Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жазбаша емтихан жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар.




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ

 

 

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттаудағы алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихандық жұмысын рәсімдеу мен бағалау туралы әдістемелік нұсқаулық

 

 

Астана 2017

Алғы сөз

Бұл әдістемелік құрал орта мектеп курсы үшін қорытынды аттестациялаудағы дайындыққа арналған. Құралда емтихан тапсырмаларының нұсқалары мен жазбаша емтихан жұмысын рәсімдеу үлгісі және өз бетінше дайындалуға арналған үлгі нұсқалар көрсетілген.

Барлық нұсқалар алгебра және анализ бастамалары пәнінен 10-11 сыныптарда қарастырылатын тақырыптардың материалдары негізінде құралған.

Әрбір нұсқа оқушылардың есептеу дағдысын, алгебралық өрнектердің негізгі түрлерін тепе-тең түрлендіру тәжірибесін, бағдарламада көрсетілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін игеру дәрежесін тексеретін тапсырмалардан құралған. Оқушылар, функциялардың графиктерін салу және математикалық талдау әдістері арқылы функцияны зерттеу, қисықсызықты трапеция ауданын табу есептерін шығару, функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу бойынша өздерінің біліктіліктерін көрсетулері қажет.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихандық жұмыс тапсырмаларын құрастырғанда мектептің бейімдік бағыты ескерілді:

1) Қоғамдық - гуманитарлық бағыт (ҚГБ)

2) Жаратылыстану - математика бағыты (ЖМБ)

3) математиканы тереңдете оқыту бағыты (МТО)

Мектеп бітірушілердің математикалық дайындығына қойылатын талаптарға сай, әр нұсқада тапсырмалар үш түрлі деңгеймен берілген:

А− міндетті дайындық деңгейі. Бұл деңгейдегі тарсырмалар жеткілікті түрде қарапайым және бағдарламаны меңгерген әрбір мектеп бітірушінің орындауына есептелген.

В− жылжытылған деңгей. Бұл деңгейдегі тапсырмалар сәл күрделеніп келеді және оқушылардың міндетті дайындық деңгейінен жоғарылау мүмкіндіктерін ескеруге бағытталған.

С− жоғары деңгей. Бұл деңгейдегі тапсырмалар едәуір күрделі болып келеді және оларды орындау мектеп бітірушіден өте жақсы дайындықты талап етеді.

 

 

Әр бейімдік бағыт бойынша ұсынылған емтихандық тапсырмалар саны:

а) ҚГБ сыныптары үшін бес тапсырма;

ә) ЖМБ сыныптары үшін алты тапсырма;

б) МТО сыныптары үшін алты тапсырма (РФММ үшін).

 

 

Жазбаша емтихан жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар

1) Титулдық парақты толтыру үлгісі:

 

11 сынып оқушысы

--------------------------(аты-жөні-ілік септігінде)

орта мектепкурсы бойынша

алгебра және анализ бастамаларынан

жазбаша емтихандық жұмысы

 

НұсқаI (II)

2) Емтихан жұмысы мектеп штампы басылған дәптер парағына орындалады. Штампта мектеп атауы, нөмірі, оның орналасқан жері көрсетілген және емтихан өткізу мерзімітолтырылады. Есеп шешуін жазу үшін парақтарды дәптер беттері сияқты орналастыру керек.

3) Әрбір жаттығу есеп шартынан, шешімінен және жауаптан тұрады. Есептің шарты бір рет көшіріліп жазылады. Есептің шартын арнайы қысқарта жазуға және суреттерге түсініктемелерден бөлек пункт жасауға болмайды, себебі бұл есеп шығарудың жалпы түсініктемесіне кіреді. Есепті шешудің соңында жауабын жазу керек. Есеп жауабы есеп шартына сәйкес болуы керек, жауап өте қысқа да емес, өте шұбалаңқы да болмауы қажет.

Егер оқушы кезекті тапсырманы орындай алмаса, онда есеп шартын жазып болған соң келесі тапсырмаға көшуі қажет.

4) Сурет қаламмен орындалады. Функция графигін салғанда графиктің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелері және функцияның сындық нүктелерінің координаталары көрсетілуі керек.

 

5) Тапсырма шешімінің түсіндірме жазбасында көпсөзділікке ұрынбау керек. Жинақтылық пен нақтылық ойлау жүйесінің қатаңдығымен үйлесуі қажет. Жазбада қысқартылған сөз тіркестері болмауға тиіс.

6) Есептерді шығару барысында негізгі кезеңдерге түсінік беру және егер қажет болса сурет салу керек.

7) Бақылау жұмысының жазбасы анық,өте ұқыпты орындалуы қажет.

8) Шешу жұмысының соңында міндетті түрде жауап жазылады. Дәлелдеуге, зерттеуге немесе салуға берілген есептерде – қорытынды жазылады.

9) Әрбір жаңа ойды қызыл абзацтан бастап жазу керек.

10) Есеп номері, шешуі және жауабы араларына бір клетка төмен түсіріліп жазылады.

11) Емтиханда калькулятор және мобильді телефон қолдануға тиым салынады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2324 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2340 - | 2065 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.