Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кәсіпорынның мәліметтері




Кіріспе

 

Бүгінгі таңда елімізде 500-дің үстінде жеңіл өнеркәсіп өндірісі бар. Олардың көпшілігі Алматы мен оның төңірегінде орналасқан. Екінші жарты жылдықтағы жеңіл өндіріс дамуын 40 пайызға ілгерілеткендер де осылар. Алайда, алақайлауға әлі ерте дейді сарапшылар. Себебі, жеңіл өнеркәсіпте түйінді мәселелер жетерлік. Көбі бұрынғысынша шешімін таппай келеді. Әйткенмен, осы сала өкілдері келесі жылдан бастап толық жұмыс істей бастайтын кедендік одақтан көп үміт күтіп отыр. Қазақстан жеңілөнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Кедендік одаққа кіру арқылы біз, ішкі нарықтағы экономика жағдайларын реттей аламыз. Яғни, өндірушілер үшін кеден салығында жеңілдіктер қарастырылып, қауіпсіздік шаралары сақталады деген сөз. Біз бұл ретте Ресей және Белорусия елдеріндегі кеден саясатын қолдаймыз. 1999 жыл 4 мамырды жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жиналысында Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардан баска халықтың жеке тапсырыстары бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар киім дайындаумен, үй шаруашылығына қажетті бұйымдар дайындаумен айналысады. Жаппай өндірісте киім шығаратын кәсіпорындарда техника мен технологияның, өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып келеді. Сондықтан осы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге жоғары талаптар қойылады.

Бүкіл әлемді жайлаған дағдарыс кезеңіне қарамастан еліміздегі өндіріс дамып, өркендеп келеді. Бұл ретте ауыр өнеркәсіп ошақтарын айтпағанда, жеңіл өнеркәсіптің қайта жандануы, ел экономиаксының оң бағыт алғанын көрсетеді. Статистикаға сүйенсек, биылғы жарты жылдықта фабрикалардан түскен өнім көрсеткіші 40 пайызға артқан. Яғни, бұл – мемлекет тарапынан өндірушілерге көрсетілген қолдау болып табылмақ. Немесе дағдарыстан кейінгі жаңару заңдылығы болмақ. Тұтынушылар нарығын тұтыну тауарларымен толықтыру барысында тігін өнеркәсібінің алатын орны өте зор.

Киімнің жоғарғы сапасы бәрінен бұрын қолданылатын материалдың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына, модельдің көркемдік бейнесін және конструкциясын, дайындау технологиясын жетілдірілуіне байланысты болады.

Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға арналған жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуына заманға сай киім ассортиментін, елеулі киімге арналған жаңа материалдарының ассортиментін жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Тігін саласы кәсіпорындары арасындағы шаруашылық байланыстар, тігін өнеркәсібіне қатысты көрші салалармен, яғни нарықтық экономика саласымен байланыстар қайта жыңғыру үстінде.

 

Жеңіл өнеркәсіптің проблемалары

 

Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларына лайық өнеркәсіптің жаңа құрылымдарын қалыптастырудың белсенді процесі жүріп жатыр. Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салаларын арнайы қолданудағы бұйымдармен (арнайы жұмыс киімі, әскерилерге арналған киім, мектеп жасындағыларға арналған киім және т.б) қамтамасыз етеді.

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласын жақсарту үшін келесі шараларды қолға алу керек: кәсіпорынның техникалық жабдықталуын жеделдету, еліміздің ішкі нарығын импорттың экспансияларынан қорғау за­щитить внутренний рынок страны от экспансии импорта, кәсіпорыннің қаржылай өсуін жұмыстарынжүргіз. Сонымен қатардаму барысындағы Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп индустриясы жиі соқтығысатын келесі маңызды проблемаларды шешу қажет.

Тұтынушылар нарығын тұтыну тауарларымен толықтыру барысында тігін өнеркәсібінің алатын орны өте зор.

Киімнің жоғарғы сапасы бәрінен бұрын қолданылатын материалдың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына, модельдің көркемдік бейнесін және конструкциясын, дайындау технологиясын жетілдірілуіне байланысты болады.

Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға арналған жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуына заманға сай киім ассортиментін, елеулі киімге арналған жаңа материалдарының ассортиментін жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Тігін саласы кәсіпорындары арасындағы шаруашылық байланыстар, тігін өнеркәсібіне қатысты көрші салалармен, яғни нарықтық экономика саласымен байланыстар қайта жыңғыру үстінде.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларына лайық өнеркәсіптің жаңа құрылымдарын қалыптастырудың белсенді процесі жүріп жатыр. Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салаларын арнайы қолданудағы бұйымдармен (арнайы жұмыс киімі, әскерилерге арналған киім, мектеп жасындағыларға арналған киім және т.б) қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардан баска халықтың жеке тапсырыстары бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар киім дайындаумен, үй шаруашылығына қажетті бұйымдар дайындаумен айналысады. Жаппай өндірісте киім шығаратын кәсіпорындарда техника мен технологияның, өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып келеді. Сондықтан осы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге жоғары талаптар қойылады.

