Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


АЛАШТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРБАНЫНА 9 страница




Мұның бәрі «Ақбілек» романында Жүсіпбектің жеке қыз тағдырын негізге ала отырып, сол дәуірдің қат-қабат, шытырман шындығын жан-жақты терең бейнелегенін керсетеді. Революция дәуірінің әрі-сәріге түскен, көп қараңғы халыққа түсініксіз шындығы - қазақ аулында ғана емес, жаңа орнаған өкіметтің басқару жүйесінде де байқалады. Роман кейіпкерлері осындай қиындықтан іздене жүріп жол табады. Жазушы жаңа ұрпақтың осы бақытты жолын қуана жазады. Романның оқиғаны, табиғат суреттерін пафоспен жырлауы - осыны дәлелдейді. Ондағы Алтай таулары, Марқакөл суреттері - аса тартымды берілген.

«Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суьш ішіп, отын жеген сарықарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалаған, сүт емес-ау, құт сорғалаған көнек-көнек лыпылдайды....

Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі, жас Балташтың сүйген жары Ескендірін құшып, сүйіп, бала болып, ана болып, көп әйелден дана болып, кеудесіне бағы сыймай, кемерінен аса шыпылдайды» (345-6).

Осы жолдар роман кейіпкерінің кеңіл күйін бейнелейді. Жазушы табиғатты, дала табиғатын жақын тартады. Кейіпкерін де даламен, оның бай табиғатымен туыстырады, адамның биіктігін, асқақтығын табиғатпен байланыстырады.

Жазушы шеберлігі - оның бейнелі тілінде ғана емес, онын өмірдің өзінен алынған әр қилы көріністерді көркем таныта білуінде. Ол суреткерлікке публицистиканы араластырып, ұнамсыз құбылыстарды күлкіге айналдырады.

«Балташ сары портфельді столға бір алып ұрып, бетті бір сипап, былқылдақ орнына алшая келіп отырды. Сол қолының түймелі жеңін ашты да, уақытты білді. Тоғыздан қаңғып барады екен. Сол жағындағы қаттаулы қағаздарды алдына таман алып, қой қырқатын кісіше икемдей баурап, түйіліп қарай бастады. Біріне «анықталсын», біріне «тексерілсін», біріне «мәжіліске салынсын», енді біріне «қаржы жоқ» деген тәрізді бұрыш-бұрышына қиғаштап «резолюция» тартып қап жатыр еді, есік сырт етті.

- Можно? - деді.

«Можно». болса, опинотделдің (уездік ақша бөлімі. С.Қ.) бастығы бірдеме «штейін» екен» (246-6).

Осы жолдарда кеңсешілдік жұмыс стилі сыналады.

Қазақ романының алғашқы үлгілерінің бірі бола тұрсада, «Ақбілек»- жазушының бұл жанрдағы ізденісінде көрнекті орын алады. «Қартқожаны» жазған кездегі тәжірибесін байыта отырып, Жүсіпбек жаңа романында адам характерін тереңірек ашуға, образдардың психологиялық негізін толықтыруға көбірек көңіл бөледі; Жазушы суреткерлігі артып, автор позициясы айқындала түсті. Сондықтан «Ақбілек» - қазақ романының тууы тарихында да, жазушы шығармашылығында да алғашқы кесек үлгі боп саналады.

Жүсіпбектің этикалық проза саласындағы соңғы туындысы - «Күнікейдің жазығы». Ол «Жаңа әдебиет» журналында (1928 ж, № 7-8-9, 1929 ж., 2-3 сандарында) жарияланған. Қолжазбасы сақталмаған. Қазір повесть нұсқасы бойынша басылып жүр.

