Қорғайтын жерге тұйықтағышқа қойылатын талаптар:
Телекомуникациялық құрылғылардын жерге тұйықтағыш төменде көрсетілген мақсаттарда қолданылуы тиіс:
-оқшаулағыштың бұзылуынан қызметкерлердің электр тоғынан жарақат алудан қорғау
-электр разрядынан қорғау
-қондырғыларды электромагнитті ақаулардан қорғау.
Тіреулер,оқшаулағышы бар металл кроштайындар,ТВ антенна құрылғылары,шкаф,кросс,пульт тағы басқа металл қондырғылардың металл бөлшектерін жерге тұйықтау керек.
Жерге тұйықтағышты қондырғыда көрсетілген талаптарға сәйкес қолдану қажет.
Берілген мәндер
Бөлмедегі барлық қондырғы 3 фазалы желімен жұмыс жасайды,Желі 380 в оқшауланған бейтарап.Барлық электр желісінің көздері 100 квА асады.Ғимараттың іргетасы саздақты топырақта орналасқан темірбетон материалдан жасалған.
Желінің қорек көзі 1000В аспайтындықтан,оқшауланған бейтарап.Қуаткөзін 100квА, жерге тұйықтағыштың қалыпты кедергісін деп аламыз.
Жерге тұйықтағыш түрі контулы,тұйықтағыштар бөлме ішінде контур бойынша орналасады.Бөлме өлшемдері: А=6 м, В =6 м
Контур тік электродтан тұрады.Электрод ұзындығы l=2.6м болатын ұзын түтіктен және контурдың периметрне тең көлденең жазық ұзындығымен жалғанған сөре ені b=0.5м бұрыш болаттан тұрады.
Көлденең контур ретінде қимасы 50x4 мм болат жолақты қолданамыз. Электродтың жерге орналастыру тереңдігі t0 = 0,7 м.
Бір электродты,тік жерге тұйықтағыш кедергісін есептеу:
Түтік тәрізді тік жерге тұйықтағыш жер бетінен h тереңдіктегі R кедергісін мына формулалармен анықтаймыз:
Rв=p/6.28•I•(In• 2•I/d+I/2•In•3I+4h/I+4h),
Rв=80/6.28·2.6·(In·2·1/0.05+1/2·In·3·2.6+4·0.7/2.6+4·0.7)=25.5Ом
Топырақтың меншікті кедергісі Р = 80 Ом*м,I-құбыр ұзындығы (0.05м),h- құбырдың жоғарғы шетінен жер бетіне дейінгі қашықтық (h=0.7м)
Rв=25.5 Ом.
Бұрыштық болаттың мәні d=0.95·b=0.0475
Колденең жерге тұйықтағыштың есептеулері:
Жерге тұйықтағыштың шығыңқы металл жолақтың кедергісін мына формуламен анықтаймыз:
Ri=p/6.28·I·In·I2/0.5·b·h,
Ri=80/6.28·2.6 ·In·2.62/0.5·0.05·0.7=28.91Ом
I- жерге тұйықтағыш ұзындығы (2.6м)
h-жолақтың төселу тереңдігі (0.7м)
b-жолақтың ені (0.05м)
Ri =28.91Ом
Көлденең жерге тұйықтағыштың кедергісін азайту үшін оның диаметрн емес ұзындығын ұзартып, мырышты сымды қолданып көрген тиімді(4-5мм).
Көп электронды жерге тұйықтағыштың кедергісін есептеу:
Көлденең және тік жерге тұйықтағыш кедергісін есептеу және тік жерге тұйықтағыш кедергісі үлкен болғандықтан керек өлшемді алу үшін жерге тұйықтағыш қондырғыны бірнеше параллель жалғаған жерге тұйықтағыш жасаған жөн.
Көп электронды жерге тұйықтағыштың кедергісін есептеу:
Көлденең және тік жерге тұйықтағыштардың кедергісін үлкен болғандықтан,қажетті кедергі көлемін алу үшін жерге тұйықтағыш қондырғысын параллель жалғанған бірнеше тұйықтағыштан жасаған жөн.
Көлденең жерге тұйықтағыш(жолақ немесе өткізгіш) арқылы параллель жалғанған,кедергісі бірдей бірнеше жерге тұйықтағыштың толық кедергісі мына формуламен анықталады:
Ru =Rв·Rr / q1 ·Rr+ q2 ·n·Rв , (49)
Ru = 25.5·28.91/0.82·28.91+0.81·10·25.5=3.2 Ом
Rв - көлденең жерге тұйықтағыштың кедергісі
Rr- тік жерге тұйықтағыштың кедергісі
q1 - көлденең жерге тұйықтағыштың қолданылу коэффиценті
(n=10 болғандағы кесте мәні q1= 0.82)
q2 - тік жерге тұйықтағыштың қолданылу коэффиценті (n=10 болғандағы кесте мәні q1= 0.81)
n- тік жерге тұйықтағыштың саны.
Ескертпе: жерге тұйықтағыштар бір қатарда орналасқан
Ru=3.2 Ом мәні Rн= 4 Ом мәнінен кіші.
15 суретте жерге тұйықтағыштың орналасу сұлбасы бейнеленген.
1-Қондырғы тіреуінің орналасуы (көрініс жоғарыдан)
2- электр рәзеткісі
3- кіретін есік
4- магистральды жерге тұйықтағыш
5- металл өзекше
6- жерге тұйықтағыш
7- қондырғы тіреуі
8- контурлы түрдегі жерге тұйықтағыш.