Бүкіл әлемді жайлаған дағдарыс кезеңіне қарамастан еліміздегі өндіріс дамып, өркендеп келеді. Бұл ретте ауыр өнеркәсіп ошақтарын айтпағанда, жеңіл өнеркәсіптің қайта жандануы, ел экономиаксының оң бағыт алғанын көрсетеді. Статистикаға сүйенсек, биылғы жарты жылдықта фабрикалардан түскен өнім көрсеткіші 40 пайызға артқан. Яғни, бұл – мемлекет тарапынан өндірушілерге көрсетілген қолдау болып табылмақ. Немесе дағдарыстан кейінгі жаңару заңдылығы болмақ. Бүгінгі таңда елімізде 500-дің үстінде жеңіл өнеркәсіп өндірісі бар. Олардың көпшілігі Алматы мен оның төңірегінде орналасқан. Екінші жарты жылдықтағы жеңіл өндіріс дамуын 40 пайызға ілгерілеткендер де осылар. Алайда, алақайлауға әлі ерте дейді сарапшылар. Себебі, жеңіл өнеркәсіпте түйінді мәселелер жетерлік. Көбі бұрынғысынша шешімін таппай келеді. Әйткенмен, осы сала өкілдері келесі жылдан бастап толық жұмыс істей бастайтын кедендік одақтан көп үміт күтіп отыр. Қазақстан жеңілөнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Кедендік одаққа кіру арқылы біз, ішкі нарықтағы экономика жағдайларын реттей аламыз. Яғни, өндірушілер үшін кеден салығында жеңілдіктер қарастырылып, қауіпсіздік шаралары сақталады деген сөз. Біз бұл ретте Ресей және Белорусия елдеріндегі кеден саясатын қолдаймыз. 1999 жыл 4 мамырды жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жиналысында Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды. [1]

Кәсіпорынның мәліметтері

 

1.1 «Asem Servis и К» ателье тарихы

«Asem Servis и К» ательесі тапсырыс бойынша киім тігу, халық қолданысындағы тауарларды, яғни бұйымды шығару және жобалап іске асыру. Ателье киім тігу, жөндеу, киімді қысқарту, көркем кестелеу, костюмдерді прокаттау, лекалдарды дайындау және жетілдіру, киімдердің эскизін жобалау, үй кездемесін тігуді жүзеге асырады. Өндірісте киім шығаратын техника мен технологияның, өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып келеді.Сондықтан да кәсіпорында жұмыс істейтіндерге жоғары талаптар қойылады. Киімдердің өнеркәсіптік тәжірибелік үлгілерін дайындау үшін көптеген сән үйлері кәсіпорынға құрамында суретші сәнгер, құрастырушы және технологы бар мамандар тобын бекітеді. Сол сияқты «Asem-Servis и К»де дәл солай.

«Asem Servisи К» ЖШС бағыт беретін мақсаттағы модельдер жиынтығын жасап, кәсіпорындар мен сауда ұйымдарында көрме көрсетуді ұйымдастырады. Кәсіпорын бұл сынақтық модельдерді көріп танысқаннан кейін, модель санын, ұсынатын өлшем бой шкаласы мен маталардың артикулдарын көрсетіп, тәжірибелік үлгілерді дайындауға сұраныс түсіреді.

Өндіріс тәжірибелік жұмыс«Asem Servis и К» ательесінде өткізілді. «Asem Servisи К» ЖШС тапсырыс бойынша киім тігілетін болса, онда әрбір тапсырыс берушіге жекеленген лекалалар және тапсырыс берушінің дене бітімінің ерекшеліктеріне қарай дербес конструкциялар құрылады.

«Asem Servis и К» ЖШС Anysew, Brother, Typical және т.б маркалы әр түрлі механизмдерді орындайтын, неміс және жапон фирмаларының жоғары өнімділікті, жылдам, отырусыз жаңа тігін машиналарымен жабдықталған.Бұл машиналардың артықшылығы олардың автоматтық бекітуде, табанды автоматтық түрде көтеруді және жіпті кесуді қамтитын бағдарламалық басқарумен жабдықталуында болып табылады.

Бұйым тігісінің сапасы тек қана ең жаңа жабдықта емес, сонымен қатар жоғары біліктілікті мамандарға да байланысты. Тігіншілер дизайнерлердің идеяларын өнер туындысына айналдырады. «Asem Servis и К» ательесінде ұлттық ерлер, әйелдер,балалар киімдері, ұлттық қалындық көйлектері, сахналық костюмдер, кешке арналған көйлектер, смокинг, арнайы киімдер, корпаративтік және офистік киімдер тапсырыс бойынша дайындалады.

