Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мұрыннан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу. 4 страница




******

117) Науқас К., 23 жаста, оң жақ сирақтың төменгі үштен бірі аймағында ауырсыну, қызару мен ісінуге, қалтырауға, дене қызуының 39,5°С жоғарлауына, жүрек айну мен құсуға шағымданып, аурудың 4- ші күні үлескелік дәрігерге келді. 3 күн бұрын, жедел ауырды. Эпиданамнез: шопан болып жұмыс істейді, аяқ табандарында сызаттар бар. Жағдайы роташа ауырлықта. Дене қызуы 38,9°С. Оң жақ сирақтың төменгі үштен бірі аймағында айқын гиперемия ошағы бар, оның шеттері тегіс емес айқын, от жалындарын елестетеді, айқын ісінген, пальпация кезінде негізінен жиектері жағынан ауырсынады, геморрагиялық сұйықтығы бар екі көпіршік анықталады, регионарлы лифаденит. Осы клиникалық жағдай үшін ең тиімді диагнозды көрсетініз:©

Сібір жарасы, терілік форма©

Оба, терілік форма©

Тілме, эритематозды- буллезді форма©

Туляремия, жаралы- бубонды форма©

+Тілме, буллезді- геморрагиялық форма

 

118) Науқас М., 48 жаста, тромбофлебитпен ауыратын, жоғары 39-40 С температураға, қалтырауға, басының ауырғанына, құсқанға, оң жақ балтыр маңайының тырысып ауырғанына және қызарғанына шағымданып келдi.

Қарағанда: балтырының iшкi беткейiне таман айқын гиперемия мен инфильтрация, шеттерi тегiс емес, сау терiден айқын айырмашылығы бар, кейбiр жерлерінде iштерi серозды-геморрагиялық сұйықтыққа толған көпiршiктер бар. Лимфа түйiндерiнiң бойымен аздаған, инфильтрация және ауырсыну, шаптың лимфа түйiндерi де ауырсынады. Анамнезiнде: бұдан жарты жыл бұрын осы аяғында тiлме болған.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды-буллездi түрi

2. қайталанған тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

3. алғашқы тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

4. рецидивтiк тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

5. қайталанған тiлме, эритематозды-буллездi түрi

 

********

119) Келесi клинико –эпидемиологиялық белгiлер жинағы қандай ауруға тән: науқас Д., 35 жаста, зоотехник. Ауруының 2-шi күнi төмендегiдей шағымдармен түскен: дене қызуының жоғарлауы, қалтырау, бұлшық етте ауырсыну, бас ауруы, жүрек айну, құсу., ұйқысының бұзылуы, сонымен қатар сол жақ аяғында сыздап ауырсынады.

Анамнезiнен: Ревматизммен есепте тұрады.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Т-38,4С, терiсi құрғақ, түсi өзгермеген.Сол жақ балтырдың төменгi бөлiгiнде шекарасы анық, шетi тегiс емес, гиперемия, жалын тәрiздi, пальпацияда ауырсынады, бетiнде бiрнеше геморрагиялық көпiршiк бар, көпiршiк жарылған жерде қара қабыршақтар бар. Перифериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында V-Боткин нүктесiнде систоликалық шуыл естiледi. Пульсы минутына 100 рет. АКК-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi, зәрi қалыпты.

1. тiлме, эритематозды түрi

2. тiлме эритематозды-буллезды түрi

3. +тiлме, буллездi геморрагиялық түрi

4. сiбiр жарасы, эдематозды түрi

5. сiбiр жарасы, карбункулездi түрi

 

************

120) Келесi клинико-эпидемиологиялық жағдайда диагнозды көрсетiңiз: науқас К., оң жақ балтырда ауырсынуға, қызару, iсiнуге, қалтырау, дене қызуының 39,5 С-ке жоғарлауына, жүрек айнып құсуына шағым жасайды. 3 күн бұрын бiрiншi рет жедел ауырған.

Эпиданамнезi: науқастың тұратын жерiнде сiбiр жарасымен ауырған жануар тiркелген. Өзi малшы болып жұмыс iстейдi.

Обьективтi: оң жақ балтырдың төменгi 1/3 бөлiгiнде анық, шетi тегiс, ашық қызыл түстi, "жалын" тәрiздес жара бар. Пальпацияда ауырсынады, бетiнде, iшiнде геморрагиялық сұйық бар екi көпiршiк анықталады, регинарлы лимфаденит.

