Лекции.Орг


Поиск:




Ылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі және міндеттері.




Лекция.

Ылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, жүйесі және қағидалары

1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі және міндеттері.

2. Қылмыстық құқықтың жүйесі.

3. Қылмыстық құқықтың қағидалары.

4. Қылмыстық құқық ғылымы.

 

ылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі және міндеттері.

 

Кейбiр еуропа халықтарының тiлдерiнде қылмыстық құқықтың негiзiнде қандай ой жатыр деген мәселеге байланысты бұл ұғым екi түрлi атауға ие. Егер ой қылмыс туралы болса, онда оны criminal law - (ағылшын), droit criminel –(француз), criminal - recht (немiс), латынның «crimen» - қылмыс, яғни қылмыс туралы құқық деген мағынада, ал егер бiрiншi орынға қылмысы үшiн жаза деген ой ығыстырылса, онда оны – penal law, droit penal, strafrecht – латынның «poena»- жаза, яғни, жаза туралы құқық деген мағынада қолданылады.

Көптеген авторлардың айтуынша, қылмыстық заңдар деп «адам басымен» жауап беретiн, яғни өмiрiмен жауап беретiн заңдар аталады. Мұнда сөз адамның «басымен» байланысты, орыстың «уголовное» сөзi «голова» сөзiмен түбiрлес жатуында деп жорамалдайды. Бұл деректер нақты емес. Дей тұрғанмен, қылмыстық құқықтың ұғымы барлық уақытта заңмен, яғни қылмыстық әрекет үшiн жазаны анықтаушы заңмен байланыстырылып отырылды.

Кез келген мемлекеттiң құқық жүйесi бiрнеше салалардан: конституциялық құқық, әкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық және т.б. құқық салаларынан тұратыны белгiлi. Осы құқық салаларының iшiнде қылмыстық құқық та бар. Құқық жүйесiнiң құрамдас бөлiгi бола тұра қылмыстық құқық жалпы құқыққа тән барлық белгiлердi (нормативтiлiк, орындау мiндеттiлiгi және т.б.) қамтитын құқық саласы болып табылады. Басқа құқық салаларынан ол ең алдымен пәнiмен, яғни қоғамдық қатынастарды реттеу шеңберiмен (аясымен) ерекшеленедi.

Логика ғылымына сәйкес «пән» ұғымы – бұл танымның белгiлi обьектiсi немесе қабылдауға, атауға, анықтауға болатын нәрселердiң барлығы.

Ал қылмыстық құқықтың пәнi болып не табылады?

Қылмыстық құқықтың реттеу пәнi өте кең, оған мемлекеттiк және қоғамдық құрылыс, меншiк, жеке адам және оның ар-ожданы, құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртiп және сонымен бiрге басқа құқық салаларымен реттелiп қойған қоғамдық қатынастардың шеңберi де кiредi. Қылмыстық құқықтың реттеу пәнiнiң ерекше белгiсi болып қылмыстың жасалуымен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады, яғни қылмыстық құқық заңмен қорғалатын қатынастарға қауiптi қол сұғушылық жасалу салдарынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Құқықтық реттеудiң нәтижесiнде бұл қатынастар қылмыстық-құқықтық қатынастар деген атауға ие болады.

Қылмыстық құқықтық реттеу пәнiн мынадай үш негiзгi қатынастар құрайды.

Оның бiрiншi түрi қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынас қылмыстың жасалуына байланысты туындайды. Бұл -қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық әрекеттi жасаған адам мен мемлекеттiң атынан сот, тергеушi, прокурор, анықтау органдары арасындағы қатынас.

Аталған құқықтық қатынастың әрбiр субьектiлерi белгiлi бiр құқықтарды иемденедi және оларға жүктелген мiндеттердi атқарады. Яғни, қылмыс жасаған адам қылмыстық заң қылмыс жасаумен байланыстырған қолайсыз салдарға шыдауға және қылмыстық құқықтық нормамен қарастырылған жазаны өтеуге мiндеттi. Ал екiншi субьект - сот, тергеу, прокуратура, анықтама органдары бiрiншi субьектiнi сол мiндеттердi орындауға күштеп мәжбүрлеуге құқылы.