 

Сурет 1 - «Asem Servis и К» ЖШС ательесі

 

1.2 Кәсіпорынның техника қауіпсіздік ережелері

Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде техникалық - қауіпсіздік ережелеріне кіретіндер:

- түзу отыру;

- басын иіп және денесін сәл ғана алға беріп отыру;

- көз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы 30-40 см болу керек;

- қолы машина тұғырында ал шынтақтары - үстел үстімен деңгейлестірілуі керек;

- тігін машинасымен жұмыс істер кезде жұмыс орны жарық болуы керек;

- үстел бетінде тек технология орындауға арналған өңделетін бөлшектер, құрал-саймандар мен құрылғылар ғана болуы керек;

- шаштың немесе киім шетінің машинаның айналып жатқан бөліктеріне оралып кетуінен және электр тогының соғуынан сақ болу керек;

- машинаның үстінде артық зат болмауы керек;

- жұмыс соңында машинаны сөндіріп,жұмыс орнын тазалау қажет.

 

1.3 «Asem Servis и К» ЖШС цехтары

 

Әрбір тігін кәсіпорнында киім дайындау процесінің барысында басты бөлім - эксперимент цехы, дайындау-пішу бөлімі,тігін цехы және кестелеу цехы арқылы өтеді.

Эксперимент цехының қызметкерлері модельді өндіріске жіберу дайындығымен айналысады. Ірі тігін фабрикасындағы эксперимент цехтарының жаңа модельдер жасауға өз құқығы бар. Экперимент цех қызметкерлерінің міндеттеріне мыналар кіреді: сән үйінен модель үлгісін, бұйым лекалосы мен техникалық құжаттарын алу; лекалоларды тексеру, көбейту және дайындау; төсемдерге біріктірілетін лекалолардың қлшем бірлестіктігін және өлшем бой меншіктікті салмағын таңдап алу; лекалолардың эксперименттік жайылмаларын дайындау және маталардың шығын мөлшерін белгілеу; трафареттер (үлгі) әзірлеу, өндірісте материалдардың тиімді пайдаланылуына бақылау жасау.

Эксперимент цехында модельдердің дәлдігін анықтау кезінде лекалолардың өлшемдері мен бой мөлшері бойынша градациясын тексеру мақсатында өлшемдері әр түрлі бұйымдардың бірнеше сынақтық үлгісі дайындалады. Тәжірибелік мақсатта жасалған бұйымдарды эксперимент цехының техникалық тобы тексереді, содан соң құрастырылуы соңғы рет және еңбек бөлінісін анықтау үшін тігін цехында қайта тексеріледі.

Дайындау цехының қызметкерлері мынандай жұмыс түрлерін орындайды: материалдарды түсіру, байламын ашып, материалдар мен маталарды сан жағынан қабылдап алу; маталардың сапасын, мата бөліктерінің ені мен ұзындығын бақылау; лекало жайылмасын бормен сызу; материалдарды пайдалану мөлшерін шығару; пішу цехтарына төсемдерді комплектілеп беру.

Кәсіпорынға келіп түсетін барлық материалдарды тексереді: сортын анықтайды, әрбір бөлек материалдардың ұзындығы мен енін өлшейді. Матаның түрі мен дайындалатын бұйымдардың түр жиынтығына байланысты тексерілген маталардың сапасына қарай сақтаудың әр түрлі формалары қолданылады.

Дайындау цехында таңдап алынған комплекті материалдары жаймадағы лекало жаймасының суретімен, трафареттермен немесе жарық көшірмесімен бірге пішу цехына беріледі.

 

 

Сурет 2 – Дайындау цехы

 

Пішу цехында маталарды пішу картасына сай төсемдерді үлкен бөліктерге қырөып бөледі, бұйымдардың бөлшектерін дәлдеп пішеді, пішімінің сапасына бақылау жасайды, бұйымның пішім бөлшектерін жинақтайды.

Пішу өндірісінің процестерін жетілдіру бағыттарына пішім сапасын жоғарылату, маталарды үнемді пайдалану және тігін өнімдерінде бір өлшемге кететін шығындарды азайту кіреді.

Дайындау-пішу өндірісін механикаландыру мен автоматтандырудың басты бағыттырының бірі орталықтандырылған дайындау-пішу өндірісін озық техникалар мен құрал-жабдықтармен жабдықтау, орталықтандырылған дайындау-пішу өндірісін пайдалану мүмкіндігін қарастыру болып табылады. Мұндай орталықтандырылған өндірісте қазіргі заманғы материалдық әдістерді және материалдарды мөлшерлеуді есептеу үшін электронды есептеу машиналарын, манипуляторларды және қолмен атқарылатын ауыр тиеп-түсіру жұмыстарында өнеркәсіптік роботтарды, сондай-ақ тігін материалдарын пішудің контактысыз, тәсілдері кезінде төсемсіз пішу әдістерін қолдану арқылы, бірден бірнеше кәсіпорынға қызмет көрсетеді.

