Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Деп, жақсы айтылған.

Жігер отын жанар ғып.

Эвереске шыққандардың тізімі

Саусақпенен санарлық.

Махаббат та шың сияқты:

Күн жақындап қасына,

Бұлт қонатын тасына,

Ыран тектес жандар ғана шыға алады басына».

М.Шаханов

Ия, егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, әлемдік деңгейде күні бүгінге дейін ол биіккекөтерілген адамдар некен-саяқ. Біреулер ғаламат шыңның етегіне барып құлайды. Ортасына дейін, тіпті, одан да ары жылжитындар бар. Бірақ, адам баласы үшін сол таңғажайып шыңға шығуды мақсат тұтудың, солай қарай бет бұрудың өзі үлкен жетістік. Енді, біреулер үйленуді, ұрпақ өсіруді, өмір жолында бірлесіп қимылдауды махаббатқа балап жатады. Дұрыс. Әйтсе де, бұл махаббаттың жеке-жеке бөлшектері ғана.

Махаббат – адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі, «сол себептен» емес, «ештеңеге қарамай» сүйетін іңкәрлік. Махаббат – өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры. Даналар: «Сүйіп көрмеген – өмір сүріп көрмеген», – десе, осы заманның ақын – философы:

Ашықтықпен өткен күндер ғана – өмір

Ал қалғаны –жай күндер», – деп нақтылай түседі. Рас, ақын айтқандай, «махаббаттың» нақты формуласы жоқ, бірақ оның іздері арғы – бергі өмірде, адамдар зердесінде құс жолындай сайрап жатыр… Бұдан талай ғасыр бұрын «ай мен күндей» жас

аруға құлай ғашық болған бұла жігіт:

«Ерлер мінер сұр қасқа,

Шаба алмаса, ұр басқа.

Батырлық, байлық кімде жоқ,

Ашықтық жолы бір басқа»,– деп, аптабы аспандағы құс қанатын қарыған қырық күншілік шөлін, ұры – қары, қарақшылар торыған қатерлі жолын қаперіне алмастан, жер түбіндегі қыз еліне жапа-жалғыз аттанып кете барады. Махаббаттың жанында атақ–даңқ пен батырлық, байлықтың өзін кәдеге алғысыз санаған қазақтың сүйіспеншілік этикасы неткен асқақ әрі сәулетті десеңізші! Ғашық бекзадаға солай дегізіп, қауіп–қатерге де қаратпай, айдап әкетіп бара жатқан құдіреттің аты – махаббат емес пе!?

Бұдан да ертеде алыстан келе жатқан керуеннің басшысы араб елі патшасының құзырына тағзым етуге кіргенде: жолда ғашықтық дертінен құса болып, сахарада жалғыз жүрген ақын жігітті көргендерін әңгімелеп береді. Патша есіл жасты есінен тандырған қыз әлемде жоқ сұлу шығар деп ойлап, көруге құмартыпты.Сарайына алдыртып, қараса: әлгісі қоңыртөбел ғана көркі бар тәмпіштеу бойжеткен екен. Осыған өле ғашық болып жүрген шайырдың да есі жоқ екен–ау деп, патша жігітті де шақыртып: – Жер бетінде теңдесі жоқ деген сұлуың осы ма! – дейді кейіспен. Сонда шайыр жігіт:

Тақсыр, сіз ол қызға менің көзіммен қараңыз! – депті қызбаланып.

Бір жұрттың бетке ұстар шайырына қоңыртөбел ғана көркі бар қызды ғажайып ару ғып көрсетіп, естен тандыра іңкәр еткен керемет те – сол махаббат.

Барлық адам баласына тән әрі мыңдаған жылдар бойы өзінің мәні мен сәнін сақтап келе жатқан адам жанының осынау тамаша қасиеті жайында көне Шығыстың тағылым кітаптарының бірі – «Шабдал бұтақтарында»: «Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән»,

«Жан қалауынан – достық,

Сана қалауынан – сыйлау,

Тән қалауынан құмарлық туады.

Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады»,

деп, жақсы айтылған.

Әне, сол қадым заманнан ерекше әспеттеліп келе жатқан махаббатты – адам өмірінің ұлы жарастығы, адам жанының гүлдеп, шешек атуы; сүйіспеншілік жанарымен қарағанда ғана ашылатын әлемнің керемет сұлу суреті, өмірдің ыстық демі, ардақтылығы десек керек. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол – адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жай күйі.Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп, дем беріп отырады. Адам біреуді сүйгендіктен яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш – жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздықпен жайшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырады.Әйтпесе, яғни, сүйіспеншілік жоқ жерде, өмір мәнінен, бар әдемі бояуынан айырылып, көңілсіз, жансыз сұрқайлыққа айналады. Демек, махаббат – өзің үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, айналаға соның көзімен қарау, сол арқылы тіршіліктің қадір – қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз.