Бұл шығарманың да тақырыбы - әйел тағдыры. Көшпелі қазақ аулының феодалдық-патриархальдық тұрмысы жағдайындағы кедей шаруаларының тіршілігін жазушы сол ортадан шыққан қыз тағдыры арқылы бейнелейді. Ауылдағы әлділер мен әлсіздердің ара қатынасын, қоғамдық әділетсіздіктің мүсәпір адамдарды езіп, рухани тоздырып бара жатқанын ашады. Осындай ортадан шыққан Күнікейдің әділетсіздікке қарсы бас көтеріп, өзінің адамдық, азаматтық хұқын қорғауға ұмтылуы, атастырған күйеуін менсінбей, сүйген жігітімен қашып кетуі - ескі тәртіпке, ата-баба салтына берілген соққы тәрізді елестейді.

Повесть басталғанда біз оның жалғыз, қараңғы үйде күйзелісте жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ, иесіз үй, ауру әйел, неге олай, күйеуі қайда? Туған-туыстары, балалары қайда? Жазығы не бұл әйелдің? Сөйтсек, жазығы - сүйіп, өз еркімен Байманға қосылуы екен. «Бала көтермедің, аурусың»,- деп Байман Күнікейден безіп, жаңадан үйлену қамында жүрген көрінеді. Бұл - Күнікей ауруына ауру жамап, жүрегін жаралайды. Жазушы осы арқылы қазақ әйелі теңіне қосылды дегенмен, әлі теңдікке жетіп болған жоқ. Оған деген көзқарас өзгермеген. Елдің ескілікті тұрмысы, ұғымы әлі де қолбайлау болып, аяқты шырмап жатыр деген ойға тірейді.

Повесть оқиғасы шегініс арқылы дамиды. Онда Күнікейдің жастық шағы, өскен ортасы, кедей семьяның жұпыны тіршілігі суреттеледі. Әкесі Құлтума - «құл» атанып, өмірін жалшылықта, Ордабайдың қойын бағумен өткізген момын адам. Кедей үйдің барлы-жоқты тіршілігін ұйымдастыратын - шешесі Шекер. Шешенің тәрбиесімен пысық, өнерлі боп өскен Күнікей табиғаттың бойына берген жігері мен қабілетін ешкімнің талқысына, кемсітуіне бермей, еркін жүруді қалайды. «Сөйлесе, түбін түсіреді, он қолынан өнері төгіледі, күлсе, аузынан дүр шашылады, ән шырқаса, сүйегіңді шымырлатады».

Повесть композициясы, негізінен, біріне бірі жалғасқан үш оқиғаның маңында топтасады. Олар - Ордабай аулының жаңа жерге көшіп қонуы, бай қызы Шәмшидің күйеуін күтуі және Күнікейдің айттырған күйеуінің келуі. Шығарма кейіпкерлері осы оқиғалар төңірегінде көрінеді, характер есебінде ашылады. Көшпелі елде көшу салтының көріністері, қыз ұзату, күйеу күту, елдің оны тойлауы, күйеу мен қызды кездестіру рәсімдері - барлығы да жазушы қаламы арқылы кең жасалған өмір шындығының суреттеріне айналады. Күнікей де осы оқиғалар түсында танылып, толысады. Сонымен бірге, аталған оқиғалар арқылы Жүсіпбек қазақ қоғамындағы таптық жіктелушілікті, қайшылықты ашып көрсетеді. Тууында, адамдық жолында, мінез-құлқы, іс-әрекеттерінде айырма жоқ адамдар қоғамдағы орнына қарай бөлінеді, бірі артық, бірі кем саналады. Осы негізде жазушы қоғамдық әділетсіздік мәселелерін алға тартып, кедей баласының байдан кем болуының себептерін іздестіреді.