1. сiбiр жарасы, терiлiк түрi

2. оба, терiлiк түрi

3. бiрiншiлiк тiлме, эритематозды буллезды түрi

4. туляремия, жара бубонды түрi

5. iшек иерсиниозы, эритема

 

******

121) 35 жастағы науқас, аңшы, күні дене қызуының 39,2°С жоғарлауына, басының ауырсынуына, әлсіздікке, оң жақ шап аймағындағы айқын ауырсыну мен ісінуіне шағымданып, аурудың 5-ші түсті. Жағдайы ауыр. Сөзі ұғынықсыз, науқас шалқасынан жатыр, оң жақ аяғы жамбас- сан және тізе буындарында бүгілген. Оң жақ шап аймағында ұлғайған лимфа түйіндері анықталады, диаметрдегі өлшемі 5 -8 см, айқын ауырсынады, пальпациялағанда қозғалыссыз, үстіндегі терісі жылтыр, қою- қызыл түсті. Сіздің диагнозыңыз:

А) Туляремия, бубонды форма

В) Жұқпалы мононуклеоз

С) Оба, бубонды форма

Д) Аденовирусты инфекция

Е) АИВ- инфекция (полиаденопатия)

 

***********

122) Науқас 30 жаста, аңшы, ауруының 3-ші күні дене температурасының 39,0С көтерілуіне, бас ауруына, әлсіздікке, сол жақ шап аймағындағы ауырсынуға шағымданып келіп түсті. Жағдайы ауыр, сөзі анық емес, арқасымен жатыр, сол аяғы жамбас және тізе аймағынан бүгілген. Сол жақ шап аймағында лимфа түйіндері ұлғайған, диаметрі 7-8см, жедел ауырсыну, палпацияда қозғалыссыз, үстіндегі тері жылтыр, қошқыл-қызыл түсті. Сіздің диагнозыңыз?©

Туляремия©

Инфекциялы? мононуклеоз©

Оба©

Аденовирусты инфекция©

АИТВ-инфекция (полиаденопатия)

**********

123) Төмендегi клинико-эпидемиологиялық симптомдар жинағы тән ауруды көрсетiңiз: Науқас С., 28 жаста, ауруханаға сырқатының 5-шi күнi түскен. Шағымдары: сол аяғының тобық аймағында ауырсынған жараға,шап аймағының ауырсынуына, температурасының көтерiлуiне, енжарлыққа. Жедел ауырған, аяғында қызарған дақ пайда болып, қышыған, температурасы 38С-ке көтерiлген, бiраз уақыттан кейiн дақ қызыл тығыз iсiкке айналып, жарылған, орнында ауырсынған жара пайда болған. Сонымен қатар сезiнуi нашарлаған, сол жақ шабында ауырсынатын және тығыздалған iсiк пайда болған.

Эпиданамнезi: Геолог, Монголиямен шекарадағы зкспедицияда жұмыс iстейдi.

Обьективтi: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 38,2С. Аздап қозған, бетi қызарған, аздаған склера тамырларының иньекциясы. Сол жақ аяғының тобығының iшкi жақ аймағында 2 см диаметрмен жара, түбiнде инфильтрат, шеттерi терi деңгейiнде, маңайы аздап қызарған және iсiнген, жарада серозды геморрагиялық сұйықтық, пальпация кезiнде қатты ауырсынады, шап аймағында орман жаңғағының көлемiндей лимфаденит шеттерi айқындалмаған, өте қатты ауырсынады. Басқа органдар бойынша өзгерiс жоқ, тек қана тахикардия байқалады.

1. туляремия

2. сибир жарасы

3. тiлме

4. оба

5. терi лейшманиозы

 

***********

124) Төмендегi клинико-эпидемиологиялық комплекс қандай ауруға тән екендiгiн көрсетiңiз: науқас 40 жаста, 4 күн бұрын түйенiң етiн бөлгеннен кейiн жедел ауырған. Дене қызуының көтерiлуiне, қалтырау, қатты бас ауруына, басы айналуына, әлсiздiкке, бұлшық еттерiнiң ауырсынуына, жүрегi айнуына шағым айтады.

