Лекция жоспары:
1.Ғылыми және өндірістегі топырақ өңдеу негіздері, әдістері.
2.Топырақ жырту.
3.Топырақ өңдеу системалары туралы түсінік.
Қолданылатын әдістер: Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: 1. Топырақ - басқа табиғат денелері сияқты қалыптасу уақыты бар (генезис). Топы-рақтың түзілуі аналық тау жыныстары, ағзалар, бедер және уақыт араларындағы күрделі табиғи арақатынастар болып табылады.
Топырақтың түзілу факторларына И.И.Плюснин топырақ үшін негізгі зат және энергия болатын табиғи құбылыстарды жатқызды. Олар топырақ субстанциясын, оның ішкі материалды мазмұнын анықтайды. Оларға:
1.литосфера (топырақ құраушы тау жынысы)
2.биосфера (өсімдік және жануарлар тектес ағзалар)
3.атмосфера (негізінен оның төменгі жағы және ерекше ауаның жерге жақын қабаты)
4.гидросфера (жерүсті және жерасты сулар) жатады.
Топырақ түзілуінің уақыт және кеңістікте түзлуіне арқау болатын топырақтаың түзілуінің факторлары оларға ерекше пішін береді. Әр топырақтың түзілуіне келесі жағ-дайлар шарт болады.
1.ғарыштық құбылыстар (негізінен жарық және жылу алып келетін сәулелі энергияның көзі)
2.бедер (жер бетінің пішіні) және гравитациялық құбылыс-тар
3.кеңістік (географиялық орны)
4.уақыт (топырақтың жасы)
5.адамзаттың өндірістік өндірістік қабілеті (ауылшаруашы-лық және т.б.).
Биологиялық факторларды талдау
Әр топырақтың түзілуінде биологиялық факторлар негізгі болып табылады. Топырақ тірі ағзалардан кейін ғана қалыптасуы мүмкін. Топырақтың түзілуі тек өсімдіктердің, жануарлардың ағзаларының және сыртқы факторлардың тереңірек және күрделі арақатынасының нәтижесінде іске асады. Өлі және тірі табиғаттың арасындағы үздіксіз арақатынастың, сонымен қатар олардың литосфераның беткі қабатына бірінен-біріне өтуінің арқасында әр түрлі топырақтың түзілуі және әр топырақтың негізгі, арнайы қасиеті – оның құнарлығы қалыптасып, дамиды.
Кез-келген топырақ төрт фазалық күйінде болады: қатты, сұйық, газ тәрізді және тірі. Бұлардың бәрі үнемі байланыста және бір-бірімен үздіксіз арақатынаста болады.
Топырақтың түзілуінің биологиялық факторлары топырақтың минералдық құрам-дық бөлігімен үздіксіз зат және энергия алмасуда болып, табиғаттағы заттардың кіші немесе биологиялық айналымын іске асырады.
Топырақтың түзілуіндегі өсімдіктердің маңызы.
Жасыл өсімдіктер топыраққа негізгі органикалық заттарды тасымалдаушы қызме-тін атқарады.
Өсімдіктер түзетін топтар, немесе бірлестіктер фитоценоз (грек.сөзі “фитон”-өсімдік және “кайнос”-жалпы) деп аталады. Оларды геоботаника ғылымы зерттейді. Геоботаника тек бөлек өсімдіктер бірлестігін зерттеп қана қоймай, сонымен бірге олар түзетін өсімдік жамылғысын құрайды.
Фитоценоз – бір-бірімен және оротамен арар қатынас арқылы байланыстарымен біріктірілген және біртекті тәлімдегі өсімдіктер бірлестігі.
Өсімдіктер бірлестігі биогеоценоздың бір бөлігі болып табылады. Ол өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар минералды ортамен арақатынасатын бірлестік.
Өсімдіктердің тамырлары минералды субстраттан химиялық элементтерді қажетті мөлшерде алатын таңдамалы сіңіру қабілеттілігіне ие.
Табиғаттағы кіші зат айналымының биологиялық циклы органикалық заттардың синтезімен, ыдырауымен сипатталады.
Топырақтың түзілуіндегі жануарлардың маңызы.
Жануарлардың топырақ түзілуіндегі маңызы өсімдіктермен, микроағзалармен тығыз байланысты. Ормандарда құрттар түскен жапырақтардың негізгі бөлігін жояды және топырақтың минералды бөлшектерін органикалық заттармен араластырады. Ал майда құрттар 0.3-0.8м тереңдікке еніп, үлкен тереңдіктерге (6м дейін) жол салады. Жа-нуарлардың тіршілік барысында сұртопырақты шөлдалалық топырақтар жиі қазылған, қопсылған болып келеді. Осыған байланысты, жер қазатын жануарлар топырақтың агро-физикалық, химиялық, сулық және ауалық қасиеттерін жоғарылатады.
Өсімдік және жануарлар тектес барлық ағзалар заттардың кіші биологиялық айналымына белсенді қатысып, топырақтың құнарлығын дамытуға себебін тигізетін, оның минералды бөлігімен және бір-бірімен тығыз арақатынаста болады.
Топырақтың түзілуіндегі климаттың маңызы.