«Ордабайдың қыз-келіншектері бәт құндыз бөріктерінің үкісі желкілдеп, жорға мен жүйрік мініп, алдыңғы көшке сыдыртып өте шыққанда, кереге, уық, құрымын теңдеген ала шолақ тарғыл шолақ сиырының соңында күзеген кек байталмен қалықтап келе жатқан Күнікейдің зығыры қайнайды...» (353-б). Шолақ байталға мінгісі келмейді, бірақ басқа ат жоқ. «Тигенімен жүре бер, құдай жеткізер» дейді шешесі. Деуін десе де, жеткізбейтінін іші сезеді. Бір көшті, екі көшті, үш көшті, кәне, жеткізгені. Лек-легімен бұлардың көшін басып етіп жатқан жылқыны көріп, Күнікейдің іші қазандай қайнайды. Анау боқмұрын Шоқандардың астындағы ақселеуді Күнікейдің астына берер ме еді» (354-6).

Сөйтіп жүргенде, шешесі Шекер жылқышымен тіл тауып, жарау тобылғы торы биені көшке мінуге Күнікейге сұрап алып берді. Ол. өз көшінен бөлініп, бай қызьг Шәмшиді қоршаған жастар тобына қосылады. Күнікейдің өзін адам сезінуі, басқалармен тең көруі осы топпен жүрген кезде байқалады. Оның да Шәмшиге ұқсағысы келеді. Бай қызының атқа отыруы, көйлегінің етегін түсіріп, аяғын жапқаны мен үзеңгіге аяғын салғанына шейін байқап, соны қайталауға тырысады. Бәрін де орындайды, тек көйлегінің етегі қысқа болып, кебісінің тұмсығына жетпейді. Ат үстінде Шәмшиден қалмайтын Күнікей әдеп сақтап, одан озып та кетпейді. Тек, жарыс кезінде торы бие басына ие бермей озып кеткені. Сырттай ыңғайсызданғанымен, бай қызынан және оның тобынан озғанын Күнікей ішінен қуана қызықтайды. Тыржықайдың қызы мінген шәлкес мінез байтал иесін түсіріп кеткенде, оны қуып жүріп ұстағанда Күнікей. Мүның бәрі шындап қараған адамға Күнікейдің өз қатарынан кем емес екенін, қайта сол топтың алды екенін байқатады. Әттең, қол қысқалығы!

Осындай бір салтанатты тұстағы Күнікейдің көңіл күйін жазушы психологнялық мінездеме арқылы жеткізеді. Қыз қуанышына бүкіл дала, табиғат ортақтасады. Табиғат пен кейіпкер бір туысады. Көңілін көтере көтерілген күнді «Бүгінгі күн менікі» дейді. Көш бойында Күнікей салған ән де «қыз-бозбала, қатын-қалашты жинап» риза етті. Шәмшидің өзі риза болып, «Әй, Күнікей-ай. Сен бір жаиып тұрған отсың ғой», - деді.

Күнікей бойындағы осы бір өмір сүйгіштік, жастық албыр сезім - оның Байманмен кездесуі кезінде жаңаша мән алады. Той салтанатын, жастардың ойын-сауығы, аяғында Байманмен сүйісуі - оны мас қылып, қиялына қанат бітіреді. «Аяғы жер басып келе жатқанын, сағым қуып келе жатканын білмейді. Жүрек кеткен лепіріп. Көкірегін көтере, тамағын кенеп қояды. Тамыр біткені ұшқын түссе, мылтық дәрісіндей лап еткелі келеді. Тамырында, жүрегінде, түла бойында жарылып сыртқа шығуға арпалысқан, қамаулы, қайнаған, быжылдаған әлде бір жалын, шарап күш бар секілді. Қандай күш екенін өзі де сезбейді, әйтеуір мас кісі тәрізді. Жүлдыздары жыбырлаған жарық-жұрқ көк болат аспан жамылып, аяғымен бұйра бетеге, тырбық жауылшаны жайната жапырып, бытпылдықтай шіп-шіп еткен, шыныдай мөлдір, қүрыштай шымыр, қымыздай жұтымды ауаны сіміріп, мастанып келеді» (380-6).

