Тақырыбы № 42 Тұнбалардың сапасын бағалау.Қаптамасы.Сақталуы.
7.2 Мақсаты: Тақырып бойынша системалық білімі, әр студентке бір жетілімге жеткізу,сабақта жақсы атмосфера жасау.
Оқыту міндеттері
1. Тұнба туралы түсінік
2. Химиялық әдіс.
3. Физика-химиялық әдіс.
4. Официоналды әдіс.
5. Дисперстік орталар.
Тақырыптың негізгі мәселелері
1. Пәнге деген қызығушылықты арттыру.
2. Сақтауды ұйымдасыру.
Дәрілік заттардың ең ірі көзі - өсімдіктер болып табылады. Қазіргі кезде өсімдіктерден жеке түрде табиғи биологиялык белсенді заттар (ББЗ) - алкалоидтар, витаминдер, сонымен қатар галендік және жаңа галенді препараттар алынады.Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың синтетикалык препараттарға қарағанда бірқатар артықшылыктары бар. Олардың кұрамында биологиялық белсенді заттардың комплексі болады; ағзаға жүмсақ эсер етеді; қолданған кезде жанама эсер көрсетуі сирек және экономикалық тиімді.Өсімдіктерді, препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге көптеген балласты заттар да сығындалады. Дэріханада әдетте өсімдік шикізатынан тек қана сулы сығындылар - тұнбалар дайындалады.Тұнбалар дэрілік өсімдіктердің эртүрлі бөліктерінен ex tempore алынган сулы сыгындылар. Олар ең карапайым сығындылар,себебі күрделі күрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткіліксіз экстрагенттердің қолдануын талап етпейді.ССРО МФ XI басылымында өсімдік шикізатынан сулы сығындыларды дайындау, сапасын бағалау жэне оларға сипаттама берілген, кұрғак жэне сүйық экстракт-концентраттардың сулы ерітінділерін қолдану регламенпелген.
Сулы сығындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр экстемпоральды рецептураның 10-15% құрайды. Оның көне дэрілік түр екендігіне қарамастан, сулы сығындылар қазіргі кезге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Алу жолына және шикізат құрамына байланысты сулы сығындылар келесі түрлерге бөлінеді: тұнбалар (Infusa)Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен - гүлінен, шөбінен, жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады.
Тұнбалардың артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Сулы сығындылардың артықшылыктары: технологиясының қарапайымдығы, бастапкы шикізат пен экстрагентгің арзандьшығы, эсер етуші затгардың комплексті күрамы, жүмсақ, кейде ұзақ емдік әсері.
Сулы сығындылардың кемшіліктері: сулы сығындылардың тұрақсыздығы (химиялық және микробтык), өсімдік шикізатының стандартты еместігі.Химиялық тұрақсыздығы. Сулы сығындылардағы экстрактивті заттар ерітіндіде гидролиз, тотығу-тотықсыздану реакциялары арқылы химиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Ыдырау процессі температура жоғарлаған кезде 2-3 есе тез жүреді.Микробиологиялық тұраксыздығы. Сулы сығындылар зең жэне ашыткы саңырауқұлактарының әсерінен тез бұзылады, себебі микроорганизмдер ферментативтік процестерді жылдамдатады, осы процестердің белсенділігі температурага тэуелді.Сулы сығындылардың қолданылуы. Тұнбалар өздері жеке жэне басқа да ішуге қолданылатын (микстуралар), сыртқа қолданылатын (шаюға, басуга арналган ерітінділер) дәрілік түрлермен бірге қолданылады.
Тұнбалар кұрамы бойынша: күрделі, карапайым болады.
