Жоспары: 1.Кейінгі рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдар
2.Кейінгі рулық қауымдағы биліктің ұйымдастырылуы
Мақсаты: Кейінгі рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдармен және биліктің ұйымдастырылу формаларымен танысу, практикалық біліктерін шыңдау
Бақылау сұрақтары:
1.Кейінгі рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдарды атаңыз, олардың ерте рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдармен слаыстырғандағы айырмашылықтары неде?
2.Кейінгі рулық қауымдағы биліктің ұйымдастырылу формалары қандай? Кейінгі рулық қауымдағы биліктің ұйымдастырылу формаларының өзгеріске ұшырау себептері неде деп ойлайсыз.
Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:
1. Кейінгі рулық қауымда билікті ұйымдастыру схемасын құрыңыз
Оқытудың интерактивті әдістері (түрлері мен формалары):
Реферат тақырыбы:
1. Алғашқы тұрмыстық қоғам дәуіріндегі қоғамдық сана формалары.
2. Алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауының өндірістік алғышарттары.
Глоссарий:
Агнаттық туыстық Агнаттық туыстық (лат.agnatio - әке жағынан туыс) - туыстықтың әке жағынан саналуы, патрилинейлік дегенге(қараңыз) сай келеді.
Адопция, адоптация (лат.adoptio, adoptatio – асырап алу) – ұлды немесе қызды асырап алу.
Бигмен (ағылшын. вig - үлкен, man – адам) – ықпалды ер адам, қауымдағы лидер.
Композиция - (лат. compositio - өтеу) -,айлықтың пайда болуымен байланысты шыққан салт-дәстүр. Адам өлтіргені үшін құн төлеу, қанды кектің альтернативасы.
Когнаттық туыстық (лат.cagnatio - туу бойынша туыстық) -әке жағынан туыстық сияқты, ана жағынан туыстық. Билинейлік (қараңыз)
Эндогамия (грек.endon - ішкі және gamos - неке) - қауым ішінде некелесу.
Сегментарлық ұйым (лат.segmentum – бөлік) - руды немесе қауымды шағын топтарға бөлу жүйесі, олар өз кезегінде әрі қарай одан да шағын буындарға бөлінетін болған.
Линидж (ағыл. lineage - шығу, ру, лат. linea - сызық, түзу) – жақын туыстардың атақты ата-бабасынан тараған руішілік тобы. Патрилинейлік патрилинидж және матрилинидж болып бөлінеді.
Блиц тест:
1.Кейінгі рулық қауымға өтумен байланысты қауымның күрделене түсуін неден байқауға болады А) Қауымның құрылымы мен туыстық қатынастар сипатының өзгеруінен В)шаруашылық сипатының өзгеруінен С)рудағы адам санының өзгеруінен Д)басшы функциясының өзгеруінен Е)өмір сүретін териториясының өзгеруінен
2. Белгілі бір қауымдастық ішінде некеге отыру қалай аталады
А)экзогамия В)эндогамия С)фратрия Д)инициация Е) адопция
3. Сегментарлық ұйым деген не
А) рулар мен ру ішіндегі топтардың бөлшектік және тармақтық құрылымы В) неке түрі С)семья формасы Д) жасөспірімдер ұйымы Е)еркектер ұйымы
4. Қай жерлерде еңбектес болған және бір-біріне азық-түлікпен көмектесіп қатар өмір (көршілес) сүргендерді туыс деп санаған А)Қытайда В)Жаңа Гвинея мен Оңтүстік Америкада С) Жаңа Гвинея мен Австралияда Д)Азия мен Австралияда Е) Оңтүстік Америка мен австралияда
5. Қауымшылар жиналысында ортақ шешім қабылдауда қандай факторлар маңызды рөл атқарды А)басшылар мен ұжымның басқа сыйлы адамдарының беделі мен шешендігі маңызды рөл атқарды В)әскери көсемнің шешімі маңызды рөл атқарды С)еркін адамдардың шешімі рөл атқарды Д)ру басының шешімі рөл атқарды Е)ру бас мен әскери көсем шешім қабылдады
6.Басқару функциялары бір адамның қолында болған тайпа А)ирокездер В) кубеолар С) меланезиліктер Д)апинаелер Е)семангала
7. Басқару функциялары сахемдер мен әскери қолбасшыларда болған тайпа А)ирокездер В) кубеолар С) меланезиліктер Д)апинаелер Е)семангала
8. Басқару функциялары кәдуілгі басшылар мен бақсылар қолында болған тайпа А)ирокездер В) кубеолар С) меланезиліктер Д)апинаелер Е)семангала
9. Көптеген тайпалардағы басшылардың ерекше түріне (үлкен, маңызды адамдар деп аталғандар) халықаралық ғылыми терминологияда қандай атау берілген А)сахем В)бигмен С)шаман Д)адат Е)круль
10. Композиция деп аталған салт-дәстүр қандай жағдаймен байланысты шыққан А)байлықтың пайда болуымен В)егіншіліктің шығуымен С)кландардың пайда болуымен Д)мал шаруашылығының пайда болуымен Е)сегментарлық ұйымның пайда болуымен
Әдебиет:
1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.
2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.
3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.
4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.
5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.