Бір кездері Жер шарында тұлғасы көз тартарлық, ақылды да талантты адамдардың мекендегені туралы аңыз бар. Әр ағзаның екі жынысы болған. Бір күні олар көкіректеніп, өздерін құдайдан артық санай бастайды. Сонда құдай оларға қаһарланып, Жерге әр адамды екіге әйел затына және ер адамға бөліп тастайтын найзағай жібереді. Кейін барлық жарты бөлшектер араласып кетеді. Сол кезден бастап олардың әрқайсысы Жер шарын аралап, өздерінің екінші жартысын іздеуде. Егер екі жарты бір бүтін болса, олар нағыз бақытқа ие болып, махаббатқа кенеледі. Біз де қазіргі заманның адамдары екінші жартымыз туралы мәңгі сағынышта ғұмыр кешудеміз, дискотекаға, мектепке, достарымызға қонаққа барсақ та бізді: «Мүмкін дәл бүгін мен Оны кездестірермін?-деген бір ғана сұрақ мазалайды

Стефани Ортиг – Сиракуза Университетінде және Өнер мен Ғылым Колледжінде іс-әрекет ететін психология және неврология профессоры. профессор Ортиг құрған топ жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша адам ғашық болғанда оның миының 12 бөлігінің бір уақытта қатар жұмыс жасап, эйфория күйін тудыратын химиялық заттардың (допамин, окситоцин, адреналин және вазопрессин) өндірілуіне ықпал ететіндігін анықтаған. Махаббат сезімі ойша қиялдау, теңеу және бейнелік көріністер сияқты күрделі танымдық қызметтерге солайша ықпал етеді. Сондай-ақ, зерттеушілер ғашық болу үшін бес секундтың өзі де жеткілікті екендігін анықтаған. Жаңа ақпараттар: «Адам қалай ғашық болады: жүрегімен бе?, әлде миымен бе?»-деген сұрақтың туындауына себепші болуда. Ортиг ол сұрақтың әрқашанда жай сұрақ болмағандығын айтады. «Мен ми деп айтар едім, алайда, жүрек те сол күйге тығыз байланысты, өйткені махаббатың күрделі ұғымы мидан жүрекке және керісінше бағытта да жүретін жоғары көтерілуші әрі төмен түсетін үдерістері арқылы қалыптасады. Мысалы, мидың кейбір бөлшектерінің белсендірілуі жүрекке жетер әсерді тудыруы мүмкін». Талдау махаббатың әрқилы көріністеріне жауап беретін мидың басқа да бөлшектерін айғақтауда. Мысалы, ана мен баланың арасындағы шартсыз махаббат мидың орта бөлігін қамтып, оның жалпы және әртекті бөліктеріне байланысты болады. Құмар махаббат дененің бейнесі сияқты анағұрлым жоғары танымдық қызметтерге ие болған мидың танымдық ассоциативті бөліктеріне байланысты. Махаббат біздің қозғаушы күшіміз әрі тағдырымызды анықтаушы ғажайып болып табылады. Ол тұтқиылдан пайда болып, қисынсыз әрі көзге көрінбейді. Аталмыш сезімнің табиғатын зерттейтін ғылым ғашықтарды баурайтын ғажайып өзгерістерді анықтайды: махаббат мидың қорқыныш сезімдеріне, жағымсыз эмоцияларға, сынға жауап беретін бөліктерін басып, адамның негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін және ләззат алу қызметіне жауап беретін аймақтарына ықпал ететіндігін анықтайды. Антропологтар, биохимиктер, философтар және діндарлар махаббаттың табиғаты туралы күтпеген болжамдарды айтуда. Дегенмен, олардың барлығы әйел мен еркектің бір-біріне қатысты басынан кешірген сезімдерінің астарында анағұрлым жоғары, ақылға сыймайтын, түсініксіз дүниенің тұрғандығын мойындайды. Ғашық болғандардың барлығы ақылды және ақылсыз, жас және кәрі, бай және суретші де бірдей сезімдерді кешіреді. Өтірік, адалдық, қызғаныш, шаттық, сатқындық – ешкім өзінің махаббатының хикаясының қандай болатынын, қалай аяқталатынын алдын ала болжай алмайды. Бірақ барлығы ол барда барлығы – уақыттың, ақшаның, беделдің, міндеттердің екінші жоспарда қалатынын жақсы біледі. Дәрігерлер махаббатты психиканың компульсивті, аддиктивті, бізді сүйіспеншілігіміздің затына өктемдікпен тартатын бұзылыстарының бірі деп тұжырымдайды. Ол жалпы нашақорлыққа тең, атап айтқанда кокаинды тәеулсіздік іспеттес. Философтар оны өзіңіз ғашық болмайынша түсінуге болмас, ақыл мен жанның ерекше күйі деп айтады. Карл Густав Юнг: «Ол ессіздік емес. Осы тұста «ақыл» сөзін қолданудың өзі орынды ма дер едім? Ол ұшы қиыры жоқ жарық та қараңғылық та болып табылады. Ондай құпиялы қуаттан ешкім қашып құтыла алмайды». Ғалымдар махаббаттың: жыныстық әуестік, қиялшыл махаббат және үйірсектік сияқты негізгі үш түрін көрсетеді. Бірақ дәл қиялшыл махаббат жайында ғасырлар бойы жазушылар мен ақындар жырлауда, дәл соған музыканың және көркем өнердің сансыз төл тұмалары арналуда. Әрі тек махаббатпен ғана қоштасу сондай қиын. Дәл сол лабораториялық зерттеу жұмыстары махаббат айырылған адамдардың 100 пайызының қуатты, тіптен шыдатпайтын ауырсыну сезімін кешіргендерін көрсетуде. Бірақ кейбір адамдар ол күйді салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жеңе алса, басқалары жылдарға, онжылдықтар тіптен өмірлерінің ақырына дейін қиналып өтеді. Дегенмен адамдардың көпшілігі махаббаты мүлде кешірмегеннен гөрі одан айрылғаннын артық екендігін қалайды.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Прайс-лист на услуги мастер на час в Санкт-Петербурге на 01. 03. 2017 г.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 433 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2304 - | 2159 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.