Физика-химиялык табиғаты бойынша: төмен молекулалық заттар (алкалоидтар, қышкылдар) ерітінділері, ЖМҚ ерітінділері (ақ уыздар, пектиндер) ерітінділері, суспендирленген заттар ерітінділері, эмульгирленген заттар (эфир майлар, өсімдік майлар) ерітінділері күйінде болады.Өсімдік шикізатынан әсер етуші заттарды сығындылау механизмі. «Сығындылау» латын «Extractio» сөзінен, ол сығындылап алу, сірінділеу, тұндыру деген мағына береді. Судың экстрагент, сыгындылаушы агент ретінде артықшылықтары: көптеген эсер етуші заттарды жақсы сығындайды (алкалоидтардан баска), фармакологиялық индифферентті, биологиялық қауіпсіз, жоғары диффузиялық жэне жоғары десорбциялык қабілетке ие, арзан, тиімді.
Кемшіліктері: биологиялық заттар гидролизге ұшырауы мүмкін (ферментгердің қатысында), микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта.Екінші өнім - шикізат. Шикізат - құрылысы клеткалы кептірілген жэне майдаланған өсімдік бөліктері. Клетка қабырғасына байланысты, тірі клетка кептірілген клеткадан ерекшелінеді.Тірі өсімдік клеткасында көп немесе аз мөлшерде протоплазма кабаты бар. Ол таса ролін атқарады. Клетка ішіндегі сұйьпсгыкты (сөлді) оның сыртындағы сұйыктықтан бөліп тұрады. Тірі протоплазмасы бар клетка жартьшай өткізгіш қабат ролін аткарады, ерітіндіні сыртқа өткізбейді. Мысалы, жаңа қазып алынған мия тамыры өте тэтгі дэмді. Егер оны суық суға салса, тэтті дэмі суға өтпейді. Су тек клетка ішіне енуі мүмкін.Кептірілген өсімдіктің өлі клеткасының жартьшай өткізгіштік касиеті жоқ, онда куыстар, яғни ультрапоралар пайда болып, сол арқылы диализ жүреді. БУЛ жагдайда сұйыктық клетка ішіне де, сыртына да өтуі мүмкін.Сығындылау процесс! келесі сатылардан түрады: жібіту, біріншілік сөлдің түзіггуі, масса алмасу процессі:
Бірінші сатыда - өсімдік шикізаты сумен шыланьш, су клеткаға енеді. Өсімдік материалында гидрофильді заттардың кеп болғандығынан, ол сумен жақсы шыланады. Капиллярлы күштердің әсерінен су клетка кабырғасындағы саңылаулар аркылы өсімдік шикізатымен сіңіріледі клетка аралык кеңістікті толтырады. Судың саңьшаулы таса арқылы өтіп, клеткаға енуі эндоосмос деп аталады. Өсімдік клеткасына судың енуімен Екінші сатыда біріншілік сөл түзіледі. Клеткадағы су диффузияға қабілеті жоғары темен молекулалық заттарды (қышқылдар. алкалоидтар, гликозидтер) еріте бастайды. Содан соң жоғары молекулалы қосылыстар, коллоидтар ери бастайды. Клетка ішінде жоғары осмостык қысым тудыратын, концентрлі ерітінді түзіледі. Оны біріншілік сөл деп атайды.
Үшінші сатыда - масса алмасу процессі жүреді. Ол сырттағы еріткіш пен клетка ішіңдегі зат ерітіндісі арасындагы концентрациялардың айырмашылығына негізделген. Клетка ішінде осмостық қысымы жоғары концентрленген ерітінді түзіледі, ол сөлдің қуысты таса арқылы еріткішке концентрациялары теңескенше тепе-теңдік орнағанша жылжуына мүмкіндік жасайды. Бүл сығындьшау процессінің соңы. Сонымен, концентрациялар айьгомашылығы - сығындылау процессінің қозғалыс куші болып табьшады.
Негізінен, диффузиянъщ екі түрі болады: молекулалық диффузия, конвективтік диффузия.
а) Молекулалық диффузия - молекулалардың ретсіз козғалысьша және бөлшектердің кинетикалық энергия қорына байланысты жүретін процесс. Бұл процесті 1855 жылы Швейцария ғалымы Фик сипаттап,түсіндіріп берді. Ал іс жузінде 1896 жылы Щукарев зерттеді.
