Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Арағанды мемлекеттік медицина университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Рметті әріптестер!
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Сіздерді 2017 - жылдың 12 - сәуір айында болатын «Жастар мен ғылым әлемі: дамудың бағыты мен жаңа мүмкіндіктері» атты жас ғалымдардың халықаралық конференциясына (әрі қарай Конференция) қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – медицина мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері бойынша қоғамды ақпараттандыру.
Конференцияның басты бағыттары:
1. Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина
2. Клиникалық медицина
3. Зертханалық және молекулярлық медицина
4. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
Бұл конференция жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар, ғылыми қызметкерлер мен 35 жасқа дейінгі зерттеушілер үшін өткізіледі.
Қатысу түрлері:
1) Сырттай қатысу (тезистерді жариялау түрінде)
2) Күндізгі қатысу (ауызша баяндама, Е-постер)
3) Белсенсіз күндізгі қатысу (тыңдаушы түрінде)
Конференция материалдары бойынша ғылыми жұмыстар жинағы жарыққа шығады.
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына келесі материалдарды электрондық мекенжай бойынша жіберу қажет: smu-kgmu@mail.ru:
1. Конференцияға қатысуға өтініш (формасы берілген);
2. Ғылыми жетекшінің рұқсат қағазымен бірге сканирленген тезис;
3. Тезис (doc*), егер баяндама болса (электронды нұсқасын)
Конференцияға ұсынылатын тезис, баяндамалар мен E-постерлер медицина мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, жетістіктерін және тәжірибесін қамту керек.
Мақалалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде (электронды нұсқасында) тіркеу формасымен бірге конференцияның ұйымдастыру комитетіне 2017 - жылдың 30 – наурыз айына дейін жіберілу керек, келесі электрондық мекенжай бойынша: smu-kgmu@mail.ru
Жарияланымды рәсімдеу талаптары
1. Тезис болу қажет:
– жол аралық интервалы 1,0
– шрифті Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль 12
– алаңы жоғарыдан және төменнен 2 см, сол жақтан 4 см, оң жақтан 1,5 см
– жарияланымға бір автордан 2 тезиске дейін қабылданады
– тезис көлемі – 1 беттен кем емес
Тезистің бірінші жолында ӘӨЖ қойылады. Екінші жолында – ғылыми жетекшімен бірге автордың Т.А.Ә. (5 автораға дейін). Одан жол төмен – тезистің атауы (жазба әріптерімен), келесі жолда – оқу орны мен қала** атауы. Екінші бетке автордың мекенжайы мен телефоны көрсетілу керек.
* Автор(лар)дың Т.А.Ж. әрқайсысының жұмыс орнымен индекстеледі – А.В. Витавская 1, Н.И. Пономарева 2, Г.К. Алтынбаева 3
** Автор(лар)дың жұмыс орны – Алматы техникалық университеті 1, Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық орталығы 2, Рудныйлық индустриалды институт 3.
2. Фотолар, суреттер және сызбалар рұқсат етілмейді.
3. Кестелер атауларымен, нөмерлермен және басылып шығарылған болуы керек.
4. Жалпыға бірдей қабылданған сөздерден басқа қысқартулар, есімдер мен атаулар рұқсат етілмейді. Өлшем жүйесі СИ бойынша беріледі. Қысқартулар мәтiнде бiрiншi пайда болғаннан кейiн ашып айтылады және өзгерусіз қалады.
5. Материалдар жинақта өзгертусіз көшiру әдiсімен орналастырылады, сондықтан мақалалар барлық жоғарыда айтылған талаптарды мұқият орындалуымен, тек түзетілген түрде ғана қабылданады.
6. Жарияланған немесе баспаға жіберілген материалдарды конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберу рұқсат етілмейді.
7. Жариялаудың құны бiр бет үшін 500 теңгенi құрайды (қосымша2). Ұйымдастыру жарнасы 1500 теңге (жас ғалымдар үшін) және 500 теңге (тек студенттермен, интерндер үшін) – тек баяндамашы үшін. Тіркеу кезінде төленеді.
8. Іссапар шығыны бағыттаушы жағынан төленеді.
Ұйымдастыру комитеті мен редакция комиссиясы конференцияға жіберілген мақалалар, баяндамаларды таңдауға құқылы.