Бірақ, мұның бәрі адамның қуанышты бір сәтін ғана бейиелейтін өткінші сезім болатын. Шын мағынасында Күнікей қайғылы, шерлі еді. Оның бүгінгі өмірінде де, болашағында да қуана қоятын жақсылық жоқ-ты. Бүгінгісі-жоқшылық, кемдік болса, алда күтіп тұрғаны - жаман Түяққа байланған тағдыры. Оның үстіне көшпелі ауылдың жаман бір салты қинайды. Бозбалалар қырындап, күштейді, зорлық көрсетеді. Күнікейдің оларға көнбей, адамдық, адалдық сезімін, арын корғауы - оның қажырлылығының куәсі. Әлді мен әлсіздің арасындағы мұндай тартыс Құлтуманың ала сиырының өлуіне, жалғыз қашарының жоғалып кетуіне себепкер болады. Бұл - кедей семья үшін ауыр шығын еді. «Осы үйді сорлы қылуға мен себеп болдым-ау» де қиналады қыз.. Ол бай баласынан кек алуды ойлайды. Осы жайлар Күнікей характерінің қалыптасуына, оның бір бет, табанды, шыдамды, жоқшылық пен әділетсіздікке кекті болып өсуіне әсер етеді.

Күнікейдің күйеуі келіп, онымен жолығысатын түні Байманға еріп қашып кетуі - қыздың әділетсіз емірге наразылығы ғана емес, оның өз теңдігін қорғаудағы үлкен жеңісі. Ол ана ыңғайымен көнсе де, іштей Тұяққа жар болуға көндіге алмайды. Өтірік, алдамшы сезімге берілмейді. Шешесінің ондай мінезін қабылдамайды. Сөйтіп, дегеніне жетеді.

Повестегі басқа кейіпкерлер негізінен, Күнікей тағдырына қатысты көрінеді. Олардың бастылары - қыз шешесі Шекер, әкесі Құлтума, атастырылған күйеуі Тұяқ, сүйген жігіті Байман, т.б.

Шекер - өз ортасының тәп-тәуір әйелі. Кем-кетік семьяның бар-жоғын білдірмей, оны-мұны кұрастырып, бала-шағасын асырап отырған да сол. Ел-жұрт Құлтуманы емес, Шекерді біледі, сонымен ғана сөйлеседі. Жұрттың:

Шешесі Күнікейдің Шекер еді,

Өзі де Шекер десе шекер еді.

Құлтуманы «Шекердің байы» деуші ед,

Шекерді «қатыны» деу бекер еді, -

деп өлеңдетуінің де себебі осында. Күнікейдің пысық, тәуір қыз болуында да Шекер тәрбиесінің рөлі үлкен. Кедейдің кызы болса да, анасы оны ешкімнің қызынан кем көрсеткісі келмейді. «Шәмшидің кебісінен асырмасаң, кем қылма!» - дейді ол етікшіге. Шекер қызының қуанышын да, қайғысын да бірге бөліседі. Оның көш кезінде қызына ат тауып беруге көмектесуі, Күнікей топтан озып келгенде «Қарағым-ау астына ат түспей қор болып жүр екен ғой, не болса, о босын, бәрінен де озды» деп қуануы осыны дәлелдейді.