б) Конвективтік диффузия - температураның өзгеруі, араластыру,шайқау әсерінен сұңықтықтын алмасу нэтижесінде орын алатын заттардың гасымалдануы. Конвекция - козгалмалы ортаның бір орнынан массаны екінші орынга сьфтган күш беру арқылы тасымалдануы.
Диффузияның бүл түрі біріншіге қарағанда жылдам жүреді. Сонымен, өсімдік шикізатынан эсер етуші заттардың сығындылануы -диффузия, десорбция, еріту, диализ нэтижесінде жүреді. Бұл процестер ездігінен жэне бір мезетте жүретін кұбылыс болып табылады.Сығындылаудың толықтығына және жылдамдығына эсер ететін факторлар: шикізаттың стандарттылыгы, шикізаттың майдалану дэрежесі, шикізат жэне экстрагент мөлшерлерінің катынасы, экстракция кинетикасы, өсімдік шикізатындағы эсер етуші заттардың және ілеспелі заттардың физика-химиялық табиғаты, сулы сығындьиарды дайындауға кажетгі кұрал жабдыктар әсері.Өсімдік шикізатынын стандарттылығы. Сулы сыгындылардың кү-рамы жэне концентрациясы, ағзага эсер ету механизмі жэне күші ең алдымен бастаггқы шикізатка жэне ондағы эсер етуші заттарга байланысты болады. Әсер етуші затгардың мөлшері өсімдік материалдарына, өскен жеріне, өсу жағдайына, жинау уақытына, кептіру тәртібіне және басқа да себептерге байланысты болады. Сондықтан өсімдік шикізатының стаңдарттылыгының маңызы зор. Стандартты шикізат деп нормативті кұжаттардың (НҚ) талаптарына сэйкес келетін шикізатты айтады.Сулы сығынды дайындауға тек стандартты немесе жоғары кондициялы шикізат қолданылады.Қоймага түсетін өсімдік материалдары, кұрамындағы эсер етуші заттың мөлшері көрсетілген, аналитикалық паспортпен жабдыкталуы тиіс. Ол көрсеткіштер пайызбен (алкалоидтар) немесе биологиялык эсер бірлік (БӘБ) санымен (гликозидтер ушін) көрсетіледі. Дэріханаға түсетін өсімдік материалдары этикеткамен жабдыкталуы керек. Әсер етуші заттардың белее нділігі жоғары болған өсімдік шикізатын қолдантанда, оны жазылымда көрсетілген мөліперден кем мөлшерде алу керек. Шикізаттың майдалану дәрежесі. Сығындылаушы зкстрагент өсімдіктің клеткалык кұрылысы бар материал қалындығынан өтуін жеңілдету үшін, өсімдік шикізатын майдалау керек. Майдалану дэрежесі шикізаттың морфологиялық құрылысына тәуелді. Себебі кабыктар мен гамырлардың клеткалык тасалары гүлдер мен жапырактар тасаларымен салыстырғанда калындау жэне қатты болады, сондыктан олардың өлшемдерін едэуір майдалау керек. Сонымен бірге клетка тасаларының құрамының маңызы зор. Клетка тасаларының негізгі заты - клетчатка (целлюлоза). Оларға бөлек клеткалардың тасаларын бір-бірімен жабыстыратын пектинді заттар кіреді. Целлюлоза суда ерімей, тек кана ісінеді, ал пектинді заттар арасында еритін жэне ерімейтін заттар кездеседі. Пектиндер ыстық суда тұтқыр сілбілер түзіп, сығындылау процессін баяулатады. Осы жағдайларды ескере отырып, дәрілік өсімдік шикізатын оптимальды өлшемге дейін майдалау қажет, одан төмен майдалау тиімсіз, себебі сығындыға майда үлпа бөлшектері жэне баска ерімейтін заттар өтіп, оның сапасын төмендетеді, сығынды тез бұзылады.