Климат грек сөзі “климат”- еңкею деген мағынаны білдіреді. Шынында, күн сәулелерінің жер бетіне түсу бұрышынан, оған келіп түсетін күн энергиясы тікелей байланысты. Сондықтан да климат топырақ түзудегі және топырақтың географиялық таралуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады.
Топырақтың түзілуіне тура (энергетикалық деңгейін және топырақтың гидротер-миялық тәртібін анықтап) өсімдіктер, жануарлар және микроағзалардың тіршілігі нәтиже-сінде жанама әсер етуі мүмкін.
Климаттың байқалуының екі формасы бар – макроклимат және микроклимат. Кли-маттың элементтерінің ішінде топыраққа температура, атмосфералық жауын-шашындар, желдің әсерлері әлдеқайда жоғары. Климатпен топырақтың су, ауа және жылу қасиеттері тығыз байланысты.
Топырақты құраушы ерекше фактор – уақыт. Топырақ түзілуінің ұзақтығы нақты анналық жыныстан дамитын, оның қасиеттеріне және әр топырақтың түріне айтарлықтай әсер қалдырады. Осыған сәйкес жасына байланысты топырақ абсолютті және салыстыр-малы болып бөлінеді.
Топырақтың абсолютті жасы әр аймақтағы геологиялық жағдайға байланысты. Кез-келген территорияның құрлыққа өтуі және онда өсімдіктер мен жануарлардың орнығуы – жердегі топырақ түзілуінің бастамасы.
Топырақтың салыстырмалы жасы биологиялық, физика-химиялық және басқа да құбылыстардың салыстырылып отырған топырақта түрлі уақытта және түрлі жылдам-дықта жүруімен сипатталады. Топырақтың салыстырмалы жасы адамның ауылшаруашы-лық әрекетімен тығыз байланысты.
Адамның өндірістік әрекеттері – топырақтың түзілуінің негізгі факторлары болып есептеледі. Егер, топырақ түзілуде табиғи заңдылықтардың байланысын есептемесек, онда адамның шаруашылық әрекетінің теріс әсері пайда болады (топырақ және грунт эрозиясы, өзендер мен су қоймаларының тұнуы, батпақтануы, тұздануы, топырақтың әл-сіреуі және т.б.). Ғылыми-техникалық прогресстің және қоғамдық қатынастардың дамуымен топырақтың пайдаланылуы және қайта түзілуі күшеюде.
Сонымен, жоғарыда айтылған топырақ түзілу факторларының күрделі арақатынас-тары топырақ жамылғысының қалыптасыуын қамтамасыз етеді.
Топырақтың түзілу құбылысын бірнеше топтарға біріктірілген элементарлы құбы-лыстарға бөлуге болады:
1.физикалық құбылыстар: а.суспензияның түзілуі; б.топырақ ерітіндісінің түзілуі; в.ерітін-ділердің және суспензиялардың тартылыс күші, осмостық сору күшінің, диффузиялық және т.б. әсерінен жылжуы; г.тұнбаның түзілуі; д.адсорбция.
2.химиялық құбылыстар: а.судың, газдардың, қышқылдардың, тұздардың әсерін қамтама-сыз ететін химиялық реакциялар; б.қарашірік әсеріне байланысты (гуминді және фульво-қышқылдар) химиялық реакциялар.
3.гумустену – биологиялық топырақтың түзілуінің нәтижесі - өсімдіктердің, жануарлар-дың және микроағзалардың көмегімен салыстырмалы тұрақты органикалық заттардың пайда болуы.
Микроқұбылыстар – генетикалық горизонтты, топырақ қимасын (профиль), жаңа түзілістерді, топырақ тәртібін қалыптастыратын элементарлы топырақ құбылыстары. Микроқұбылыстарға жылыну, мұздату, ылғалдану және құрғату, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру, өсімдіктердің қалдықтарының ыдырауы, топырақ коллоидтарының пеп-тизациясы мен коагуляциясы және т.б. жатады.
Мезоқұбылыстар – топырақ қасиеттерінің маңызды жиынтығын қалыптастыратын және микроқұбылыстардан тұратын нақты топырақ құбылыстары. Оларға қарашірікті-ак-кумулятивті, күлдену, лессиваж, сортаңдану, тұздану, латеризациялау, торфты түзу құбы-лыстары жатады.
Макроқұбылыстар – аймақтың топырақ түрін қалыптастыратын мезоқұбылыстар-дың жиынтығы. Мысалы, күлгін топырақ, қара топырақтың, қызыл топырақтың, сортаң топырақтың түзілуі.
Дебиеттер
1.Омарова З.М., Абдраимова Қ. Топырақ экологиясы. Дәрістер жинағы. Кентау, 2007.
2.Т.Т.Тазабеков және басқалар. Топырақ және қоршаған орта. Алматы, 2001.
3.Е.Ә.Исаханов, Т.С.Мұсаев. Топырақ механикасы, Алматы, 1994.
4.А.Н.Дурасов, Т.Т.Тазабеков. Почвы Казахстана. Алма-Ата. Изд-во “Кайнар”. 2000.
5.В.Н.Степанов, А.Н.Киселев. Агрономия негіздері. “Колос”, 1982.
6.Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. -Алматы: Ғылым, 1998.
Лекция №16