Сөйткен қызын Тұяққа беруге шешім қабылдау-Шекердің өз жағдайын түсінуі, тағдырға мойын ұсынуы. Момын кедей - етікші бала оның айтқанынан шықпақ емес, өзіне қолқабыс болады. Жоқтық бұрынғы кербез, ерке Шекерді дегеніне көндіріп, бай үйінің сиырын саууға салады. Осының негізін жазушы қоғамдық әділсіздіктен іздейді. Әлеуметтік теңсіздік, көшпелі қазақ өмірінің боз-балашылық қылығы өз заманының тәп-тәуір әйелі Шекердің бойына да үлкен бір дақ салған. Махаббатты ардақтап үйренбеген, кездейсоқ некеге мойын ұсынған кедей әйел ер мәселесіне қалай болса, солай қарап, ар-ұятын өзінің кем-кетігін бүтіндеуге жұмсауға үйренген. Оның Тұяққа Шәмшидің кебісіндей кебіс тіктіруі, Домбайдан қызына ат әперуі, Мақатайдан құдасына соятын қой алуы сияқты істерді жазушы оның әйелдік қылықтарымен байланыстырады. «Арсыздыққа адамнан өтер жан иесі жоқ қоң. Ар да тозады екен - тұрмыс тоздырады екен. Шекердің ары да о жағына келгенде, Құлтуманың қырық жылғы шалбарындай тозығы жетіп, үлдіреп, ыдырап, жамауға келмей кеткен ар еді» - дейді жазушы. Әйелдің қызын қызғыштай қорғап, бозбалалардың қолына бермеуге тырысуы - өз қайғысын қайталатпаудың әрекеті де болар.

Құлтума мен Тұяқ - кең жобаланбаған, эскиздік бейнелер. Олар - жоқшылықтың, кедейліктің, қазақ аулындағы теңсіздіктің сырын танытушылар. Оларды көргенде кедейлік, қоғамдық әділетсіздік еске түседі. Құлтума үйінің құда күтуін жазушы әдейі Ордабай аулындағы тоймен салыстыра суреттейді.

Повестегі тәп-тәуір жасалған бейне - Байман. Бір кедей кемпірдің жалғыз баласы ол - әрі балуан, ойын-тойдың гүлі. Ауыл жігіттерінің бас көтерері. Шәмши тойы кезінде ол күрестің, көкпар тартыстың, жерден күміс алудың, құдалармен қақтығыстың жеңімпазы болып көзге түседі. Күнікейді адал сүйген, сөзге берік жігіт. Оның ұзатылайын деп отырған қызды алып қашуы - үлкен ерлік. Қазақтың айттырып қойған қызының ар жағында үлкен дау («жесір дауы») жататынын біле тұра, тәуекелге бел бууы - жігіттің махаббатына беріктігін, ерлігін танытады.

Шығарма Байманның Күнікейді алып қашуымен аяқталады. Шегініс арқылы дамыған оқиғаның түйіні - осы. Ал, повесть басында суреттелетін Күнікейдің қайғылы күйі, Байманмен ара қатынасы түсініксіздеу. Осыған қарап, біреулер шығарма аяқталмаған, оның жалғасы болуы мүмкін деп жорамалдайды. Жазушы қолжазбасы не оның жазылуын білетін куә жоқ болған соң о жағын кесіп-пішіп айту қиын. Композициясы жағынан повесть жақсы аяқталып тұр. Жақсы басталған адамдар қатынасының бұзылуы, әр түрлі себептермен ерлі-зайыптылар өмірінің өзгеруі өмірде бола беретін нәрсе ғой. Осы тұрғыдан повесть кейіпкерлері тағдырының осылай қалыптасуында ешқандай оғаштық жоқ. «Күнікейдің жазығы» - сол кездегі қазақ аулы өмірінің тұрмыстық жайларын, көшпелі елдің көшу салтын, қыз ұзату, жастардың, ойын-сауығын ұйымдастыру сияқты әдет-ғұрыптарды кең суреттейтін шығарма. Онда бүгін ұмытыла бастаған қазақ ғұрпының көп мәліметтері бар. Олар кейінгі ұрпаққа мол тарихи-этнографиялык материал береді.

Ақ өлең үлгісіндегі шығарманың тілі - Жүсіпбектің шешен, тіл өнеріне қанық халықтың ырғақты ұйқасты сөз мәнерін көркем прозаға кіргізуге жасаған зор талабы. Оны жазушы драмада да мол пайдаланғаны жоғарыда айтылды. Шешендік өнерін қадыр тұтқан халықтың тілі де ойлы, тапқыр. Жүсіпбек соны жаңарта, жаңа мазмұнға лайықтап дамытады.