Майдалаудың оптималды өлшемдері ССРО МФ X «Тұнбалар» мақаласында көрсетілген:
- өсімдіктердін жапырактары, гүлдері, шөбі 5 мм-ге дейін майдаланады. Тек аюкұлак жэне эвкалипт жапырақтарын майдалауды 1 мм-ден асырмайды
- өсімдіктердің сабағын, кабығын, тамырын, тамырсабактарын 3 мм-ге дейін майдалайды
- жемістердің, тұкымдардың майдалау дәрежесі 0,5 мм.
Спорынья — жаңадан (0,3-0,5 мм дейін) майдаланған болуы керек, себебі құрамындағы есімдік майы тез тотығып кетеді.ССРО МФ XI басылымында майдалаудың жеке жағдайлары ұсынылған. Спорыньядан жэне эвкалипт жапырақтарынан баска шикізат, дэріханаға майдаланган түрде түседі. Алынған шикізат мөлшері қалдықсыз майдалануы керек, себебі өсімдіктердің әртурлі бөліктерінде эсер етуші заттар эртүрлі мөлшерде таралады. Шикізат шаңнан еленген болуы керек, себебі балласты заттар суда ісінеді, масса жабысқақ болады.Шикізат мөлшерінін және экстрагенттің қатынасы. Сығынды сапасына шикізат пен экстрагенттің қатынастык мөлшері үлкен эсер көрсетеді.Бастапқы өсімдік материалының мөлшері жэне дайын сығынды мөлшері рецепте қатынас түрінде көрсетіледі (ех 10,0 - 200 ml немесе 10,0:200,0).
Rp: Infusi Foliorum Sennae ex 10,0 -150 ml
Da. Signa. 1 ac қасыктан таңертең жэне түнде қабылдауға
Берілген рецепт 10,0 г сенна жапырағынан 150 мл тұнба дайындау керектігін көрсетеді.Егер шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда ССРО МФ XI басылымының талаптарына сэйкес катынаста сулы сығынды дайындалады:
- егер тұнба мен кайнатпа күрамында күшті эсер ететін заты бар шикізатган дайындалатын болса, онда бастапқы шикізат пен сығынды 1:400 қатынасында болуы керек (наперстянка жапырагынан, термопсис шөбінен);
- шүйгіншөп тамыры мен тамырсабактарынан, жалынгүл шөбінен, меруертгүл шөбінен, истод тамырынан, зығыр дәнінен 1:30 қатынасында дайындалады;
- жалбызтікен тамырынан 1:20 катынасында дайындалады;
- калган өсімдік шикізаттарынан сығынды 1:10 қатынасында дайындалады.
Судың мөлшері эсер етуші заттардың толық сығындауын камтамасыз етуі керек. Су мөлшерін есептеген кезде, оның шығыңдалу себептерін: өсімдік материалына сіңуін, булануын, тұндыру жүргізілетін ыдыста калуын ескереді.Егер жалпы су шыгындалуы 100% деп алынса, онда адсорбция есебінен 84%, булану және жібіту есебінен 16% (2-5 мл) жоғалады (Т.П.Литвинова, 1965). Бул шыгындарды экстрагент қосу арқылы төмендетуге болады. Суды артық мөлшерде алу, эсер етуші заттардың бөлініп шығу жылдамдығын жақсартады жэне томен концентрлі сығьшдының шикізатта адсорбциялану арқылы жоғалуын төмеңдетеді. Ол үшін су сіңіру коэффициент! (Кс) ескеріледі.Су сіңіру коэффициент! (Қ.) перфорирленген стаканда 1 г өсімдік шикізатта оны сықканнан кейін үсталынып қалатын сығынды мөлшерін көрсетеді. Жиі колданылатын шикізаттардың Кс ССРО МФ XI басьшымында және ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. № 142 «Дәрілік кұралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрығында анық 13 келтірілген.