Бәрінен бұрын, бұл режимде Ассеss 2007-нің жұмыстық үстелінің қалай өзгеретіндігіне, назар аударыңыз (19-сурет). Осының алдындағыдай, экранның сол жақ бөлігінде формалардағы, кестелердегі және т.б. деректер қорының әртүрлі нысандары арасындағы жылдам ауысуды қамтамасыз ететін, ауысулар облысы пайда болады.
Сурет Формаларды құрастырушы режиміндегі жұмыстық экран осындай болады.
Жұмыстық экранның ортасында жеке өрістердің көріністерін оңайлату үшін дараланған біздің форма бейнеленеді.
Жұмыстық экранның оң жақ бөлігінде сіз жақынырақ танысуды қажет ететін қасиеттер терезесін көресіз.
§ Терезенің жоғарғы бөлігіндегі тізімдер өрісінен деректер қорының нысанын таңдап алуға болады, мұнда ағымдағы уақыт мезетінде осы форманың - форманың немесе жеке өрісінің қасиеттері көрсетіледі.
§ Сіздің таңдап алуыңызға байланысты, төменде көрсетілген қасиеттердің тізімі өзгереді.
Мынаған назар аударыңыз, қасиеттердің тізімі оларды көрудің ыңғайлылығы үшін, бес түрлі қосымшада бейнеленеді. Бұл қасиеттердің орасан зор болуына байланысты, мысалы формалар үшін олардың саны жүзге жуық. Егер сіз қасиеттерді бір мезгілде көргіңіз келсе, «Барлығы» қосымшасын таңдаңыз (20-сурет).
20-сурет. Қасиеттер тізімі мынасымен таң қалдырады, олардың көпшілігі үшін ең тиімдісі,
Нсіз келісім бойынша алынған мәндерін қалдыру.
Ал енді форманы құрастырушы режиміндегі саймандар қосымшасына ораламыз (18-суретті қараңыз).
«Ұсыну» тобында сіз форманың жұмыстық экранның түрін таңдап ала аласыз.
§ Формалар режимі. Қарапайым формалар құрылатын және түзетілетін стандартты режим. Бұл режимді таңдап алу кезінде Негізгі қосымшасы бейнеленеді, жұмыстық экранның сол жақ бөлігінде ауысулар облысы, ал орталық бөлігінде ертеректе анықталған барлық өрістерімен бірге форма көрінеді.
§ Макет режимі. Орташа дайындығы бар пайдаланушыларға арналған бұл бөлімде, сіз формалар өрісінің қасиеттерін өзгертуге (жұмыстық экранның оң жақ бөлігінде қасиеттер терезесі бейнеленеді), формалар өрісінің пішімін анықтауға (Форма қосымшасындағы Форма командалары тобының көмегімен сіз Ехсеl 2007-дегі сияқты шартты түрдегі пішімдеуді ала аласыз (21-сурет)), сол сияқты Автоформа командалар тобындағы формалар макетін толығымен өзгерте алуға мүмкіндік аласыз.
Сурет. Бұл қосымшада формаларды пішімдеуге арналған командалар жиынтығы бар.
§ Құрастырушы режимі. Формаларды құру мен түзетудің жақсырақ мүмкінідігін ұсынушы бұл режим, тәжірибелі пайдаланушыларға арналған.
«Қаріп» тобындағы командалар мәтіндерді пішімдеудің кең ауқымдылығын қамтамасыз етеді - сіз қаріптің өлшемін, оның түсін таңдай (және өзгерте), асты сызылған мәтінді және т.б. таңдай аласыз.
Есеп беру
Microsoft Office Access 2007 іс жүзінде кез келген күрделі дәрежедегі «Есеп беруді» құруды қамтамасыз етеді. Есептеу өте қарапайым (кәдімгі тізім) және өте күрделі болуы мүмкін. Кез келген есептеулер нәтижелерін құру деректер көзін анықтаудан басталады. Екінші этапта интерактивті режимде есеп беруді «құрастыруды» қамтамасыз ететін, есеп беру шеберін пайдалануға болады.
Есептеун «Құру» қосымшасындағы «Есеп беру» тобының «Есеп беру» командасының көмегімен құруға болады. Бұл кезде қосымша ақпараттардың қажетінсіз–ақ есеп берудің кідіріссіз құрылуы жүзеге асырылады. Сонымен бірге бұл есеп беруге қордағы кестелер мен сұраныстардың барлық жазбалары енеді.
1. Ауысулар облысына өтіңіз, содан кейін «Есеп беруді» құру үшін пайдаланылатын кестеде немесе сұраныста тышқанды шертіңіз.
2. «Құру» қосымшасына өтіңіз, содан кейін «Есеп беру» тобының «Есеп беру» пиктограммасында тышқанды шертіңіз.
3. Бұл кезде тез арада есеп беру құрылады (22-сурет).
4. Енді <Ctrl+S> пернесін басып есеп беру нәтижесін сақтап қойыңыз. Сол үшін жазба көзі болып табылатын есептеу нәтижесі мен кестені жабыңыз.