 

 

Сурет 3 – Пішу цехы

 

Тігін цехында бұйымдар сырып тігетін және арнайы машиналармен, сондай ақ бөлшектерді ылғалды жылумен өңдейтін құрал жабдықтармен жабдықталған технологиялық ағындарда өңделеді. Бұл ағындар бір үлгіге және көп үлгілі бір уақытта бірнеше модель дайындайды, көп ассортиментті бұйымдардың бірнеше түрін болуы мүмкін.

Ірі кәсіпорындардың әрлеу цехында ылғалды жылумен өңдеу мен соңғы әрлеу жұмысы іске асырылады, соның нәтижесінде дайын тігін бұйымдары ажыратылып, тауарлар өңі жақсара түседі. Бұйымдар әрлеу цехынан дайын өнімдер қоймасына келіп түседі. Кестелеу кезінде шалып тігу,айқас тігу, тізбектік тігіс, қиғаш шалып тігу тігістері кеңінен қолданылады.Мысалы: қиғаш кестелеуде қиғаш (айқас) шалып тігу тігісі; гүлді кестенің ортасынан тігу үшін айқас тігістер және айналдыра ілгектік тігістер қолданылады. Кестенің жасалуына түріне байланысты жасау, дайындау әдістері әртүрлі, тігіс түрлері де әртүрлі. Сонымен қатар қазіргі заманғы автоматтандырылған машиналармен орындалады.

 

Сурет 4 – Тігін цехы

 

1.4 Кәсіпорындағы қолданылатын құрал-жабдықтар

«Asem Servis и К» ательесінде жаңа жоғарыда айтып өткендей көбіне Typical, Anysew, Brother, Jack тігін машиналары қолданылады. Осы аталған марка түрлерінің әр қайсысының өзі атқаратын міндеттері болады.

 

Сурет 5 – Тігін машинасы

 

Сурет 6 – Түйме қадауға арналған машина

 

 

Сурет 7 – Торлауға арналған машина

 

 

Сурет 8 – Бу үтігі

Сурет 9 – Желімдегіш аппарат

 

1.5 «Asem Servis и К» ательесінде шығарылатын бұйым түрлері

Киім адам денесінің қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен қорғайтын құрал ретінде пайданылады. Киім адамзат материалдық мәдениетінің элементтерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар әр кәсіпорын шығаратын бұйым өз бетінше ерекше болады. «Asem Servis и К» ательесінде ұлттық ерлер, әйелдер, балалар киімдері, ұлттық қалыңдық көйлектері, сахналық, яғни концерттік костюмдер, кешке арналған көйлектер, смокинг, арнайы киімдер, корпоративтік және офистік киімдер шығарылады.

Осы аталған киімдер сапалы болу үшін, бұйым тігісінің сапасы тек қана жаңа жабдыққа емес, сонымен қатар жоғары білікті мамандарға да байланысты. Осы кәсіпорында жұмыс жасайтын қызметкерлер өз ісінің маманы. Өйткені әрбір тұтынушы тапсырысын мінсіз орындап шығады. Тұтынушыға өз ұсыныстарын ұсынып, олардын да тапсырысы бойынша орындап шығады. Біз ательеде тәжірибеден өткенде осы аталған бұйымдар өндіріліп шығарылды.

Сонымен қатар жоғары оқу орнын бітіріп жатқан студенттерден мантияға сұраныс түсіп, осы бұйымды шығаруға атсалыстық.

 

 

Сурет 10 - «Asem Servis и К» ательесінде шығарылатын бұйым түрлері

Алдын ала талдау

 

2.1 Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма

 

1. Жобалау обьектісі: Әйелдер көйлегі

2. Тапсырыс беруші: АТУ, «БжТТҚ» кафедрасы

3. Жетекші: т.ғ.д., профессор Рыскулова Б.Р.

4. Орындаушы: Тұрлыбекова А.Ұ.

5. Жұмыстың орындау негізі: оқу жоспары

6. Орындау мерзімі:

7. Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

8. Бұйымның аталуы, тағайындалуы: Кешкі салтанатқа арналған әйелдер көйлегі.

9. Жұмыстың барысы: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эскиздік жоба, техникалық жоба, жұмысшы жоба

10. Жобалау процесінің сипаттамасы: Конструкция сызбасын тұрғызу барысында модельдің суретін салу, типтік емес фигураның өлшемдік сипаттамасы және конструкцияның негізгі орындарына берілетін қосымшалар эскиздік жобада толықтырылған.

 

2.2 Маркетингтік талдау

 

Жеңіл өнеркәсіп 20-дан астам қосалқы салалардан тұратын кешенді сала. Оны үш негізгі топқа біріктіруге болады.