Көлемі шағын болғанмен, ондағы өмір суреттеріпіц байлығымен, адам характерінщ алуан түрлілігімен, жазушы позициясының айқындығымен, шындықты шынайы бейнелеу шеберлігінід жете түсуімен «Күнікейдің жазығы» - Жүсіпбек шығармашылығында ерекше орын алады. Сонымен бірге ол «Қартқожа», «Ақбілек» арқылы басталған эпикалық көркем прозаны қазақ совет әдебиетінде орнықтыруға қызмет етті. Сөйтіп, Жүсіпбектің қазақ совет прозасын, оның эпикалық үлгілерін жасаудағы бастаушылық еңбегін айқындады, оның тарихи орнын белгілеп берді.

Жүсіпбек - әдебиеттің көптеген жанрларында өнімді еңбек еткен жазушы. Оның балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк егіз», «Үш қыз» сияқты ертегілері бар. Олар суретті кітапша үлгісінде жазылған. Жастарды жаңа рухта, адамгершілікке, киындықты жеңуге тәрбиелеуде - бұл кітаптар үлкен рөл атқарады.

Аудармашы есебінде Жүсіпбек қазақ әдебиеті мен орыстың және дүние жүзілік классикалық әдебиеттің шығармашылық байланысын ұлғайтуға көп күш жұмсады. Қазір оның аударуымен басылған Н.В.Гогольдің «Бақылаушы» (Ревизор»), А.С.Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері», Ф.Дюшеннің «Дәмелі» («Тәмилла»), Дж.Лондонның «Телегей теңіз», Қ.Берковичтің «Өрбике», С.Чуйковтың «Тау еліндегі оқиға» атты шығармалары табылып отыр. Олардан басқа Жүсіпбектің В.Шекспирден, Г.Мопассаннан, Р.Тагордан, М.Горькийден аударған шығармалары болған. бір шағын аудармаларын кезінде мерзімді баспасөзде жариялаған.

Жүсіпбектің ақындық шығармашылығында - дүниежүзі пролетарларының гимні «Еңбекшілеір ұраны» («Интернационал») мен азамат соғысы кезінде туған «Жас әскер» (Молодая гвардия) өлеңінің аудармасы айрықша маңызды. Бұл екеуі де кезінде халық арасьша кең тарап, әнге қосылып айтылған. «Интернационалдың» Жүсіпбек аударған нұсқасы кейінгі аудармадан жоғары тұрғанын жұрттың бәрі де мойындайды!

Оян, қарғыс таңба басылған

Жалаңаш, аш құл, қайрат қыл!

Қайнап бастан ақыл ашынған,

Майданға қанды айдап тұр.

 

Қиратамыз ескі жалғанды,

Жаңа тұрмыс орнатамыз.

Жарылқаймыз жарлы, қалғанды

Дәулеттен сонда татамыз.

Бұл болар ең ақырғы,

Ең күшті зор майдан.

Дүние еңбекшілімен

Табылар бар пайдаң1.

немесе:

Таңға қарсы алға бас,

Қарысып, жолдастар.

Найзамен қамалдар

Қиратып жол бастар.

 

Тайынба, қайтпа бұл беттен,

Жастар табы түйдектел.

Жұмысшы қара, халықтың

Біз жастар-әскері1.

Бұлардан басқа Жүсіпбек кезінде бір катар саяси, тарихи еңбектерді, окулықтарды қазақшаға аударуға қатысқан. Оның аударуымен Н.И.Бухарин мен Е.А.Покровскийдің «Коммунизм әліппесі», М.Н.Покровскийдің «Ресейдің ХІХ-ХХ ғасырлардағы төңкеріс қозғалыстары тарихынан», «Орыс тарихы», Богдановтың «Саяси экономияның қысқаша курсы», П.И.Стучкийдің «РСФСР конституциясы» атты кітаптары басылған. Бұлар Жүсіпбекті өз заманының білімді, ағартушы, педагог ғалымы ретінде тұлғаландыра түседі.