Сонымен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастардың пәнi болып қылмыс оқиғасының орын алуына байланысты пайда болатын қылмыстық жауаптылық, жаза тағайындау немесе одан босатуды жүзеге асыру табылады.

Қылмыстық құқық пәнiнiң құрамына кiретiн қатынастың екiншi түрi адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды қылмыс жасаудан бас тартуға мiндеттейдi және қоғамдағы адамдардың тәртiбiн реттеп отырады. Бұл қатынас ескертушiлiк немесе алдын алушылық қылмыстық құқықтық қатынас деп аталады.

Осы жоғарыдағы қылмыстық құқықтық нормаларды қамтитын тыйымдардың азаматтарға әсер ету сипаты бойынша, қоғамды шартты түрде үш топқа бөлу қарастырылған. Оның бiр тобын қылмыстық құқықтық тиымдарды орнату қажеттiлiгiн тудырмайтын азаматтар құрайды. Олар қылмыстың басқа адамдардың, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қарсы құбылыс екенiн сезiнгендiктен, сонымен бiрге қылмыстың өздерiнiң жақсылық пен жамандық туралы жеке адамгершiлiк көзқарастарына да қарсы екендiгiн ұғынғандықтан қылмыс жасамайды. Екiншi топтың мүшелерiн жазаның қорқыту күшi жеткiлiксiз деп ойлайтын және сонда да қылмыстық-құқықтық тыйымдардың болуына қарамастан қылмыс жасайтын адамдар құрайды. Сондықтан да өте қатал деп саналатын қылмыстық жазалардың өзi қылмыстық әрекеттердi жасаудан барлық адамдарды бас тартқыза алмайды. Үшiншi топты, яғни «аралықтағы» топты қылмысты дәл сол қылмыстық жазадан сақтанып жасамайтын адамдар құрайды екен. Сонымен, қылмыстық-құқықтық тиым iс жүзiнде қоғам мүшелерiнiң барлығын емес, тек белгiлi бiр бөлiгiнiң ғана iс-әрекетiн реттейдi.

Қылмыстық құқық пәнiне кiретiн қоғамдық қатынастардың үшiншi түрi - реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар қылмыстық әрекеттi болдырмайтын қажеттi қорғану, мәжбүрлi қажеттiлiк және т.б. жағдайларда қауiптi қол сұғушылықтан қорғау кезiнде келтiрiлген зияндарға азаматтардың құқықтарын бөлiп бередi. Мысалы, қажеттi қорғануда өз құқығын жүзеге асырушы жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттiң мүддесiне қол сұққан екiншi адаммен құқықтық қатынасқа түседi және сол қол сұғушыға зиян келтiре отырып қорғану құқығына ие болады. Екiншi жағынан қорғанушының iс-әрекетiн заңды деп тануға тек ғана құқыққорғау органдары өкiлеттi. Әрбiр жағдайда тек сот, прокуратура және тергеу органдары ғана қауiптi қол сұғушылықтан қорғану кезiнде келтiрiлген зиянмен байланысты оқиғаларды жан-жақты қарауға және оны келтiрген зияны үшiн жауаптылықтан ресми түрде босатуға мiндеттi.

Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды реттеу үшiн арнайы әдiстердi қолдану қажет. Әдiс дегенiмiз - қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқық саласының ықпал ету шараларының жиынтығы.

Ә рбiр қылмыстық құқықтық қатынастардың өзiне тән әдiстерi бар:

1). Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:

- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану әдiсi,

- қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату әдiсi;

- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану әдiстерi жатады.

2). Реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:

- Барлық қоғам мүшелерiне жеке адамға, қоғам мен мемлекетке келтiрiлген қауiптi әрекеттермен белсендi күресу құқықтарын бөлiп беру. Мысалы, қажеттi қорғану құқығы.

3). Ескертушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:

- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату әдiсi жатады.

Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердiң қылмыс болып табылатынын және қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негiздерiн белгiлейтiн құқық нормаларын бiрiктiрген құқықтың бiр ерекше саласы.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2382 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

874 - | 786 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.