі.

54. Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялар.

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті СМЖ ЖМУ/ОӘК 09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4 09-33 28.05.2015

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Экономикалық теория негіздері

(пәнің атауы)

Кафедра экономика

Тьютор Жунусова Г.А.

Мамандық 5В030100 «Құқықтану», 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»

Кредит саны 2

Пән циклі

Студенттер саны 10

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет аты Бар болуы Ескерту
Кітапханада, кафедрада қамтамасыз ету%
Негізгі   У01я73 Ж23 Жалпы экономикалық теория Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ.Шеденов 50 дана    
  У01я7 Ғ12 Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория. З2 дана    
  У051я73 К14 Казиева Л.Ж. Экономикалық теория. 50д    
Қосымша            
           
           
           
Электронды     У9(2)26я21 С25 Святов, С.А. Финансово-экономический словарь [Электронный ресурс] / С.А. Святов, А.Е. Ломейко, В.М. Ютиш.- Алматы: Экономика, 2008.- 1электр. опт.диск.. 2 экз    
             
Анықтамалық материалдар       Статистикалық жинақтар. http://www.stat.gov.kz   +    
Демонстрациалық материалдар (сонын ішінде Интернет)              

 

Глоссарий

Экономика — материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Экономикалық теория—адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурсын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.

Экономикалық категория — экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Экономикалық заңдар — бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Абстракция — абстракция терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты ұғымды болмыстан тыс және тек ойда елес ретінде түсіндіреді. Ал нақты нәрсе — бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы.

Ғылыми абстракция — зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

Иидукция — жекелеген фактілерден жалпыны шығару.

Дедукңия — жалпыдан жекеге қарай қозғалу.

Анализ — объектіні бөлшектеп зерттеу.

Синтез — объектіні жалпы зерттеу.

Қажеттіліктер — адамдардың өмір сүруді қолдау және ағзаның дамуы, тұлғаның дамуы өршуі керек, қандай да бір затты қанағаттандыруды талап ететін объективті түрде қажетсінуі.

Игілік — өз бойында белгілі бір жағымды мән бар, белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын және адамдардың мүдделері мен мақсаттарына жауап беретін процестің бәрі.

Қызметтер — нәтижесінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын адамньң белгілі бір мақсаттағы әрекеті.

Ресурстар — тауарлар мен қызметер өндіру кезіндегі адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті, пайдалануға әзірленген игіліктер.

Экономикалық саясат — мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі.

Позитивті экономика — дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар.

Нормативті экономика — елдің экономика туралы бағалау пікірлері.

Өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.

Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани кабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады.

Еңбек заты — болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар.

Еңбек құрал-саймандары — қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.

Өндіргіш күштер — бұл өндіріс құрал - жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.

Мұқтаждықтар — бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.

Капитал — бұл машина, құрал - жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Кәсіпкерлік қабілеттілік — арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықгы, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.

Өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығы — ресурстардың толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді.

Қоғамдық ұдайы өндіріс — қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесс.

Жай ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда кайталануы, сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Экстенсивті — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

Аралас — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту

Интенсивті — техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әулетті ұлғайту.

Меншік — бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік құқығы — белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы.

Табыс — меншіктің экономикалық қасиеті.

Меншік субъекті — меншік қатынастарының белсенді жағы, меншік объектіне иемдену құқығын білдіреді.

Жеке меншік — бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары.

Ұжымдық меншік — жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі.

Жылжымайтын мүлік — жер телімі, ғимараттар, жылжытуға келмейтін объектілер.

Меншік объекті — меншік қатынастарының пассивті жағын сипаттайды.

Жылжитын мүлік — транспорт құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқық.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1009 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2456 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.