1. Тоқыма, сонымен бірге мақта-мата, жүн, жібек, трикотаж, сондай-ақ жүнді бастапқы өңдеу, тоқылмаған материалдар өндірісі, тор тоқу өнеркәсібі, киіз басу және басқалары.

2. Тігін.

3. Былғары, тері, аяқ киім.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті берген деректер бойынша, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылғы 11 ай ішінде 64,6 млрд. теңгені құраған.НКИ- 103,7%. 2010-2014 жылдар кезеңінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,4есе ұлғайған. Кесте 1,2 көрсетілген.

 

Кесте 1 - 2010-2015 жылдар кезеңіндегі санаттар бойынша ҚР жеңіл өнеркәсібі әрекет етуші негізгі кәсірорындарының саны (9 ай)

 

Көрсеткіш атауы Кәсіпорын санаты 2010жыл 2011жыл 2012жыл 2013жыл 2014жыл 2015 жылғы1қыркүйекке дейін
Жеңіл өнеркәсіп Барлығы            
Шағын            
Орта            
Ірі            

 

Кесте 2 - ЖІӨ құрылымындағы және өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі

 

Көрсеткіш атауы жыл жыл жыл жыл жыл 2015 жылғы8ай
ЖІӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп үлесі (%) 0,12 0,1 0,11 0,1 0,09 д.ж.
Өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі (%)   0,3   0,2   0,3   0,4   0,3   0,5

 

 

Сурет 11 – Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіп өнімі экспорты мен импорты көлемдерінің динамикасы

Ірі өнеркәсіптегі ірі өндірушілер:

1) «Қазақстан Тексти Лайн» ӨКФ ЖШС (спорттық, балалар киімдері, сондай-ақ кәдесый өнімдері өндірісі). Компания MIMIORIKI балалар киімі брендінің иегері болып табылады.

2) «Textiles.kz» корпорациясы (100 % мақтадан иірілген жіп, үйге арналған тоқыма, арнайы киім өндірісі). Кәсіпорын екі ірі өндірістік тоқыма кәсіпорнынан тұрады: «Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ.

3) «СЕМИРАМИДА» ТІГІН ФИРМАСЫ» ЖШС (тігілген бұйымдар өндірісі (жүн матадан, жасанды үлдірден тігілген пальто, плащтар, пончо, қысқа пальто).

4) «БОЛЬШЕВИЧКА» ПРК (тігілген бұйымдар өндірісі (жүннен тігілген мектеп костюмдері, қыз балаларға арналған форма, курткалар, шалбарлар, халаттар, балалар мен ересектерге арналған жейделер; арнайы киімнің барлық түрлері).

5) «КазСПО-N» ЖШС – (кәсіптік киім өндірісі: «Thinsulate» қысқы киімі, тау шаңғысы киімі, «Thinsulate» іш киімі, жаздық трикотаж іш киім, арнайы киім, футболкалар, поло пусер майкалар, түнемел қап).

6) «Хлопкопром-целлюлоза» ЖШС – (гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы, сондай-ақ техникалық және тазартылған карбоксиметилцеллюлоза өндірісі).

7) «АРАЙЛЫ» ЖШС (сырт киім өндірісі (формалық киіндіру, азаматтық костюмдік сұрыпталым, арнайы киім).

8) «Арго» ЖШС – (құрылыс компаниялары, мұнай өндіру кешені, тау-кен өнеркәсібі ұжымдары жұмысшыларына арналған мамандандырылған аяқ киім өндірісі).

Дамыған көтерме базар. Алматы және Бішкек қалаларының жақындығын және шекарадан өту процедураларының жеңілдетілгенін ескерсек, Алматы тұрғындарының тұтынушылық сұранымының ішінара қырғыз базарына ығысуын болжауға болады.

Кедендік кедергілерді алып тастағаннан кейін өсіп келе жатқан бәсекелестікке байланысты отандық компанияларға оңай болмайды, кейбірінің тіпті нарықтан кетуі мүмкін, жергілікті өндірушілер өз нарықтарынан ығыстырылуы мүмкін. Қырғызстаннан жұмыс күшінің ағылуы қазақстандық еңбек нарығында бәсекелестіктің артуына және еңбек миграциясына алып келуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің есептеуі бойынша, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі еңбек миграциясының жылына 3,5 % өсуіне әкеледі.

ҚР ҰЭМ СК деректеріне сүйенсек, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі өзіндік құнының құрылымында басым үлесін шикізат пен материадар алады – 55%, еңбекақы қоры – 17%, электр энергиясы - 4%. Сурет-11 көрсетілген.

