Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Артериядан қан кету кезінде жгут салу техникасының алгоритмі.




Мақсаты: Қан кетуді тоқтату

Көрсеткіштері: Артерия қан тамырларынан қан кету

Қарсы көрсеткіштері: Жоқ

Керекті құралдар:

1. Резеңке жгут Эсмарха

2. Ақ қағаз,

3. Қалам

4. Резеңке залалсыздандырылмаған қолғап

5. Үлкен дәке немесе қол орамал.

6. Таңғыш материялы.

7. ҚКҚ

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу. Бір реттік залалсыз қолғапты кию.

2. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).

3. Науқасты қарау, тыныштандыру, жатқызу.

4. Науқастың және жараның жағдайын бағалау.

5. Резеңкелі залалсыздандырылған қолғапты кию.

6. Зақымданған жағын денеден 1-2 cм жоғары.

7. Қан кеткен жерден жоғарырақ, праксимальды салу керек.

8. Жгуттың астына материял немесе киімін қою керек.

9. Қан кетіп жатқан артерияны саусақпен сүекке итерип басып тұрамыз.

10. Аяқ-қолдан қан кетип жатқан жерден 2 см жоғары материял немесе орамалмен орау керек.

11. Қанды тоқтату үшін жгутті ақя-қолға қатты тартып немесе орап байлау керек.

12. Келесі орамды салу үшін; орамдар бір-бірінің үстіне немесе салыну керек, себебі, орамдар босамас үшін және теріні зақымдамау мақсатында

13. Жгуттың шетін ілгешекпен бекітеді немесе екі басын байлап тастайды.

14. Жгуттың дұрыс салынғанына көз жеткізуіміз керек (жгут салынған жерден төмен тамяр соғысы анықталмайды, жарадан қан кету тоқтайды, аяқ-қол ұштары бозарады).

15. Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.

16. Қолды жуып, кептіру.

17. Жгуттың салынған уақытын: күні, сағаты мен минутын көрсетіп жазып, жгуттың оралу бағытының астына салады.

18. Науқасты жатқызып тасмалдауымыз керек.

 

Ескерту!

- Жгутты жазда 1 сағатқа, қыста 30 мин салынады. 20 минут сайын босатып отыру керек.

- Жгутты босатқанда қан кетіп жатқан жерді қолмен басып тұру керек.

- Балаларға жгут 1 сағаттан артық салуға болмайды.

- Жгутты таңғыш астына немесе киімнің астында қалып қоймау керек.

- Қыста жгут 30 минутқа немесе 1 сағатқа салыну керек. Аяқ-қолды жылы киіммен немесе одеялмен жабыду керек, сол жерге қызыл материял бөлігін қоюымыз керек.

- Резеңкелі жгуттың орынына ремен қолдануға болады.

Құжаттандыру:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

 

 

 

5.Алгоритм: Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.

Мақсаты: АҚ тұрақтандыру, өмірге маңызды жүйелердің қызметін қалпына келтіру, ДВС-синдромының алдын алу.

Мүмкін болатын асқынулар:

Субъективті:

-

- кенеттен пайда болған әлсіздік;

- бас ауруы, бас айналу;

- денеде ыстықты сезіну;

- тері бөртпелері

- суық тер;

- түшкіру, жөтел, қышу сезімі;

- жас ағу;

- құсу;

- аяқ-қолдың клиникалық тырысулары (кейде тырысулық құлау);

- қозғалыс бұзылыстары;

- «өлімнен қорқу»;

- еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі.

Объективті:

- тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз);

- əр түрлі экзантемалар;

- қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;

- жиі жіп тəрізді пульс (перифериялық қан тамырларда);

- тахикардия (сирек брадикардия, аритмия);

- жүрек тондері тұйықталған;

- артериалдық қысым тез төмендейді (ауыр жағдайда төмен қысым анықталмайды).

- жеңіл жағдай кезінде салыстырмалы түрде АҚ төмендемейді, төменгі критикалық деңгей 90-80 мм.сын.бағ. Алғашқы минуттарда кейде АҚ аздап төмендеуі мүмкін;

- тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу);

- қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ басын көтерген күйде, басын бүйіріне қаратып, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін, асфиксия, құсық массалары мен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту, таза ауаның келуін қаматамасыз ету. Оксигенотерапия жүргізу.

2. Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату:

а) аллергендерді парентеральды енгізу:

— аллерген енгізген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспайтын етіп, 30 минутқа жгут салу (əр 10 минут сайын жгутты бір-екі минутқа босатып отыру қажет);

— «крест тəрізді» инъекция орнына (шағу) 0,18 % эпинефрин ерітіндісін 0,5 мл (мүмкіндігінше к\т-ға– гипоперфузия!) 5,0 мл изотониялық ертінді натрий хлориді 5,0 мл жəне мұз қояды (бірінші емдік тағайындау!).
б) аллергенді медикаменттерді мұрын қуысына тамшылату жəне коньюктиваны сумен жуу керек.

в) аллергендерді пероральды қабылдағанда науқастың жағдайы көтерсе асқазанды жуу керек.

3. Шокка қарсы іс-шаралар:

а) бұлшық етке тез арада егу:

— 0,18 % эпинефрин ертіндісі 0,3 – 0,5 мл (1,0 мл-ден аспау керек). Эпинефринді қайталап енгізу аралығы 5 - 20 минут, АҚ бақылау;

— антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ертіндісі 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген үрдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті əсер!
б) инфузионды терапия 0,9% натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Қан тамыр ішілік көлемді қайта қалпына келтіру үшін. Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ерітінді (пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы жəне көлемі АҚ жоғарылауымен, ЦВД жоғарылауымен жəне науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады.
4. Аллергияға қарсы ем; к\т преднизолон 90-150 мг.
5. Симптоматикалық ем:
а) артериалды гипотензияда циркуляциядағы қан көлемі қабынуынан кейін-вазопрессорлы аминді, систолалық АҚ ≥ 90 мм.с.б. келгенше к\тамырға титрлеп енгізеді. Допамин к\т тамшылатып 4-10 мкг/кг/мин, 15-20 мкг/кг/мин жылдамдықта (200 мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлоридаі немесе 5% декстроза ертіндісі) аспау керек – инфузионды минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізіледі;
б) брадикардия дамыса 0,1% раствор атропин ертіндісі 0,5 мл тері астына, қажет болған жағдайда – осы мөлшерді 5-10 минуттан кейін қайталап енгіземіз;
в) бронхоспастикалық синдромда к\т 2,4 % аминофиллин ертіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден аспау керек) 20 мл изотоникалық ертінді натрий хлоридіне еріту немесе ингаляциялық β2-адреномиметиктер – сальбутамол 2,5 – 5,0 мг небулайзер арқылы енгізу.

 

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4917 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2183 - | 2133 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.