Көркем шығармаларды аударуды Жүсіпбек қазақ халқының рухани өмірін байыту жолындағы үлкен іс санағаи. «Адам табысы - адам баласына ортақ, - деп жазады ол. -Мәдениет, әдебиет бір елден бір елге жұқпалы ырыс. Самаурын, лампа, сүт машина, соқа, трактор, роман, драма... - бәрі де бөгде мәдениет табысы. Бала ересекке еліктегендей, өнерсіз ел өнерлі елге еліктемек. Бір кезде бұнан араб, арабтан Европа, Европадан орыс үлгі алған болса, бұл күнде орыс мәдениетінен біз үлгі алмақпыз. Өнерлі елден үлгі алмай, өнеге көрмей, енбегіміз құнарлы, ажарлы болмақ емес. Абайдың кестелі толғаулы сұлу сөздері орыс акындарыньщ өлеңіне жүзген соң барып туған»2.

Бұдан әдебиеттер байланысына Жүсіпбектің қаншалықты мән бергені керінеді. Аудармашы оны жас әдебиеттер үшін мектеп санаған.

Жазушының аударма принципі жөніндегі ойлары да қызғылықты. «Бөгде әдебиет оқушыларымыздың ұғымына шамаланбай, қатықсыз қара көже қып берілсе, онда мән жоқ. Ал, қазақтың өміріне, ұғымына үйлесімді әдебиетті өңдеп, қырнап, жұтындырып ұстата білсең, бөгде екенін сезбей сіміріп алады»3.

Жүсіпбек осы принципін француз жазушысы Фердинанд Дюшеннің «Тамилла» атты романын аудару кезінде қатты ұстанған. Араб халқы өмірінен жазылып, кезінде бәйге алған бүл романды ол өңдеп, өзгертіп, өзінше керек емес деген жерлерін қысқартып аударған. Ол романда суреттелетін бәдеуилердің тұрмысының қазақ өміріне ұқсастық жақтарын баса көрсетеді. Роман кейіпкері Тамилланы Дәмелі деп алуы, оның басылуына «өзгертіп аударған» деп ескертуі де сондықтан.

Әрине, Жүсіпбек аударма атаулының бәріне осылай қарай бермеген. «Тамилланы» қазаққа жақындатқандықтан солай еткен. Ал, басқа аудармаларында түпнұсқаның көркемдік үлгісін сақтауға тырысады. «Аударма туралы» мақаласында ол көркем әдебиетті аударғанда қарапайым адамға ұғымды ету мақсатын ғана көздемей, кестесімен беру білу қажегтігіне назар аударды. «Салыстыру пернесімен таныстыру». «Оқушыны тереңге айдап қиялын байыту, сезімін ұстарту» керектігін көтереді.

Жүсіпбек көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың ішінде М.Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар» (1918), «Мағжанның ақындығы туралы» (1923), «Сұңқар жыры» (1925) атты еңбектері автордың әдебиет жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы шығармашылығын түсінудің принциптері жайындағы ұғым-түсінігін, көзқарасын көрсете алатын елеулі туындылар.

Жүсіпбектің сыншылық көзқарасында жазушы не ақын шығармашылығын оның өзі өмір сүрген дәуірдің көкейкесті проблемаларымен, өнер адамына тән ерекшеліктерімен есептесе отырып талдау концепциясы бірінші тұрады. Ол Мағжан Жұмабаев шығармаларына осы тұрғыдан баға береді. Онда Мағжан туып-өскен ортаның қайшылықты шындығының ақын өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпулер кезіндегі ақындық ізденістің әр қилы беталысы нанымды талданады. Сөйтіп, сыншы Мағжан ақынның табыстары мен қайшылығын дәл тауып көрсетеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 577 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4547 - | 4129 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.