Қарағанда: жағдайы ауыр. Т-40С. Науқас мазасыз, есту галлюецинациясы, түрiнде қорқыныш. Теңселіп жүредi. Бетi қызарған, коньюктивит. Бетi iсiнген, көгерген, көзiнiң асты қарайған шектер тәрiздi. Терiсi құрғақ, ұстаған кезде ыстық, жиi петехиальды бөртпелер бар. Өкпесiнде әлсiреген, везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ.Тыныс алу жиiлiгi 20 минутына, жүрек тондары тұйықталған. Пульсы минутына 120. АКК-90/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған, жұмсақ, таңдайында ұсақ нүктелi қан құйылулар бар. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Динамикасында науқастың жағдайы төмендеген, ентiгу күшейген, пульсы жiпше тәрiздес,саналмайды. АКК-60/0 мм.с.б.б. құсығы кофе түстес, нәжiсi қарайған, өкпе, жүрек жетiспеушiлiгiнiң жоғарлауы салдарынан науқас өлдi.

1. обаның бiрiншiлiк-септикалық формасы

2. обаның екiншiлiк-септикалық формасы

3. обаның бiрiншiлiк өкпелiк формасы

4. обаның екiншiлiк-өкпелiк формасы

5. сiбiр жарасы, герализденген формасы

 

 

********

125) Науқас Р., 27 жаста, дене қызуының 38,9°С дейін жоғарлауына, бас ауырсынуына, әлсіздікке, оң жақ қолтық асты аймағындағы ісінуге шағымданып, аурудың 6-шы күні үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды, дене қызуы қалтыраумен 38,8°С дейін жоғарлады, бас ауырсынуы, әлсіздік, бұлшықет ауырсынулары, пайда болды, кейін оң жақ қолтық асты аймақта ісінуі пайда болды. Сырқаттанғаннан бір апта бұрын аңға шықты, қояндар мен ондатралардың терісін шешті.Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7°С, беті қызарған, ісінген. Көз тамырларының инъекциясы. Оң жақ қолтық асты аймақта грек жаңғағына дейін ұлғайған, аздап ауырсынатын, шеттері анық, қозғалмалы лимфа түйіні пальпацияланады. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, пульс 76 рет минутына, АҚ 115/70 мм.с.б. Бауыр шеті пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз:

А) Аденовирусты инфекция

В) Туляремия, бубонды форма

С) Оба, бубонды форма

Д) Жұқпалы мононуклеоз

Е) Жедел бруцеллез

**********

126) Науқас К., 40 жаста, мұғалім, дене қызуының жоғарлауына, тамағының ауырсынуына шағымданып аурудың 5- ші күні түсті. Жедел ауырды, дене қызуы қалтыраумен 38,7°С дейін жоғарлады, кейін тамағының ауырсынуы қосылды. Оқушылар арасында ЖРВИ жағдайлары болды. Жағдайы орташа дәрижелі. Дене температурасы 38,6°С, бозарған, енжар. Ауырсынатын жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 110 соққы минутына. АҚ 100/60 мм.с.б. Араңында- шырышты қабаттың көкшіл реңді тоқыраулы гиперемиясы, бадамша бездері ұлғайған, бір- біріне жақындаған, тілше ісінген. Бадамша бездері мен тілшеде тығыз сұр- кір түсті жабын бар, оны алған кезде астындағы тін қанталайды, қиындықпен алынады. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Сіздің диагнозыңыз:

А) Аденовирусты инфекция

В) Араң күлі

С) Жұқпалы мононуклеоз

Д) Листериоз, баспа формасы

Е) Туляремия, баспа- бубон формасы

*******

127) Науқас Р, ауруының 6-шы күні дене температурасы 38,9°C көтерілуіне, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, оң жақ қолтық асты аймағы ісінгеніне шағымданды. Ауру басталғаннан 1апта бұрын аңға шыққан, қоян терісін сыпырған. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38,7°C, беті гиперемирленген, склера тамырлары иньекциясы. Оң жақ қолтық асты аймағында пальпацияда грек жаңғағы тәрізді аздап ауырсынатын, контуры тегіс, лимфа түйіндері қозғалмалы. Бауыр шеттері палпацияланады. Диагнозды көрсетіңіз.©

Аденовирусты инфекция.©

Туляремия, бубонды форма.©

Оба, бубонды форма.©

Инфекциялық мононуклеоз.©

жедел бруцеллез.

***

 

128) Келесi клиникалық эпидемиология жинағы қай ауруға тән: науқас 48 жаста, шопан, ауруханаға мынандай шағымдармен түстi. Дене қызуы көтерiлген, басы ауырған, бұлшық еттерi ауырсынады, енжарлық, әлсiздiк, оң жақ көз қабағы iсiнiп, оң көзiнен iрiңдi бөлiнiстер пайда болған. Бұдан 3 күн бұрын жедел ауырған-дене қызуы қалтыраумен 39С-ке дейiн көтерiлдi, басы ауырды, басы айналды, бұлшық еттерi ауырсынып, ұйқысыздық болды. Бiраздан кейiн оң жақ қабағында iсiну пайда болып, оң көзiнен iрiңдi бөлiнiстер ақты.