 

Сурет 12 – Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі өзіндік құнының құрылымында басым үлесін шикізат пен материадар

 

Осыған байланысты отандық өндірушілер тапсырыстарын Қырғызстанның өндірістік қуаттарына орналастыруға ауысу қаупі бар. Мұндай ұстаным «келісімшарттық өндіріс» ретінде белгілі. Ол Қытайда және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең таралған (Adidas, Zara, H&M). Бұл жағдайда сату өсуін ынталандыру саланы дамытудың басты факторы болып табылмақшы.

Өндіріс көлемі 5 жыл ішінде 2,4 есе өсіп, 65,8 млрд. Теңгені құрап отыр. Соңғы 5 жылда өнім импорты 4,6 есе өсіп 2235,5 млн. АҚШ долларын құрып отыр.

ҚР ҰЭМ СК деректеріне сүйенсек, 2014 жылы отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорынарының сату үлесі жалпы тұтыну құрылымында 11% құраған. Ал Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы берген деректер бойынша, отандық кәсіпорындардың бөлшек нарықтағы сату үлесі шамамен 4% құрады. Ішкі тұтынудың негізгі бөлігі ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алулары есебінен және мемлекеттік қорғаныс тапсырысынан қалыптасады.

Осылайша, жоғарыда аталған факторларды ескере отырғанда, отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді. Өңдеу өнеркәсібі хатшылығы Комитеті мына бағыттарға назар аударуды ұсынады:

1) «KAZNEX INVEST» АҚ экспортшыларды қолдау бағдарламасына экспортқа бағдарланған жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын «Шатырлы брендтер» бағыты бойынша қосу.

2) Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «ЭКСПО-2017», «УНИВЕРСИАДА-2017», «Рио-де-Женейродағы Олимпиада ойындары – 2016» шараларын жабдықтауға қатысуы бойынша жәрдем көрсету.

3) Заңсыз және контрафактілі өнімді әкелуге, өндіруге және оның айналымына қарсы іс-қимыл мақсатында жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жүйесін енгізу жөнінде шаралар қолдану.

4) Салық салынатын табыстың негізгі бөлігі өндірісті қайта қаржыландыруға жұмсалады деген шартпен, толық цилды өндірісі бар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ҚҚС-тан босату жөніндегі мәселені қарау.

5) Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілер өнімінің 2015-2019 жж Жеңіл өнеркәсіпті қолдаудың кешенді бағдарламасы аясында ішкі нарықта сатылуының өсуін ынталандыру жөніндегі тәсілдер мен ұсыныстар дайындау.

6) Отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысуы кезінде жайғасымын күшейту үшін өндірістерді ірілендіруге жәрдем жасау (консорциумдар құру).

 

2.3 Техникалық ұсыныс. Модель – аналогтарды талдау

 

Техникалық ұсыныстың негізгі жұмыстарына: модель-аналогтарды таңдау анализі, жобаланатын бұйымды толықтай немесе оның жеке конструкторлық элементтерінің макетін дайындау, жобаланатын бұйымның конструкторлық құрылымын салыстырып баға беру және дұрыс нұсқауын таңдау. Жобалауға керекті бастапқы мәліметтердің бірі келешектік сән бағыты болып табылады. Қазіргі заманғы сән дамуының жалпы үрдістерін: Сәнді пішіндерді, жетекші силуэттерді және сәнді ерекшеліктерді сипаттап, бейнелеп көрсету.Жобалау процессінде пальто пішімі ең басты орын алады. Киім пішіннің тұтас геометриялық түрі, оның көлемі, құрылымы, бөлшектенуі, материал мен пропорциясын құрайды.

 

2.3.1 Сән бағыты

 

Сән – белгілі бір қоғамдық ортада қандайда бір көзқарастың, тұрмыстың сырт формасына, әсіресе, костюмге қысқа мерзімді үстемдігі.Сән механизмінің белсенділігі әсіресе мәдениет саласында, түптеп келгенде, костюм дизайнында көрініс табады. Әр еуропалық тілде сән мода сөзінің аналогі бар: латынша «modus» (өлшем, әдіс, ереже), французша «mode», итальянша «moda», немісше «mode», ағылшынша «mode» және «fashion».

Стиль (ағылш. Style) сөзінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары тарихи негізделген, жалпы белгілері, тұрақты образ жүйелері деген мағына жатыр. Әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді және дамып отырады. XX ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлық стильдер қалыптасып, орын тапты. 1940 жылдары АҚШ – та сәнді костюм үлгісінде «кантри», «вестерн» стильдер, 1950 жылдары «нью лук», «шанель», 1960 ж. «космостық», 1970 ж. «романтикалық», «ретро», «спорттық», «джинсылық», «диффузиялық», «сафари», 1980 ж. «жаңа классика», «жаңа барокко», 1990 ж. «гранж», «гламур», «нео – хиппи», «милитари» т.б. үлгілері пайда болып отырды.

