Билік теориясына байланысты туындайтын тағы бір мәселе – билік пен жеке адамдар еркіндігінің ара қатынасы. Әрине, билік қоғамды басқару үшін, тәртіп орнату үшін қажет. Бірақ тәртіпті нығайту үшін билік өте қатал болып мейірімсіздікке барса, онда азаматтардың еркіндігіне зиян келутіруі де мүмкін.Бұл қайшылықты қалай үйлестіру керек?Осы сұраққа саясаттану ғылымының беретін жауабы: саяси биліктің өзінен, не болмаса билік пен адамның қарым-қатынасынан әрбір жеке адамға тікелей қиянат келмеуі мүмкін. Бірақ адам құқығына, еркіндігіне зиян келтіретін –саяси биліктің бір қолға шоғырлануы, топталуы. Яғни, билік пен жеке адамның арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібінің бұзылуы.
Саяси билік неғұрлым бір орталыққа шоғырланған, топтастырылған болса, бостандыққа соғұрлым шек қойылады, қысым жасалады. Шексіз билік-бостандыққа шексіз қысым орнатады.Империя, монархия кезеңдерінде, фашистік режимдерде мемлекеттік билік дара бір адамның қолына шоғырланды. Кеңес өкіметі кезінде де билік түгелдей бір орталыққа шоғырланған болатын. Әлеуметтік бастамалар көтеру, бірігіп шешімдер қабылдау, әртүрлі пікір, көзқарас білдіру – бәрі де қатал бақылауға алынды. Бұл билік түрі қоғамның прогресті дамуына жол бермеді.Ал кейбіреулер керісінше биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдерде биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық азаматтардың өкімет шешімдерін қабылдауға араласуын, билікке қатысуын қалайды. Бұл легитимді (заңды) билік, яғни демократиялық билік қалыптастыру жолы.
Демократиялық саяси билік дегеніміз – құқықты, қабілеттілікті, оның барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық үшін есепті қызмет етіп, қоғамның өндірістік және рухани өмірін, азаматтар арасындағы қарым- қатынастарды басқару, ұйымдастыру.Мемлекеттік саяси билік ең алдымен қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін қажет.Демократиялық мемлекеттегі ең таңдаулы, ең шынайы билік – ол шын мәнінде халық бақылауында болатын билік.
Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқарткысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады.
Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып белінеді.
Биліктің кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін, жұмысын және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Әр түрлі билік өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді. Атап айтқанда: 1) институционаланған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге башнышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі (мәселен, саяси ассоциациялардағы билік, биресми топтарды және т. б. басқару); 2) жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді. Мысалы, соңғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т. б. билігі жатады; 3) құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т. б. билігі) болып бөлінеді.[4]
Орытынды
Билік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты — қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны — үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады.
Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды.Саяси биліктің өзіңдік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекетгің істерін басқару; үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.[5]