Эпиданамнез: ондатр аулаған, ауырмастан 4 күн бұрын кене шаққан.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38С, оң жақ қабырғасы бiршама iсiнген, көзi қызарған, кезiнде мөлшерi 3 х 2 мм жара бар, одан қою iрiң ағады. құлағының маңайында мөлшерi 2,5х2 см, шеттерi айқындалған, аздап ауырсынған лимфа түйiндерi пальпацияланады. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 70, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, ауырсынбайды. Бауырының шетi пальпацияланады. Көкбауыры ұлғаймаған. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1. туляремия, көз бубонды түрi

2. адеовирусты инфеция, коньюктивит

3. герпетикалық инфеция, кератоконьюктивит

4. стафилакоккты инфекция, кератоконьюктивит

5. көз дифтериясы

 

********

129) Келесi клиникалық-эпидемиологиялық сипаттама қай ауруға тән: науқас С., 29 жаста, аңшы, мынандай шағымдармен ауруханаға түстi. Дене қызбасы көтерiлген, басы ауырады, әлсiздiк, терең дем алғанда кеудесiнде ауырсыну байқалады, жөтелi аз мөлшерде қақырықпен.

4 күн бұрын ауырған-суфебрильды дене қызбасы болған. Жалпы енжарлық, кеудесiнiң ауырғанын байқаған, жөтелi алғашқыда құрғақ, одан кейiн қақырықпен болған.

Эпиданамнезi: ауырмастан бiр апта бұрын ондатрдың терiсiн сыпырған. Осы науқаспен бiрге жұмыс iстейтiн кiсi бiр уақытта мынандай шағымдармен келдi: дене қызбасының көтерiлуiне, мойнында грек жаңғағы мөлшерiндей, аздап ауырсынатын iсiк тәрiздi түзiлiстiң болуына.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызбасы 38С. Науқас жылдам қимылдайды, сұрақтарға жақсы жауап бередi, бетi қызарған, аздап iсiнген. Перифериялық лимфа түйiндерi ұлғаймаған. Өкпесiнiң артқы төменгi бөлiгiнде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады. Сол жерде құрғақ және ылғалды ұсақ көпiршiктi сырылдар бар. Тыныс алу жиiлiгi 16. Жүрек тондары тұйықталған.Пульсы минутына 68, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ,ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасынан 2 см-е төмен. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда. Рентгенологиялық зерттеуде кеуде қуысының лимфа түйiндерi ұлғайған, өкпесiнiң артқы төменгi бөлiгiнде қараңғы аймақ байқалады.

1. оба, алғашқы өкпе түрi

2. сiбiр жарасы, өкпелiк түрi

3. крупозды пневмония

4. туляремияның өкпелiк түрi

5. Ку-қызбасы

 

********

130) Келесi клинико-эпидемиологиялық белгiлер жинағы қай ауруға тән: науқас П., 38 жаста, шопан, мынандай шығамдармен түстi: дене қызуы көтерiлiп, қалтырау болды, басы ауырып, жұтынғанда тамағы бiраз ауырады.

Жедел ауырған, бұдан 4 күн бұрын дене қызуы 38С-ке дейiн қалтыраумен көтерiлген, басы ауырып, бұлшық еттерiнiң ауырсынуын сездi, әлсiздiк, тамағының ауруы пайда болды.

Эпиданамнез: ауырмастан бiр апта бұрын ондатрдың, қоянның терiсiн сыпырған, кене шаққан.

Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, дене қызбасы 38,6С, бетiнiң қызаруы, iсiнуi, склера тамырларының қызаруы байқалады. құлағының маңайындағы, жақ асты лимфа түйiндерi өрiктiң мөлшерiндей ұлғайған, шеттерi айқындалған, астыңғы тканьмен бiрiкпеген, аздап ауырсынады. өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырылы жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 64, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған, көмейiнiң шырышты қабаты қызарған, оң жақ миндалинасы ұлғайған, бозғылт ақ некротикалық жабындымен жабылған. Жабындыны алған кезде орнында терең жара қалады. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Көкбауыры ұлғаймаған. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1.туляремия, бубонды түрi, көмей дифтериясы

2.көмей дифтериясы, жайылған түрi

3.көмей дифтериясы, локальды түрi

4.туляремия, ангинозды-бубонды түрi

5.дифтерия, субтоксикалық түрi

 

************

131) Келесi клиникалық-эпидемиологиялық жинағы қай ауруға тән: науқас 40 жаста, мынандай шағымдармен ауруханаға түстi: басының ауырғаны, дене қызбасының көтерiлуi, жалпы енжарлық, бiлегiнде жараның пайда болғанына.