1970-ші жылдарда сән бағыты кішкене еркіндікке бой берді. 70 жылдағы сән бағыты ерсі деп танылғанмен адамдар өз ойын сән арқылы жеткізе білді. Бірыңғай стильдік бағыт болған жоқ, сәнде барлығы болды: этника, диско, хиппи, минимализм, ретро, спорттық стиль.

Гардеробтың ең негізгі элементі – джинсы болды. Бастапқыда джинсы ковбойлардың киімі болса, кейініректе хиппи және студенттердің сәнді киіміне айналды.

Сонымен қатар сәнқой бикештердің гардеробында трапеция пішінді белдемше, шалбар-клёш, туника, комбинезондар, ірі өрнекті ашық түсті жейде, свитер-водолазка, А- пішімінде силуэтті көйлек, жейделі көйлектер болды. [2]

 

 

Сурет 13 – 70 жылдағы стиль

 

Сондай-ақ киімнің ыңғайлы әрі берік болғандығын ескеруге болады. Гардеробта бір-бірімен үйлесетін киімдер саны артты.

70-жылдар аралығында атақты дизайнер Соня Рикель жеңіл әрі ыңғайлы жүн тоқыма және мохер материалдарынан тігілген свитер, кардиган, көйлектердің топтамасын ұсынды.

Джорджио Армани бір ансамбльде сәнді джинсы мен твидті пиджакті үйлестіре ұсынып танымалдылықтан шет қалмады.

70-жылдар соңына қарай дизайнер Клод Монтананың ойлап тапқан милитари стиліндегі иығы кең, белі қыналған киімдері таң қалдырды.

 

 

Сурет 14 – Шифон матасынан тігілген әйел көйлектері

 

Сурет 15 – 70 жылдағы кең етекті көйлек

 

2.3.2 Модель-аналогтың композициялық шешімін талдау

 

Модель-аналогты анализдеу 3 этаптан тұрады:

1. Модель – аналогты таңдау

2. Оны бағалау

3. Жұмыстың нәтижесін негіздеу

Модель ретінде – стандарт талабына сай келетін, техника – экономикалық көрсеткіштерін қанағаттандыратын сапалы және жақсы бұйым болып табылады.

Модель-аналогты таңдау және анализдеу принциптері:

- тепе-теңдік, яғни модель-аналогтың сапалы дәрежедегі ақпараты;

- актуальдылығы-ақпараттың пайдалылығы;

- ақпараттың кемшіліктілігі;

- ақпараттың біркелкілігі, яғни модель-аналог туралы уақытша ақпарат алу;

- ақпараттың қолайлылығы, яғни модель-аналог туралы ақпарат ұсыну;

- модель-аналогты негіздеудің комплектеу.

Модель-аналогты анализдеу жалпы және таңдалған болады. Жалпы анализдеу нәтижесінде бұйымның қасиеттері бағаланады, яғни бұйымның сапасы және модель – аналогтың ерекшеліктері анықталады.

Ал таңдалған анализ – жеке конструкциялық бөлшектердің техникалық сапасын бағалау болып табылады.

Мен осы дипломдық жұмысымда өз моделіме ұқсас үш модель-аналог таңдалып отыр. Осы модель-аналогтардың сыртқы түр сипаттамасы төмендегі 1-кестеде сипатталады.

 

Кесте 3 – Модель-аналогтың композициялық шешімін талдау

 

Модель № Сурет Сырт көрінісінің сипатталуы
      Бұйым ұзындығы иықтан тізенің төменгі бөлігіне дейін, етегі кеңейтілген, алдыңғы бой белінен қиылған, белінде қосып тігілген белбеуі бар, кеуде тұсы қатпарларға жиналған. Жеңі төменгі жағы кеңейтілген біртігісі жең.  
  Бұйым ұзындығы иықтан тізеге дейін. Алдыңғы бой бедер тігісті, етегі кеңейтілген жармалы қатпарға жиналған. Иық тұсы симметриялы желбірмен өңделген.
  Бұйым ұзындығы иықтан тізенің төменгі бөлігіне дейін, алдыңғы бойдың кеуде бөлігі корсет типтес, етегі ассиметриялы екі қабатты желбіршекпен өңделген
           

 

2.3.3 Модель-аналогтың конструктивті шешімін талдау

 

Конструктивті модельдеу дегеніміз – жаңа модель үлгісі бойынша бұйым бөлшектерінің лекалдарын немесе сызбаларын жасаудың инженерлік үлгісі. Жасалған лекалолар бойынша жасалған үлгі киім өндірісі үшін форманың және конструкцияның эталоны болып табылады.

