Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Актердің(науқас) сценарийі және оның рөл сипаттамасы

Клиникалық тапсырма

Клиникалық жағдай: «Ревматикалық қызба, артрит, қайталамалы ревмокардит митральды қақпақшаның жетіспеушілігімен, ҚЖ-1дәрежелі диагностикасы және жүргізу тактикасы»

 

Ситуация:

Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 13 жастағы қыз бала көмекке жүгінді.

Ø Науқастың шағымдары мен анамнезін жинаңыз

Ø Аурудың негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтаңыз

Ø Науқастың объективті жағдайын бағалаңыз

Ø Болжам диагнозды негіздеңіз

Ø Зерттеу жоспарын құрыңыз

Ø Лабораторлы-аспапты зерттеу нәтижелердің интерпретациясын өткізіңіз

Ø Қорытынды клиникалық диагнозын қойыңыз

Ø Науқастың емдеу тактикасын анықтаңыз

 

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø ЖҚЖ патологиясы бар науқасқа сұрау жүргізу және физикальді зертеуін өткізіңіз

Ø Ревматикалық қызба, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі бар, ҚЖ-1 дәрежесінің клиникалық диагностикасы

Ø ЖҚА, антистрептококтық антидене деңгейін, кеуде қуысының рентгенографиясын, ЭКГ, ЭхоКГ интерпретациясын жүргізу

Ø Ревматикалық қызба, МҚ жетіспеушілігі бар, ҚЖ -1 дәрежелі науқасты жүргізу тактикасы

Ø Науқаспен жақсы қарым қатынасқа түсу және үрей сезімін басу.

Актердің(науқас) сценарийі және оның рөл сипаттамасы

Науқас: 13 жастағы қыз бала

Шағымдары: Физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, аралас сипатты; тұрақты әлсіздік, шаршағыштық, баспамен ауырып болғаннан кейін соңғы 5 күн ішінде дене қызуының 37-38Сқа дейін көтерілуіне, сондай ақ тізе буындарының ісінуімен ауырсынуына шағымданды.

Анамнезінде: 2-жыл бұрын қыз бала полиартритпен ревматикалық қызбамен ауырды. Осы мерзім ішінде 4-рет фолликулярлы ангинамен ауырған. Науқаста содан кейін жоғарыда аталған шағымдар пайда болды.

Объективті: түскен кезінде бозару, жүктеме кезінде тыныс жиілігі мин. 26 рет. Өкпе үстінде везикулярлы тыныс, жүрек аймағы визуальды өзгермеген, пальпацияда жүрек ұшы түрткісі күшейген, 5 қабырғааралықта, бұғананың ортаңғы сызығынан 0,5 см сыртқа. Жүректің салыстырмалы шекаралары: оң жақ шекарасы төстің оң жақ қырында, жоғарғы шекарасы 3-ші қабырғааралықта, сол жақ шекарасы бұғананың ортаңғы сызығынан 1,0 см сыртқа. Аускультативті: жүрек ұшында үрлеген систолалық шу, сол жақ қырына жатқанда күшейеді. Жүрек тондары әлсіреген, әсіресе жүрек ұшында-1тон, өкпе артериясында 2 тонның акценті, ЖЖЖ минутына 96 соққы, АҚ -115/75мм.с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы бұзылмаған. Үлкен дәреті – қалыпты.

ЖҚС: НЬ - 120 г/л Эр – 4,2х1012/л Т.к. - 0,9 Ретикулоциттер – 0,5% Тромбоциттер- 340х109/л Лейкоциттер – 10х109/л т/я - 3% с - 69% эозинофилы - 2% лимфоциты -13% моноциты - 13% СОЭ - 38 мм/час. Антистрептолизин деңгейі-О- 320ХБ/мл.
ЭхоКГ: Қорытынды: Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі. Кеуде қуысының рентгенографиясы: Қорытынды:Жүректің сол жақ шекаралары кеңіген, КТИ-50% ұлғайған.

 

ЭКГ:

Қорытынды: Жүректің сол жақ бөліктерінің гипертрофиясы, Гис шоғыры оң жақ аяғының блокадасы, тахикардия. Сол қарыншаның гипертрофиясы.

«Ревматикалық қызба, қайталамалы ревмокардит, митральды қақпақшаның жетіспеушілігімен, ҚЖ-1дәр диагностикасы және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдай бойынша

Бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерилері Баллмен бағалау
Дұрыс орындалды Ескертулермен орындалды Орындалған жоқ
1. Шағымдарын, анамнез жинады 1,0 0,5  
2. Клиникалық тапсырмада берілген симптомдардың дұрыс интерпретациясы 1,0 0,5  
3. Митральды қақпақшаның жетіспеушілігінің аускультациясы мәліметтерін нақтылады 1,0 0,5  
4. ЖРҚ негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтады 1,0 0,5  
5. Болжам диагнозын негіздеңіз 1,0 0,5  
6. Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
7. ЖҚА, Антистрептококтық антиденелер деңгейі н интерпретациялау 1,0 0,5  
8. ЭКГ, Кеуде қуысының рентгенограммасын, ЭХОКГ талдау 1,0 0,5  
9. Қорытынды диагнозды негіздеу 1,0 0,5  
10. Емдеу жоспарын негіздеу 1,0 0,5  
  қорытынды БАЛЛ 10,0 5,0  

Максимальды баға – 10

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Печатается по: Лидия Гинзбург. О лирике. М., 1997. С. 8 – 18, 149 – 152. | Требования к оформлению материалов. Фгбоу ВО «орловский государственный университет имени И. С
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 458 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

3775 - | 3486 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.018 с.