Бұдан 5 күн бұрын ауырған, қалтыраумен дене қызбасы 39С-ке дейiн көтерiлген, басы ауырған, бұлшық еттерi ауырған, бiраз уақыттан кейiн бiлегiнде жара пайда болды және қолтық асты аймағында iсiк пайда болды.

Эпиданамнез: ауырғанынан бiр апта бұрын аң аулаған, қоянның терiсiн сыпырған.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,8С.Терiсi құрғақ, түрi өзгермеген. Бетi қызарған, iсiнген, склера тамырларының иньекциясы байқалады. Оң жақ бiлiгiнiң жоғарғы аймағында терең емес шеттерi көтерiлген, аздап ауырсынатын жара бар. Жарадан серозды iрiңдi бөлiнiстер байқалады. Оң жақ қолтық асты аймағында мөлшерi грек жаңғағындай, шеттерi айқындалған, терiмен жабыспаған, лимфа түйiндерi пальпацияланады. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 62. АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, бауырының шетi пальпацияланады. Көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда.

1.сiбiр жарасы, терiлiк түрi

2.оба, бубонды түрi

3.туляремия, жаралы бубонды түрi

4.терi лейшманиозы

5.туляремия, бубонды түрi

 

***********

132) Төмендегi симптомдар жинағына сәйкес нозологияны көрсетiңiз:

Терiсi үстiнде қан араласқан сұйықтық толған, қызғылт түстi инфильтративтi орналасқан пустула шығып, бiраздан кейiн жарылып, ойық жараға ауысқан, оның түбi қоңыр қабыршақпен жабылып, қатты ауырсынады.

1. туляремия, терiлiк –бубонды формасы

2. оба, терiлiк-бубонды формасы

3. сiбiр жарасы, тзеiлiк формасы

4. тiлме, буллездi геморрагиялық форма

5. АИВ ауруы, екiншiлiк көрiнiстерi, Капоши-саркомасы

 

*******

133) 31.Науқас Р., 40 жаста, терi заводының жұмыскерi, ауруханаға төмендегiдей шағымдармен түстi: дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, шаршағыштық, оң жақ қолының басында жара пайда болу. 2 күн бұрын жедел ауырған. Дене қызуы 38-39С-қа дейiн жоғарлап, басы ауырып, өзiнiң әлсiрегенiн сезген. Оң жақ қол басында қышыма дақ пайда болып, бiр тәулiктiң iшiнде қара қабыршақпен басылған, маңайы қызарып бөрткен жараға айланды.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,8С. Терi жабындысы құрғақ, түсi өзгермеген. Перифериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы минутына 90 соғу, АҚҚ-115/70 мм.с.б.б. Тiлi ақ түкпен жабылған. Iшi жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Оң жақ қолында айқын iсiк бар, қолының сыртқы бетi ауырсынусыз. Ортасында 3х4 см көлемiндегi қара қабыршақпен жабылған жара, маңайында ұсақ көпiршiктермен қоршалған.

Диагнозын қойып берiңiз:

1. сiбiр жарасы, карбункулездi түрi

2. оба, терiлiк түрi

3. туляремия, жаралық - буллездi түрi

4. тiлме, эритематозды – буллездi түрi

5. тiлме, буллездi-геморрагиялық түрi

 

********

134) 22 жастағы науқас, мал базасының жұмысшысы дәрiгерге оң жақ бiлегiнiң iсiнуiне, ортасында ойық жара қалыптасуына, енжарлыққа дене қызуының жоғарлауына шағымданып түстi.