 

 

Кесте 4 – Модель-аналогтың негізгі конструктивті элементтерінің сипаттамасы

 

Өлшемдердің аталуы Шартты белгілері Өлшем шамасы
Модель номері
     
         
Бұйымның ені Сг+Пг   48,5  
Артқы бой ені Шс +Пшс      
Алдыңғы бой ені ШГ + (СгII – СгI )+ПШП 20,1 20,3 20,1
Бұйым ұзындығы Д.изд      

 

Кесте 5 - Модель-аналогтың конструктивті шешімін талдау

 

Модель номері Конструкторлы шешім Конструкторлы қосымшалар Пг
Псп Ппр Ппол
         
  Алдыңғы бойдың бедер тігісі 0,8 2,5 0,2
Артқы бойдың бедер тігісі
Бұйымның жан тігісі
Артқы бойдың орта тігісі
  Алдыңғы бойдың бедер тігісі 0,8 2,5 0,2
Артқы бойдың бедер тігісі
Артқы бойдың орта тігісі
Бұйымның жан тігісі
  Алдыңғы бойдың бедер тігісі 0,8 2,5 0,2
Артқы бойдың бедер тігісі
Бұйымның жан тігісі

 

 

2.3.4 Модель-аналогтың технологиялық шешімін талдау

 

Киім конструкциясының технологиялылығы дегенді былайша түсінуге болады: өндірістік ағымды рационалды түрде үйымдастыру кезінде шығынды қамтамасыз етеді. Конструкторлы және технологиялық дайындыққа даярлаудың әлдеқайда прогрессивті әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін бөлшектердің, түйіндердің және жалпы бұйымның конструктивті шешімі. Нәтижесінде берілген эксплуатациялық, эргонометриялық және эстетикалық талаптарға толықтай сай болатын min. өзіндік құнын және жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді.

Технологиялық дәрежесі шығарылым көлемімен және өндіріс типімен

(дара, сериялы немесе жаппай) анықталады.

Бұйымды құрастырмалы бөліктерге бөлу (бөлшектер,жиынтық бірліктер және комплекстер) еркін паралелльді жинауды, қамтамасыз етеді, бұйымды жалпы жинаудың цикілін қысқартады, бұйымды құрастырмалы бөліктері бойынша тексеру және жинау шарттарын жақсартады және жиынтық бірліктерді дайындау үшін типтік технологиялық үрдістерді қолдануға мүмкіндік береді.

Киім бөлшектерінің сызбаларын конструктивті тұрғызу ерекшеліктерін және де киім бөлшектерінің және жиынтық бірліктерінің конструкциялық технологиялылығына қойылатын жалпы талаптарды ескере отырып, келесідей тәсілмен жиынтықтарын топтастыруға болады:

– агрегаттық принципті ескере отырып құрастырмалы бөліктердің рационалды санына бөліктенуі керек;

– бірлік жиынтық конструкциясы диефицирленген қолданбалы бөлшектермен оның компановкасын қамтамасыз етеді;

– қолданылатын бірліктердің түрлері, олардың конструкциясы және орналасуы жинау жұмыстарын механизациялау және автоматизациялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

– бірлік жинақтау конструкциясы базалық құрастырмалы бөлікті қарастыру қажет;

– дайындау әдістері бірлік жиынтықты немесе бірнеше бөлшектерді қатар өңдеуді қажет етеді;

– бөлшек және түтін консирукциясы ылғалды жылумен өңдеу бір процесті пішімдеу тәсілдерінің көмегімен бұйымның көлемді формасын алуды қажет етеді;

– бөлшек және түтін конструкциясы оларды дайындау үшін типтік технологиялық үрдестерді қолдануды қамтамасыз етуі қажет.

Жобаланатын киім конструкциясының технологиялық деңгейін жоғарлату жүйесін модериназациялау, төмендегілерді қарастырған жөн:

– ішкі процесті ылғалды жылумен өңдеуді қысқарту не болмаса мүлдем ашып тастау;

– артық тігістерді болдырмайтын және оларды дайындайтын аз операциялы технологияны құруға мүмкіндік беретін тұтас пішілген болшектерді қолдану;

– унифицириленген бөлшектер мен түтіндерді қолдану есебінен конструкциялық және технологиялық артықшылығын қамтамасыз етеді;

– қол жұмыстарын машиналық үлгісі және тігіссіз (желімдік) бекіту әдісіне ауыстыру;

– унифицирленген технологияны қолдану.

 

Кесте 6 - Модель-аналогтың технологиялық шешімдерін талдау [8]

Модель нөмері Жинақталған бірлік Конструкция түйіні Қолданылған құралдар Ескертулер
         
  Қатпарды өңдеу   TYPICAL GC-6170 Қатпарды өңдеу
1,2,3 Әдіпті өңдеу   JACK 9100 Әдіпті өңдеу
  Жең аузын өңдеу   JACK 9100 Бұйымның жең ауызын өңдеу
1,2,3 Етегін өңдеу   JACK 9100 Бұйым етегін өңдеу
2,3 Желбірді өңдеу     JACK 9100 Желбірді өңдеу  




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1838 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2256 - | 2103 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.