Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


МекеменіҢ техникалыҚ ҚҰралдар деректер Қорын жобалау

 

Абишев Д. – ИП-13-3а тобының студенті

Ботаева С.Б. – т.ғ.д., доцент

 

Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді.

Сонғы компьютерлік технологиялардың пайда болуы, көптеген мекемелер, кәсіпорындардың, өндірістердің және компаниялардың іс-құжаттарын ұйымдастыру, деректер қорын басқару және т.с.с. көптеген жұмыстарды жеңілдетеді. Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам, әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Заманымыздың өркендеуіне байланысты мәліметтер ағымының көлемі де ұлғая бастады.

Деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі, электрондық кесте және т.с.с. компьютерлік жаңа программалардың дамуы заман қажеттілігінен туындап отырғаны айқын, Сондықтан, соңғы жылдары компьютерлік технологиялар қарқынды дамып, көптеген жерлерде қолданылуда.

Деректер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді [1].

Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған.

«Деректер қорын басқару жүйесі» - бұл әрбір адам өмірінде жиі кездесетін мәліметтер қоры әдістері және базалық моделдерді анықтауға арналған информатика бөлігінің бір бөлігі.

ДҚБЖ деректер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты ДҚБЖдербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес ДҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. ДҚБЖ-ның толық нұсқалы компоненттері келесідей:

– қолданушы ортасы, ол мәліметтерді пернетақта арқылы басқаруға мүмкіндік береді;

– интерпретатор ретінде орындалатын, мәліметтерді өңдеу жүйесін қолданбалы программалауға арналған алгаритмдеу тілі (соңғысы программаларды жылдам құруға және кейінге қалдыруға мүмкіндік береді);

– аяқталған программаға ЕХЕ – файл тәуелсіз формасындағыдайын ақылы өнім түрін беретін компилятор;

– форма, кесте, экран, мәзір және т.б. қосымшаларды басқару операцияларын жылдам программалауға арналған утилит-программалар. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.

ДҚБЖ – қолданушының сұраныстарын жылдам қанағаттандыруға бағытталған орта, яғни интерпретатор жүйесі болып табылады. ДҚБЖ-дағы программалау тілі нақты колданушы мен нақты мәселерге бағытталған мәліметтерді өңдеу күрделі жүйелелерін құруға мүмкіндік береді.

Дербес компьютерлердің пайда болуы қоғамды компьютерлендіру процессін одан әрі жетілдіре түсті және оған қайталамайтын сипаттама берді. Компьютерлердің кең пайдаланылатын салалары ретінде басқару жұмыстарын автоматтандыруды айтуға болады. Егерде болашақтаға маман ақпаратты жинақтаудың, сақтаудың, өңдеудің жаңа әдістері мен құралдарын жақсы меңгерсе, онда жұмысының тиімділігінің де арта түсетіні анық.

Бүгінгі таңда электронды ақпарат дамып бара жатқандықтан, мәліметтің бәрін цифрлық түрде енгізіп, оны цифрлық түрде сақтап және оқуымызға тура келеді. Себебі, біздің күнделікті ақпарат алмасуымызды жеңілдетеді және шығынды азайтады. Егер электронды ақпарат шығыс және батыс елдерінде бірнеше жыл бұрын дамыса да, біздің елде бұл енді-енді жарық көріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда қандай да бір кәсіпорынның немесе білім беретін мекеменің жұмысын автоматтандыратын бағдарламалық құралдарды құру қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады [2].

Менің ғылыми жұмысым, ЖШС «IT Invest Group» компаниясының техникалық құралдар деректер қорын құру және автоматтандыру болып табылады. Қазіргі уақытта, бүкіл жұмыс процесі және құжаттар ағыны Microsoft Office өнімдерінің бірі Microsoft Word және Access-те жүргізіліп отыр.

Жаңа технологиялық өнім жасаудағы, негізгі талаптар – сенімді, түсінуге және пайдалануға оңай болуы. Менің жасап жатқан жүйем, компания жұмысшыларына тіркелген техникалық құрал-жабдықтарын автоматтандыру болып табылады. Бұл жүйе қағаз жүзінде орындалатын барлық құжаттарды, электронды түрде жылдам және ыңғайлы орындауға мүмкіндік береді. Және де егер құжат қағаз жүзінде керек болған жағдайда, электронды құжатты принтерден басып шығаруға мүмкіншілік береді.

Зерттеу жобасының бірегейлігі, қазіргі уақыттағы ең озық технологияларды пайдалану болып табылады – объектілі-бағытталған программалаудың әдістері мен рәсімдері, реляциялық дерекқорлар және ADO.NET компоненті арқылы деректерге қол жеткізу. Бағдарламалық әзірлеу ортасы ретінде Delphi 7 программасы таңталды. Деректер қорын құруда Microsoft Office өнімінің бірі Microsoft Access қолданылды. Және де программа интерфейсін құруда Delphi 7 программасының қосымша QuickReport компоненті қолданылды.

Бағдарлама бірнеше терезелерден тұрады – негізгі және қосымша терезелерден. 1-суретте көрсетілгендей, негізгі терезеден қосымша терезелерге тиісті батырмаларды басу арқылы өте аласыз.

 

 

Сурет 1. Негізгі терезе және техникалық құралдар тіркелу терезесі

 

Бағдарламаның негізгі дерекқорына келесі кестелер жатады – Бөлімшелер, Лауазымдар, Қызметкерлер, Техникалық құрал-жабдықтар, Техникалық құрал-жабдықтарды тіркеу, Құрал-жабдықтар деректемесі. Бұл кестелердің әрбірінде арнайы атрибуттары мен бастапқы кілттері бар. Барлық кестеде бір-бірімен логикалық байланысы бар. Мысалы: Қызметкерлер және Техникалық құрал-жабдықтар кестелер арасында көпке-көп деген қатынас болады, өйткені компанияда қызметкерлер саны көп және оларға тіркелетін техникалық құралдарда саны бірнеше болып келеді, және т.с.с.

Қазіргі уақытта жүйе жаксы жұмыс істейді. Бағдарламаның енгізілуі компанияда құжат айналымын жеңілдетеді, уақытты үнемдеуге және де керек жағдайда құжатты қағаз жүзінде басып шығаруға мүмкіндік береді.

 

Дебиеттер

1. Хaррингтон Д. «Проектирование объектно-ориентированных баз данных». — М., 2001.

2. Қ.С.Байшоланова “Ақпараттық жүйелер теориясы ”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2002

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | В Павлодаре состоялся брифинг о готовности сил и средств к предстоящему паводковому периоду 2017года
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 564 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2535 - | 2391 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.