2 күн бұрын жедел ауырған. Алдымен шаршағыштығын, енжарлық сезiнiп, бiлегi қыши бастады. Кешке жақын қолы iсiп қызарып, ортасында ойық жара қалыптасты. Дене қызуы 39С-қа дейiн жоғарлады.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Оң қолы iсiнген.Ортасында 4х5 көлемдегi, қара құрғақ қотырланған ойық жара. Маңайы қызарумен қоршалған, шеттерiнде везикула түрiнде бiрнеше элементтер шыққан. Сипап қарағанда жара ауырмайды, iрiңдi бөлiнiс байқалмайды. қолтық асты лимфа түйiндерi үлкейген түрде пальпацияланады.Iшкi ағзалар жағынан өзгерiссiз.

Диагнозын қойып берiңiз:

1. туляремия-жаралы бубонды түрi

2. оба, терiлiк-бубонды түрi

3. сiбiр жарасы, терiлiк түрi

4. стафилококкты инфекция, карбункул

5. тiлме, буллезды-геморрагиялық түрi

 

********

135) Науқас В., 40 жаста. Ауырар алдында 4 күн бұрын ауру сиырдың етiн бұзған. Ауруханаға 2 күннен кейiн төмендегiдей шағымдармен түстi: дене қызуының жоғарлауы, қатты қалтырау, кеудесiнде сұққылап ауырсыну, түшкiру,қан араласқан қақырықты жөтел, iшiнде кескiлеп ауырсыну.

Қарағанда: жағдайы өте ауыр, дене қызуы 40С. Есi адасқан, терiсi көгерген. Өкпесiнде перкуторлы дыбыс тұйықталған, төменгi бөлiгiне қарай абсолюттi тұйықтыққа ауысқан, дымқыл ұсақ көпiршiктi сырыл бар. АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Iшi кепкен, пальпацияда ауырсынады. Динамикасында науқас жағдайы нашарлады,ентiкпе көбейдi, пульсi жiпше тәрiздi саналмайды. АҚҚ-60/0 мм.с.б.б. Кофе қоюындай құсық пайда болды. қара түстi нәжiс. Өкпе, жүрек жетiспеушiлiгiнен науқас қайтыс болды.

Диагнозын қойып берiңiз:

1. сiбiр жарасы, өкпелiк түрi

2. оба, бiрiншiлiк өкпелiк түрi

3. крупозды пневмония

4. туляремия, өкпелiк түрi

5. бүйрек зақымдауымен өтетiн геморрагиялық қызба

 

***********

136) Науқас В., 33 жаста, геолог, бас ауырсынуына, қалтырауға, құсуға, белінің, ішінің ауырсынуына, мұрыннан қан кетуіне шағымданып, аурудың 3-ші күні үлескелік дәрігерге келді. Жедел ауырды. 10 күн бұрын Қиыр Шығыстағы экспедициядан оралды. Жағдайы ауыр. Дене қызуы 39,3°С. Беті қызарған, ісінген. Кеуде, іш, қол мен аяқтарының терісінде көп мөлшерде петехиальды бөртпе, инъекция жерлерінде гематомалар, склераларға қан құйылулар. Өкпеде қатқыл тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 92 соққы минутына, АҚ 100/60 мм.с.б. Іші пальпацияда ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Екі жақтан Пастернацкий белгісі айқын оң. Диурез тәулігіне 400 мл. Зәр анализінде: сал.тығыздығы 1006, ақуыз- 4,3 г/л, жаңа эритроциттер, түйіршікті және гиалинді цилиндлер. Сіздің диагнозыңыз:

А) Тұмау, геморрагиялық форма

В) Менингококкты инфекция, менингококкемия

С) Бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба

Д) Омбы геморрагиялық қызбасы

Е) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

 

************

137) Науқас В,33 жаста,геолог, ауруының 3-ші күні бас ауруы,қалтырау,құсу, іш-бел аймағындағы ауырсынуға,мұрыннан қан кетуге шағымданып келді.Жедел ауырды,10 күн бұрын Алыс Шығыстан экспедициядан оралды. Жағдайы ауыр. Дене температурасы 39,3°С.Беті гиперемияланған доғалданған.Кеуде,іш,аяқ-қол терісінде көп мөлшерде петехиалды бөртпелер, инъекция орныныда гематомалар, склерада қанқұйылулар. Өкпеде қатаң тыныс. Жұрек тондары тұйықталған, пульс минутына 92 соққы, АҚ 100/60 мм.с.б. Пальпация кезінде іші ауырсынады. ұрғылау симптомы екі жақтан шұғыл оң нәтижелі. Тәуліктік диурез 400мл. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1006, белок – 4,3 г/л, жаңа эритроциттер, түйіршікті және гиалинді цилиндрелер. Сіздің диагнозыңыз?©





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 750 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.